2003-2015 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық стратегиясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 09:32, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының 2011–2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы (бұдан әрі – Әлеуметтік–экономикалық даму болжамы) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережесіне сәйкес әзірленді

Работа содержит 1 файл

2003-2015 жылдарға арналған ҚР индустриалдыөинновациялық стратегиясы.doc

— 350.00 Кб (Скачать)

Ұсынылған шараларды іске асырудан күтілетін нәтижелер зейнетақымен қамтамасыз етудің жаңа, неғұрлым жоғары стандарттарына көшу мен орташа зейнетақының орнын алмастыру пайызының орташа жалақының 40%-ынан төмен болмаған деңгейде тұрақты сақталуы болып табылады.

Одан әрі дамуды арнайы әлеуметтік қызметтерді берудің, оны тұтынушыларға жақындату және олардың жеке қолайсыздықтарын неғұрлым толық есепке алу бағытында институционалдық жүйесі алады. Кепілдендірілген арнайы әлеуметтік қызметтердің тізбесін және олардың көлемін кеңейтуге әлеуметтік қызметтерді берудің, мемлекеттік–жеке әріптестіктің нарықтық принциптерін енгізу негізінде қол жеткізілетін болады.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамыту           2011–2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде науқастануды төмендету және халықтың денсаулығын одан әрі нығайту, дәрігер мен ұйымды еркін таңдау жолымен медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттыру, медициналық және фармацевтикалық білім беруді мен инновациялық технологиялар әзірлеу мен оларды енгізуге бағдарланған медицина ғылымын жетілдіру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінетін болады.

Болжамда «100 мектеп пен 100 аурухана» жобасын іске асыру шеңберінде Қазақстан өңірлерінде денсаулық сақтау объектілерін, сондай-ақ ауылда дәрігерлік амбулаториялар салуды жалғастыру көзделген.

Білім беру саласындағы шығыстар 2011–2013 жылдары электрондық оқыту жүйесін құруды болжамдайтын 12 жылдық мектеп жағдайларында орта білім беру жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталатын болады.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толығынан қамтуды қамтамасыз етуге 2010–2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын қаржыландыру бағытталады.

ҮИИДМБ шеңберінде халықаралық стандарттарға жауап беретін мамандарды даярлық жүргізуге мүмкіндік беретін техникалық және кәсіптік білім берудің жаңғыртылған жүйесін енгізу көзделген.

Осыған байланысты жұмыс берушілердің қатысуымен жаңа кәсіптік стандарттар әзірленетін болады, біліктілікті жұмыс берушілердің өздері тәуелсіз бағалауы, яғни мамандарды сертификаттау толыққанды енгізіледі.

Көрсетілген стандарттарға жауап беретін мамандарды даярлау мақсатында техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жаңарту болжамдалып отыр.

Мемлекеттік–жеке әріптестік жүйесін дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.

Жоғары және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуы экономиканың салаларында техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті және бәсекеге қабілетті мамандарының, ЮНЕСКО-ның Лиссабон Конвенциясы мен Болон процесінің талаптарына сәйкес келетін мамандар даярлау қажеттігін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Ғылымның өндіріспен байланысын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылданады, түлектерді жұмысқа тұрғызу тетігі жетілдірілетін болады.

Шығыстар болжамында сол сияқты, Қазақстанның әлемдік аренада тәуелсіз егемен мемлекет ретіндегі өскелең рөлі туралы куәландыратын, біздің мемлекетіміздің тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі ретінде 2011 жылғы 7–қысқы Азия ойындарын өткізу бойынша іс-шаралар да ескерілген.

Сондай-ақ спортшылардың сапалы даярлығы мен халықаралық аренада табысты шығуы үшін жағдай жасау бойынша бір тараптан және екінші тараптан бұқаралық спортты дамыту және дене шынықтыру – сауықтыру қозғалысын дамыту бойынша үйлестірілген жұмысты жалғастыру.

Алдағы орта мерзімді кезеңдегі инвестициялық саясат, Стратегиялық жоспар – 2020–ның екінші негізгі бағытына сәйкес индустрияландыру және инфрақұрылымды дамыту арқылы әртараптануды жеделдету есебінен экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етуге бағытталған жүйелілік сипаттағы ұзақ мерзімді шаралармен тығыз байланысты.

Экономиканы әртараптандыруды жеделдетуді мынадай бағыттар бойынша үдемелі индустрияландыру жолымен жүзеге асыру болжамдалып отыр:

1. Шикiзат өндiрiстерiнiң кейiннен барынша жоғары қайта бөлiстерге өтуiмен, дәстүрлi салаларды: мұнай–газ секторын, тау–кен–металлургия кешенiн, атом және химиялық өнеркәсiптi дамыту.

2. Жер қойнауын пайдаланушылардың, ұлттық компаниялар мен мемлекеттiң сұранысына негiзделген секторларды: мәшине жасауды, құрылыс индустриясын, қорғаныс өнеркәсiбiн, фармацевтиканы дамыту.

3. Шикiзат секторына байланысты емес және көп жағдайда экспортқа бағытталған өндiрiстердi: агроөнеркәсiптiк кешендi, жеңiл өнеркәсiптi, туризмдi дамыту.

4. Әлемдiк экономикада кейiнгi 15–20 жылда басым рөл атқаратын «болашақ экономика» секторларын: ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, биотехнологияларды, баламалы энергетиканы дамыту.

Орта мерзімді кезеңде экономиканы әртараптандыру және оның бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру арқылы орнықты және теңгерiмдi өсуiне қол жеткізуге ҮИИДМБ  іс–шаралары бағытталған.

ҮИИДМБ міндеттері мыналар:

экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге қабiлеттiгiнiң

өсуiн қамтамасыз ететiн басым секторларын дамыту;

экономиканың басым секторларын дамытудың әлеуметтiк тиiмдiлiгiн күшейту және инвестициялық жобаларды iске асыру;

индустрияландыру үшiн қолайлы орта жасау;

экономикалық әлеуеттi ұтымды аумақтық ұйымдастыру негiзiнде экономикалық өсу орталықтарын құру;

экономиканың басым салаларын дамыту процесiнде мемлекет пен бизнестiң өзара тиiмдi iс–қимылын қамтамасыз ету болып табылады.

Инвестициялық саясаттың алдында тұрған міндеттерді жедел шешу Қазақстанның индустрияландырудың жиынтық картасын  әзірлеу негізінде шешілетін болады, онда салалық бағдарламалар мен шеберлік жоспарларында көзделген ірі инвестициялық жобаларды іске асырудың оңтайлы орындары айқындалады.

Осы бағдарламаны іске асыруда негізгі рөлді ойнауға республикалық деңгейде «Самұрық–Қазына» ұлттық әл–ауқат қоры» АҚ,  «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, жергілікті деңгейде – әлеуметтік–кәсіпкерлік корпорациялар, сондай–ақ мамандандырылған сервистік ұйымдар тартылған.

ҮИИДМБ–ні қолдаудың жобалық шаралары республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі әзірлеп жатқан: қолданыстағы өндірістерді үдемелі жаңғырту және жаңаларын құру – «Өнімділік – 2020», экспортты дамыту және жылжыту – «Экспорт – 2020», тікелей шетелдік инвестицияларды қолдау және ынталандыру – «Инвестор» бағдарламалары.

Жергілікті деңгейде – аумақтарды дамыту бағдарламалары мен «2020 жылға дейінгі Бизнестің жол картасы» бағдарламасы болып табылатын болады.

ҮИИДМБ–нің міндеттерін табысты шешу отандық экономиканың циклдық дағдарыстарға қатысты орнықтылығын арттырады және қазақстандықтардың әл–ауқатын арттырады.

Ұлттық қорға түсетін түсімдердің 2011–2013 жылдарға арналған болжамы макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды параметрлері негізінде есептелген: мұнай өндіру, мұнайға әлемдік баға, АҚШ долларына теңгенің бағамы, сондай–ақ бұған дейінгі жылдардағы түсімдердің серпіні, ағымдағы жағдайды талдау (сурет 4.11).

Ұлттық қорға тікелей салықтардың түсімдері 2011 жылы ЖІӨ–ге 7,8%, 2012 жылы 7,2%, 2013 жылы 6,4% деңгейінде болжанып отыр.

 

 

Сурет 4.11  - Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына тікелей салықтық түсімдердің 2011-2013 жылдарға арналған болжамы

 

Ұлттық қордың қаражатын елдің экономикасына бағыттаудың             2006 жылдан бері қолданылып келе жатқан схемасы республикалық бюджетке кепілдендірілген және нысаналы трансферттерді, сондай–ақ қаражатты отандық бағалы қағаздарға ұзақ мерзімді инвестициялауды болжамдайтын. Бұл ретте Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері бюджет әзірленетін жылдың алдындағы жылдың аяғына қор активтерінің 1/3–мен шектеліп отырған (сурет 4.12).

 

 

Сурет 4.12  – Ұлттық қор активтерінің серпіні

 

Мемлекет басшысының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу –Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» атты 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оның қаражатын пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы әзірленді.

 

 

Сурет 4.13   –  Мемлекеттік бюджет түсімдерінің жалпы көлеміндегі Ұлттық қордың кепілдік берілген және нысаналы трансферттер түріндегі тартылатын қаражатының үлесі

 

Жоғарыда айтылған көзқарастарды ескере отырып, Ұлттық қордағы қосымша жинақтау 2020 жылға 40 млрд. АҚШ долларынан астамды құрайды, ал активтер 90 млрд. АҚШ долларына дейін өсуге тиіс, бұл ЖІӨ–нің кем дегенде 30%–ын құрайды.

Жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізу елдің егеменді рейтингінің өсімін қамтамасыз етеді. Бұл өз алдына инвестициялар өсімін ынталандыруға ықпал ететін неғұрлым жеңілдікті қаржы шарттары бойынша жаңа қарыздарды тартуға мүмкіндік береді.

Республикалық бюджет тапшылығының параметрлері бюджеттің түсімдері мен шығыстарының болжамдық көлемдеріне сүйене отырып, бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету қажеттігін ескере отырып, айқындалған.

Сурет 4.14 –  Үкіметтік қарыздар есебінен республикалық бюджет

тапшылығын қаржыландыру

 

Көрсетілген саясатты жүргізу дағдарысқа қарсы саясатты жүргізу үшін резервтер жасауға мүмкіндік берді, оның шеңберінде 2008–2009 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке     607,5 млрд. теңге және тиісінше нысаналы трансферт түрінде                        955,4 млрд.теңгені құрады.

2008 жылы нысаналы трансферттердің 607,5 млрд теңге қаражаты бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономикасын орнықты дамыту үшін «Самұрық–Қазына» ұлттық әл–ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға бағытталған, көрсетілген қаражат толығымен игерілді.

2009 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылға арналған Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» (Жол картасы) Жолдауын іске асыру жөніндегі іс–қимыл жоспарының іс-шараларын іске асыруға бағытталып отыр, іс–жүзінде 347,9 млрд. теңге нысаналы трансферттердің меңгерілген 261,5 теңгені құрады.

2009 жылдың аяғындағы жағдай бойынша Ұлттық қор активтері             4,5 трлн. теңгені құрады, одан 750,0 млрд.теңге ішкі активтерге         («Самұрық–Қазына» ұлттық әл–ауқат қоры» акционерлік қоғамы мен «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдинг» акционерлік қоғамының облигациялары) орналастырылған.

Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің 2011–2013 жылдарға арналған параметрлерінің болжамы қосымшада берілген.

Қазіргі замаңғы түсінікте және мемлекеттік басқару, реттеу істерінде және кәсіпорындар, ұжымдар деңгейіндегі қолданылуда «Стратегия» бөлшектеніп нақтыланған, жанжақты және кешенді, іске асырылуы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін жоспар болып саналады. Стратегиялық жоспарлар негізінен сандық емес сапалық жоспарлау. Оның индикативтік жоспарлардан айырмашылығы мақсаттылығында, мазмұнында. Стратегиялық жоспар мәні – белгісіз болашақ және ішкі, сыртқы тұрақты өзгерістер жағдайында, ұтымды мүмкіндіктерді пайдалана жағымсыз құбылыстарын жеңе отырып нақты қойылған мақсатқа жетудің магистралды (басты) даму жолын, қызметтерін және іс–қимылдарын жасау. Осы түсінікте бұл жоспарлау үкімет басқару, атқару органдарының экономиканы реттеу, оның макроэкономикалық, микроэкономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі басты құралдарының бірі десек қателеспейміз.

Стратегиялық жоспарлау тек макродеңгейдегі басты реттеу құралдары болып қоймай, сонымен бірге аймақтар, яғни облыстар деңгейінде де басты басқару, реттеу құралы болып саналады. Себебі облыстар экономикасы жалпы ұлттық экономиканың ажырамас бөлігі.

Он жылдық уақыт аралығына жасалынатын аймақтық стратегиялық жоспарлар болашақ әлеуметтік–экономикалық міндеттерді ұтымды шешуге бағытталады. Бірде бір экономикалық субьектаның құқықтық шеңберіне енбей, экономикалық реттегіштер мен тікелей және жанама ықпалды ұштастыра отырып, барлық субьекталардың іс–қызметтерін ортақ мүддеге бағыштап, белгіленген уақыт аралығындағы мақсаттарға жетуді қамтамасыз етуге бағытталған. Облыстар шеңберіндегі мұндай стратегиялық жоспарлар бір-бірімен тығыз байланысқан төмендегідей бөлімдерден тұрады:

облыстың, қазіргі әлеуметтік–экономикалық жағдайының бағалануы;

жоспар кезеңіндегі облыстың миссиясы мен басты даму мақсаты;

экономикалық дамуы;

әлеуметтік дамуы;

күтілетін нәтиже.

Қазіргі әлеуметтік–экономикалық жағдайдың бағалануы, облыстағы әлеуметтік–экономикалық дамуды сандық, сапалық жағынан талдап, бағалап, оның жалпы мемлекет экономикасындағы рөлі мен үлесін сипаттауы қажет. Осындай талдау, бағалау негізінде облыстың әлеуметтік–экономикалық даму миссиясы мен басты мақсаты анықталынады. Ал миссия мен басты мақсат мемлекеттің стратегиялық даму жолындағы облыс рөлінен анықталынып, тұжырымдалынады.

Басты мақсат – бұл облыстың стратегиялық дамуының негізгі мақсаты. Ол қазіргі әлеуметтік–экономикалық жағдайдың негізінде анықталынып ұзақ мерзімді әлеуметтік–экономикалық даму бағытын білдіреді. Басты мақсаттарды орындау, оларға қол жеткізу үшін әлеуметтік және экономикалық салалар, сфералардағы іс–қызметтер, қимылдар стратегиясы жасалынады.

Экономикалық дамудағы негізгі стратегиялық бағыттарды анықтау үшін облыстың ішкі–сыртқы факторларына талдау жасалынады. Осы талдау негізінде облыс экономикасының басым бағыттары анықталынады. Басым бағыттардың анықталынуы, немесе оны көп тізбектегі басты буынның  белгіленуі барлық мүмкіндіктер мен күштерді осы қызметтерді шешуге шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Кейбір жағдайларда Стратегиялық жоспар жобасының көлемі тиісті мемлекеттік орган қызметінің ерекшелігімен, мемлекеттің осы саладағы саясатының кешенді сипатымен анықталды. Басқа жағдайларда жобалардың шамадан тыс нақтылануы және шамадан тыс жүктемеленуі  талаптарды дұрыс түсінбеуден немесе әзірлеушінің  тұтастай алғанда, құжатты дұрыс жазбауынан туындады. Сол уақытта сарапшылардан алынған алғашқы ескертпелер мен ұсыныстардан кейін көптеген жобалар сапасының елеулі түрде артқандығын атап өту қажет.

Информация о работе 2003-2015 жылдарға арналған ҚР индустриалды-инновациялық стратегиясы