Өнертабыс түсінігі мен объектілері

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Апреля 2012 в 21:45, реферат

Описание работы

Қазақстанның социалистік жүйеден нарықтық экономикаға ауысуы санаткерлік еңбек нәтижелерін қорғау және құқықтық қатынастарды реформалауды талап етті. Осы кезеңнен бастап, заңнама мен күнделікті тұрмысқа «интеллектуалдық меншік», «өнеркәсіптік меншік», «патент», «патент иеленуші», «айрықша құқық» ұғымдары енді. Егер өзгерістердің мәніне қысқаша тоқталар болсақ, кеңестік кезеңдегі авторлық куәлік орнына өнеркәсіп меншігі объектілерін қорғау жөніндегі бүкіл әлем таныған патент жүйесі келді. Кеңестік өнертабыс құқығының негізгі ерекшелігі - өнертабушы автор өз құқығын, көбінесе, авторлық куәлікпен рәсімдейтін, кейбіреулері

Содержание

Кіріспе 3
1 Өнертабыс түсінігі мен объектілері 4
1.1 Өнертабыстың патентке қабілеттілігінің талаптары 6
2 Өнертабысты қорғаудың ерекшеліктері 8
2.1 Өнертабысқа өтінім 9
Қорытынды

Работа содержит 1 файл

РЕФЕРАТ Janara.doc

— 66.50 Кб (Скачать)

Өнертабысқа өтiнiмдердi жасау мен ресiмдеуге қойылатын талаптарды сараптама жасау ұйымы белгiлейдi.

Жалпы авторлық құқықта өнертабыс, өнеркәсіптік үлгі және пайдалы модель деген ұғымдар кездеседі. Өнертабыс дегеніміз - жаңа өнертапқыштық деңгейі бар және өнеркәсіпте қолдануға болатын құқықтық қорғау берілген техникалық шешім.

Бұйымның сыртқы түрін белгілейтін жаңа түпнұсқалық және өнеркәсіпте қолдануға болатын көркемдік конструкторлық шешім құқықтық қорғау берілетін өнеркәсіптік үлгі болып табылады. Өнертабыс және өнеркәсіптік үлгі алдын ала патент беру, ал пайдалы үлгі тек патент беру жағдайында қорғалады.

Патенттелген өнертабысты пайдалы үлгіні немесе өнеркәсіптік үлгіні қолдан жасалған бұйымдарды рұқсатсыз жасау, қолдану, импорттау, сату - азаматтық айналымға өзгедей енгізу немесе осы мақсатпен сақтау, сондай-ақ өнертабысқа патентпен қорғалатын әдіс қолдану немесе тікелей өнертабысқа берілетін патент пен қорғалатын әдіс арқылы дайындалған бұйымды азаматтық айналымға енгізу не осы мақсатпен сақтау патент иесінің айрықша құқықтарын бұзу болып табылады.

Қалай дегенмен де, авторлық құқықтың қатаң сақталып, біреудің маңдай терімен өмірге келген дүниені сыйлауға, қорғау, азаматтарды жауапкершілікке шақыру, осы мақсатпен үнемі құқықтық насихат жұмыстарын ұйымдастыру міндетіміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

Қорытынды

 

 

1992 жылы 24 шілдеде Қазақстан Республикасының алғашқы патент Заңы қабылданады. Өнертабыстар мен өндірістік үлгілерді патенттік қорғаудың жаңа нысанына көшкеннен кейін Қазақстан Республикасындағы патент иеленушілер осы объектілерді пайдалануға монополиялық құқықты мемлекеттің берген құқықтық кепілдігі ретінде алды. Монополиялық құқықты иеленуші тұлғаларда үшінші тұлғалардың құқықтарын және заңнаманың нормаларын бұзбай патенттік құқық объектілеріне билік ету мүмкіндігі пайда болды.

Әрбір өнертабыс белгілі бір объектіні, яғни қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыра алатын техникалық құралды сипаттайды. Өнертабыс объектілерінің түрлері қойылған мақсатқа жету үшін техникалық шешімдерде көрсетілген құралдарға тәуелді анықталады. Құрылғы, әдіс, зат, микроорганизмдердің, өсімдіктер мен хайуанаттар клеткаларының тегі, сондай-ақ бұрыннан белгілі құрылғы, әдісті, затты текті жаңа мақсатта қолдану өнертабыс объектілері бола алады. Өнертабыс объектілерін нақтылау патент иесінің құқықтары көлемін анықтау заңмен қорғалатын өнертабыстың пайдаланылуын бақылау мүмкіндігі үшін құққтық маңызы зор.

Өнертабыс бұрын белгісіз болған бұйымды көрсетуі керек. Жаңашылдық ұғымы белгілі бір саладағы алға жылжуды білдіреді. Өнертабыс өнертабыстық деңгейге ие болуы керек, яғни белгілі немесе таныс болмауы керек. Өнеркәсіптік жарамдылық ұғымы өнертабысты өнеркәсіптік өндірісте және басқа салаларда қолдану мүмкіндігін көрсетеді. Өнертабысқа инновациялық патентті беруге арналған өтінім сараптамадан өткеннен кейін өнертабысқа деген инновациялық патент беріледі. Аталған сараптамада барысында талап етілетін құжаттар тізімі тексеріледі, басымдылық күні белгіленеді және ұсынылған шешімнің Қазақстан Республикасында патенттелген өнертабыстарға қатысты локальды жаңалығы тексеріледі. Сараптама оң нәтижемен аяқталғаннан кейін инновациялық патентке формуласы өтінім берушімен келісілген оң қорытынды беріледі.

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1                         Е.С.Аскаров.  Защита  промышленной  интеллектуальной  собственности  в Казахстане. Учебное пособие. Алматы, 2003.

2                         М.М.Богуславский. Международная охрана промышленной собственности. М., 1967.

3                         Основы патентного права и патентоведения в Республике Казахстан / отв. Ред. Т.Е Каудыров. Алматы: Жеті жарғы, 2003.

4                         Т.Е.Каудыров. Право интеллектуальной собственности  Республике Казахстан. Алматы: Жеті жарғы, 1999.

5                         Т.Қаудыров. Қазақстанның патент  жүйесі / /Заң 2001.№ 12.

 

 

 

11

 



Информация о работе Өнертабыс түсінігі мен объектілері