Логика. Логика пәні. Ой мен сана.Формальды логика

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2013 в 17:52, доклад

Описание работы

Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος — «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») — ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.
Ғылым ретіндегі логикадан логикалық дұрыс ойдың байланысы мен динамикасын (ойлау логикасы) айыра білу қажет. Ғылыми логика саласына белгілік құрылымдарды жасау мен зерттеу (есептеу, формальдік жүйелер), жалпы касиеттері логикалық оймен көрінетін және белгілік құрылымда белгіленетін шындықтың белгілі бір үзінділерін қарастыру (модельдер) енеді.

Работа содержит 1 файл

ҚР.docx

— 47.77 Кб (Скачать)

Тіл және ойлау

 

Адамдар арасында таралуға тиісті аппараттардың әр түрлі болуы оның әрқайсысы жекелей белгілі бір затты және әрекетті білдіретіндей жағдайдың болуына алып келді. Белгілі бір объектілер тобы үшін қолданылатын жалпылама белгілер еңбек үдерісіне катысушылардың тануы үшін де жалпылама болуы тиіс еді. Өйткені оларды кабылдау, түсіну үшін оларды көру керек. Ұжымдық еңбекке адамдар бірін-бірі көрмей де катысуы керек болды. Сондықтан әрекеттердің, оқиғалар мен заттардың топтарына олардың жалпылама қасиеттерін көрсете алатындай тіл белгілерінің дыбыстық жүйесі қажет болды. Құбылыстардың тұтас тобына төн жалпы белгілердің (жалпы жүгіру, жалпы үру, жалпы ағаш, жалпы тас) көрініс беруі сол топтағы құбылыстар арасындағы айырмашылықтарды бөліп алу, олардың тәуелділіктері мен байланыстарын қарастыру үтттін ойлау қажеттігі туды.

 

Ойлау — адам санасының  маңызды ерекшелігі. Ұжымдық еңбектің пайда болуы мен дамуы бір-бірінен ажырамайтын ойлау мен тілдің болуын қажет етті. Еңбектің үнемі жаңа нышандары мен жалпылама қасиеттері жалпылама атқа ие болды. Жалпылама тілдік қолданыстар көрнекі түсініктерден бөліп алынған ұғымдарға етуге, адамның санасының ерекше қасиеті — ойлауға себеп болды. Одан әрі қарай адамдар қарапайым, әр кадам аттаған сайын кездесетін, қайталанып отыратын байланыстарды аңғарды: "Осы зат екінші заттан қатты болса, егер ол үшінші заттан да қатты болса, онда бірінші зат үшінші заттан қатты болады", "Егер белгілі бір нәрсе екінші бір нәрсенің ішінде болса, ал ол үшінші бір нәрсенің ішінде де болса, онда біріншісі үшіншінің ішінде болады". Осылай бұрыннан белгілі түп текті қорытындылардан олардың арасындағы байланыс негізінде белгілі бір жаңа білім шығатын логикалық ой қорыту пайда болды. Уақыт өткен сайын логикалық түрде ой қорыта білу жылдамдады. Адамдардың бірқатар ұрпақтарының көздері жетуіне орай логикалық байланыстар оқиғалардың, әрекеттердің және сол заттардың ез арасындағы қатынастар мен өзара байланыстарға сәйкес келетіндігі белгілі болды. Адамша ойлауға тән логика шықты. Осылай сана өзіне сай атрибуттарымен (сезім мен ойлау, логикамен) ұзақ мерзім ішінде пайда болған адамның жануарлық күйден адамдар коғамына өтуге және тіл сияқты коғамдық еңбек қызметі кезінде пайда болған қоғамдық құбылыс ретінде көрініс береді. Сананың мұндай әлеуметтік мәні қалыптасып келе жатқан адам күнде өзі пікір алысып, қатынасып тұратын басқа барлық адамдарға тән жалпыны анықтай отырып, ол өзінің адам екенін, өзімен рудың мүшелерінің арасында белгілі бір қатынастар бар екендігін сезетін болды. Адамның өзін-өзі тануы және өзінде болып жатқандардың, өзінің санасынан тысқары болып жатқандардан тәуелсіз екендігін білуі — адам санасының аса маңызды ерекшелігі. Хантәңірі шыңының басына жауып жатқан кардың маған қалдырған өсерін еске түсіре отырып (мен тауға төменнен қарадым), мен ой қорытамын. Алайда өзімнің ойларым туралы пікірлерді талқылай отырып, мен Хантәңірінің басындағы карды алыстан көргендей емеспін, ол туралы пікірім мүмкін қате шығар деп күдіктенемін. Адамның жеке өзінің ойлары, сезімдері, зауқы, бағалауы, оның дұрыс немесе бұрыстығы туралы ойлау қабілеті мынаны білдіреді: оның санасы тек қана объективті нағыздықты емес, сонымен қоса өзін-өзі көрсете алады, демек, ол — жарқ етудің көрінуі, өзіндік сана. Адам өзінің санасынан орын алғанның субъективті шындық, ал оның санасынан тыс тәуелсіз болып жатқандар объективті шындық екендігін жақсы аңғарады. Біздің психикамыздың идеалдығы осындай, оған ешбір жануар қол жеткізе алмайды. Сыртқы табиғатты және өзінің коғамдық қатынастарын өзгерте отырып, адам сонымен қоса өзінің сипатын, өзінің санасын қалыптастырды және дамытты.

Сана. Білім. Таным

 

Арнайы жүргізілген ғылыми зерттеулер мыналарды көрсетті. Сана мидан бөлек болмайды, тек ми ғана сана органы болып табылады. Ал сана адам миының функциясы. Адамның миы биохимиялық, физиологиялық және жүйкелік үдерістер жүріп жататын күрделі материалдық құрылым. Бұл өз бетінше, сонымен қоса адамның тұтас ағзасының құрамындағы ішкі үдерістері мен ішкі қатынастарын реттеп отыратын жүйе. Материяның өте нәзік құрылымы ми бұзылса, сананың да құрылымы бұзылады. Қалыпты мидың қызметінен тыс қалыпты психика болмайды. Сана әрқашанда мияда болып жатқан үдерістермен байланысты, одан тыс ерім сүрмейді. Бірақ олар сананың мәнін құрай алмайды. Психика өзінің мазмұнына тепе-тең деп айтуға келмейтін психикалық құбылыстардың физиологиялық механизмдері субъективтік бейнелер формасында нағыздықтың бейнеленуі бола алады. Философия тарихында "адам өтінін бауырға қатынасы қандай болса, ой адамның миына да сондай қатынаста болады" дегенді айтатын философтар болды. Бұл тұжырымның жалғандығы психикалық құбылыстарды өзінен-өзі тудыратын, оның себебі және қайнар көзі деп есептейтін мидың жүйелік тұжырымдамасында. Мұндай тұжырым жағдайында сана сыртқы өсерлердің субъективтік бейнесі болмайды, ол тек материалдық ми үдерістерінің өзінен-өзі жүріп жатқан әлсіз жаңғырығы сияқты болады. Заттардың бейнеленуі олардың мидағы қасиеттері мен қатынастарының көрінісі, әрине, олардың миға орын аударуын көрсетпейді немесе қоймалжыңда қалған бармактың ізі сияқты онда физикалық із қалдырмайды. Мен қарағашты көріп тұрғанда, менің миымда ол қарағаштың өзі де, оның физикалық қолтаңбасы да тұрған жоқ. Миға қатты, көк немесе суық заттар өсер еткенде, оның формасы өзгермейді, көгермейді, суып қалмайды. Мен көріп тұрған бейне заттың сыртқы бейнесі, ол субъективті идеалды. Ол менен тыста тұрған материалдық объектінің өзіне мидың ішінде жүріп жатқан және осы бейнені тудырып жатқан физиологиялық үдерістерге қосылып кетпейді. Расында, адамның миынан осы уақытқа дейін ешкім ешқандай сұр немесе ашық ойды тапқан жоқ: ой идеалды, ол сөздің физикалық және физиологиялық мәнінде өмір сүрмейді. Сонымен қоса ой мен идея шынайы, олар бар, сондықтан идеяны "нағыздық емес" деп есептеуге болмайды. Оның нағыздығы, шынайылығы материалды емес, идеалды. Бұл біздің ішкі дүниеміз, жеке санамыз, сонымен қоса тұлғадан жоғары тұратын рухани мәдениеттің бүкіл дүниесі. Сондықтан ешқашанда материя мен сана екеуінің қайсысы шынайы деп айтуға болмайды. Бүл жерде сөз шынайылықтың белгілі бір тұрпаттары туралы ғана болуы мүмкін. Материя— объективті, ал сана — субъективті шынайылық. Сонымен, сана дегеніміз — тек адамға ғана төн, оның тілімен байланысты, адам миының жоғары функциясы. Ол нағыздықтың бейнеленуінің жалпылама және мақсатты бағытталғандығынан, жоспарлы әрекеттің адамның тәртібінен, өзін-өзі ақылмен реттеуінен және бақылауынан көрініс табады. Өзінің мазмұнына қарай сана объективті нағыздықтың бейнесі ретінде көрінеді. Сананың мазмұны — сыртқы дүниені адамның мақсатты бағытталған бейнеленуі негізінде алынған ақпарат. Бұл — сананы қарастырудың гносеологиялық аспектісі болып табылады. Сана және объективті — дүние біртұтастықта, бірлікте болатын, практиканы адамдардан сезімдік заттың қызметінде ғана негізге алатын қарама-қарсылықтар. Тек сана нағыздықтың психикалық және сапалы бейнеленуінің қажеттілігін тудырады. Дүниені дұрыс бейнелейтін сананың қажеттілігі өмірдің езінің шарттары мен талаптарынан туындаған. Біз "сана" ұғымын қарастырған кезде оның сипаттамасында білімнің үлкен рөл атқаратындығын көреміз. Осыған байланысты сананың өмір сүру тәсілі және сана үшін өмір сүретін нәрсе — білім. Сондықтан сананың құрылымында адамның дүниеге қатынасының танымдық байланыстары ерекше қарастырылады. Олар білім алуға, қоршаған дүние туралы алдымен жаңа білімдер алуға бағытталған. Таным мен заттардың танылуы, объектіге терең үңілуі, түсінудің органдарына өсер етуінің негізінде пайда болады. Көру түйсігі бізге заттың формасы, оның түсі, ашықтығы туралы мағлұматтар береді. Есту түйсігі қоршаған ортадағы дыбыстық тербелістердің түрлерін адамға жеткізеді. Тері арқылы біз қоршаған ортадағы температураны, денеге түрлі материалдық факторлардың өсерін, олардың қысымын сезінеміз. Ал иіс және дәм қоршаған ортадағы химиялық қосылыстар мен тамақтың құрамы туралы мағлұматтар береді. Әрине, сезім органдарының мүмкіндігі шектеулі. Олар қоршаған ортаны белгілі бір шектеулі диапазондардағы физикалық, химиялық әсерлерді көз алдыңа әкеліп көрсетеді. Адамның естуі дыбыстық толқындардың бірнеше ондаған герцтен 20 килогерцке дейінгі мөлшерін қабылдай алады. Ал жоғары жиіліктегі (ультра дыбыстық) тербелістер мен өте төменгі жиіліктегі (инфрадыбыстық) тербелістерді біздің құлағымыздың сезу мүмкіндігі жоқ. Өзге сезім органдары туралы да осыны айтуға болады. Адамда қоршаған ортадағы кейбір факторларды сезуге қабілеті бар белгілі бір қосымша сезім органдарының болмауы, оның зияткерлік және практикалық іскерлік мүмкіндіктерімен толықтырылады. Адамда радиацияны сезе алатындай белгілі бір сезім органы болмаса да, оның осы кемшілігінің орнын толтыратын арнайы құрал (дозиметр) жасап алып, радиация қаупінен сақтана алатын мүмкіндігі бар. Демек, адамның организміндегі сезім органдары дүниені тану үшін жеткілікті деп айту керек. Түйсік, әдетте, одан да күрделі бейне қабылдаудың бір құрауышы ретінде көрініс береді. Қабылдау дегеніміз — зерттелінетін объектінің тұтас бейнесі, ол бірнеше сезім органдарының бірлесіп жұмыс атқаруынан пайда болады. Қабылдаудың негізінде түрлі түйсік түрлері қабысады. Бірақ ол қарапайым механикалық жиынтық емес, ол — синтез. Түрлі сезім органдарынан келіп түскен түйсіктер қабылдауда біртұтас, толық заттың сезімдік бейнесін алдыға алып келеді. Сонымен көрудің және түсінудің негізінде форманың мейлінше тұтас бейнесін және заттың бояуын көз алдыңа келтіреді. Түйсік ЖӘН6 қабылдаудың жиынтығынан түсінік туады. Түсінік дегеніміз — өткен уақытта сезім органдарына әсер етіп, казіргі сәтте қабылданбайтын заттың талданып, қорытылған сезімдік бейнесі. Егер түйсік пен қабылдау адамның затты керген кезінде жүзеге асырылатын болса, түсінік затпен тура қатынас жасау арқылы пайда болмайды. Белгілі бір уақыттан кейін белгілі заттың бізге қалай өсер еткенін, оның бейнесін есімізде сақтай аламыз. Мысалы, белгілі бір уақыт өткеннен кейін алма туралы біз оны қолымызға тағандығымызды, артынан оны жегендерімізді еске түсіре аламыз. Мұндайда заттың бейнесі біздің кабылдау кезіндегі алған түйсігімізден өзгеше болады. Біріншіден, біздің затты тура қабылдау кез індегімен салыстырғанда, оның бейнелері солғын және қораш болып көрінеді. Екіншіден, бұл түсінік бізде жалпылама болады. Біздің есімізге түскен бейнеде заттың бізді қызықтыратын жақтары алдыңғы ретке шығады. Сонымен қоса түйсікте шындығында болмаған нәрселер, тіпті адам ешқашан тура қатынаста болып көрмеген заттар мен құбылыстар да орын алады. Мысалы, кентавр, русалка дегендер. Мұнан түсініктің қабылдауға қарағанда анағүрлым алға басқандығын көреміз. Өйткені түсінікте адам белгілі бір заттың құбылысы туралы талдай, қорытынды жасай алады. Талдап қорыту нақты жекелеген заттар туралы түсініктен орын алады. Одан да жоғары деңгейде ол жалпылама түсініктен көрініс табады. Мысалы, түсінікте біз бір түп раушан гүлі туралы емес, жалпы раушан гүлі туралы түсінік аламыз. Сонымен, түсінік дегеніміз — сезімнің көрнекі сипатына орай таным деңгейлерінің алғашқы қадамына жатады. Сонымен қоса түсінік сезімдік танымнан рационалды танымға ететін көпір міндетін атқарады.

Рационалды таным және оның формалары: ұғым, пікір және ой қорыту

 

Рационалды таным деп тану құралдарының заңдылықтары арқылы заттардың ішкі мәніне және олардың болмысына үңілуінен көрініс беретін адамның ойлауын айтамыз. Адам сезім органдары арқылы танылатын объекті мәнінің нақты бейнесін қалыптастыра алмайды. Адам сезімдерінің осы шектеулігін рационалды таным арқылы кеңейте алады, заттардың мәні тек адамның ойлау қызметінің көмегімен танылады. Рационалды танымның формаларына ұғым, пікір және ой қорыту жатады. Ұғым дегеніміз — құбылыстардың айқындамаларында бекітілген жалпылама байланыстағы заңдылықтарын, жақтарын, белгілерін көрсететін адам ойының формасы. Ұғым тілдік формада жекелеген сөздермен, терминдермен, мысалы: молекула, сутек немесе объектінің дәрежесін көрсететін (Күн жүйесіндегі планеталар, экономикалық қатынастар, т.б.) бірнеше сөз тіркесімен беріледі. Ұғым барлық білімдер қорының негізінде жатқан бүкіл адамзат ойлауының мейлінше кең формасын жинақтаған. Ұғымның қалыптасуы — күрделі үдеріс. Онда салыстыру (бір затты екінші затпен ойша катар қою, олардың арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды айқындау), талдай қорыту (біртекті заттарды олардың жалпы белгілерінің негізінде ойша біріктіру), абстракциялау кезінде заттың белгілі бір мәнді жақтары екінші қатардағы мәнді емес белгілерінен бөліп алып қарастырылады. Түсініктің қалыптасуы кезінде осы логикалық амалдар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мысалы, "үстел" ұғымын тиянақтаған кезде адамдар, бір жағынан, оның мәнді емес қасиеттерін, оның формасын (дөңгелек, төртбұрыш?) түсін, аяқтарының санын, осы үстел жасалған ағаштың қасиеттерін бөліп тастайды да, екінші жағынан, олардың күнделікті өмірде пайдалылығын айқындайтын жалпылама белгілерін алады. Ұғымдар затты ғана айқындамайды, олардың қасиеттерін, өзара қатынастарын да айқындайды. Мысалы, мынандай ұғымдар — қатты және жұмсақ, үлкен және кіші, суық және ыстық сияқты заттың белгілі бір қасиеттерін көрсетеді. Ал қозғалыс немесе тыныштық, жылдамдық және күш ұғымдары зат пен адамдар арасындағы және басқа да заттар арасындағы немесе табиғаттағы үдерістер арасындағы өзара қатынастарды білдіреді. Ғылыми танымның тереңдеуіне және дамуына байланысты күшті және кезге көрінетіндей жаңа ұғымдар пайда болып жатады. Ғылыми жетістіктер мен ашулар жаңа ғылыми ұғымдардың пайда болуына септігін тигізеді. Әр ғылымның өзінің кең ұғымдар жүйесі болады. Оларды түсінік аппараты деп атайды. Физиканың түсінік аппаратында — масса, энергия, заряд; химияның түсінік аппаратында — элемент, валенттілік, реакция; биологияда — жасуша, организм, өмір, тағы осы сияқты ұғымдар бар. Қоғамдық ғылымдардың негізін — өндіріс, мемлекет, құқық, саясат, коғам және басқа ұғымдар құрайды.Техника ғылымдарында — машина, қозғалтқыш, автоматика, телемеханика деген ұғымдар кездеседі. Қазіргі ғылымда жалпы ғылыми ұғымдар үлкен рөл атқарады. Олар түрлі ғылымдардың өзара байланысы мен ықпалы нәтижесінде пайда болған. Жалпы ғылыми ұғымдар санатына — жүйе, модель, ақпарат, ұйым сияқты сөздерді алуға болады. Адамның дүниені тану арсеналында жалпылама ұғымдар философиялық категориялар делінеді. Оларға сапа, сан, материя, кеңістік, уақыт, тағы басқалар жатады. Мынаны естен шығармау керек: адамдар өздерінің өмірінде жекелеген, бөлініп алынған ұғымдармен ойламайды. Осыған байланысты ұғымдарға құрылған және оларды өзінің құрамына қосатын ойлаудың рационалдық және логикалық формасы болатын — пікірдің рөлі айқындала түседі. Пікір — заттардың, құбылыстардың, үдерістердің және олардың қасиеттерінің байланыстарын, арақатынастарын көрсететін ойлау формасы. Пікірде нәрселер арасындағы байланыстар мен қатынастардың бар немесе жоқ, екендігі ашылады. Мысалы, ғылым мен практика темірдің электрөткізгіштігін дәлелдеді. Темір мен оның жеке қасиеттерінің арасындағы байланыстар мынадай пікір тудырады: темір — электрөткізгіш, сонымен қоса ол мөлдір емес сәулені де өткізбейді. Бұған катысты "темір — мөлдір емес" деген пікір туады. Пікір формасында заттың кез келген қасиеттері мен белгілері көрініс табады. Бүл ой, әдетте, хабарлы сөйлеммен беріледі. Ол ақиқат ("Будапешт Дунайдың жағасында орналасқан") немесе жалған ("Астана Еділдің жағасында орналасқан") болуы мүмкін. Егер пікір, бір жағынан үнемі ұғымдар арасындағы қатынасты көрсететін сөйлеммен берілсе, пікір немесе олардың жиынтығы, ез кезегінде, ұғымның маңызын ашады. Ұғым мен пікірдің ара-қатынасы осындай. Ой қорыту — логикалық ойлаудың жоғары формасы. Ол пікірдің логикалық байланысына негізделген. Ой қорыту бізге белгілі пікірден жаңа пікір алатын ойлау формасы. Мысалы: "Біріккен Ұлттар Ұйымының барлың мүшелері бейбітшілік ұстанымын ұстауы керек" және "Қазақстан Республикасы — БҰҰ-ның мүшесі" дегеннен гөрі "Қазақстан Республикасы бейбітшілік ұстанымын ұстауы керек" деген ой қорытып шығаруға болады. Тағы бір мысал: таңертең терезеге қарап, көрші үйдің төбесінің суланып тұрғандығын көріп, біз түнде жауын болғандығы туралы ой қорытамыз. Ой қорыту күнделікті және ғылыми танымда кең қолданылады. Ой қорытудың аркасында біз өр пікірде берілген айғақтарға негіздеп жатпаймыз. Егер ой қорыту жаңа білімдер алуға мүмкіндік бермесе, онда адамдар ешқашан атом әлеміне үңіле алмас еді. Атомның бөлінетіндігі туралы қорытынды тура бақылаумен алынған жоқ, ол ой қорытумен алынды. Ой қорытуды негізге ала отырып, Күн жүйесінің және Жердің пайда болуы, біздің планетамыздағы өмірдің пайда болуы, коғамның пайда болуы және оның даму кезеңдері туралы білімдер қалыптасқан. Ой қорыту келешекті болжау үшін де маңызды. Сондықтан ғылымда толып жатқан болжау, долбарлау, гипотезалар кең тараған. Ұғымдармен, талқылармен бірге ой қорыту сезімдік танымның шектеулігінен асып түседі. Олар сезім органдарының күші жетпеген, белгілі бір объектінің себептері мен пайда болуы анықталмағанда, оның мәніне қол жеткізе алмағанда, өмір сүру формасын, дамуының заңдылықтарын білмеген жерде өте қажетті құрал болып табылады.

Ойлау формасы

Ойлау формасы болып табылатын  ұғымдар, категориялар, идеялар мен  теориялар танымның субъектісі мен  объектісінің арасын байланыстырып  тұрған қоғамдық тәжірибенің негізінде, қоғамдық-тарихи процесте қалыптасып дамиды және заттар мен нәрселердің сезімдік таным формаларында (түйсік, қабылдау, елес) берілмейтін мәнді байланыстары мен қатынастарын өрнектейді. Осының арқасында адам дүниенің заңдары мен заңдылықтарын танып білуге мүмкіндік алады, алды-артын болжап, болашағын айқындап, алдына саналы мақсаттар қойып, соларға жету жолдарын саралайды, табиғатты өзгертеді және өзі де өзгереді. Адам өмірінде, тәжірибелік және танымдық қызметінде шешуді қажет ететін мәселелер туындап, соларды қою және шешу барысында oйлау қабілеті де түрленіп, шығармашылықпен дамып отырады.

Ойлау тарихы

Ойлау тарихы адамның пайда  болып, дамуының тарихымен байланысты. Ойлау – қоғамдық-тарихи қалыптасқан адам миы қызметінің жемісі. Ойлау мен тіл өзара терең байланыста, тіл – адам ойлауының құралы. Адам ойы сөз арқылы өрнектеледі, сөздің ар жағында ой жатады. Сөз бен ойды теңестіруге болмайды, алайда сөзсіз ойлау іске аспайды, ой айтылмай, үнсіз тұншығады. Ойды үнсіз іштегі сөз деп, тілді дыбысталған ой деуге болады. Ойлау тек табиғи тіл арқылы ғана емес, жасанды тілдер (мысалы, абстрактылы математика тілі немесе нақтылы-бейнелі “өнер тілі”) арқылы да іске асады. Ойлау күрделі тарихи-әлеуметтік құбылыс болғандықтан, оны зерттеумен көптеген ғылымдар – психология, логика, таным теориясы, лингвистика, кибернетика, физиология, т.б. шұғылданады. Философияда ойлау белсенділігі, логикасы туралы мәселелер қарастырылып, оның ақиқаттылығының өлшемі зерттеледі. Бұл мәселелер философия тарихында әр түрлі тұрғыда (материалистік және идеалистік, рационалистік және эмпирикалық, априорлық және апостериорлық, диалекттік және метафизикалық, т.б.) зерделеніп, ойлау жөнінде әр түрлі ілімдер орын алған. Ойлау тек адамға ғана тән қабілет ретінде оның шынайы адами болмысының қайнар көзі әрі басты құралының бірі, адам еркіндігінің мүмкіндігі мен шындығының кепілі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006. - 482 б. ISBN 9965-808-85-6
  2. Орысша-қазакша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006. ISBN 9965-808-78-3
  3. Қоғамдық білім негіздері:Жалпы біліы беретін мектептің коғамдык-гуманитарлык бағытындағы 10-сыныбына арналған окулык / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-570-2

Информация о работе Логика. Логика пәні. Ой мен сана.Формальды логика