Әдептілік - әдемілік

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Октября 2012 в 19:15, доклад

Описание работы

Сабақтың тақырыбы: Әдептілік - әдемілік
Мақсаты: «Әдептілік» ұғымының адамгершілік
құндылығы ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері: - әдептілік, сыпайылық, ізеттілік адами қасиеттер туралы түсінік беру.

Работа содержит 1 файл

Озин-ози тану Ардак.doc

— 762.50 Кб (Скачать)

 

Қазақстан Республикасы

Білім және Ғылым министірлігі

 

 

 

№9 Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектеп

 

 

 

Өзін - өзі  тану пәнінен

АШЫҚ САБАҚ

 

 

Тақырыбы: «Әдептілік - әдемілік».

 

 

 

 

 

 

 

Пән мұғалімі: Құрасова А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тассай ауылы

 

 

Сабақтың  тақырыбы:  Әдептілік - әдемілік

Мақсаты:     «Әдептілік» ұғымының  адамгершілік

құндылығы ретіндегі  мәнін ашу.

Міндеттері: -    әдептілік, сыпайылық, ізеттілік адами қасиеттер туралы түсінік беру.

            • сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту;
            • Ізеттілікке, сыластыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:  Интерактивті тақта, дәптер, оқулық, сиқырлы сандық, сыпайы сөздер. 

Шаттық  шеңбері:  Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады. Мұғалім

оқушылармен бірге тұрып, сәлемдеседі. Мына өлең жолдарын дауыстап

айтады.

Әдеп

           Қ.Байзақов

Сыйлап сәлем беремін,

Көршілерді көргенде.

Ізетті де білемін,

Үйге қонақ келгенде

Әдепсіз деп сөкпесін,

Апама айтып өкпесін.

Ойын  жаттығу

Сабақтың  келесі  кезеңінде  мұғалім  оқушыларды сөйлеу  мәдениетіне үйрету мақсатында ойын жаттығу әдісін қолданады. Мұнда оқушылар сұрақ-тапсырмалар, салыстыру, сөз құрастыру арқылы сыпайы сөздерді айтуды үйренеді.

Сиқырлы сандық: Сәлеметсіз бе? Кешіріңіз! Рахмет, (Рұқсатетіңіз): Алуға бола ма? Осы сөздер қай кезде қолданылады. Балалардың жауаптары тыңдалады.

Оқып үйренейік:

Төлеген Қажыбаевтың  «Әдеп» әңгімесін оқып береді.

Сергіту сәті: 

 

Біз ұқыпты боламыз

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықтарды жинаймыз,

Үлкендерді сыйлаймыз.

Киімімізді шашпаймыз,

Әдемілеп реттеп,

Ілгішке іліп қоямыз.

Аяқ киім шаң болса,

Тазалап оны қоямыз

Едендегі шаңдарды

Шаңсорғышпен сормыз.

Біздің қолда он саусақ

Барлық іске жарамды.

  Дәйек сөз:  «Сәлемдесу - әдептілік бастауы»

 

Сергіту сәті: 

Не деу керек?   

 Ә.Дүйсенбиев

 

 

Апаң сенің базардан

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін, жақсысын

Саған таңдап әперді

Не деп барып жеу керек?

Рақмет!

Балалар жүр көшеде,

Естіледі шу, айқай.

Сен де шықтың, көршіңді

Қағып кеттің байқамай

Мұндайда не деу керек?

Кешіріңіз!

Осы келген юетіңде,

Допты қудың, жарыстың.

Көшенің сол шетінде,

Кезікті бір танысың.

Ұмыттың сен не деуді?

Сәлеметсіз бе?

Үй артында қоқысты

Жатқан көптен үйіліп

Тазалайды қарт кісі,

Белі зорға иіліп,

Не дегенің жөн еді?

Әжең сенің түскі асқа

Кәмпитерді салды мол.

Жұрттан бұрын ыдысқа

Әй-шәйі жоқ салдың қол,

Жөн еді не айтқаның?

 

«Добын апар Назардың», -

Деді ағаң, бармадың,

Тапжылмадың, сазардың,

Аға тілін алмадың,

Сен қай сөзді айтпадың?

 

 

Суреткерге  қараңдар: Балалардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?



 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа  ақпарат: Әдептілік - әдемілік. Әдепті адам әдемі. Ол өзінің дұрыс киінуі, сыпайы сәлемдесуі, өзін-өзі күте білуімен әдемі.

Ойын: Әдепті сөздер.

Мұғалім балалармен «Әдепті сөз» сөздік ойынын ойнайды. Балалар жартылай шеңберге (тұрып) отырып, допты лақтырып қағып алу арқылы бір-біріне әдепті сөздер айтады.

  • Рақмет
  • Cалем
  • Қалың қалай?
  • Сәлеметсіз бе?
  • Амансыз ба?
  • Қош келдіңіз? Сізді көргеніме өте қуаныштымын!
  • Кешіріңіз! Айыбы жоқ! Ғафу етіңіз! Оқасы жоқ. Кешірім өтінем.
  • Сау болыңыз! Қош болыңыз!

 

Шығармашылық  жұмыс

Әдеп туралы мақал-мәтелдер айтайық.

  1. Әдепті бала – арлы бала,

Әдепсіз бала – сорлы  бала.

  1. Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық.
  2. Әдеп басы тіл
  3. Әдепті дегенше, әдемі десейші

 

Дәптермен жұмыс: Суреттерді бояп «әдепті бала»  атты әңгіме құрастыр. 

Топпен  жұмыс:    І, ІІ, ІІІ топ.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғажайып сөздер: Сәлеметсіз бе? Рахмет! Кешіріңіз! Амансыз ба? Сау болыңыз! Қош болыңыз!

Тапсырма:  Жүрекшенің ішіне сыпайы сөздер жазып бір-біріне береді.


 

 

 

 

 

 

 

 

Жүректен  жүрекке: Мұғалім балалармен бірге шеңбер құрып тұрып, мына өлеңді айтады.

 

Әрбір іске жауапты

Бала болам талапты

                                                  Уәдесінде тұратын

   Адам болам салмақты.

 

Ән: «Балдырған» әні 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеует

Әдептілік

Ы.Алтынсарин

Бір жұрттың үлкен оқымысты кісі екінші бір елдің байымен сөйлесіп тұрғанда, қастарынан бір жарлы адам өтіп бара жатып, оқымыстыға келіп, басын иіп сәлем береді.

Оқымысты босын одан да төменірек иіп сәлемдеседі.

  • Қасындағы бай:
  • Тақсыр, осынша біліміңіз бар ғалымсыз. Сөйте тұрып, жарлы адамға соншалық иіліп сәлемдесуіңізді мәні қалай? – деп сұрайды.

Сонда ғалым тұрып:

  • Ешбір ғылым – білім үйренбеген ол кісі әдептілік көрсеткенде, мен одан әдепсіз болып көрінсем, лайық па? – деген екен.

 

 

        


Информация о работе Әдептілік - әдемілік