Қыз Жибек

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2013 в 08:00, контрольная работа

Описание работы

Пәк махаббат пен шынайы сезімнің, ұлтжандылық пен арлылықтың нышаны «Қыз Жібек» лиро-эпосы желісіне негізделіп қойылған «Қыз Жібек» көркем фильмі қазақ кино өнерінің сарқылмас қазынасы. Қазақ киносының төлқұжатына айналған бұл өшпес мұра ұлт бірлігі мен берекесін аңсаған көшпелі қазақ халқының тұрмысы мен болмысын, көшпелі қазақ халық әдебиетінің таңғажайып көрінісін ұштастыры білген. Фильмдегі оқиға желісі жағалбайлы руынан шыққан батыр Төлеген, шекті руының сұлуы Жібек және ел арасында батырлығымен, күш-қайратымен аты шыққан қас батыр Бекежан араларындағы қарым-қатынастармен өрбиді.

Работа содержит 1 файл

Қыз Жібек. Эссе.docx

— 19.74 Кб (Скачать)

    Пәк махаббат пен шынайы сезімнің, ұлтжандылық пен арлылықтың нышаны «Қыз Жібек» лиро-эпосы желісіне негізделіп қойылған «Қыз Жібек» көркем фильмі қазақ кино өнерінің сарқылмас қазынасы. Қазақ киносының төлқұжатына айналған бұл өшпес мұра ұлт бірлігі мен берекесін аңсаған көшпелі қазақ халқының тұрмысы мен болмысын, көшпелі қазақ халық әдебиетінің таңғажайып көрінісін ұштастыры білген. Фильмдегі оқиға желісі жағалбайлы руынан шыққан  батыр Төлеген, шекті руының сұлуы Жібек және ел арасында батырлығымен, күш-қайратымен аты шыққан қас батыр Бекежан араларындағы қарым-қатынастармен өрбиді.

   Төлеген, ең алдымен, шыншыл, ел бірлігін ойлаған жағалбайлы руының ұлтжанды азаматы. Ол тұла бойына қайырымдылық  пен сүйіспеншілікті, батырлық пен батылдықты сіңіре алған. Ел арасындағы рулық кикілжіңдердің салдарынан Кіші жүз рулары жағалбайлы мен шекті рулары арасындағы қақтығыстарды ауыздықтауға ат салысқан көреген батыр. Батырлық эпостарда бас қаһармандар өздерінің жаумен тоқайласқан, шендескен жерлерде көрсеткен ерлік қимылдарымен көзге түсіп, көңіл аударса, лиро-эпостық сарындағы бұл фильмнің бас қаһарманда ол сықылды ерліктер жоқ. Сонымен қатар бұл кейіпкердің образы сезім күштерінің мызғымас беріктігіменб ғашығына деген терең сүйіспеншілігімен ерекшеленеді. Жалпылай келгенде Төлегеннің фильмдегі образы ұнамды, үлгілі.  

  Қыз Жібек болса фильмде әрі асқан сұлу, әрі ақылды қыз етіп суреттеледі. Көрсетілімдегі кейіпкердің таңғажайып келбетімен, керемет әсерлігімен  ерекшеленген күлкісі өз алдына бірегей. Төлегеннің ел алдындағы ел бірдігі жайындағы сөзі оған терең әсер қалдырыды. Оның арманы - өзін құлай сүйген, махаббатқа адал адамға қосылу. Жібектің идеалы - бай да, батыр да емес. Оған керегі - өзінің жүрегін жалындата алатын, өзі сияқты жаны таза, ақылды әрі көрікті жігіт. Яғни, Жібектің өзі қалай сүйсе, жігіт те оны солай сүюі керек. Жібектің бойында қазақ әйелінің ең асыл қасиеттері жинақталған.  Жібектің сұлулығына ақылы мен ақындығы да сай. Жібек Төлегенге адал болуымен қатар, оның еліне, руына адал. Түйіндеп келгенде Жібек қазақ қызының идеалы, сұлулықтың символы кейпінде көрсетіледі.

   Бекежан қатал, қаскүнем әрі батыр ретінде суреттеледі. Басқаша айтқанда «берсе қолынан, бермесе жолынан аламын» дейтін қара күш иесі. Ол басқаның бағын көре алмайтын күншіл және біреуден зорлық көргендіктен емес, біреудің қолындағысын тартып алу үшін атқа мінеді. Кез келгенді сабап, күшке салатын алты шектінің алпыс мырзасының бірі. Қалай дегенмен Төлегеннің өліміне жаны ашып, оны мейілінше аяйды. Тереңде жатқан жүректің жылылығымен, мейірімділігімен Төлегеннің ауыр халіне ортақтаспақшы болады. Сөйтіп, Бекежанды ұнамсыз образ етіп көрсетіледі.

 

   Сонымен, фильмде екі жардың таза, шынайы сезімін суреттеу арқылы халықтың мәдени, әлеуметтік және тарихи көрініс тапқан. Фильм «Қыз Жібек» лиро-эпосына қарағанда бірқатар өзгертулермен қойылғанымен, эпостың негізгі мағынасы орын алған. «Қыз Жібек» поэмасы бүгінде өзінің тарихи мәнін жойған жоқ. Поэмадан өткен өмірдің бейнесін бір білсек, қазіргі жастар мен бұрынғы жастардың тұрмыстарындағы айырмасын да жақсы көре аламыз. Оның асқан көркемдігі бізге рухани азық болса, Төлеген мен Жібек басындағы қайғылы хал ескі өмірдің сорақы дәстүрі біздің әділетсіздікке деген өшпенділігімізді күшейте түседі.


Информация о работе Қыз Жибек