Тілге құрмет-елге құрмет

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 15:59, доклад

Описание работы

Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың ұлттық тілі. Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі- әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, орамдылығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл.

Работа содержит 1 файл

тілге құрмет-елге құрмет.docx

— 18.09 Кб (Скачать)

Экономика, технология және тағам өндірісін стандарттау  колледжі  
С- 11 тобының студенті: Машан Н.Р 
Секциясы: Тіл- халықтың рухани 
әлеуметтік іргетасы 
Ғылыми жетекшісі:Сейталиева А.Е 
 

      «Тілге  құрмет- елге құрмет!»

Қазақ тілі-  Қазақстан  Республикасының тұрғылықты халқы  қазақ халқының  және оның шекарасынан  тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың ұлттық тілі. Мемлекеттік тіл, яғни, қазақ тілі- әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішіндегі қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, орамдылығы жағынан алғашқы ондықтар қатарындағы тіл. Сондай- ақ, ол дүние жүзіндегі ауызша және жазбаша тіл мәдениеті қалыптасқан  алты жүз тілдің және мемлекеттік мәртебеге ие екі жүз тілдің қатарында тұр. Қазақстанда тұратын жүзден аса ұлт өкілдері  Қазақстанның халқын, соның ішінде қазақ халқының тұрмыс- әдебиетін, әдет- ғұрпын, мәдениетін, әдебиетін, тілін білуі міндетті. Тілге деген құрмет- халыққа деген құрмет.Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Тіл- қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам- туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі- адам баласы үщін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер- ана тілі. Қалыптасудың барлық сатыларын бастан кешірген ана тіліміз- мейлінше жетілген ұлттық тіл. Ана тілімізде әдеби шығармалар, ғылыми- бұқаралық, техникалық, құқықтық, педагогикалық, саяси, өнертанушылық әдебиеттер жарияланады. Тіліміз еліміздегі азаматтардың өзара қарым- қатынас тілі болумен ғана шектеліп қалмайды, оның мұрағаттық , ақпаратттық қасиеттері де мол. Қазақ тілі- бай да құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және түрлі әдеби  мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас. Қазақстан Республикасының Ата заңы (1995ж), «Тіл саясаты туралы» тұжырымдамасы (1996ж) және соларға негізделген «Тіл туралы Заң» (1997ж.) республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Республикада мемлекеттік тіл ретінде бір ғана тіл- қазақ тіліне Ата заңдық мәртебе беріліп отыр. Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғы шарты бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, табиғи және табиғи емес тілдік ортаның болуы, Республиканың барлық аймақтарына таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі және ауызша әрі жазбаша түрде қызмет етуі сияқты сыртқы факторлардың болуы, сондай-ақ қазақ тілінің құрылым-жүйесі жетілген, лексика-фразеологиялық қоры аса бай, ежелден келе жатқан жазба және ауызша дәстүрі бар ұлттық тілдердің бірі ретіндегі ішкі тілдік  факторлардың болуы- қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Олай  дейтін себебіміз: қазақ тілі үшін күрес бүгін ғана басталып отырған әрекет емес. Жігер-күші тасып, қазақ тілі үшін күреске бүгін ғана араласып отырған кейбір тілсүйер қауым мүшелеріне бұл тәрізді әрекет бүгін басталғандай болып көрінетін шығар. Ал біле білген адамға бұл дерттің ұлт бойына сіңіп, қасаң болып қалғаны қашан. Тыңдайтын құлақ болса, айтылатын сөздің біразы айталды, әлі де айтыла бермекші. Тіпті, бүгінгі таңдағы тіл туралы әңгімелер кешегі 80-90 жылдардағы әңгімелерден де басқашалау... ендігі күресіміз әйтеуір күрес емес, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін (статусын) өз деңгейіне көтеру үшін оны мемлекетті басқаруға жарайтынына дейін өсіру үшін күрес. Өткен замандардай емес, қазіргі жағдаятта барлық заңды құқық күресушілер жағында,оларды ел-жұрт қолдайды, бірақ бұл күресті қызу науқанға айналдырып, ұрандатпай, өркениетті, мәдениетті тәсілдермен жүргізу қажет деп білемін. Бүгінгі күресіміз ерекше бір белсенділікпен, қызуқандылықпен өтіп жатқаны рас. Бірақ ол қалың жұрт, қарапайым халық арасында емес, Парламент пен өкіметтің биік-биік мінберлерінде көбірек көзге түседі. Қалай болғанда да, мемлекеттік тіліміздің баяғыша жетім баладай есіктен сығалап, өз төріне емін-еркін өте алмай, әлі де аяғына қан түскен аттай кібіртіктей басуы, әрине, өкінішті-ақ. Дегенмен, баршамыздың есімізде болатын жағдай: ана тіліміздің тағдыры үшін күрес әрқашанда қажет. Бірақ күрес үшін ғана күресудің немесе тіл тағдырын бір сәтте шеше салам деп күресудің қажеті жоқ. Қашаннан бері тоқтамай да, толастамай да келе жатқан тіл үшін күресіміздің ендігі жерде түпкі мақсат – міндетін айқындап алуымыз керек. Солардың бірі-ұлт бойына дарып, «Батпандап кіріп, мысқылдап шығатын» кәрі дерттің үш-төрт ұрпақтың табиғатына сіңіп, болмысын жаулап алған тарихи-әлеуметтік, психологияық, дәстүрлік фактордың себептерін айқындап, соның салдарын жоюға күш салуы қажет. Тіліміздің еркін дамуына әлі де, бүгінгі тәуелсіз мемлекет жағдайында да тосалғы, өсіп-өркендеуіне кедергі болып келе жатқан факторларды толық,

 айқындап алып, ең алдымен  солардың тамырына балта шабу  қажет сияқты. Өйткені, әрбір дерттің  бетін қайтарып, емдеу үшін алдымен  оның пайда болу себеп-салдарын  айқындап алу қажет екені белгілі.  
     Тіл-қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тілігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсысымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде. Тіл-халықтың жаны. Тіл құрыса, халық та жер бетінен жоғалады. Адамзат тарихында көптеген елдердің өшіп кетуі алдымен тілді жоғалтудан басталғанын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгін қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Ана сүті сіңбеген, бесік жырынан нәр алмаған ұлттық қасиет тана сүтүмен кірмейді. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кентарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қарекетсіз болған емес. 20 жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып,Мағжан,Мұхтарлар, 80 жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісі мен басталған бүкіл халықтық қозғалыс соның айғағы. ХХ ғасырдың ұлы жемісі-қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі.»Біз осы Тәуелсіздікті толық сезініп жүрміз бе?! Шынында, осы 20 жылда біз нағыз Тәуелсіз мемлекет дей аламыз ба?!» мені ел Тәуелсіздігіне күмән келтіріп отыр деп ойламаңыз. Біз сырт көзге, не өзімізге ғана Тәуелсіз Қазақстан Республикасы болып көрінеміз. Бірақ біздің ұлттық санамыз әлі тәуелсіз емес. Ұлттық санамыз түрлі әлем-жәлем мерекелерге, қазаққа жат қылықтарға, көршілеріміздің қабағына тәуелді. Ұлттық сананың тәуелділігінің кесірінен ана тіліміз әлі тәуелсіздік ала алмай келеді. Қазір 20 жасқа толған Қазақстан Республикасының кейбір азаматтары  мемлекеттік тілді де білмейді. Сондықтан, меніңше, Тәуелсіздіктің 20 жылдығында біз ұлттық санамызды тәуелсіз етуіміз қажет. Ата-бабаларымыз көкзеген, армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз-ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық мінез, ұлттық намыс, ана тілі жоөқ жерде –ұлт та жоқ. О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, назды сұлудың нәзіктігі де сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде...  


Информация о работе Тілге құрмет-елге құрмет