Султанмахмут Торайгыров

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 14:59, научная работа

Описание работы

Әдебиет әлемінің көркемдік, эстетикалық қоры сөз өнерінің үздік үлгілерін тудырған дарынды қаламгерлер шығармалары негізінде толығары баршаға белгілі. Халықтық игілікті көздеген туындыларды дүниеге әкелген сөз зергерлерінің шығармашылық мұрасы өз дәуірінің, туған халқының көркемөнердегі келісті бейнесін, жарасты бедерін ғана емес, барша адам баласының абзал мақсат-мүдделерінің, игі ой-армандарының жаршысы бола алуымен өлшенбек.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2.1. Сұлтанмахмұт мұрасының жиналу, насихатталу деңгейі

2.2. Cұлттанмахмұттану ғылымы 30-жылдарда

2.3. Сұлтанмахмұттану ғылымы 40 - жылдарда

ІІІ. Қорытынды.

ІҮ. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Сұлтанмахмұттану.doc

— 135.50 Кб (Скачать)

Міне, ақынның:

    Сөзімен баға бермес бұл халыққа,

    Іліндім он екімде бұғалыққа.

    Елімнің мен шын ұлы екеніме

    Тағдырдың  өзі  берер  куәлікті, - деген асыл сөзі  анық жүзеге асты.

         Сұлтанмахмұттың «халық ақыны»  деген төл куәлігін өзіне   қайтарып, кеңестік  цензурадан қаймықпаған  ғалым Бейсенбай Кенжебайұлы  тарихи ақиқатты қалпына  келтірді. 

     1947 жылы Б.Кенжебаевтың  «Сұлтанмахмұттың  ақындығы» атты кандидаттық диссертациясын  қорғар тұсы сұлтанмахмұттану  ғылымында орын алған бұл   полемиканың апогейі болды. Бұл  ғылыми зерттеу жұмысында: «...Халқымыз  тап ретімен ұйымдасып үлгермегені былай тұрсын, тапқа айқын жіктеліп те жеткен жоқ еді. Сондықтан да біздің ол кездегі әдебиетімізде таптық бағыт,  таптық  көзқарас  күңгірт  жатады. Бізде  айқын таза тап ақыны, тап жазушысы жоқ», - дей келе  С.Торайғыровты таптың емес, ұлттың ақыны деп таныйды әрі оның суреткерлік мұратына объективті қарауға ұмтылады. Абайдың ақын дәстүрінен үлгі алған өз заманының ұлы, қазақтың  классик ақыны-жазушысы екендігін ғылыми тұрғыда дәлелдеп, ақынның шығармаларының халықтық таным бигінен орын алғанын мазмұнды ойларымен мәлімдейді. Бұл ғылыми жұмыстың  ерекшелігі Сұлтанмахмұт мұраларын сол заманның ұраншылдығынан, партияшыл ағымынан бөлек, шынайы әдеби зерттеу тұрғысына көтереді.

     Қорыта  айтқанда, сұлтанмахмұттану ғылымы ақынды өз заманының перзенті ретінде жазушылық өсу жолы оның ұстанған бағытына қарай жіктеліп: демократтық-ағартушылық бағыттағы, буржуазияшыл–ұлттық бағыттағы, социалистік позиция тұрғысынан қарастырылды.

 

2.2. Сұлттанмахмұттану ғылымы 30-жылдарда 

     Сұлтанмахмұттану  ғылымының зерттелу, өрістеу тарихы ұлттық әдебиеттану ғылымының даму эволюциясымен тығыз байланысып, ажырамас бірлікте  көрініс табады. Өз дәуірінің үні, азаттық қоғамның жыршысы болған Сұлтанмахмұт ақынның әдеби мұралары ХХ ғасыр басындағы  қазақ әдебиетінің асылын жоймас рухани қазынасы ретінде танылғандықтан, әр кезең зерттеушілерінің зерттеу нысанасына  айналды. 

     30- жылдарда да бұл  ғылым   саласын тану, зерттеу, насихаттау  ісі жанданып,  толассыз жүріп,  нәтижесі әр алуан деңгейдегі  зерттеулерге толы болды.  Осы  кезеңдегі қазақ әдебиетіндегі тұлғатану ісі кеңестік тоталитарлық жүйенің қыспағында болып, таптық тұрғыдан  насихаттау басты орынға шықты. Социолистік тұрпайы әдіс негізінде қарастыру әдебиеттану ғылымының методологиясы ретінде танылып, қара дүрсін пролетарлық көркем мәдениет қалыптастыру көзделді. «Отызыншы жылдарда  әдебиеттану ғылымынды әдеби сында тұрпайы социологизм әдісі, РАПП –тың  солақай салты күшті еді. Олар әр ақын өзі шыққан таптың ғана жырын жырлайды деп білер еді, ақын-жазушы шығармаларын тек мазмұнын ғана сөз етер еді. Осыдан Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы  бұл жылдар  мақала, кітап жазған, пікір айтқан  қазақ әдебиетшілері мен сыншылары ақынды әр қайсысы әр түрлі түсініп, әр түрлі бағалады, әр саққа жүгіртті. Ол жөнінде жалпылама,  екі - ұшты, ұшқары  қорытулар  жасады. » [1:19]

     Осы кезеңде ХХ ғасыр басында  көркем ой алыбы танылған Сұлттанмахмұт  мұраларын біржақты  қарастырушылар мен әділ бағасын беруге ұмтылғандар  арасында әр тұрғыдағы әдеби айтыстар, пікір  қақтығыстар жанданды. Бұл  үрдіс жаңадан тамыр алып, өркен ала бастаған жас әдебиет сынының өскелең мұратынан туындаған еді. Сұлттанмахмұттану ғылымының эволюциясы алуан қайшылықтардан қадам бастауы табиғи шарттылықтан. Сонымен қатар әлеумет өміріндегі саяси құбылыстар, әдебиет өнеріндегі таным қайшылықтарына әкелуінен. Осының және бір себебі, әдебиет сыншыларының теориялық таяздығынан  торайғыровтану ғылымын күрделі көркем құбылыс ретінде қабылдамай әрі объективті ғылыми –теориялық методологиясын айқындамауынан. Осы тектес бір жақтылық  ұшқарылыққа ұрындырды.

     Әдебиет сыны мен тұлғатану тарауына шынайы бағасын беру үшін, алғы кезекте  оның әдіснамасын қалыптау керектігін түсінген Б.Кенжебаев пен Қ.Өтепов «Әдебиет  сынын  дамытуымыз үшін  алдымен оның методологиялық мәселесін  шешіп алуымыз керек»,- деп баса көрсетіп берді. [2:..] Сұлтанмахмұт мұраларын тану ісіндегі асыра сілтеулер мен теріс тұрғылар жасаудың орын алу себебі ұлт мұратымен үндесетін ғылыми- зерттеу методологиясының анықталмағандығынан орын алды.

     Алаш  жанды ақын мұрасын әр қырынан, әр таным тұрғысынан қарастырған талдаулар тіпті десеңіз, тарихи мәнін бұрмалауларға, орынсыз топшылаулар жасауға сарқыды. Бұл ретте абайтану ғылымы турасындағы проф. М.Мырзахметовтың «Абайдың  әдеби мұрасының зерттелу тарихында отызыншы жылдардың соңына дейін орын алып келген  тұрпайы социологиялық, формалистік, компаративистік жат танымдардың үстем болып,  пікір жүргізуі Абай мұрасын танып білу, зерттеу саласында басты кедергіге айналған  келеңсіз құбылыстар  көп зиянын, зардабын тигізіп, абайтану  көшінің тарихи тура таным жолына  түсуіне айтарлықтай тосқауыл жасап бақты.» деген пікірі 30-жылдардағы сұлтанмахмұттану ғылымының да жалпы күйін, хал-ахуалын тұжырымдайды.

     Отызыншы  жылдардағы сұлтанмахмұттану ғылымының  үлкен жетістігі қайсы дейтін сауал қойсақ, ол ақын шығармаларының толықтай жинақталып, қалың жұртшылыққа таралуы болмақ. Ақынның мол әдеби мұрасын жинақтап, ұлт игілігіне айналдыруда  қажыр көрсеткен  алаш арысы Ж.Аймауытов қыруар қызмет атқарды. Оның оң бастамасы, ақын  шығармаларының  толық жинағын шығарсам деген арманы тек 1933 жылы жүзеленіп, Қызылорда қаласында «Сұлтанмахмұт Торайғырұлының  толық шығармалар жинағы» деген  атпен жарық көрді.

     Осы  кезеңдегі  сұлтанмахмұттану ғылымындағы  елеулі  құбылыс  ретінде  көрсетерлік  жайт ақын шығармалараның орта мектеп  оқулықтарына еніп, қысқаша өмір жолы мен аздаған өлеңдерінің берілуі болса керек. Орта мектептің ҮІ,ҮІІ сыныптарына хрестоматиялық материал  ретінде берілудің өзі ақын шығармаларының идеялық маңызы мен өміршеңдігін  танытады.

     Ақынның  тұңғыш  толық шығармалар жинағының  шығуы аталған ғылымның жандануына  үлкен екпін берген елеулі құбылыс  саналады. «Қазақ әдебиеті классиктері  сериясымен» басылған жинақты даярлаушы, әрі алғы сөзін жазушы да Жүсіпбек Аймауытов болатын. Алайда,  «халық жауы» деп жалған айып тағылып, Сталиндік репрессия  құрбанын болған Ж.Аймауытовтың алға сөзін жинаққа  енгізу сол тұста саяси қылмысқа тең  қауіп тудырғандықтан бастырушылар жинақты алғысөзсіз шығаруды жөн табады.  Жинақтың алғы сөзсіз,  сын-ескертпесіз  шығуы өз  кезегінде  солақай сынның қырына ілініп, партиялық әдебиетке жасалған қастандық ретінде сыналып, «таптық көрсоқырлық» деп бағаланды. [3:..]

     Осындай  жалған қаралауларға жауап ретінде  әрі ақын шығармаларын тарихи әділетсіздіктен  арашалау мақсатында «Сұлтанмахмұт қандай ақын» деген кітапша басылып шықты. Шағын  кітапшаға С.Мұқановтың «Сұлтанмахмұт қандай ақын» және авторы көрсетілмеген «Торайғырұлы Сұлтанмахмұт»  деген мақала енгізілген. Бұл мақаланың  авторы Жүсіпбек Аймауытов екендігін сұлтанмахмұттанушы ғалым А.С.Еспенбетов алғаш нақты фактілермен дәлелдеді. Ғалым: «Материалдар жүйесі менжазу стилі жүсіпбек Аймауытовқа  сілтейді. Ж.Аймауытов 1927 жылдың  20 мамырында көрнекті ақын, фольклорист Мәшһүр Жүсіп Көпеевке жолдаған хатында: «Мен бес-алты айдан бері Сұлтанмахмұт сөздерін жинап, жақында бітіріп,  көшіріп, реттеп, баспаға, Ордаға  апарып тапсырып қайттым. Махмұт сөздері құранның үлкендігіндей кітап болды. Ендігі жылдар басылып шықпақ. Аман болсақ болсақ, біреуін жіберемін» деп хабарлайды. Хаттан Сұлтанмахмұт  кітабын дайындаушы Аймауытов екендігі айдан анық білінеді ғой. Ж.Аймауытов 1931 жылы жалған жалаға  тап болып,  атылып  кеткеннен соң іле-шала жарыққа келген  мақалаға оның  аты-жөні қойылуы мүмкін емес еді...» [4:47]

     Сұлтанмахмұт  шығармаларына 30-жылдарда сол кездегі  партиялық әдебиеттің  таптық тұрғысы турасынан негізінен төрт  түрлі көзқарас белең алды. Олар: біріншсі –ұсақ байшыл ақын, екіншісі-буржуаз-мещанин ақын, үшіншісі –социал утопист және материалист шаруа табының ақыны 

     С.Мұқановтың жоғары да аталған мақаласы 1932 жылы басылып шыққан «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» атты монографиясындағы Сұлтанмахмұт туралы жазған материаланың ықшамдалып, түзетілген нұсқасы болатын. [5:.] Онда ақын өмір сүрген орта, қоғам мен дәуір тынысы зерделеніп, Сұлтанмахмұттың ақындық қуаты, таптық тұрғысы  турасындағы ой-пікірлері берілген. Ойшыл ақын Сұлтанмахмұт жырларының көркемдік қуатын дәл саралағанмен, бағытын теріс көріп сынайды. «Міне, осындай себептермен Сұлтанмахмұт  жалпы қазақ бұқарасына  әйгілі  ақын емес. Бірақ Сұлтанмахмұт әйгілі болуға  тұратын  шығармасы түрі жағынан да, мазмұны  жағынан да күшті,  қазақтың ілгерінді  - кейінді жасап жүрген күшті ақын саналатын  адамдарының  қатарына  қосылатын ақын. ...Ол белгілі бір таптың ақыны... Ол негізінде ұлтшыл, байшыл ақын » деп түйеді. [5:..] Сәбит Мұқанов «ұлтшыл, байшыл» деп қоғамның мәжбүрлігінен соцтұрпайы әдістің тар шеңберінен аса алмаса да, нәзік астармен, елеусіз емеурінмен түрі күшті, мазмұны бай ақын екендігін ишаралайды.

     Осы мақаланың өзі  Сұлтанмахмұтың ақындық бағыты туралы айтыстың тууына қозғау болды. Іле –шала осы мақалаға сын жауап ретінде Е.Бекенов «Ұлт қозғалысы және ұлтшылдық әдебиет» деген кітабын шығарды. Кітапта Сұлтанмахмұттың шығармалары бір жақты тек таптық көзқарас тұрғысында сыналып, ұлтжанды мұратын ұлтшылдық ниет ретінде мансұқтады. «Біздіңше, Сұлтанмахмұт сол кездегі байшыл, ұлтшыл ақын-жазушылардың  ішіндегі ең төңкерісшілі болды... Сұлтанмахмұт өзінше  қаланы, мәдениетті, өнерді, байды, кедейді, алашорданы – бәрін көрді.  Өзінше Социолизмді де көрді. Сондықтан Сұлтанмахмұт дәуірінде  ұсақ байшыл, бұқарашыл, төңкерісшіл ақын болды  деп санаймыз. Сәбит «төңкерісшіл, жаңа байшыл  болған  Сұлтанмахмұтты қалайша ескішіл, феодалшыл, қазақтың  ескі қалпын көксеген дала ақыны қылады. Оның бұл пікіріне  қосыла алмаймыз.» [6:59] Бұл пікірден көргеніміздей, зерттеуші Сұлтанмахмұтты буржуазиялық революцияның ұсақ ақыны ретінде қабылдайды. Жаптым жала, жақтым  күйенің нағыз кері. Әрине, Сәбит С.Торайғыровтың «байшыл ақын» болуы ескішілдігінен деп білсе, Е.Бекенов ақынның ұлтшылдыққа баруында  ескішілдіктің жұқанағы да жоқ, саналы түрде келген деп, ақтаусыз үкім шығарады. Е.Бекеновтың бұл сыңаржақ айыптауы Сұлтанмахмұтты буржуаз, мещанин ақындар санатына қосып, әдебиет тарихынан біржолата шеттетуге жасалған пиғыл еді.

     Отызыншы  жылдардың өзінде –ақ, сұлттанмахмұттану  ғылымының тамырына балта шабылып, біржолата ұлт әдебиеті кеңістігінен аластатылмақ болғанда ақын мұрасының  насихатшысы әрі айнымас арашашысы  М.Әуезов болды. Сұлтанмахмұт ақындығы турасында «Абайдан соңғы ақындар» деген мақаласында (Ж.Аймауытовпен  бірігіп жазған – А.Қ.) берген «сыршыл ақын» деген  бағасын өзгертепесе де соцрежимнің шаблонына лайықтауға тура келді. [7:..] 30-жылдарда М. Әуезов «ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің  оқу кітабы» оқулығында ақын шығармаларын қысқа  көлемде болса да талдау жасауға күш салып, ақын мұраларының  мазмұндық  сапасын, сыршылдық сиаптын танытты. Сұлтанмахмұт мұраларының маңызын дәл түйсінеді. Алайда,  «таптық ағым» турасында келген де, кеңестік диктатура  уысынан шыға алмайды. Зерттеуші ктібында «Сұлтанмахмұт  түптеп келегенде қазақ бұқарасының тұрмысын көп жазған ақын... Бірақ кедейге жаны ашығанмен,  шығар жолды тауып бере алмайды. Тап тартысының  революцияшыл түріне  жете  алмайды... Еңбекші таптың күресіне  ілесе  алмайды. Сондықтан Сұлтанмахмұт ұсақ байшылдық көлемде қалды» [8:171]  деп үстем көзқарасты сүйей салды қолдай отырып, ғылыми концпирация жолымен ақындық қуаты күшті, сыршыл  ақын дегенді түйсіндіреді. М.Әуезов осы мақаласын «Әдебиет хрестоматиясы» атты оқу құралына да өзгеріс, түзетусіз қайта енгізген.

     Осы кезеңде ойлы ақын шығармаларына ғылыми апробациялар жасалмады. Ағымдық, социогендік  сипатына қарай қарай теріс баға беруде РАПП-ның  солақай саясаты үстемдік етті. Әдебиет сынындағы  тұрпайы социологизм кейбір зертеушілердің ақын шығармашылығын турасындағы пікірлерін екі-ұшты, тіпті бір-біріне  кереғар, мүлдем қарама –қайшы көзқарастар танытуға  әкеп соқтырды. Мәсәлен, Сансызбай Айтмұқанов өз мақаласында «Сұлтанмахмұт Торайғыров   қоғамдық  теңсіздік жөнінде  белгілі бір пікірді мықтап ұстанған адам емес» деп реакцияшыл консервант қылып көрсетсе, келесі  абзацта «Сұлтанмахмұт әлеумет теңсіздігіне  көзқарасы өзінен бұрынғы болған қай реалист жазушылардан болсын өзгеше,  түснігі анық, терең және  идеясы  әсерлі болған» деп прогресшіл реалист ақын ретінде дәріптейді. [10:..] С.Айтмұқанов мұнымен де тоқталмай,   сыршыл ақын өлеңдерін «өмірден қол үзген» торығудың сиволы деп қарастырады да , іле-шала «онда ешқандай торығу, писсемизм, я «өлімнің символы жоқ » деп қайта ақтап алады. Автор я пессимист, я оптисист ақын екендігін еш адам түсінбестей бұлтаққа, жалтақтыққа саяды. Бұл зерттеуінде Сұлтанмахмұтты ұлы классик ретіндегі дана  жазушы деп оң бағасын беріп келе жатып, «ұсақ байшылдықтан аспай қалған » буржуаз ақын деп және бір қойып қалады. Сұлтанмахмұт  шығармаларындағы  әлеуметтік  мотивтерін зерделегенде «прогресшіл консервант ақын», «демократияшыл ұсақ буржуаз» деген бір-біріне  мүлдем кереғар  бәтуасыз шешім, берекесіз де  жаңсақ пікір қорытады.

     Социолистік қоғамды жырауда үлкен табысқа  жеткен  ақын  ретінде көрсетіп, Сұлтанмахмұт ақын  шығармаларының  соншалықты күйеленгеніне араша  түспек болған зерттеушілердің  бірі- проф. Е.Ысмайылов. Ол былай дейді: «Ол буржуазиялық  гуманизмнен  буржуазиялық  әділдікті даттаудан  аттап өтті, олұсақ  буржуазияның жеке  меншіктік  психологиясынан аттап  өтті, олардан қол  үзіп,  социолистік   утопизмге  келді. Оған да  тұрақтап тұрғысы  келмеді. Социолизмге  жететін   жол іздеді. Бірақ  бұл  жолды таба алмады.» [11:134]  «Мен ғашықпын  көруге  әділдікті, тегіс қылып көркейткен  өмір түсін» деген ақын  мұратын социолистік  утопияның көркем  бағдарламасы  ретінде  қабылдаудан  туындаған ұшқары  пікр болатын.  Сұлтанмахмұтты «социал утопист» болды деу қаншалықты теріс  байлам болса, ақын шығармаларына  қоғамдық  формация межесінен бағалау соншалықты сорақы көзқарас болмақ.

     Осы жылдарда  Сұлтанмахмұттың  ақындық   ағымын біршама байыптылықпен қарап, оны «демократ –бұқарашыл ақын»  деп  пайымдау  жасаған зерттеушілер де бой  көрсетті. Солардың  бірі-Қ.Дәукенов. Ол өзінің  «Сұлтанмахмұт  творчествосындағы қайшылықтар» деген мақаласында ақын мұрасының  қазақ  әдебиетіндегі  алар орнын, тарихи -әлеуметтік мәнін объективті бағалауға ұмтылыс жасайды және де  30 жылдарда  белең алған сұлтанмахмұттану  ғылымындағы қайшылықтарға, оның ақындық  беті  турасындағы полемикаға әділет биігінен қарауға  шақырады. Сондай-ақ, С.Мұқановтың «ұлтшыл, байшыл ақын», Е.Бекеновтың «буржуаз, жаңа байшыл ақын» деген бағалауларын сын тезіне  алады. Аталған  зерттеушілердің қате көзқарастарын,  сұлтанмахмұттану  жолындағы адасуларын баса көрсетеді. С.Торайғыровты қазан төңкерісіне дейінгі қазақ  әдебиетінің ірі тұлғасы  ретінде  таниды. Оның  шығармаларында ұлт өмірі, халықтың  әлеуметтік-эконмикалық  аһуалы молынан қамтылып, мәдени-ағартушылық   саласына зор өзгеріс енгізген реформаторлық қасиетін жоғары бағалайды. «Торайғыров  көп оқымаса да  көп тоқыды... Өз дәуірінің үлкен мәдениетті  жазушысы болды. Мәдениеттіліктің  ақылдылықтың,  таланттылықтың  арқасында Сұлтанмахмұт дүниеге  жас  кезінен  ақ дүниеге  материалистік  көзбен  қарай  бастады. Ол бертін келе  жаратылыстың, қоғам өмірінің  үздіксіз дамуда  болатындығын және  олар өзгеруінде үнемі  төменгі  сатыдан  жоғары  сатыға  шығып отыратынын түсінді... 1917 жылғы  февраль революциясын Торайғыров  түсіне  алмай  қалды. Сондықтан ол біраз  уақыт  байшыл-ұлтшылдарды  жақтады. Шығармаларында  қайшылықтары  бола  тұрса да Торайғыровтың  шаруалар  тобының  жазушысы, идеологы  екені  даусыз нәрсе.» [12:.]   Байқағанымыздай, зерттеуші Сұлтанмахмұттың дүниетанымын марксизм диалектикасы мен  дарвинизм эволюциясы  шеңберінде ғана алып,  оны материалистік  тұрғыдағы ақын  ретінде сипаттайды. Ал, Сұлтанмахмұтттың эстетикалық идеалдарына, идеялық бағдарына жете  мән бермейді. Біржақты ой-қорыту жасап,затшыл ақындар санатына қосады. Дегенмен, Қ:Дәукеновтің бұл еңбегін сұлтанмахмұттану ғылымындағы қайшылықтардың  шынайы  проблемасын көруге жасалған батыл қадамдар  қатарына  қосуға лайық.

Информация о работе Султанмахмут Торайгыров