Шоқан Уәлиханов – шығыстанушы ғалым

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 17:55, реферат

Описание работы

Білімділік: Ғалымның саяхат – сапарларының ғылыми маңызы, рухани қалыптасуына орыс мәдениеті мен ғалым достарының әсері жайлы айту.

Работа содержит 1 файл

shoqan.doc

— 213.50 Кб (Скачать)

Асқар Бекқасымов

«Шәкәрім  атындағы облыстық үш тілде

оқытатын МДБМ» ММ

Семей қаласы 

Шоқан және оның орыс достары

Сабақтың  мақсаты:

Білімділік: Ғалымның  саяхат – сапарларының ғылыми маңызы, рухани қалыптасуына орыс мәдениеті мен ғалым достарының әсері жайлы айту.

Тәрбиелік: Шоқанның өмірін үлгі ете отырып,  оқушыларды еңбексүйгіштікке, саналылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:оқушыларды өзіндік  «мені»  қалыптасуына бағыттау , тұжырымды пікір айтуға баулу.

Көрнекілігі: буклеттер, интернеттен  географиялық картаны пайдалану, интерективті тақта, слайд- шоу, өлкетану құжаттарына шолу.

Әдісі: сұрақ – жауап, кіріктіру, мәнерлеп оқу.

Сабақтың  барысы:     І.Ұйымдастыру кезеңі

                                       ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

« Шоқан және халық ауыз әдебиеті» тақырыбы туралы ой - толғау.

                                       ІІІ.Жаңа сабақ

 І Бөлім. 

  «Қызықты саяхат»

1.«Шоқан асулары» тақырыбын ашу барысында, ғалымның саяхаттары мен зерттеу еңбектеріне тоқталу.

    Интернеттен географиялық картаны пайдаланып, Шоқанның жүрген жолдарын, саяхаттарының маңыздылығына, саяхат барысындағы Шоқанның қажымас еңбектері айналысқан ғылыми жұмыстарына тоқталу.Оның жүрген жолдары : Ыстықкөл сапарына Шоқан қатысқан топтың Шелек өзені арқылы – Сөгеті – үш Меркі асуларын асып – Қарқара жаялауында  аялдауы туралы ой бөлісу.

2.Осы саяхат барысында Шоқанның айналысқан зерттеген еңбектерін атап өту.( дәптерлеріне жаздыру).

ІІ  Бөлім (слайд – шоу)

1. Орыс ойшылдарының Шоқан туралы пікірлері.

     Г.Н.Потанин: Шоқан бізден бір жыл төмен оқыса да, біз өзімізді оның қасында сары ауыз балапн ретінде сезінуші едік. Ол өзі көп білетін, бізден артықшылығын достары арасында көрсете де бермейтін. Бірақ реті келгенде оның білімінің  мол екені байқалып жататын.

    Н.И.Веселовский: Ш.Уалиханов шығыстану әлеміне құйрықты жұлдздай жарқ етіп шыға келгенде, мезгілсіз өлімі біздің мол үмітімізді үзіп кетті. 

2. Шоқанның орыс достарымен қарым – қатынасын аша түсу үшін «Хаттар сөйлейді» деген тақырыпта сахналық көрініс көрсету (Шоқан мен Достоевский хаттары бойынша).

3. Шоқанның Семей  жерінде болуы туралы өлкетану  құжаттарына шолу (Семейдегі Достоевский  мұражайына саяхаттан көрініс.  Слайд - шоу).

ІІІ Бөлім

Бекіту  жұмысы (интерактивті тақтамен жұмыс)

1.Жинақтау

1.1. «Шоқан жайлы жыр»

Қ.Мырзалиевтің «Шоқан» өлеңін оқыту, өлең тақырыбын ашу.

1.2. Білімді жинақтауға арналған тірек сұрақтар.

1. 2. 1. Қ. Мырзалиев  «Шоқан» өлеңінде нені көрсетпекші  болған.

1. 2. 2. Өлеңнін  қай шумағы саған ой салды?

  Cұрақтары интерактивті тақтада шығады,оқушылар жылдам жауап жазады.

    1. Шоқан жазып алған жыр

           а) «Қобыланды»                       б)  «Ер Тарғын»

           ә)  «Алпамыс»                           в) «Қыз Жібек»

  1. Шоқанның шын есімі кім?

         а) Мұхамедқанафия                       б) Мұхамеджан

         ә) Мұхамед Али                               в) Мұхамет  

     3. Кадет корпусын оқыған жылдары.

          а) 1852 -1858                               б) 1847- 1858

          ә) 1848 – 1853                              в) 1849 – 1856

    4. Шоқан  1858 – 1859 жылдары қайда саяхат  жасады.

          а) Ыстықкөл                                     б) Жоңғария

         ә) Қашқария                                      в) Іле Алатауы

5. Кадет корпусында  бірге оқыған досы .

           а) Григорьев                              б) Березин

          ә) Достоевский                                     в) Потанин, Малов

6. «Шоқан –  Европаға  ашқан терезе» деп  кім айтқан?

               а) Веселовский                              б) Гутковский

               ә) Семенов                                      в) Потанин

7. Шоқан үзбей  оқыған  журнал 

    а) « Вестник»                              б) «Время» 

    ә) «Современник»                      в) « Полярная звезда»

8. Шоқанның  Ыстықкөл  аймағына  саяхаты қай жылы басталды

                    а) 1856ж                                б) 1859ж

                     ә)1855 ж                                  в) 1860ж

9. Шоқан өлімін туғандарына естірткен кім.

        а) Жанақ                            б) Саққұлақ

          ә) Орынбай                        в) Тезек төре

  1. 10. Шоқанның арғы атасы кім?

         а) Әбілқайыр                          б) Әбілмансұр

          ә) Абылай                                  в) Шыңғыс

1.3.«Жақсының аты өлмейді,

        Ғалымның хаты өлмейді»

Шоқанның өмірінің тынымсыз  да тылсым сырының төңірегінде  ой бөлісу, пікірлесу, қазіргі жастардың  уақытты үнемдемеуі, бағаламауы жайлы  пікір – сайыс. 
 
 

1.4.« Шоқан кім»?  атты тірек сызба арқылы оқығандарын тұжырымдау.

 
 

    IV  Үй тапсырмасы: Шығарма «Шоқан және оның орыс достары».

    V Бағалау.  
     
     
     

Информация о работе Шоқан Уәлиханов – шығыстанушы ғалым