Сәбит Мұқанов

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Марта 2013 в 21:02, реферат

Описание работы

Мұқанов, Сәбит Мұқанұлы (1900-1973) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жер.

Работа содержит 1 файл

Мұқанов Сәбит Мұқанұлы.docx

— 84.52 Кб (Скачать)

 

Сәбит Мұқановтың дәл осындай тағдырлы еңбектерінің бірі – 1942 жылы жарық көрген “Қазақтың  ХVІІІ-ХІХ ғасырдағы әдебиетінің  тарихынан очерктер” атты зерттеу  кітабы. Араға 60 жыл салып Мұражай  кешені ЮНЕСКО-ның қолдауымен бұл  еңбекті 2002 жылы “Арыс” баспасынан шығарды. Бұл кітапқа да профессор Тұрсынбек  Кәкішевтің арнайы жазған “Азаттықты армандаған еңбек” атты мақаласы қоса берілген болатын. Мына ғұмырнамалық кітапта  бұл “Очерк” жөнінде “Тарихпен  сырласу” атты тарауда баяндалады. “Очеркте” Сәбит Мұқанов Бұқар, Махамбет Өтемісұлы, Байтоқ пен Жанұзақ  сияқты ақын-жыраулардың, Сырым, Көтібар, Кенесары, Наурызбай, Жанғожа, Бекет  сынды ұлт-азаттық күрескерлерінің  тарихи тұлғаларын айқындап, Шортанбай, Шернияз, Мұрат сынды зар заманның үнін жеткізген ірі ақындардың еңбектеріне  баға беріп, сонымен бірге қазақтың айтыс өнерін ғылыми тұрғыда саралағаны белгілі. Ғұмырнамалық баянда С.Мұқановтың бұл тарихи еңбегі жөнінде де тың  тұжырымдарға айрықша ден қоямыз. Мәселен, авторлардың “1927 жылы М.Әуезовтің  “Әдебиет тарихы” деген еңбегінде  “Зар заман” ақындары аталып, әсіресе  оның жарқын да айбынды өкілі Шортанбайды  Сәбит Мұқановтың 1942 жылы қалай зерттеп, қандай деңгейге көтергенін көрсете  кетсек, көзқарас эволюциясының сыр-құпиясын ұққандай боламыз да, “кедейшіл, тапшыл”  Сәбиттің сол кездегі ғылыми түсінігіне енді ғана көтеріліп келе жатқанымызды аңғарамыз”, деген батыл пайымдауларына толық қосылмасқа шара жоқ. Шынында  да, тек Шортанбай ғана емес, азаттықтың ұлы жыршысы Махамбетті тануда да С.Мұқановтың еңбегі зор екендігіне зеттеушілер айрықша ден қойған.

 

Кітаптың  “Даңқ тұғырында” аталатын тарауында  С.Мұқановтың “Жұмбақ жалау” –  “Ботагөз” романдарының шығармашылық тағдыры жазушының кемеліне келген қаламгерлік қуатымен қосөрім бірлікте қарастырылған.

 

Сондай-ақ Мағжан – Сәкен – Сәбит қарым-қатынастарының қиын түйіндерін тарқатуға арналған “Матасқан тағдырлар” атты тарауды  Тұрсынбек Кәкішұлының сарыла зерттеп, санаға салмақ сала шешкен жұмбағы  деу керек шығар. Әу баста ап-айқын  қарым-қатынастар замананың ұйтқи  соққан қара боранынан кейін әртүрлі  өсек-жалалардың арқауына айналып кете барғанын, оған аса сабырмен, зор ыждағатпен үңілу керектігін ғалым тамыршыдай тап басқан.

 

Ал “Атымтай жомарт”, “Сайран”, “Шежіреші”, “Классик”  тарауларының әрқайсысы шертетін баян да ауқымды. Әр тарау С.Мұқановтың әр қырын ашады. Таныс-бейтаныс деректер оқырманын еліктіріп, Сәбеңнің өзінің шығармасын оқып отырғандағыдай шым-шытырық  уақиғалардың алуан түрлі соқпақтарына салып, жетелеп әкетеді.

 

“Сәбит Мұқановтың “Өсу жолдарымыз”, “Жарқын жұлдыздар” және ғылыми ізденісінің соңғы иіндісі  болған “Қазақ қауымы” елдігіміздің, халықтығымыздың жарқын беттері  екенін еріксіз мойындаймыз” деген  ғұмырнама авторларының пікірі бүгінгі  ұрпақтың атынан, ХХІ ғасыр мінберінен айтылып тұр деп ұғамыз. С.Мұқановтың Абай туралы, Шоқан жөнінде, Ыбырай хақында албырт кезінде айтылған асығыс, жаңсақ топшылауларын жылдар өте келе түп-тамырымен қопара өзгерткенін, Абай мен Шоқанға көлемді монографиялық  еңбектер арнағанын, Шоқан өмірінен “Аққан жұлдыз” атты тетрология жазуды жоспарлап, оның екі кітабын ғана жазып үлгергенін, жалпы Сәбеңнің өмірінің соңғы жылдарындағы қазақ  қауымының салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, ұлттық шежіресіне, т.б. ерекше ден қоюында  үлкен сыр жатқанына зерттеушілер айрықша назар аудартады.

 

Т.Кәкішұлы мен К.Ахметтің “Сәбит Мұқанов” атты әдеби-ғылыми ғұмырнамасы сәбиттануға  қосылған сүбелі үлес, әсіресе, ұлттық құндылықтарымызға, рухани қазыналарымызға  жаңа көзқарасты орнықтырады, кеңестік дәуірде жазылған шығармалардың  халықтық мәнін ашып, қазақ елінің жаңа ұрпағын тарихи тұлғалардың  тағылымды іс-өнегесімен тәрбиелеуде  әсер-ықпалы өлшеусіз зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Сәбит Мұқанов