Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 17:31, реферат

Описание работы

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993) – көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, техника ғылымының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Алматы қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргенннен кейін, Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оны Мәскеудің Түсті металдар және алтын институтына оқуға жібереді.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 61.50 Кб (Скачать)


Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы

 

Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993) –                          көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, техника ғылымының докторы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі. Алматы қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргенннен кейін, Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті оны Мәскеудің Түсті металдар және алтын институтына оқуға жібереді. Институтты ойдағыдай бітіріп, тау кен инженері мамандығын алған ол Балқаш мыс қорыту комбинатының Қоңырат руднигіне жұмысқа орналасып, онда бұрғылау станогының машинисі, цех бастығы, руднигтің бас инженері, директоры болып істейді. Ұлы Отан соғысының қиын күндерінде ол тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түседі. «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, Риддер руднигінің және КСРО қорғасын-мырыш өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарының бірі Ленингор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарады. 1942-1952 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары болып қызмет етеді. Осында жүргенде Қазақстан ғалымдары оған зор сенім көрсетіп, оны Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі және оның президенті етіп сайлайды. Тау кен ісі саласының ірі ғалымы Д.Қонаев республика ғылымының дамуы жолында зор еңбек сіңіреді. Д.Қонаев 1955-1960 және 1962-1964 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1960-1962 және 1964-1986 жылдары Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық комитетінің бірінші хатшысы болды. Ол Қазақстанның экономикасы мен мәдениетін өркендету жолына өзінің білімін, мол тәжірибесін және ұйымдастырушылық қабілетін аянбай жұмсай білді. Д.Қонаев өмірінің 45 жылға жуығын ел басқару ісіне арнап, ширек ғасырға жуық Қазақстанның бірінші басшысы қызметін атқарды. Ол жауапты басшылық қызмет атқара жүріп, республикадағы тау-кен ісін дамытуға қомақты үлес қосты. Республиканы басқарған жылдары Қазақстанда жаңа өнеркәсіпті аудандар қалыптасып, елде жаңа қалалар мен ірі елді мекендер пайда болды. Павлодар-Екібастұз отын-қуат кешені, Қарағандыдағы ГРЭС-2, Шығыс Қазақстандағы Бұқтырма су электр стансысы, Павлодар трактор зауыты, т.б. кәсіпорындар осы кезеңде іске қосылды. Маңғыстаудың мұнай кен орындары игерілді, темір жол құрылысы, көлік түрлері дамыды. Республика титан, магний синтетикалық каучук өндіре бастады. Электротехника, машина жасау, химия салалары тез дамыды. Жезқазған, Маңғыстау және Торғай облыстары шаңырақ көтерді. Д.Қонаев Алматы облысының Кербұлақ алқабын игеруге, Қапшағай су қоймасын, Үлкен Алматы арнасын салуға ерекше көңіл бөлді. Көрнекті қоғам қайраткері әдебиет пен өнердегі, мәдениет пен ғылымдағы ахуалды әрдайым бақылап отырды. Ол республикаға басшылық жасаған тұста Қазақстанның 5 томдық академиялық тарихы қазақ және орыс тілдерінде жарық көрді. Д.Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қаншалықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Түрлі деңгейдегі партия және кеңес қызметін атқара жүріп, Орталықтың өктем саясатының ығымен кете бермей, ел мүддесін, болашақ қамын да бір сәт естен шығарған жоқ. Алпысыншы жылдардың басында Н.Хрущевтің озбырлығымен Өзбекстанға беріліп кеткен қазақ жерінің біраз бөлігін қайтарып алуы соның айқын бір дәлелі еді. Ол Қазақстанда неміс автономиясын құру, Маңғыстауды Түрікменстанға беру жөніндегі Орталықтың ұсыныс-жоспарларына қарсы шықты. Д.Қонаев Алматыны қазіргі заманғы көрікті қалаға айналдыруға көп күш жұмсады. Мұнда Республика сарайы, ҚазМУ қалашығы, Арасан сауықтыру орталығы, Медеу спорт кешені сияқты ірі ғимараттар бой көтерді. 1986 жылы КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы болып М.Горбачев сайланғаннан кейін елде басталған қайта құру саясаты КСРО-ның басқа аймақтары сияқты Қазақстанда да қиындықтар мен кедергілер туғызды. Сол жылы желтоқсанның 16-ында өткен Қазақстан Компартиясы ОК-нің пленумы КОКП ОК-нің өкілі Г.Разумовскийдің ұсынысымен Д.Қонаевтың орнына Қазақстан Компариясы ОК-нің 1-ші хатшылығына Г.Колбинді сайлады. Д.Қонаевтың орнына өзге ұлт өкілінің тағайындалуын қазақ халқы ұлттық кемсітушілік ретінде қабылдады. Мұның соңы КСРО-дағы ұлт саясатына қатысты халық көңілінде қордаланған наразылықтардың сыртқа шығуына әкеліп, Желтоқсан көтерілісіне ұласты. КОКП ОК-і Д.Қонаевты көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі деп санады. Сөйтіп 1987 жылы маусымның 26-ындағы пленумда оны «Қазақстан Компартиясы ОК-нің 1-ші хатшысы болғанда республика партия ұйымын басқарудағы жіберген қателіктері үшін» деген сылтаумен КОКП ОК-нің мүшелігінен, көп кешікпей Қазақстан Компартиясы ОК-нің мүшелігінен шығарды. Ол бірнеше мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. КОКП-ның 19-шы съезінен бастап кейінгі съездерінің бәріне делегат болды. Парламент пен партия делегациясын басқарып, әлденеше рет шетелдерде болып қайтты. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болды. Д.Қонаев қайтыс болғаннан кейін Қазақстан Ғылым академиясының Тау-кен және түсті металлургия институтына, еліміздің бірқатар мектептері мен көшелеріне есімі берілді. Алматы қаласында қоғам қайраткері атындағы университет бар. 1992 жылы қарашаның 13-інде Алматыда «Халықаралық Қонаев қоры» құрылды. 2002 жылы қаңтардың 12-інде Алматы қаласында Қонаевтың мұражай үйі ашылды. Д.Қонаев өмірінің соңғы сәтін өткізген Алматы облысының Алакөл ауданындағы Ақши ауылында 2003 жылы тамыздың 15-інде арнайы құлпытас орнатылды. Дереккөздері: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 6 том «Тарихи тұлғалар» кітабы

 

     Соңғы жаңалықтар

Көп оқылғандары

Инфографика

22:28              Көлік және коммуникация министрлігінде автожолдарда көлік қатынасын қамтамасыз ету мәс



Информация о работе Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы