Қоғамдағы отбасының қызметі. Есімдік. Жіктеу есімдігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Декабря 2011 в 13:51, реферат

Описание работы

Отбасы – мемлекеттің іргетасы. Отбасы – қоғамның бастапқы бөлшегі, алғашқы ошағы. Бірге өмір сүріп, бала өсіруді мақсат етіп, екі адам шағын қоғамды құрады. Отбасының қызметтері көп: жеке, әлеуметтік, экономикалық т.б. Отбасының негізгі қызметі – баланы әлеуметтендіру, яғни қоғамда өмір сүруге жан-жақты дайындау.

Содержание

Кіріспе...................................................................................................3
Отбасының әлеуметтік қызметі..........................................................4
Неке ұғымы...........................................................................................5
Қорытынды............................................................................................6
Есімдік....................................................................................................7
Тест.........................................................................................................9
Пайдаланған әдебиет…………………………………………………10

Работа содержит 1 файл

қоғамдағы отбасының қызметі.docx

— 30.47 Кб (Скачать)

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті

Қазақ тілі кафедрасы 
 
 
 
 

С Ө Ж 

Тақырыбы:

Қоғамдағы отбасының қызметі.

Есімдік. Жіктеу есімдігі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Орындаған:

ЖМ факультетінің 162топ студенті

Болатова  Ақерке

Тексерген:

Оқытушы Масабаева Г. К.

Жоспар

  1. Кіріспе...................................................................................................3
  2. Отбасының әлеуметтік қызметі..........................................................4
  3. Неке ұғымы...........................................................................................5
  4. Қорытынды............................................................................................6
  5. Есімдік....................................................................................................7
  6. Тест.........................................................................................................9
  7. Пайдаланған әдебиет…………………………………………………10
 

 

    Кіріспе

    Отбасы  – мемлекеттің іргетасы. Отбасы – қоғамның бастапқы бөлшегі, алғашқы  ошағы. Бірге өмір сүріп, бала өсіруді  мақсат етіп, екі адам шағын қоғамды  құрады. Отбасының қызметтері көп: жеке, әлеуметтік, экономикалық т.б. Отбасының  негізгі қызметі – баланы әлеуметтендіру, яғни қоғамда өмір сүруге жан-жақты  дайындау. Әлеуметтендіру – қоғамда  қалыптасқан мәдени-әдептілік нормаларға, әлеуметтік құндылықтарға сәйкес және заңмен бекітілген тәртіп аясындағы  барлық ережелерді сақтап, қоғамның басқа  мүшелерімен ынтымақтастықта өмір сүруге, қызмет етуге үйрету. Ұжымдаса іс-әрекет жасауға бейімдеудің басты  шарты – кез келген әлеуметтік жағдаяттарда қоғам мүшелерінің  өзінің тұлғалық қажеттілігін/қызығушылығын  қанағаттандырумен қатар өзгелердің құқықтары мен мүддесін ескеруге міндетті болуы. Жағдаяттық дауларды шешу барысында қоғам мүшелері өз ой-пікірін  дәлелдеп, көзқарасын білдіреді, адамдармен араласып, тіл табысуға үйренеді, адамдар  ұжымдасып, іс-әрекет жасауға бейімделеді.

    Баланы  әлеуметтендіруде отбасы рөлі ерекше. Қазақи жанұя – отбасылық қарым-қатынасқа  зор мән беретін, отбасына ерекше сеніммен қарайтын дағдылы отбасылар, әулеттер қатарына жатады (Күнәнің  ең зоры – Құдайға серік қосу, кісі өлтіру, ата-ананы ренжіту, өтірік куәгер болу; Ерлі-зайыптыларды татуластыру  үшін айтылған өтірік кешірімді; Адам ақылымен сымбатты, ұрпағымен қымбатты).

    Қазақ отбасының әрбір мүшесінің орны бөлек. Халық ауыз әдебиеті қорындағы  мақал-мәтелдерге сүйене отырып, қазақи жанұя құндылықтарын шығарып  көрелік.

    Ата – елдің бірлігін, болашағын ойлайтын дана қария: Аталы сөз – баталы сөз; Халықтың қартын сыйлауы – елінің салтын сыйлауы. Әже – әке-шешенің  анасы. Қазақ әжесін ақ жаулықты, алақаны  алтын, аяулы, ардақты, мейірімді жан  дейді. Ол – жанұя бірлігін сақтаушы, балалардың тәрбиешісі, ақылшысы.

    Қазақ отбасында ата-ана орны ерекше: Ақ жүрек әке – күншуақ, ақ жүрек  ана – ақбұлақ; Әкем – асқар  тауым; Әкеден артық орман жоқ, әкеден артық қорған жоқ, әкеден артық дана жоқ, әкеден артық пана жоқ; Анаңның  алдында асқар тау да аласа; Әке  сөзі – парыз, ана сүті – қарыз; Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.

 

Отбасының қызметі

    Отбасының тәрбиелік қызметі

    Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке  болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен  өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің  қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.

    Отбасының шаруашылық-тұрмыстық  қызметі

    Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі - отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т.б.), олардың  денсаулығының сақталуынаәсер етуінің  қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының  осы қызметінің орындалу барысында  еңбек ету кезінде жұмсалған  жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру  қамтамасыз етіледі.

    Отбасының эмоциональдық қызметі

    Отбасының эмоциональдық қызметі – оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен  қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам  мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының  сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді.

    Рухани  қарым-қатынас қызметі

    Рухани  қарым-қатынас қызметі – бос  уақытты бірлесе өткізу, екі жақты  рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру.

    Бастапқы  әлеуметтік бақылау  қызметі

    Бастапқы  әлеуметтік бақылау қызметі –  отбасы мүшелерінің әлеуметтік мөлшерінің орындалуын, оның ерекшелігі, егер кімнің түрлі жағдайда күші бар (жасы, науқастану және т.б.) болып, әлеуметтік мөлшермен  толық сәйкес өзінің мінез-құлқын өз бетімен тәрбиелей алатын қабілетін  жеткілікті деңгейінде меңгере алмаған жағдайда қамтамасыз етеді.

    Отбасы  қызметінің бұзылуы – бұл қиындық  туғызатын немесе оның қызметін отбасымен  бірге орындауға кедергі келтіретін тіршілік қарекетінің осындай ерекшелігі болып табылады. Өте кең шеңбердегі факторлар бұзылушылыққа мүмкіндік  туғызады: оның мүшелерінің жеке ерекшеліктері, олардың арасындағы өзара қарым-қатынас, отбасы тіршілігінің анықталған жағдайы. Мысалы, отбасының тәрбиелік қызметінің бұзылу себебінен, оның ілгері басуы  және ата-аналарының сәйкес білімі мен  дағдысының болмауы, олармен қарым-қатынастың бұзылуы мүмкін (тәрбиелеу жөніндегі  қақтығыстар, отбасының басқа мүшелері мен басқалар жағынан кедергі  келтіруі).

    НЕКЕ ҰҒЫМЫ

    Отбасы  — әлеуметтік институттардың белгілерін бойына сіңірген, әлеуметтік жүйенің маңызды саласы. Отбасы - қоғамдық құрылымның шағын, ерекше үлгісі, сонымен қатар адамдардың өзара қарым-қатынаста болатын тұрақты тобы, қоғамның алғашқы ұясы. Отбасы қалыптасу үшін неке қалыптасуы қажет.

      Неке - әйел мен ер кісінің арасындағы табиғи қажеттілік, олардың табиғи шарты, өзара құқықтары мек міндеттерін белгілейтін формасы.

      Неке - отбасының заң жүзіндегі негізі, еркек пен әйелдің өзара түсінісуінің ерекшелігінің негізінде құрылатын одағы, адамның әлеуметтік табиғи, сонымен қатар материалдық және рухани өмірінің қажеттілігі. Себебі жыныстық қатынас биологиялық, сүйіспеншілік қатынас қана емес, сонымен қатар адамгершілік, эстетикалық қатынас, Сондықтан некенің мазмұны мен ерекшелігі жыныстык қатынаспен ғана шектелмейді.

      Некенің негізі -суйіспеншілік. Неке  әйел мен еркектің тарихи өзгеріп отыратын қатынастарының әлеуметтік формасы. Қоғам олардың жыныстық өмірін тәртіптендіріп отырады, ата-аналық құқық пен міндетті орнатады

      Неке біздің елімізде тіркеуден (ЗАГС) өтеді. Ертеректе неке суын ішу мешіт арқылы іске асырылған, Қазір әлемнің көптеген елдерінде шіркеуде тіркеледі. Бұл біздің өмірімізге де еніп келеді. ЗАГС арқылы некеге тұру (тіркелу) қазіргі азаматтық заңдардан туындаған. Себебі ажырасқан жағдайда ол негізгі құжат болып саналады. Балаға материалдық кепілдеме алу, дүние-мулікті бөлісу соның негізіңде, сот арқылы шешіледі.

      Қалай болғанда да некенің заң жүзінде немесе дін орындары арқылы тіркелуі жұбайлардың отбасындағы белгілі міндеттерін қалыптастырады, жауапкершілігін арттырады.

      Некелік қүқықты енгізу, жұбайлар  арасындағы бұл қатынастың пайда болуы табиғи заңдылық қана емес, ол прогрессивтік оқиға, адамгершілік, эстетикалық құндылықтарды байытатын тарихи қүбылыс.

      Неке — махаббаттың іс жүзіне  асуы. Некеге дейінгі қатынас  жастардың бірін-бірі сүюіне, махаббатына байланысты. Сүю - сүйген адамның өмірімен өмір сүру, басқаның бақытынан өзіңнің жеке басыңның бақытын табу, берік, шын махаббаттың негізі. 

 

     Қорытынды

    Сонымен, отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.

    Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады.

    Отбасы  құрылымы

    Отбасы  құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан  тұрады. Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап  беруге мүмкіндік туғызады: отбасында  кім басшылық етеді және кім –  орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай  бөлінген деген сияқты.

    Отбасы  құрылымының бұзылуы – бұл  оның қызметінің отбасымен орындалуына  қиындық тудыратын және кедергі  келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері  болып табылады. Мысалы, ері мен  зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық  міндеттерінің тең бөлінбеуі  өзара қарым-қатынас құрылымының  бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол  ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының  қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас  құрылымының бұзылуы оның түрлі  қызметінің отбасымен орындалуына  кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар  екенін мойындау керек.

 

    

    Есімдік

    Есімдіктер - заттың атын, сынын, санын, я олардың  аттарын білдірмейтін, бірақ солардың (зат есім, сын есім, сын есімдердің) орнына жұмсалатын сөз табы. Есімідіктер белгілі бір түсінікті я ойды жалпылама түрде мегзеу арқылы білдіреді. Есімдіктердің нақтылы мағыналары өздерінен бұрын айтылған сөйлемге немесе жалпы сөйлеу аңғарына қарай айқындалады

    Мағыналарына  қарай есімдіктер мынадай топтарға бөлінеді:

    жіктеу  есімдіктер;

    сілтеу  есімдіктер;

    сұрау есімдіктер;

    өздік есімдіктер;

    белгісіздік есімдіктер;

    болымсыздық есімдіктер;

    жалпылау  есімдіктері;

    Жіктеу  есімдіктері

    Жіктеу  есімдіктеріне мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар деген  сөздер жатады.

    Жіктеу  есімдіктері үнемі жақтық ұғыммен  байланысты келеді. Сол себептен олар ылғи адаммен байланысты, демек, сөйлеуші, тыңдаушы және бөгде кісі деген ұғымдармен байланысты қолданылады.[3]

    Есімдіктердің де септеу жүйесі басқа есімдерімен  негізінде бір ізді болғанымен, олардың  әр тобына тән кейбір ерекшеліктері  де жоқ емес. Мысалы, жіктеу есімдіктерінің жекеше түрлері төмендегінше септеледі:

    Атау мен сен ол

    Ілік менің сенің оның

    Барыс маған   саған оған

    Табыс мені сені оны

    Жатыс менде сенде онда

    Шығыс менен сенен онан (одан)

    Көмектес  мені мен сенімен онымен

    Бұл үлгіден, басқа есімдерге қарағанда, жіктеу есімдіктерінің ерекшелеу септелетіні  көрінеді. Бірақ бұл ерекшелік  олардың көпше түрлеріне және сіз деген есімдіктерде кездеспейді, соңғылар (сіз, біз, сендер, сіздер) септеу жағынан басқа есімдерге ұқсас  келеді.

    Сілтеу  есімдіктері

    Сілтеу  есімдіктеріне бұл, осы, сол, анау, мынау, сонау, осынау, ана, мына, сона, әні, міне деген сөздер жатады. Бұл есімдіктер негізінен алғанда, сілтеу, көрсету, нұсқау сияқты ишараттарды білдіріп, қай? қайсы? деген сұрауларға жауап  беретін аттрибутивтік сөздер.

    Сұрау есімдіктері

    Сұрау есімдіктері мыналар: кім? не? неше? қай? қандай? қанша? қалай? қашан?

    Бұлардан  басқа да бірнеше сұрау есімдіктері  бар, бірақ олар - белгілі жолдармен  жоғарыда көрсетілген негізгі сұрау  есімдіктерінен жасалған есімдіктер.

    Өздік есімдік

    Қазақ тілінде өздік есімдікке жалғыз ғана өз сөзі жатады. Бұл есімдік  көбінесе өзім, өзің, өзіңіз, өзі, өзіміз, өздеріңіз деген сияқты оңаша  және ортақ тәуелдеулі түрде қолданылады.

Информация о работе Қоғамдағы отбасының қызметі. Есімдік. Жіктеу есімдігі