Әлихан Бөкейханов

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 17:59, лекция

Описание работы

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттык және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы 25 наурызда бүрынғы Семей облысы, Қаркалы уезі, Тоқырауын болысының 7- ауылында дүниеге келген.

Работа содержит 1 файл

Әлихан Бөкейханов.docx

— 40.87 Кб (Скачать)

Әлихан Бөкейханов. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттык және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы 25 наурызда бүрынғы Семей облысы, Қаркалы уезі, Тоқырауын болысының 7- ауылында дүниеге келген. Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата тегі: Бөкей – Батыр – Мырзатай – Нұрмұхамед – Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды канағат түтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқиды. 1886-1890 жылдар аралыгында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894 жылдар аралыгында Санкт-Петербургтегі Орман технологиялық институтының экономика факуль- тетінде оқыды. Мүнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XX ғасырдың босағасын аттағалы түрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті. 
Мазмұны 
1 Өмірбаяны 
2 Қоғамдық-саяси әрекеттері 
2.1 Алаш Орда төрағасы 
3 Ғылыми әрекеттері 
4 Пайдаланған әдебиет 
5 Түсініктемелер 
6 Тағы қараңыз 
7 Фильмдер 
8 Сыртқы сілтемелер 
9 Пайдаланған әдебиет

Өмірбаяны

1866[2] ж. наурыздың 5 бұрынғы Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7-ші ауылында туған. Бұл қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы бұрынғы Қаратал кеңшарының жеріне қарасты, 1992 жылы Ақтоғай аудандық кеңестің шешімімен Ә.Н. Бөкейханов есімі берілді.

Ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.

Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады.

Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан 1888 жылы Омбы техникалық училищесіне қабылданады. Төрт жыл бойы үздік оқыған алғыр шәкіртіне риза болған мүмкіндік жасайды.

Сөйтіп ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 ж. Ресей империясының елордасы Санкт-Петерборға барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды. 
Қоғамдық-саяси әрекеттері 
Оңнан солға қарай: Халел Досмұхамедов, Халел Ғаббасов, Әлихан Бөкейханов

Оқуын бітіріп, Омбыға оралғанда Ә. Бөкейханов Ресей империясының қазақ даласына жүргізген отаршылдық саясатына деген өзіндік көзқарасы қалыптасқан, марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады.

«Народная свобода» (Халық бостандығы) партиясының қатарына өтіп, өзі қазақ зиялылары мен саяси белсенділерінің арасында осы партияның шағын тобын ұйымдастырады. Әлиханның саяси көзқарасының пісіп, жетілуіне, кейін белгілі саяси, қоғам, мемлекет қайраткері әрі қазақ ұлт азаттық қозғалысының ұйымдастырушысы және көсемі ретінде танылуына, саяси күрескер ретінде шыңдалуына Омбыдағы күндері ерекше ықпал етеді.

1905 ж. бастап Ресей конституциялық-демократиялық партиясының (кадеттер) мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен қозғалысқа қатысып, 14 500 адам қол қойған Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған.

1905 ж. Әлихан Бөкейханов Семей облысы қазақтарының атынан 1-ші Мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. Бірақ ол 1-ші Мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмады. Өйткені Ә.Н. Бөкейханов өз жұмысын бастаған кезде Дала өлкесі генерал-губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз, 3 ай Павлодар абақтысында отырды. Ал абақтыдан шығып Санкт-Петерборға жеткенде, Дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін сол кезднгі Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Ә.Н. Бөкейханов да солардың артынан аттанып Выборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт-Петербор сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен 3 айға Семей түрмесіне жабылды.

1906 жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омич» және «Иртыш» газеттерінде, 1908 жылы Санкт-Петерборда жарық көрген меньшевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» гәзеттерінде редакторлық қызмет атқарды.

1909-17 жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді.

1911-14 «Қазақ» гәзетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.

20 ғ. басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан өлкесіне бет бұрған дәстүршіл, панисламшыл ағым, екіншісі негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді.

Бар күш қуаттарын осы мақсатқа жұмылдырады. Бірақ олардың ойдағыдай жұмыс істеуіне жандармерия басқармасының жансыздары мүмкіндік бермейді. Солардың көрсетуімен қуғынға түседі, түрмеге қамалады. Бұдан студент кезінде-ақ сенімсіздердің қара тізіміне ілігіп, бақылауда жүрген Әлихан да тыс қалған жоқ, алдымен, Семей түрмесіне қамалып, кейін Самар қаласына жер аударылып, онда тек ғылыми-шығармашылық қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды.

1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самардан Орынборға келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады.

Бүкіл мағыналы өмірін халқының азаттық алып, еркін ел болуына арнаған аяулы азаматтың соңғы демі біткенше сол мақсат жолында жасаған қызметі сан қилы. Ол Ресей жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің делегаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясының Бюро мүшесі болды. 
Алаш Орда төрағасы 
Ә. Бөкейхановтың Жаза кесімі

Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа аутономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір аутономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ аутономиясы құрылмақ болады.

Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш аутономиясы жарияланып, Ә. Бөкейханов сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады. 
Ә. Бөкейхановтың қуғын-сүргін кезеңінен 2 жыл алдындағы мен ату жазасының күніндегісі.

1919 ж. большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейханов қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады.

Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 ж. екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Ә. Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына жазасына кеседі.

1989 жылы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды. 
Ғылыми әрекеттері

19 ғ. соңында Омбы орман шаруашылығы училищесінде оқытушылық қызмет атқарып, ғылыми жұмыстармен айналысады. Ол 1896 ж. көрнекті ғалымдардың кепілдемесімен Орыс жағрапиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланды. Әлихан «Россия. Жалпы географиялық сипаттама» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 18 томына автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық-әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды.

1904 жылы қазақ даласына қоныс аудару қозғалысын даярлап берген Ф.А. Шербина экспедициясының құрамында болды.

1911-14 жж. Ә. Бөкейханов «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 4-21 томдарына автор ретінде қатысты.

Ә. Бөкейханов — ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға. 
Пайдаланған әдебиет 
↑ «Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7 
↑ Өзінің тергеуде берген жауабынан. Туған жылы туралы деректер әр түрлі. Дегенмен де бұл дерек дұрыс болар дейміз. Себебі оның жасы туралы келтірілген ең алғашқы архивтік дерек ҚР орталық архивінде сақталған құжатта Қарқаралы ерлер приход училищесінің дайындық бөлімінде 1878/79-жылының 1-ші жарты жылдығында оқып жүрген 23 қазақ баласымен бірге оқу үлгерімі туралы ведомосіндегі деректе, Әлихан училищеге 1878 ж. қыркүйектің 16 түскенде жасы 11-де деп көрсетілген. Яғни туған жылы 1867 болмақ. Бұл жыл Әлекеңнің өзі көрсеткен 1866 жылға жақын. 
↑ Қай мәнербен көрсетілгені белгісіз. Егер бұл ескі мәнербен болса, жәңа мәнербен бұл наурыздың 27 болады. 
↑ Тарихи тұлғалар. Танымдық – көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN: 978-601-01-0268-2 
↑ Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы, профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлихан Бөкейханов Нұрмұхамедұлы (25.03.1866, бұрынғы Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-а-27.09.1937, Мәскеу) – қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт- азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметтің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. Әлихан Б. Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата-тегі: Бөкей – Батыр – Мырзатай – Нұрмұхамед - Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен. Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныптық стауат ашатын мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886ж. Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқыды. 1886-1890ж. Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамндығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894ж. Санкт – Петербургтегі Орман институтының эканомика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XI ғ. Бсағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті. Бөкейханов туралы «Семипалатинский листок» газетінің 1906 жылғы 5 маусымдағы санында: «Ол Орман институтының студенті болып жүрген кезінде барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе, солшылдарға ілесетін. Марксизм туралы қызу пікірталастарда эканомикалық материализм қағидаларын дес бермей қорғайтын» делінген. Ә.Бөкейхонов Ресей жандармирия басқармасының назарына алғаш рет студенттік жылдары – ақ ілігіп, «Саяси – сенімсіздердің қара тізіміне алынды». Ол институтты бітіргеннен кейін Омбыға барады. Онда Орман ш. Училищесіне математика пәнінен оқтушы болып орналасты. Социалистік бағыттағы «Степной край» газетінің қызметіне белсенді түрде араласып, оның редакция алқасы құрамына енді. 1896 – 1903ж. Щербина экспедициясы жұмысына қатысты. Оның ойы бойынша, экспедиция жұмысына қатысу сол тарихи кезеңде қазақ халқы үшін ең зәру мәселеге айналған – жер қатынастарын тереңінен түсініп, белгілі бір тұжырымдарға келуге жағдай жасауға тиіс еді. Әлихан Б. экспедиция жұмысына қатысу барысында қазақ даласына байланысты Ресей империясының көздеген мақсатын бұрын өзі байқай бермеген жңа қырынан көрді және орталық биліктің таяу жылдары ірі шараларды іске асыруға даярлық жасап жатқанын байқайы. Қалай болғанда да, Әлиханның көзқарасының Щербина Экспедициясына қатысқаннан кейінгі кезеңде үлкен өзгерістерге ұшырағандығы анық. Дегенмен, Бөкейханов сияқты қазақ зиялыларының мүлдем жаңа сапаға көтерілуіне  1-ші орыс революциясы ерекше ықпал етті. Студенттік және Омбылық өмірінің алғашқы кезеңінде Маркстік бағытта тұрған Бөкейхановтың саяси көз қарасы өзгерді. Ол қазақ даласын отарлау саясатына білек сыбана кіріскен патша өкіметімен күрес жүргізу үшін әуелі бүкіл қазақ жұртының басын біріктіруді, сонымен бірге орыс қоғамының ішінде ресми билікке қарсы тұрған саяси крестерге сүйенуді алға тартты. Әлихан 1905 жылы қарашада Мәскеуде өткен Земство және қала қайраткерлерінің съезіне қатысты. Съезде қазақ халқының жоғын жоқтап сөз сөйледі. Сөзінде ол қазақ халқының тіл, сайлау, дін, т.б. бостандықтары мәселесін көтерді. Ол осы жылы «Халық бостандығы» (коститутциялық – демократиялық) партиясының мүшелігіне, ал 1906 жылы оның округі құрамына енді. Бөкейханов конститутциялық – демократиялық партияның Қазақстанда бөлімшесін ашуға ынта білдірді. 1906 жылы маусымда Семейде өткен қазақ сайлаушыларының съезінде Бөкейханов «Халық бостандығы» партиясының бағдарламасын қуаттап сөз сөйледі. Бөкейханов бірінші мемлекеттік думаға Семей облысының қазақтары атынын депутат болып сайланды. Бірақ, ол бірінші мемлекеттік дума жұмысына қатыса алмаы. Өйткені Бөкейханов думада өз жұмысын бастаған кезде дала генерал – губернаторының негізсіз жарлығымен, соттың тергеуінсіз 3 ай Павлодар абақтысында отырды. Ал абақтыдан шығып, Санкт – Петербуергке жеткенде дума патшаның үкімімен таратылып, оның біраз мүшелері наразылық актісін қабылдау үшін Финляндияның Выборг қаласына жүріп кеткен еді. Бөкейхановта солардың артынан аттаныпВыборг үндеуіне қол қойды. Сол үшін жазаға тартылып, Санкт – Петербург сот палатасының төтенше мәжілісінің шешімімен үш айға Семей түрмесіне жабылды.1906 жылы Омбыда шығатын кадеттік  «Голос степи», «Омиш» және «Иртыш» газетінде 1908 жылы Петербургте жарық көрген меншевиктік «Товарищ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттеріде редакторлық қызмет атқарды. Сол жылы Самараға жер аударылып, 1909-1917 ж Дон егішілік банкі бөлімшесінде жұмыс істеді. 1912-1917 ж кадеттер партиясы ОК-нің мүшесі болды. XX-ғ басындағы қазақ қоғамының саяси және рухани өмірін де «Қазақ» газетін ұйымдастыруда және оның жалпы ұлттық деңгейге көтерілуіне Бөкейханов зор еңбек сіңірді. 1914 жылы маусымда мемлекеттік думадағы мұсылман Фракциясының ұйымдастырылуымен шақырылған бүкіл Ресейлік мұсылман съезіне қатысты, мұсылман фракциысы бюросының тұрақты мүшесі болды.Бірінші дүние жүзілік соғыс жылдары майданның қара жұмысына алынған қазақ, қырғыз, өзбек, т.б ел азаматтарына қажетті түрлі көмек көрсету ісіне башылық жасады. Осы мақсатта 1917 жылы 15 ақпанда Минскідегі земство және қала одақтары жанынан ашылған брантаналар бөлімінің бастығы қызметін Бөкейханов атқарды. 1917 жылы 20 наурызда Уақытша үкіметтің Торғай облысы камиссары және Түркістан к-тінің мүшесі қызметіне тағайындалды. Бөкеханов ескі патшалық биліктің орнына келген Уақытша үкімет жағдайында облыс басшысы дәрежесіне көтерілген алғашқы қазақ болатын. Ұлттық мемлекет құру Бөкейхановтың түпкі мақсаты болды. Ол Уақытша үкіметке, сондай-ақ кадет партиясына үлкен үмітпен қарады. Бірақ оның бұл үмітінің негізсіз екндігін көп ұзамай уақыттың өзі көрсетіп береді. Бұл Бөкейхановтың кадет партиясынан шығуына алып келді. Оның жетекшілігімен 1917 жылы шілдеде бірінші жалпықазақ съезі өткізілді, сондай-ақ «Алаш» партиясы құрылды. Бөкейханов 1917 жылдың күзі мен қысында мемлекеттік бостандыққа жетудің түрлі жолдарын қарастырды. Г.Н.Потанин бастаған Сібір автономияшыларымен қатынас жасап, Сібір автономиясы құрыла қалған күнде Қазақстанның оның құрамына енуін жақтады. Бірақ, бүкіл империя көлемінде жағдайдың күн өткен сайын шиіленісе түсуіне байланысты, бұл пікірдің іске асуы екіталай еді. Міне осындай жағдайда Бөкейханов пен А.Байтұрсынов бастаған бір топ қайраткерлердің ұсынысымен ұйымдастыру бойынша 1917 жылы 5-13 желтоқсанда Орынбор қаласында қазақ мемлекеттігі туралы мәселе қараған жалпықазақ съезі болып өтті. Съездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе- кеңестік билікке қатынас жөнінде баяндаманы Бөкейханов жасады. Съезд қазақ болыстарын бүліншіліктен сақтау мақсатында уақытша «Ұлт Кеңесін» құрып, оның аты «Алашорда» болсын деген шешім қабылдады. 25 орыннан тұрған бұл үкіметтің төрағасы болып көпшілік дауыспен Бөкейханов сайланды. Азамат соғысы басталып кеткеннен кейінгі кезеңде Бөкейханов бастаған Алашорда өкіметі кеңес билігіне қарсы күресіп, ақ қазақтары мен патша генералдарының жағында болды. Большевиктер партиясы ұсынған бағдарламаны қазақ қоғамын үлкен апатқа ұрындыруы мүмкін эксперимент есебінде бағалап, ал қазақ коммунистерінің роталық биліктің қол шоқпары ретінде айыптады. 1918-1919 жылдары Алашорда жасақтары қызыл әскерге қарсы шайқастарға қатысты, кеңес билігін қолдаған қазақтарды жазалады. Кеңес өкіметі 1919-1920 жылдарындағы Алаш қозғалысына қатысқандарға жариялаған кешіріммен кейігі уақытта да Бөкейханов өз принципіне сенімді күйде қалды. Кеңес билігі тұсында ол туған елі үшін белсенді қызметтен бас тартқан емес. 1920 жылы Қазақ АКСР-ы Егіншілік халық комиссиярияты коллегиясының мүшесі, 1922 жылы ұлттар істері жөніндегі халық комиссиярияты(Мәскеу) жанындағы Орт. Баспаның ғылыми қызметкері, 1926-1927 жылдары Ресей ҒА –ның ғылыми қызметкері болды. Өкінішке орай Сталин басқарған жоғарғы билік революцияға дейінгі қазақ зиалыларына, оның ішінде Бөкейхановқа Сенімсіздік тантты, қоғамдық қызметін теріс бағалап, шектеп отырды. 1925 жылы Қазақстандағы саяси билікке Ф.Галощекин келгеннен кейін жүргізілген оның қоныс аударушыларға кең жол ашу саясатына жол бермеу үшін қазақ қожалықтарына қажет жер нормасын анықтау мақсатында КСРО ҒА жанынан профессор С.П.Швецов бастаған экспедицияны құру ісіне белсене араласып,оның құрамына өзі де енді. Қазақстанда қонысаударушыларға жарарлық артық жер жоқ екендігін ғылыми тұрғыдан негіздеп берген бұл комиссияның жасаған тұжырымдарымен ұсыныстары Ф.Галощекинге және орталық мемлекеттерге ұнай қойған жоқ. 1926 жылы Бөкейхановты Мәскеуден бақылаушы орындардың рұқсатынсыз шығып кеткені үшін ОГПУ  қызметкерлері Ақтөбеде тұтқынға алдыда, кейін қайтарып, Бутырка абақтысына жабылды. Бірақ оны 15 күннен соң шығарып жіберуге мәжбүр болды. Зорлықшыл биліктің бұл қоқан – лоқысы күресте қайраткерлердің жүрегін шайлықтыра алған жоқ еді. Келесі 1927 жылғы одақтың Егіншілік комиссариатында ол профессор Швецов ұсынған жер нормасын қорғап сөз сөйлеп, отаршыл пиғылдағы шенеуніктерді әшкерелеп сынға алды. Бөкейханов 1927 жылдың 1- ші қазанынан бастап Мәскеуде, ОГПУ орындарының бақылауы астында тұруға тиіс боды. Үкімет орындарының, жеке адамдардың оны Қазақстанда тұрып, қызмет істеуіне рұқсат сұрап орталыққа жасаған өтініштерінен нәтиже шықпады. 1928 және 1930 жылдары екі мәрте Алаш қозғалысының белсенді қайраткерлері тұтқынға алынып, сотталғанда, ОГПУ орындары Бөкейхановты бір-ақ рет шақырып түсінік алумен шектелді. ОГПУ орындарының Бөкейхановты да қамап қоймай, сырт қалдырып қойуын шамалылап түсінуге болады. Өйткені Бөкейхановты тұтқындау арқылы олар өз пиғылын қоғамдық пікір алдында тым айғақтап алудан қаймықты. 1937 жылы 27 қыркүйекте КСРО жоғарғы соты әскери коллегиясының негізгі үкімі бойынша ату жазасына кесілген. Соңғы тергеуде Алаш партиясы мен кеңестік билікке қарсы әрекеттеріне байланысты барлық жауапкершілікті өз мойнына алған Бөкейханов ақты сөзінде « Кеңестік билікті сүйген емеспін, бірақ мойындауға мәжбүрмін» деп мәлімдеді.              

1989 жылы 14 мамырда КСРО  жоғарғы сотының қаулысы бойынша  әрекетінде қылмыс құрамы жоқ  болғандықтан ақталды.


Информация о работе Әлихан Бөкейханов