ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы әдеби айтыстар

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 16:04, автореферат

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары қазақ әдебиетінің негізгі жанрлары поэзия, проза, драматургия өсіп, дами бастады. Жаңадан қанаттанып келе жатқан әдеби сынның буыны беки түсіп, баспасөз беттерінде әдебиеттің өткені, жаңадан шығып жатқан жеке шығармалар, ақындар мен жазушылар шығармалары туралы сын мақалалар жиірек жарық көріп отырған.

Работа содержит 1 файл

sag.doc

— 265.00 Кб (Скачать)
 

    ӘОЖ 821.512.122 : 82-13                                 Қолжазба құқығында 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Сағатова  Шолпан Бейсенқызы 
 
 
 

    ХХ  ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы әдеби айтыстар 

    10.01.02 – Қазақ әдебиеті 
 
 
 
 

    

  • Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесiн
  •     алу үшiн дайындалған диссертацияның 

        АВТОРЕФЕРАТЫ 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

        Қазақстан Республикасы

        Астана, 2010 
     
     

      Жұмыс С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік         университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында орындалды 
       
       

    Ғылыми  жетекші:                               филология ғылымдарының докторы,

                                                                     профессор     Д.Ысқақұлы

    Ресми оппоненттер:                            филология ғылымдарының докторы,

                                                                     профессор     Ө.Әбдиманұлы

                                                                     филология ғылымдарының кандидаты,

                                                                    доцент     Ә.Шапауов

    Жетекші ұйым:                                    Абай атындағы Қазақ ұлттық

                                                                     педагогикалық университеті

     

                Диссертация 2010  жылдың «31» тамызда сағат 16.00-де Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы 10.01.02 – Қазақ әдебиеті және 10.01.07 – Салыстырмалы әдебиеттану мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы дәрежесін беру жөніндегі Д.14.31.03 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады.

          Мекен жайы: 010008, Астана қаласы, Қажымұқан көшесі, 5 үй. 

          Диссертациямен  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кітапханасында танысуға болады. 

          Автореферат 2010 жылы  «___» шілдеде таратылды. 

             Диссертациялық кеңестің

          ғалым хатшысы, филология

          ғылымдарының  докторы                                                                                         М.Б. Шындалиева 
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       

        КІРІСПЕ

        Жұмыстың  жалпы сипаттамасы. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары қазақ әдебиетінің негізгі жанрлары поэзия, проза, драматургия өсіп, дами бастады. Жаңадан қанаттанып келе жатқан әдеби сынның буыны беки түсіп, баспасөз беттерінде әдебиеттің өткені, жаңадан шығып жатқан жеке шығармалар, ақындар мен жазушылар шығармалары туралы сын мақалалар жиірек жарық көріп отырған.

        Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасып дамуында жиырмасыншы жылдардағы әдеби айтыстардың алатын орны ерекше. Себебі, сыншылар сол кезде шығып жатқан жаңа шығармаларға әдеби тұрғыдан баға беріп қана қоймай, оны дамытудың мәселелерін сол кездің жағдайы тұрғысынан талқылап, бағыт сілтеуге талпыныс жасады. Сондықтан да бұл жұмыста осы кезеңдегі әдеби айтыстардың, сыншылдық ой-пікірлердің қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесінің негізделуін салыстыра отырып саралау көзделді. Қазақ әдебиеттану ғылымының дамуындағы жиырмасыншы жылдардағы әдеби сынның бай тәжірибесі мен нәтижелері негізгі зерттеу нысаны болды.

        Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ әдебиеттану ғылымы тарихы мен сынының дамып, қалыптасуына атсалысқан алаш азаматтарының еңбектері бүгінгі таңда баспасөз құралдары, түрлі ғылыми еңбектер арқылы оқырман қауымға белгілі. Олардың әдебиет саласындағы игі істері, соның ішінде, әдеби айтыстар да әдеби құндылықтар ретінде жарқырай көрінді. Жиырмасыншы жылдардағы әдеби айтыстар арқылы сол кездегі қазақ әдебиетінде қалыптасқан жағдаяттарды терең түсініп, жан-жақты тануға болады.

        Осы тұста әдебиетте үш бағыт болғанын байқаймыз. Оның біріншісі – әдебиетті  тап күресінің құралы ретінде  ғана қарайтын, өздерін пролетариат  деп санайтындар тобы. Бұлар барлық мәселеге таптық тұрғыдан ғана келді. Екінші топ – өздерін бұқарашыл санап, әдебиетті саясатқа бағындыруға қарсы, жалпы адамзат баласына қызмет ететін әдебиет жасау керек деген ұстанымдағылар. Оларды әдеби ортада «жолбикелер» деп атады. Үшінші топ – тап күресінің әсерін жоққа шығармайтын, әр мәселеге тарихи тұрғыдан қарауға шақыратын, жазушы қауымының біртұтас болуын қалайтындар.

        Жиырмасыншы жылдардағы әдебиетті қарастырғанда, кейбір саяси ұйымдар мен ағымдардың әдебиет жайындағы көзқарастары қарама-қайшы болып отырғандығы анық байқалады. Әдебиетте тек пролетарлық қана үстем болсын деген пікірді ұстанған сыншы-әдебиетшілер кеңес үкіметіне арқа сүйеді. Ал А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, Ы.Мұстамбаев, Д.Ысқақов, А.Байтасов, М.Әуезов, С.Сәдуақасов, Қ.Кемеңгеров және т.б. қаламгерлер әдебиет саласына саясаттың араласуына түпкілікті қарсы болып, өз мақалаларында әдебиет жайлы салмақты ой-пікірлер айта білді. Осыған қарамастан, бұл кезеңдегі әдеби айтыстарда әдебиеттің таптығы туралы пікірталас толастамады.

        Жиырмасыншы жылдардағы ақын-жазушылар мерзімді басылым беттерінде әдебиет, өнер, мәдениет туралы өз пікірлерін жиі білдіріп, түрлі әдеби пікірталастарға белсене араласты. Осы кездегі түрлі пікірталастарға қатысқан қаламгерлердің пікірлерін саралай түсіп, олардың әдебиеттану ғылымының қалытасып, дамуына қосқан үлестерін анықтау – осы жұмыстың алдына қойған мақсаттарының бастысы.

        Жұмыстың  зерттелу деңгейі.

        Қазақ әдеби сынының өзекті мәселелері, әдіснамалық қырлары, даму бағыт-бағдары  жаңа көзқарас тұрғысынан жазылған жаңа зерттеулерде әр қырынан қарастырылды. Т.Кәкішевтің «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» [1], С.Қирабаевтың «Шындық және шығарма» [2], «Әдебиеттің ақтаңдақ беттері» [3], М.Базарбаевтың «Замана тудырған әдебиет» [4], Р.Бердібайдың «Мұхтар шыңы» [5], Д.Ысқақұлының «Сынталқы» [6], Ж.Смағұловтың «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы» [7], С.Жұмағұловтың «ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеттану ғылымы» [8] атты ғылыми еңбектерде жиырмасыншы жылдардағы қазақ әдеби сынының жай-күйі азды-көпті сөз болады.

          Егемендік алуымызға байланысты әдебиеттанушы ғалымдар алдына ұлт-азаттық идеялары үшін зардап шеккен қаламгерлердің шығармашылықтарын жаңа көзқарас тұрғысынан зерртеу міндеті қойылды. Осы тұрғыда С.Қирабаевтың, Р.Нұрғалидың, Ш.Елеукеновтың, Ш.Сәтбаеваның, М.Әбсеметовтың, Б.Әбдіғазиевтің, Т.Жұртбайдың, Р.Тұрысбектің, Б.Қанарбаеваның, Д.Қамзабекұлының еңбектерін атауға болады. Сонымен қатар, сынның тарихы, теориясы, кейбір сыншылардың өмірі мен сыншылық қызметтері туралы докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалып, ғылыми айналымға түсіп келеді. Жиырмасыншы жылдар қазақ әдеби сынының тарихындағы жаңа кезең болды. Жиырмасыншы жылдардағы қазақ әдебиеті қандай бағытта дамуы керектігі, көрнекті әдебиет өкілдері туралы қызу пікірлер басылым беттерінде үзіліссіз жарияланып отырды. Соның ішінде, әсіресе, ертедегі әдеби мұрамыз бен көрнекті әдебиет қайраткерлерінің жаңа шығармалары туралы айтыстар жиырмасыншы жылдардағы сынның орталық мәселесіне айналды. Жиырмасыншы жылдардағы әдеби сын мәселелері ғалымдар еңбектерінде қарастырылғанмен, осы кезде белең алған әдеби айтыстар кең көлемде арнайы зерттеліп, жеке зерттеу нысаны болған жоқ.  

        Зерттеудің  нысаны мен хронологиялық  ауқымы. Диссертациялық жұмыстың нысаны ретінде ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы қазақ әдеби сынындағы айтыстар алынып, кеңінен зерттеліп отыр.

        Еңбектің  ғылыми-практикалық  мәнін ұлттық әдебиеттану ғылымының жетекші өкілдерінің әдеби көркем-сын, әдебиет мәселелері туралы зерттеу еңбектеріндегі ой-пікірлері, тұжырымдары құрайды. Диссертациялық жұмыста бұрын терең қарастырылмаған жиырмасыншы жылдардағы әдеби айтыстардың мән-маңызын  айқындауға талпыныс жасалды. Диссертация материалдарын жоғары оқу орындарында жүргізілетін «Қазақ әдебиеті сынының тарихы», «Әдебиет теориясы», «Әдебиеттануға кіріспе», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазіргі қазақ әдебиеті» т.б. жалпы пәндер, арнаулы курстар мен семинарларда, қазақ әдебиеті мұраларын жинақтауға арналған еңбектерді әзірлеуде, оқулықтар мен оқу құралдарын жазу барысында кеңінен пайдалануға болады.

        Зерттеудің  теориялық және әдіснамалық  негіздері. Қазіргі әдебиеттану ғылымында қалыптасқан әдіс-тәсілдер, соның ішінде тарихи-салыстырмалық тұрғыдан талдау мен жинақтау, жүйелеу, саралау сияқты түрлер басшылыққа алынды.

        Жұмыс барысында филология ғылымдарының отандық, шетелдік тарихы, әдебиеттанудағы  жаңаша көзқарастар негізіндегі ой-пікірлер мен тұжырым-ойлар, сын-зерттеу еңбектер жетекшілікке алынды.

        Зерттеу жұмысының мақсаты  мен міндеттері. Әдебиеттану ғылымының бір саласы ретінде әдеби сынның жиырмасыншы жылдардағы даму барысын саралаудағы басты мақсат – осы сын-зерттеулердің әдеби дамуымыздағы маңызы мен мәнін, құндылығын ашу. Сол кезеңдегі идеология тарапынан  туындыған басты кемшіліктерді талдай отырып, әдіснамалық тұрғыдан қате теориялардың табиғатын ашуға талпыныс жасалды. Жиырмасыншы жылдардағы әдеби айтыстарды саралай қарастырып, олардың қазақ әдебиеттану ғылымына, әдебиет тарихына қосқан үлесін айқындау алға қойылды. Осы мақсатты айқындау үшін алдымызға мынадай міндеттер қойдық: жиырмасыншы жылдардағы әдеби айтыстардың өзіндік сипатын аша отырып, дамуы мен дағдарысын саралау; сол кезеңде жазылған әдеби сын жанрларындағы мақалалар мен зерттеулердің танымдық-тағылымдық бағыттарының әдеби дамуға тигізген ықпалын айқындау; идеологиялық қыспақтың әдеби сын мен әдебиетші-сыншылардың шығармашылығына тигізген кері әсерін ашу; ұлттық әдеби мұрамызды бағалау мен зерттеу жұмыстарындағы сыншыл ой-пікірлердің жемістерін таразылау; жиырмасыншы жылдардағы әдеби айтыстың жанрлық сипатын аша отырып, әдіснамалық және теориялық мәселелерді аталған уақыт табиғатына сай етіп талдау; әдебиет және оның даму бағыты туралы айтыстардың мән-маңызын анықтау; жиырмасыншы жылдардағы мағжантанудың өрісі, әдеби мұра мен Абай туралы айтыстардың маңызын байыптай отырып, жекелеген сыншылар тұлғасының жалпы әдеби сынның дамуына тигізген шығармашылық ықпалын зерделеу.

        Қорғауға  ұсынылатын негізгі  тұжырымдар.  Ғылыми зерттеудің нәтижесінде бұрын терең зерттелмеген жиырмасыншы жылдардағы әдеби айтыстар сараланып, шығармашылық ерекшеліктері айқындалды. Сол кезеңдегі әдеби сындағы әдеби-эстетикалық ізденістердің бағыт-бағдары, көркемдік деңгейі төмендегідей мазмұнда айқындалды:

              - жиырмасыншы жылдардағы әдеби айтыстардың қазіргі қазақ әдебиеті сынының тарихында алатын орны айрықша;

              - қазақ әдебиетін  дәуірге жіктеу, онда қалыптасқан бағыттар мен ағымдарды анықтауда бұл кезең сынының орны ерекше;

              - осы кездегі әдеби айтыстар қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасуына материалдар жинап, іргетасын қалай бастады;

              - бұл тұстағы әдеби сын үстемдік құра бастаған таптық идеология әсерімен әдіснамалық қағидаларды қалыптастыруда бірсыпыра кемшіліктерге жол беріп алғанына қарамастан, қазақ әдебиетінің дамуына айтарлықтай үлес қосты;

        - сын өзінің жеке әдебиет саласы  екенін нығарлай түсіп, дәстүр талабына сай жаңашылдыққа бет бұрды;

              - әдеби айтыстардың  барысында қазақ әдебиеттануында абайтану, мағжантану ғылымдарының іргесі қаланды.

              Зерттеудің  ғылыми жаңалығы. Диссертацияның нақты ғылыми жаңалықтары ретінде ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы әдеби айтыстарды әдеби-тарихи үдеріс ауқымында қарастыра отырып, төмендегідей қол жеткен нәтижелерді атаймыз:

        - жиырмасыншы жылдардағы қазақ  әдебиеті сынының қалыптасуы  мен даму жолдарын көрсету;

        - осы кезеңдегі әдеби сынның  теориялық даму барысын зерттеу;

        - әдеби сындағы жікшілдік мәселесін  саралау;

        - жиырмасыншы жылдардағы солақай саясаттың әдеби сынға тигізген әсерін айқындау;

        - әдеби мұра мен Абай туралы  айтыстардың маңызын талдап, сынның  тарихындағы рөлін анықтау;

        -  жиырмасыншы жылдарда іргесі  қалана бастаған мағжантанудың өрісі мен өресін пайымдау.

        Зерттеудің  сарапталуы. Зерттеудің негізгі қорытындылары мен басты нәтижелері бойынша республикалық әдеби және ғылыми-әдістемелік журналдарда, жоғары оқу орындарының хабаршыларында, ғылыми жинақтарда 10 мақала жарық көрді. Республикалық және халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларда баяндама түрінде тыңдалып, ғылыми жинақтарда басылды. Жұмыс С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің қазақ филологиясы кафедрасының, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының мәжілістерінде талқыланып, қорғауға ұсынылды.

    Информация о работе ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарындағы әдеби айтыстар