Қазіргі қазақ прозасындағы мифтік бейне сипаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 18:23, реферат

Описание работы

Фольклорлық санамызға берік орын тепкен, қазіргі прозада ұлттық негізбен байланыстырылатын рухани байлығымыздың бір қайнар көзі мифтер болып табылады. Қазіргі қазақ прозасындағы миф – бұл өте таңғажайып сан қырлы құбылыс.
Ғалым С.А.Қасқабасов «Қазақтың көне мифінде болуға тиісті ілкі ата – демиург бейнесі Тәңір образымен алмастырылған. Ал, Тәңір аспанның әміршісі саналған.

Работа содержит 1 файл

қазіргі қазақ прозасындағы мифтік бейнелер сипаты.doc

— 36.00 Кб (Скачать)


Фольклорлық санамызға берік орын тепкен, қазіргі прозада ұлттық негізбен байланыстырылатын рухани байлығымыздың бір қайнар көзі мифтер болып табылады. Қазіргі қазақ прозасындағы миф – бұл өте таңғажайып сан қырлы құбылыс.

Ғалым С.А.Қасқабасов «Қазақтың көне мифінде болуға тиісті ілкі ата – демиург бейнесі Тәңір образымен алмастырылған. Ал, Тәңір аспанның әміршісі саналған. Яғни Тәңір – ең жоғарғы Құдай, ол – аспан мен жердегі тылсым мен тіршіліктің иесі», – деген. М.Ысқақбаевтың «Ұят туралы аңыз» повесін фольклорлық таным пайымы сарынында жазылған жасампаздық мифке жатқызуға болады.Бұл мифтік повесте Тәңірі екі періштесін кезек тыңдап, ғаламда болып жатқан өзгерістерді солардың шар айналарынан қарап біліп отырады. Анда-санда жерге қарап, әуелде адамзат атаулы Адам ата мен Хауа ананы пейіштен қуғанда екеу-ақ еді, қазір ұзын саны бірер мың болыпты деп ой түйеді. Жазушы А.Мекебаевтың «Жезтырнақ» повесі түрленіп, өзгеріп, жаңарып келген реминисценциялық үлгідегі  жезтырнақ және авторлық танымға қызмет атқарып тұр. Жазушының «жезтырнағы» бір үйдің шаңырағын ортасына түсіріп, өш алу құралына айналған. Қазақы танымдағы зәрені алатын жезтырнақ образы қолдан жасалып, Тұрманқожа жезтырнақ кейпіне еніп, мола басында Құран оқып отырған Жұмағұлды жезтырнақ болып қорқытып, ақыры өлтіріп тынады. Автордың айтпағы – «жезтырнақ» деген суық сөздің өзі бір отбасына қаншама қайғы, мұң, зар әкелгендігі.

Д.Досжановтың «Тілегімді бере гөр» атты повесінде Шалқардың шалғай түкпірінде жас журналист жігіт Дана сол маңнан мемлекеттік қорық аштырмақ болады. Жергілікті «Охотсоюздың» қорықшысы, өкіметтің байлығына қолын салып, тегін ішіп-жеп отырған араны ашылған Молдаберді зиянкестік әрекет жасап, жас жігітті ай далада соққыға жығып тастап кетеді. Біраз жыл өткен соң Молдаберді ұшты-күйлі жоғалып кетеді. Бұл повесте автор «аш бөрідей» деп қазақ айтпақшы өмірінде «тою» дегенді  білмей, өмірі ашкөзденіп, аш қасқырдай жалаңдап өткен Молдабердінің образын символмен ұтымды берген. Автор неліктен кейіпкерін қасқырға айналдырды? Бұл ретте ел арасында тараған танымал аңыз желісімен келетін болсақ, халық қарғысына ұшыраған Қарынбай сараңның суырға айналуын тілге тиек ете кетуге болады. Молдабергеннің қасқырға айналуы оның аш көзділігінің салдары болса керек. Д.Досжановтың тағы бір «Қызылқұмның желі не деп жырлайды» атты әңгімесінде түйеден өзге уайымы жоқ қария алдындағы малды совхоз басшысы басқа кісіге алып бермекші болғанда, шарт ашуланып, түйесіне мінеді де, құмға сіңіп, ұшты-күйлі жоғалып кетеді. Автор бұл жерде кейіпкерін неліктен түйеге айналдырып отыр? Көзін ашқалы көргені түйе, бар ынта пейілі өзінің алдындағы аз ғана түйесінің қамы болған, адамдардан гөрі түйемен тіл табысу оңайырақ тиетін Мүсіркеп шалды түйе малынан басқа малға айналдырудың жөні жоқ сияқты.Көркем шығармалардағы фольклорлық жанрлардың шығармашылықпен пайдаланылу үлгісі Т.Ахтановтың «Алыстан жеткен сарын» әңгімесінің тұтас желісіне арқау болған фольклорлық аңыздан байқалады. Жазушы фольклорлық әңгіме жанрына тән шарттылықтар мен әңгімешілдік қабілеттің қыр-сырын тани білгендігін көрсеткен. Бұл әңгімеде фольклорлық ұғымдар мен түсініктер авторлық айналымға түскен. Т.Ахтановтың талданып отырған туындысындағы әрбір оқиға нақтылы өмір шындығы іспетті баяндалады. Хан уәзірінің баласы мен елден ерек батыр тұлғаларының арасындағы сұлу қыз үшін тартыс – талай фольклорлық әңгіме-аңыздың сюжеттік негізі. Намыс алаңында айқасқан екі жігіттің сынға түскен ерлігі мен ездігінің, ақылы мен парасатының қозғаушы күші – Айбарша сұлу. Фольклорлық образдарды сомдаудың поэтикасына сәйкес Айбаршаның азғындық пейілі мен тұрақсыз көңілін шегіне жеткізе көрсету үшін автор жазба әдебиетке суреткерлікпен келеді. Тән сұлулығы мен әке байлығына және мансабына мастанған Айбаршаның адамдық болмысынан гөрі қанағатсыздық пен нәпсіқұмарлық ісі кең суреттелген. Ол ер-азаматқа ғана емес, туған жер мен ел-жұртына да қайырымсыз мінез иесі ретінде бейнеленген. Фольклордың басқа жанрларына қарағанда, ауызекі әңгіме қандай да бір оқиғаға негізделіп туындайды. Болған оқиғаны бейнелеп шығады. Жазушы фольклорлық жанрдың осы ерекшелігін сақтай білген. Аярлық пен қулықтың құрбаны болған жігіттің батырға тән аңғалдығымен қоса аңғырттығы эпостық жырлардағы батыр тұлғаларын еске түсіреді. Батырлық пен ерлік мінездермен жарыса өлермендікпен жасалған зұлымдық та шығарма соңына дейін сақталған. Қаламгер талантының бөлекше бітімі осы жазаға ұрындыру үшін кейіпкер мінезін қилы оқиғамен, шешуші іс-әрекеттермен сабақтастыра бейнелеудің амал-тәсілдерінде жатыр. Әңгіменің «Алыстан жеткен сарын» аталуының да мағынасы терең. Сол сарынның бүгінгі жас ұрпақ, жалпы адам баласы үшін де айтар ұлағаты мен тағылымы айқын. Ол – әділет үшін өмір сүру идеясы.Перзенттің ата-анаға, туған отаны мен еліне озбырлығы неге жеткізеді, сатқындық, аярлық түбі қайда апарады дейтін мәңгілік сауалдарға жауап беруде автор өзіндік шешім тапқан. Бұдан шығатын қорытынды шеберлікпен пайдалана білгенде аңыз, әңгімелер қашан да өміршең ой идеялар берудің құралы бола бермек.

Белгілі жазушы А.Алтай өзінің «Алтай балладасы» атты шығармасының жанрына қатысты роман-миф терминін қолдануы тегін емес, өйткені онда қазақ халқының тотемдік, шамандық мифтері пайдаланылған, көне түріктердің, оның ішінде қазақтардың, үш сатылы әлем туралы наным-сенімдері кеңінен көрініс берген. Аю мен адамның арасындағы жақындық туралы халық шығарған, бізге ертегі немесе аңыз пішінінде жеткен және оның тотемдік миф болып табылатынын анық аңғартады. Аюдың дене-тұрқында және күн көру тәсілдерінде де, тұрмысында да адамға ұқсас жайттар көп екенін қарастырылып отырған туындымен танысу барысында айқын сезінеміз. Жазушының бұл туындысында ерекше көңіл бөлген мәселесі – Алтай өлкесінде бұрын болған қызыл қасқырлардың тағдыры. Қызыл қасқырлардың жер бетінен жоғалғаны да Ұлардың жанын жегідей жейтіні аңшы жігіттің: «Кешегі Марқакөлді мекен еткен қызыл қасқырлар секілді бұл ...Тұқым қалмаған», –деген ішкі монолог түріндегі естелігі арқылы аңғарылады. Қызыл қасқырлардың қайта оралуын «Алтай балладасының» бас кейіпкері де аңсайтыны сол туындыдағы Ұлардың көрген түстерінің бірінен байқалады.  А.Алтайдың бұл туындысында қызыл қасқырлар мәселесін көтеруінің символдық мәні бар, себебі, роман-миф жарық көрген кезде түркі халықтарының басым көпшілігі егемендік алып, түркілік идеялар осы заманның ең өзекті мәселесі ретінде көтеріле бастағаны белгілі. Құрып кеткен қызыл қасқырлардың бір туындының бас кейіпкерінің түсінде, екінші бір туындының бас кейіпкерінің өңінде көрініп барып, көзден ғайып болуын бейнелеу арқылы автор түркі халықтарының ежелгі біртұтастығын қалпына келтіруге кедергі келтіріп тұрған шешуін таппаған мәселелердің молдығын мегзеп тұрғандай.

Жазушы Б.Сарыбайдың «Ертегі» әңгімесінің фольклорлық сипаты композициялық құрылым мен жалпы стиліне ғана емес, негізгі кейіпкердің іс-әрекеті мен ой-санасына толық сіңірілген. Халықтық тәрбие құндағында өскен бала санасының нені көксейтінін автор жеріне жеткізе суреттейді. Әңгіме кейіпкері – Адалбектің адал жолдан айнуына себеп болған түрткі де фольклорлық ұғымдармен байланысты. Ол себеп - арғымақ атын сұрау үшін өтірік айтуға мәжбүрлілік. Өйткені ол ойына алған батырлық, жігіттік ерлігін ұнатқан қызы алдында дәлелдеу эпостық жырлар мен ертегілеріміздегі батырлық сынақ алдындағы тұлпар жарату мотивін еске түсіреді. Әңгіме түйінінде автор кейіпкерін өз тәлім-тәрбиесінің бесігіне қайта оралтады. Атасы үйреткен өмірлік қағидалардан ауытқудың жақсылыққа апармайтынына көз жеткізген бала көңілінде еріксіз айтылған бұл өтірік өмір бойы сақталып қалады. Сондай-ақ, А.Сейдімбек «Аңшы өтірік айтпайды» атты әңгімесінде әңгіме ішіндегі әңгіме арқылы аңшылық өмірдің қызық жағы  ұтылу, ұту, ерлік пен естілікті, қару сайысы мен қабілет сайысының тартысы болып табылатынын аңғартады. Әңгімедегі Жәкен қарттың жүйрік тазыларының түлкі аулаудағы қимыл-әрекеті арқылы жазушы ит жүгірту кәсібін бүге-шүгесіне дейін көрсетуге ұмтылған. Мұндағы түлкінің айлакерлігі, оның тіпті бірнеше рет тазыларға ізін көрсетпей кетуі қызғылықты әңгімеленеді.

Қазіргі қазақ прозасындағы мифологизм мәселесін бүге­шегесіне дейін зерттеп,таныта алдық деп айта алмаймын.Бұл зерттеу осы мәселеге қатысты зерделі зерттеулердің бастамасы ғана.Алдағы уақытта қазіргі қазақ прозасындағы мифологизм көрінісін көркемдік­бейнелілік жүйеге қатысты жан­жақты талдау міндетте тұр.



Информация о работе Қазіргі қазақ прозасындағы мифтік бейне сипаты