Ақан Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 20:10, реферат

Описание работы

Ақанның өмірі мен шығармашылығы. Ақан 1843 жылы Көкшетау облысы Айыртау ауданында Қоскөл деген жерде туған. Ол он үш жасқа келгенше Күнту деген молдадан мұсылманша оқыған. Бірақ сезімтал, сергек ойлы, ұғымтал балаға молданың оқуы ұнамайды. Кейін Қызылжарда Уәли медресесінде 2-3 жылдай дәріс алады.

Работа содержит 1 файл

Ақан Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы.docx

— 163.53 Кб (Скачать)
 

 

Айнымас, кетпес толқып жаннан қорқып,

Бәйгеге басын  тігіп, қалар тұрып,

Құзырға қырық  кісінің бірі жарар

Біткен жоқ қой жақсы адам елден құрып, -

 

 

дейді. Ақынның  бұл сөзі халықтың күшіне, халықтан ел қамын жейтін адамдар туатындығына толық сенгендігін дәлелдейді.

 

 Ақан - лирик ақын. Бірқатар өлеңдері заман туралы ақынның көзқарасын, ой-сезімін көрсететін саяси лирикалар тобына жатса, бір алуаны, тіпті көпшілігі дерлік, махаббат, достық, жастық тақырыбындағы лирикаға жатады.

Өлеңдеріне қарағанда, Ақанның эстетикалық сезімі, талғамы  өте нәзік, өте күшті. Өмірдегі не сұлу, не әдеміліктердің бәрі де Ақанның ой-сезімін толқытып, жанына сусын береді. Ақынды әдемі табиғат та, алғыр қыран да, жүйрік ат та сұқтандыра қызықтырып, сұғына жырлатады. Сезімін оятқан әдемі, көркем құбылыстардың қай-қайсысын болса да, ол егіле, беріле суреттейді. Оның «Ақиық пен ақ түлкі», «Ақ көйлек», «Сұлу қызға» т.б. лирикалық өлеңдерінен сұлулықты машықтай, сүйсіне жырлайтындығы айқын аңғарылады. Ақын адамның түсі де, ісі де, жаны да сұлу болуын тілейді.

 

 

Жайықтың ақ түлкісі аралдағы,

Алдымнан сен  бір шыққан марал-дағы.

Формыңа төңкеріліп жайдым қанат,

Шарықтап ақиықша Оралдағы.

Ертістің құба талы секілденіп,

Алдымнан майысып  шық бұралдағы...

Қапаста қиын-қыстау бекінсең де.

Тәуекел, майданың да тұрамдағы.

 

 

Ақынның лирикалық  өлеңдерінде сүйген жарын суреттеу үшін алған баламалары да, теңеулері де ел ұғымындағы ең нәзік эстетикалық сезімін қозғайтын метафора, теңеу, эпитет, әдемі шендестірулер.

Оның балау (метафора), теңеу үшін алып отырған ақ түлкі, ақ маралдары - өмірде сирек кездесетін, оңайлықпен қолға түспейтін сүйкімді хайуанаттар. Ендеше, ақынның да арман еткен сұлуы - оңайлықпен қолға түспейтін жан. Бірақ Ақан күдерін үзбейді, қияға қол созып, қиыннан тоят іздейді. Бұл оған сүюшіліктің бір шарты тәрізді көрінеді.

Ақын кез келгенге бұрыла кететін көрсеқызар емес, оның өз сүйері бар. Ол таңдап тауып қана сүюді арман етеді.

Етегін ақ көйлектің  алтындаған,

Ажарың ақ жамбыдай жарқылдаған.

Сексен қыз  серуенге шықсадағы

Ішінде сен  қоңыр қаз қаңқылдаған...

Көз салып жаман  қызға не қылайын,

Киіздей шала басып, қарпылмаған.

Сексен қыздың ішіндегі таңдаулысы - тек түрі жағынан ғана сұлу емес, ақылды, жөн білетін, сөз білетін, жайдары мінез, жаны сұлу адам. Бұл өлеңінде ол:

 

 

Қамалап қанша  дұшпан келседағы,

Қалқажан, айтар  сөзден тартынбаған, - дейді.

 

 

Махаббат лирикасындағы  Ақанның талғамы да, арманы да түріне ақыл, мінезі сай жаны сұлу жандар төңірегінде ғана. Ақан тек сыртқы әдемілікті жырлаған жоқ. Әдемілік қыздардың сыртқы бейнесінде ғана емес, ішкі дүниесінде, ақыл-парасатында, іркілмей айтар ой-пікірінде, жанының сезімтал нәзіктігінде, сондықтан ол мал бергеннің қолжаулығы болып кете бермеуге тиіс деген идеяны көтерді. Сүюге ол да праволы деді. Осылайша әйел жынысын ақын идеал ете жырлауының өзі сол кездегі прогрестік мәні зор мәселе еді («Тағырипың» т.б.). Қыздарды мал үшін шалға сатып, зарлатып жатқан заманда Ақанның «Сырымбет», «Балқадиша», «Үш тоты» сияқты Арқаны күңіренткен әсем де асқақ әндері қыздардың бас бостандығын аңсаушылықтан туған шығармалар екеніне күмән жоқ.

Ақан сүйіспеншілікке  негіздеген тату-тәтті, жақсы семьяны аңсайды. Бұл - ақынның әйел жөніндегі идеалымен тікелей байланысты. Өзі көркем, өзі мінезді, шаруасына ұқыпты, жоғын бар етіп, азын көпке балап отыратын «жақсы қатын  үйге ырыс, ерге серік» деген қорытындыға келеді. Ақан өлеңінде жақсы тату семья құруда әйелдің рөлі үлкен екендігін баса айтуы дұрыс, бірақ әйелді тым ерге бағындырып жіберу тәрізді қайшылығы да жоқ емес. Ол жағын біз сынаумен қатар, мұның өзі феодалдық ортаның әсері екенін естен шығармаймыз. Адам - өз ортасының жемісі. Демек, оған сол ортаның әсер етпеуі мүмкін де емес. Ақан жақсы әйелдің образын жасай отырып, оларды ерге түгелдей бағындыруы, жақсылық нысанасы тек сол еріне жағуында деп білуі феодалдық көзқарастардың сарқыншағы еді.

Ақанның бірнеше  өлеңдері достық, жолдастық, адамгершілік тақырыбына арналады. Мысалы: «Жақсы мен жаман», «Жігіттер», «Асыл мен жасық» т.б. Бұл тақырыптарға шығарған Ақан өлеңдері лирикадан гөрі дидактикалық өлеңдер түріне бейім. Дидактикалық өлең ақынның ақындығын кемітпейді. Классик ақындардың өздерінен де талай тамаша дидактикалық өлеңдерді кездестіруге болады. Абайдың:

 

 

Бес нәрседен қашық  бол,

Бес нәрсеге  асық бол, -

 

 

деп басталатын ақыл сөздерге толы әйгілі өлеңі - дидактикалық өлең.

Дидактикалық  туындылар достық, қастық, ерлік, ездік, жақсылық, жамандық, жаулық, елдік, батырлық, қорқақтық, адамгершілік, қаныпезерлік, мейірімділік, мейірімсіздік, әділдік, әділетсіздік тәрізді әлеумет өміріндегі үлкен мәселелерді сөз етіп, оларға өз көзқарасын білдіреді. Өмірдегі жағымсыз құбылыстарды шенеп, оқушылардың олардан аулақ болуына жөн сілтеп, жол көрсетеді.

 

 

Шірімес алтын жерде жатқанменен,

Жалқауға сөз, жаманға таяқ өтпес.

Оқ өтпес ажалсызға атқанменен,

Тас жібімес дарияға батқанменен.

 

 

Ер пайдасы  тиеді сасқан жерде,

Ер жаңылып  етегін басқан жерде.

Жаманға жазатайым ісің түссе,

Қабысып қалады екен аспан көрге.

 

 

Жігітті шешенсінген дауда сына,

Мақтаған қыран  құсты ауда сына,

Қарын тоқта  әркім-ақ үйде батыр,

Жігітті батырсынған жауда сына, -

 

 

дейтін Ақан өлеңдерінің шумақтары, сөз жоқ, дидактикалық өлең түрлеріне жатады. "Жақсы мен жаман», «Асыл мен жасық» тәрізді Ақан шығармалары ақынның өмірді бақылай келіп шығарған қорытындысы, ақыл, нақыл сөздер арқылы ұрпағына қалдырған келелі ой-пікірлері деп білуіміз қажет.

Достық, жолдастық  мәселесіне де Ақан айрықша көңіл  бөліп, бірнеше өлең қалдырды («Жігіттерге» т.б.). бұл өлеңдерінде Ақан өз кезіндегі жылпостық, алдампаздық, сертте тұрмаушылық, жолдасына, досына опасыздық жасауды сынай, шеней отырып, адамшылық ары мол, шын дос, жақсы жолдастарға тән мінез-құлық, іс-әрекеттерді сипаттайды. Осы өлеңінде:

 

 

Сыр шашпас жақсы  жолдас таза жүріп,

Қайғыға ортақ болар мойын бұрып.

Тастамас жау  қолына қысылғанда,

Өзіңмен жанған отқа бірге кіріп.

Шұрқырап шыбын жанын бірге салар,

Мойныңа бір дұшпаннан түссе құрық.

Айнып ол кетпес толқып, жанынан қорқып,

Бәйгеге басын  тігіп қалар тұрып.

 

 

Шын дос, нағыз  жолдастың осылар тәрізді басқа да жақсы қасиеттерін айта келіп, жастарға өнеге боларлық мінездердің үлгісін көрсетеді. Бұл дидактикалық сарында жазылған Ақан өлеңдері ақынның бізге қалдырған мұраларының ішінде ең құндыларының сапынан орын алады.

Адамның ішкі сезім  дүниесін суреттеуге Ақан өте шебер. Оның «Құлагер», «Мылтық пен мергеншілік» атты өлеңдері әртүрлі жағдайлармен байланысты өзінің не басқалардың басында болатын психологиялық өзгерістерді, күйініш-сүйініштерді суреттеуде әлі күнге шейін қазақ поэзиясында үлгілі өлеңдердің қатарында есептеледі.

«Құлагер» - халыққа  көп тараған Ақанның ең даңқты өлеңінің бірі. Жаулары соққыға жығып, мерт қылған атын іздеп табады да, басын ұстап отырып, Ақан сол жерде-ақ атына арнап ән және өлең шығарады. Бұл кейін «Құлагер» әні аталып кетеді. Тегі жағынан «Құлагер» күйініш лирикасына жатады. Өйткені оқиғаға ақынның көзқарасын көрсетуден гөрі, сол жағдайға байланысты оның сезім дүниесіндегі күйінішін, психологиялық жайды суреттеу жағы анағұрлым басым. Сондықтан мұны жан күйінішін білдіретін өлең деп талдаған дұрыс.

«Құлагер» өлеңінде Ақан атының өлімімен байланысты өз басындағы ауыр халді өте шебер бере білген. Атын жақсы көретіндігі де, зорлықшыл үстем тап өкілдерінің жауыздық қиянатына қарсы іште қайнаған ыза, кегі де, аяулы жануардың өлуімен байланысты оның күйініші де өлеңнің әр образынан-ақ байқалады. Бір жерінде ол:

 

 

Құлпырған күлте  жібек құйрығың-ай,

Суырылып топтан озған жүйрігім-ай, -

 

 

деп өзегін өртеген  жалынын сыртқа шығарып, жасын төксе, екінші жерінде:

 

 

Шыныңмен өлгенің  бе, Құлагерім,

Салбырар саптыаяқтай  төменгі ернің, -

 

 

деп атын өлімге қимай, өлді деуге сенбейді. Аянышты  сезімнің күші бар денесін билегендей болады. «Құлагер» өлеңінде ақынның аянышты жан күйігі ғана емес, оның тап сол минуттағы жан сезіміндегі болған өзгеріс, құбылыстар да анық байқалады.

 

 

Алдыңғы ат баран  емес, қылаң деді,

Сол жерде тұра алмадым денем шошып, -

 

 

деп, суық хабардың шеті құлаққа тигенде, күдік пен  үміттің араласқан жерін ақын осылай суреттесе, күдіктің қауіпке айналғандағы қорқынышын:

 

 

Алдыңғы ат баран  болмай, қылаң болды

Жығылмаса Құлагер  қайда деймін, -

дей береді. Әрине, бұлар әлі қайғы емес, қауіп, қорқыныштың бастамасы ғана. Өлеңде сезілетін оның психологиялық құбылыстары осылай өзгеріп отырады.

Құлагер мерт болды  деп алғаш естігенде, Ақанға ол жай түскендей қатты әсер еткен. Ақын сол секундтағы күйінішінің ең шарықтау шегіне жеткен жерін:

 

 

Құлагер мерт болды  деп естігенде,

Жұлдым да сақалымды, ойбайладым, -

 

 

деп суреттейді. Мұнан кейінгі психикалық өзгерістерін де ақын шебер түрде суреттеп бере алған.

Ауыр оқиғаны  естігеннен кейін, адам не істерін білмей сасады. Ақыл-ойдан гөрі де адамды инстинкт билеп кететін кездер болады. Бұл уақытта адамның әрекеті сезімнің билеуімен істеледі. Сондықтан да ақын:

 

 

Міндім де Бозшұбарға тұра шаптым, -

дейді. Ақан атының мертіккенін естіді. Іздеп те тапты. Өліп жатқанын көргенде, көзінен жас та шықты. Енді оның психикалық қалпында басқаша өзгеріс болғаны байқалады. Ауыр оқиғаға кездескенде, әуелі күйіп-піссе, онан кейін сезімді ақыл жеңіп, төзімділікке бел байлайды. «Артының қайырын берсін» деп өткенді емес, келешекті тілейді:

 

 

Құлагер, әкең - тұлпар, шешең - сұңқар,

Соғып ең дөненіңде  сегіз арқар.

Сен өлсең, орның  басар Кербесті бар,

Болады, құдай  қосса, о да тұлпар, -

 

 

деп, Ақан өзін-өзі жұбатады, жаңағы ішкі жалынына су сеуіп сөндірмекші болады. Кербестінің тілегін тілейді. Сөйтіп, «Құлагер» өлеңінің екінші бір құнды ерекшелігі ақынның өз басында болған психологиялық өзгерістерін көркем бере алуында. Сонымен қатар ақын атының портретін де, жүйріктік қасиетін де өте шебер түрде суреттейді.

 

 

Салбырар саптыаяқтай  төменгі ернің...

Бота тірсек, қыз сағақ сандал керім...

Информация о работе Ақан Қорамсаұлының өмірі мен шығармашылығы