Төтенше жағдайдағы шаруашылық объектілерінің жұмыс тұрақтылығын анықтау

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 22:11, реферат

Описание работы

Шаруашылық жүргізу объектілеріндегі жұмыс тұрақтылығының негіздері
ТЖ салдарын ескерту мен жоюдың мемлекеттік жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі кәсіпорын, ұйым, мекеме, сондай-ақ әлеуметтік нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру мен ТЖ-ды ескертуге бағытталған нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру болып табылады.
Шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру мәселесі қазіргі жағдайда үлкен маңызға ие болуда. Бұл төмендегі бір қатар негізгі себептерге қатысты:
• өндірістік саладағы мемлекеттік реттеу мен қауіпсіздік механизмінің әлсіреуі, барлық деңгейдегі еңбек және технологиялық тәртіптің әлсіреуі, сондай-ақ өндірістің аварияға қарсы төзімділігінің төмендеуі;
• негізгі өндірістік қорлардың жылдам қозуы, сонымен қатар оларды жаңарту қарқынының төмендеуі;
• өндірістің технологиялық қуатының артуы, қауіпті заттар, материалдар мен бұйымдарды тасымалдау, сақтау мен пайдалану көлемінің өсуі, халық пен қоршаған ортаға қауіп төндіретін өндіріс қалдықтарының жинақталуы;
• шарасыз заңдық және нормативтік құқықтық бағы ТЖ қауіпсіздігін және ескертуін басқарудағы тәуекелдік мәселесіне талдаудың ғылыми негізін жеткіліксіз пайдалану;
• мемлекеттік қадағалау органдары мен инспекция жұмысының талаптылығы мен тиімділігінің төмендеуі;
• әскери жанжалдар мен террорлық актілердің пайда болуы ықтималдығы.