Өндірістік орындардағы желдету

Дата добавления: 11 Февраля 2013 в 15:11
Автор: o******@mail.ru
Тип работы: реферат
Скачать полностью (13.48 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Ауаны желдету ОТжӨСАсханова .doc

  —  59.50 Кб

Ауаны конденсациялау дегеніміз не және ауаны конденсациялау жүйесінің құрылымы қандай?

Раздорожный 203-208 беттер

Өндірістік  орындардағы желдету

      Желдету  ─ бұл ұйымдастырылған ауа ауыстыруға арналған, яғни, өндірістік орындардағы ластанған немесе өте ысытылған (салқындатылған) ауаны жойып және оның орнына жұмыс орнында таза және салқындатылған ауа ортасын қамтамасыз ететін өзара байланысқан процедуралар кешені.

      Өндірістік желдету  жүйесі механикалық және табиғи болып бөлінеді. Бұл екі желдету түрлерінің үйлесімі әр түрлі нұсқада болуы мүмкін.

      Бірінші жағдайда  ауа ауыстыру арнайы желдеткіштерді  іске қосатын қоздырғыштар көмегімен,  ал екінші жағдайда сыртқы  және ішкі өндірістік орындарда  ауа алмастырудың әртүрлілігі,  сонымен қатар желдік жүктеме қысымы көмектерімен жүзеге асырылады.

      Өндірістік орындардағы  барлық масштабтағы ауа алмастыруды  және тек белгілі жұмыс аумағындағы  масштабтағы ауа  алмастыруды   жүзеге асыратын желдетуді, жалпы  алмастыру жүйесі іс әрекет  жүріп жатқан жерлерде алмастырылады. Желдетудің жалпы алмастыру жүйесінің арнайы мінездемесі, ауа алмастырудың еселілігі болып табылады:

                                                  K=V/VПОМ,

      мұнда V ─ желдету  ауасының көлемі, VПОМ- өндіріс орнының көлемі.

      Жалпы алмастыру жүйесі құйылатындармен, тартатындармен және құйылатын─тартатындармен болуы мүмкін. Құйылатын-тартатын табиғи желдету аэрация деп аталады. Жергілікті жүйелер тартатын және құйылатын болуы мүмкін.

      Желдету жүйесіне  қойылатын негізгі талаптар:

  • құйылатын ауа санының жойылатын ауа санына сәйкес келуі. Мынаны еске алған жөн, егер екі учаске қатар орналасқан жағдайда, оның біреуінен зиянды бөлінулер болса, онда бұл учаскеге сирету жүргізеді.
  • құйылатын және тартатын желдету жүйесі дұрыс орналасқан болу керек. Ауаны жою үлкен ластанған аумақтан, кіші ластанған аумаққа беру арқылы жүзеге асырылады. Өндіріс орындарында өте қатты ластанған ауа төменгі жақтан бастап, ал жеңіл ластанған жағдайда жоғарғы жақтан бастап жойылады.

      Желдету жүйесі  талап етіліп отырған таза ауаны, жұмыс аумағында микроклиматты, электрлік, жарылысқа қауіпсіз болу, эксплуатацияға сенімді және нәтижелі, сонымен қатар, дыбыс пен вибрация шығармайтын болу керек.

      Өнеркәсіпті кәсіпорынның  өндірістік цехтарында зиянды  буларды, газдарды, шаңдарды жоюға арналған, құйылатын-тартатын желдетудің жалпыалмастыру жүйесі кеңінен таралған.

      Өндірістік орындарда  біруақытта бірнеше зиянды заттар  түсуі мүмкін. Мұндай жағдайда  ауа алмастыру әрқайсысына есептелінеді. Егер бөлініп шығатын зиянды заттар адам ағзасына бір бағытта әсер етсе, есептелінген ауа көлемі қосылады.

      Есептелген ауа  көлемін жұмыс аумағына қыздырылған  күйінде беру керек, ал ластанған  ауаны – сол бөлінген орнынан  жою керек.

      Өндіріс орнындағы  көмірқышқылды жоюға керек ауа көлемі мына формуламен есептелінеді:

                                      L=G/(x2-x1),

       мұнда G-аумақтан  бөлінетін көмірқышқыл газының  саны, г/ч немесе л/ч; х1-сыртқы ауадағы көмірқышқыл концентрациясы; х2-жұмыс аумағындағы көмірқышқыл концентрациясы, г/м3 немесе л/м3.

      Өндіріс орнындағы  зиянды буларды, газдарды және  шаңдарды жоюға керек ауа көлемі  мына формуламен есептелінеді:

                                      L=G/(с2-с1),

     мұнда G-аумақтан бөлінетін  булардың, газдардың және шаңдардың саны, г/ч немесе л/ч; с2- жұмыс аумағының ауасына, шамамен жіберілетін газдың, будың немесе шаңның концентрациясы; с1-сыртқы ауадағы көрсетілген зиянды заттардың концентрациясы, мг/м3.

     Өндіріс орнындағы  артық жылуды жоюға керек ауа  көлемі мына формуламен есептелінеді:

                                      L=Qизб/Cp(tвыт - tприт),

     мұнда Qизб - өндіріс орнына түсетін артық жылу саны, Вт; Cр- ауаның салыстырмалы қызулығы; tприт-тартатын жүйедегі ауа температурасы, tвыт-құйылатын жүйедегі ауа температурасы.

Айтылғандарды практика жүзінде көрсетсек:

1-Мысал. Өндіріс орнына аз уақытқа Н-50 адам жиналды. Өндіріс аумағының көлемі V=1000м. Анықтау керек: қанша уақыттан кейін құйылатын-тартатын желдетуді қосу керек, егер сыртқы ауада х=0,6л/м3, бір адамға бөлінген СО2 q=23 л/ч саны.

Шешімі:

    V(x2-x1)

t=  ─────

G

 

 

     мұнда G – адамдарға  бөлінетін СО2 саны,

G=N*q=50*23=1150л/ч,

t=1.21ч=73 мин

2-Мысал. Цехтағы жылдық жылу тәуелділігіне, артық жылуға қажетті ауа алмастыруды анықтау. Цехтағы жабдықтардың жалпы қуаты Н=120 кВт. Жұмыс істеушілер саны - 40 адам саны. Цех көлемі 2000 м3; t=+22.3 C тартатын жүйедегі ауа температурасы, t=+25.3C құйылатын жүйедегі ауа температурасы; ылғалдылық j=84%. Күн радиациясының жылуы 9 кВт. Құрғақ ауаның салыстырмалы қызулығы С=0.237 Вт/кгК.

Шешімі:

    1. Қажетті ауа алмастыру, м3/ч,

                 L= Qизб/Cp(tвыт - tприт)=(Qлюди+Qобор+Qcp)/Cp(tвыт -tприт)

    1. Адамдардан жиналған жылу саны, кВт,

                    Qлюди=0.116*40=4.64

    1. Жабдықтардан жиналған жылу саны, кВт

                    Qобор=120*0.2=24

    1. Қажетті ауа алмастыру, м3/ч,

                       L=44280 

 

Ауаны тазарту

      Ауаны тазарту  арқылы жабық орындарда және  сыртқы орындарда қажетті температураны,  ылғалдылықты, газдық және иондық  құраманы, ауа орталарындағы иістерді, сонымен қатар ауа жылдамдығын ұстауға болады.

      Әдетте қоғамдық  және өндірістік орындарда ауа  ортасының тек көрсетілген параметрлерін  ұстауға болады. Ауаны тазарту  жүйесі, ауаны өңдеуді (фильтрлеу,  желдету, салқындату) жүзеге асыратын, техникалық құрылғылар кешенін құрайды. Ауаның жылуылғалдылығын өдеуге және оны тазалауға қажетті құрылғы, ауаны тазарту құрылғысы немесе желдеткіш деп аталынады.

      Ауаны тазарту  өндіріс, жұмыс орындарында, қалыпты  технологиялық процестің жүруіне  қажетті микроклиматты қамтамасыз етеді.

 

 

 




Описание работы
Желдету ─ бұл ұйымдастырылған ауа ауыстыруға арналған, яғни, өндірістік орындардағы ластанған немесе өте ысытылған (салқындатылған) ауаны жойып және оның орнына жұмыс орнында таза және салқындатылған ауа ортасын қамтамасыз ететін өзара байланысқан процедуралар кешені.
Өндірістік желдету жүйесі механикалық және табиғи болып бөлінеді. Бұл екі желдету түрлерінің үйлесімі әр түрлі нұсқада болуы мүмкін.
Бірінші жағдайда ауа ауыстыру арнайы желдеткіштерді іске қосатын қоздырғыштар көмегімен, ал екінші жағдайда сыртқы және ішкі өндірістік орындарда ауа алмастырудың әртүрлілігі, сонымен қатар желдік жүктеме қысымы көмектерімен жүзеге асырылады.
Содержание
содержание отсутствует