Өмір сүру ортасындағы адам организміне кері әсер ететін факторлар

Дата добавления: 27 Февраля 2012 в 20:05
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: реферат
Скачать полностью (29.50 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Адам денсаулығы және қоршаған орта.docx

  —  32.63 Кб

 

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

«Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау» кафедрасы

 

 

 

 

 

Өмір сүру ортасындағы  адам организміне кері әсер ететін факторлар


 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             

                                                                             Орындаған: Әзімбек Айша

                                                                             Тобы: ЭФ – 11 – 4К

                                                                             Қабылдаған: Керімбекова Зәуре

 

 

 

Шымкент – 2012 жыл

Өмір сүру ортасындағы  адам организміне кері әсер ететін факторлар

 

Зиянды заттардың жалпы  сипаттамасы. Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде – 5500, дәрі –дәрмек – 4000, тұрмыс химиясында – 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.

Улы химиялық заттар, өзінің пайдалануына байланысты төмендегідей болып жіктеледі:

  • өнеркәсіп улы - өндірісте қолданылатын заттар;
  • улы химикаттар – ауыл шаруашылығында қолданылатын  заттар;
  • дәрі-дәрмектер;
  • тұрмыс химикаты;
  • өсімдіктер және жануарларда, саңырауқұлақтарда, құрт-құмырсқаларда болатын заттар;
  • әскери улаушы заттектер.

Адам организміне әсер ету сипаты бойынша улы заттар төмендегідей болып бөлінеді:

  • жалпылама улылар – организмді жалпы улайтын, жеке органдарды ауру етіп, істен шығаратын улы заттар;
  • қоздырғыштар – тыныс жолдарының шырышты (слизистый) қабатын, көзді, өкпені, теріні ауру ететін заттар;
  • аллергия тудыратын заттар;
  • мутагендер – генетикалық  кодты бұзатын заттар;
  • канцерогендер – қауіпті ісіктер тудыратын заттар;
  • бала жасау қызметін жоятындар – қорғасын, сынап, стирол, радиоактивті басқа да заттар.

Зиянды заттардың әсер етуі және организмге енудің жолдары.Зиянды заттар адам органтзміне тыныс алу  жолдары, тері және ас қорыту жолдары  арқылы енеді. Көп жағдайда(80-90 пайыз)кәсіпке  байланысты ауруларжәне уланулар организмге улы газдардың, булардың, тұмандардың  енуіне байланысты болады. Бұл жолмен ауруға шалдығу өте ауыр болуы  мүмкін, себебі улы зат бірден қанмен араласып бүкіл денеге тарап кетеді.

Улы заттар ішкен тағаммен, сумен, темекімен, қолдың кірімен асқорту  жолдары арқылы организмге енеді. Улы  заттар ауыз қуысында – ақ сіңіп, қанға  өтіп кетуі мүмкін. Ондай заттарға фенол, циянит сияқты улар жатады. Асқазанның қышқылды ортасы улы қосындымен бірігіп, заттың улылығын одан ары арттырып түсуі мүмкін.

Улы заттар адам организіміне тері арқылы енеді. Улы булар, сұйық  заттар теріге еніп, сол арқылы қанға  кетеді. Бұндай заттарға суда, майда  жеңіл еритін көмірсутегі, ароматты аминдер, бензол, анелиндер және т.б. жатады. Егер теріде жара немесе сызат  болса, организмге енуі жеңілдейді.

Бірінші кезеңде улы заттардың  бөлінуі қан айналымының қарқындылығына байлынысты болады. Улы заттардың  жиналатын  үш басты орны бар: клетканың  сыртындағы сұйық, клетканың ішіндегі сұйық және майлы  (ткань). Улы  заттың тарауы үш негізгі физикалық  – химиялық қасиетке байланысты болады: суда ерігіштігі, майда ерігіштігі, реакцияға енгіштігі. Кейбір металдар (күміс, мырыш, хром, ванвдий, кадмий және басқалары) қаннан тез шығады, бірақ  бауыр мен өкпеде жиналып қалады. Барий, бериллия, қорғасын қосындылары  кальцимен, фосформен бірігіп өте  мықты қосынды жасай алады  және сүйекте жиналады.

 Улы заттардың әсерінің  салдары. Улы, зиянды заттармен  жақындасқанда адам организмі  тіннің жергілікті зақымдануына  және жалпы улануға әкеледі.  Жалпы уланудың қанға енуінің  нәтижесінде дами бастайды.Удың  жергілікті әсері онымен жақындасқан  жерінде зақымдану болуы мүмкін: терінің қызарып, қабынуы, күюі.

Улану екі түрде жүреді: өткір және созылмалы.

Уланудың өткір  түрі – бұлай улану апат болғанда, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғанда болады әрі у тез арада әсер етеді және көп мөлшерде организмге енеді, өткір уланудың екі фазасы болады: біріншісі - өзіне тән емес көрінуі (бас ауыруы, әлсіреу, жүрегі айну және т.с.с.)

Уланудың созылмалы  түрі – уланудың бұл түрі жайлап, аз мөлшерде білінбей жүріп жатуы мүмкін. Ондай улану удың органызмде жиналуының әсерінен болады. Мысалы, бензонмен өткір улану болғанда негізінен жүйке жүйесі зақымданады, ал осы затпен созылмалы түрде уланса,онда қан жасау жүйесі зақымданады.

Адам организмінің улы заттарға қарсы күресінің  жолдары

Зиянды заттар организмге түскен соң, әр түрлі химиялық өзгеріске  ұшырайды: биотрансформация немесе метоболизм. Улы зат клеткалы мембранамен, ақуыз  құрылымымен және клетканың басқа  да құрылымдарымен тінаралық ортамен  қарым – қатынасқа түсіп өзгереді – бұл удың әр жолмен өз күшін  жоғалтуы.

Бірінші жол – удың химиялық құрылымының өзгеруі.

Екінші жол – улы заты уақытша бір органдарға бөліп қоюы (депонирование). Бұл жол – уақытша қанда айналып жүрген удың көлемін азайтады. Мысалы, ауыр металлдар (қорғасын, кадмии) сүйекте, бауырда, бүйректе, кейбір улы заттар жүйке жүйесінде жиналады. Бұл процесс өте күрделі және уды жоюдың негізгі тиімді жолы болып саналмайды. Себебі у қан айналымына кез келген уақытта қайта түсуі мүмкін.

Үшінші жол – организмнен шығуы – бұл әр түрлі жолмен болады: тыныс алу жолдары арқылы, асқорту, бүйрек, тері, темір. Мысалы, ауыр металдар ішек – қарын жолымен организмнен шығады. Терлегенде термен де шығуы мүмкін.

Адам денсаулығы және қоршаған орта:

Адамның күнделікті тіршілігі  қоршаған орта жағдайларымен тығыз  байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор. Баска ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.

Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады. Өзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға кабілетті. Жер бетінде өмір сүрген ежелгі адамдар басқа ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде өзгертті.

Денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторлар:

Адамның денцаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері  зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.

Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т.б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.

Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топка бөлінеді.

1. Бұлшықет қимылдарының белсенділігі. Адамның барлык тіршілік әрекеті түрлі кимыл-козғалыстар жиынтығынан түрады. «Қозғалыс - тіршілік тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі.

Тынысалу мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін шынықтырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе спорт пен дене шынықтыру жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады.

2. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді.

3. Дұрыс тамақтана білу. Дұрыс тамақтанудың нөтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Адамның дұрыс өсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды жөне т. б. Адамның ұзақ өмір сүруінде дұрыс тамақтана білудің рөлі зор. Көбіне көкөніс, жеміс-жидектерді пайдалану, тамақтану ережелерін мұқият сақтау. Майлы етті тағамдарды шектеп пайдалануды естен шығармау қажет. Дұрыс тамақтану адамның дене салмағының біркалыпта болуына жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда болуына әсер етеді. «Артык салмақ - аурудың белгісі» деген ұғым соны аңғартады. Адам денсаулығына халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері де жағымды әсер етеді. Мысалы, ораза ұстау - адам ағзасын қажетсіз заттардан тазартады. Балаларды сундетке отырғызу - терінің таза болуына септігін тигізеді. Намаз оку - тазалықты сақтап, буын қозғалыстарының белсенділігін арттырады. Әрбір адам өз денсаулығына қамқорлық жасап, үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс. Ұзақ өмір сүрудің негізгі шарты - денсаулықты сақтау мен нығайту екенін естен шығармауымыз керек.

Адам денсаулығының басты үш көрсеткіші бар. Олар: біріншіден - адам ағзасының орта жағдайларына бейімделуінің жоғары дәрежеде болуы. Ол ағзадағы барлық мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің үйлесімді жұмыс аткаруы аркылы байқалады. Екіншіден - адамның психикалық көңіл күйінің калыпты дамуы арқылы айқындалады, ойлау, есте сактау, зейін, дарындылық және т. б. қабілеттіліктерді қоғамның қажетіне жұмсай білу. Үшіншіден - жеке тұлғаның қоғамдағы өз орнын білуімен, жауапкершілігін сезінумен айқындалады. Бұл адамдардың бірімен-бірінің қарым-қатынасы аркылы білінеді.

Дүниежүзілік денсаулық ұйымының шешімімен 7 сәуір «Бүкіләлемдік денсаулық сақтау күні» деп белгіленген. Біздің елімізде де адамдардың денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың Ұлттық орталығы» ұйымдастырылды.


Описание работы
Зиянды заттардың жалпы сипаттамасы. Қазіргі заманда адамзатқа белгілі 7 млн. астам химиялық заттар бар. Олардың 60 мыңнан астамы кең қолдану табуда, тамаққа қосу түрінде – 5500, дәрі –дәрмек – 4000, тұрмыс химиясында – 1500 пайдаланылады. Халықаралық рыногта жыл сайын 500-ден 100-ға дейін жаңа химиялық қосындылар, өнімдер пайда болуда. Міне, сондықтан адам өміріне қауіпті улы заттар дүниеге көптеп келіп жатыр.
Содержание
содержание отсутствует