Экстремизмнің қылмыстық түсінігі туралы ой пікір

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 17:26, доклад

Описание работы

Біз заңды мұрагері болып табылатын кеңестік қылмыстану (криминология) ғылыми қылмыстылықтың басты себептері әлеуметтік ортаның қойнауларында жатады, тұлғаның қылмыскер болып қалыптасуында әлеуметтік-экономикалық мән-жайлар шешуші рөл атқарады деген түсінікті ғылыми, көпшілік санаға берік еңгізген болатын. Бұл қылмыстанудағы әлеуметтекті мектеп деп аталды. Бұл маркстік материалистік диалектика іліміне, коммунизм құрудың партиялық бағдарламасына сай жасалған теориялық тұжырым болатын.

Работа содержит 1 файл

доклад.doc

— 57.50 Кб (Скачать)


 

 

ЭКСТРЕМИЗМНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ТҮСІНІГІ ТУРАЛЫ ОЙ ПІКІР

             

                 

Біз заңды мұрагері болып табылатын кеңестік қылмыстану (криминология) ғылыми қылмыстылықтың басты себептері әлеуметтік ортаның қойнауларында жатады, тұлғаның қылмыскер болып қалыптасуында әлеуметтік-экономикалық мән-жайлар шешуші рөл атқарады деген түсінікті ғылыми, көпшілік санаға берік еңгізген болатын. Бұл қылмыстанудағы әлеуметтекті мектеп деп аталды. Бұл маркстік материалистік диалектика іліміне, коммунизм құрудың партиялық бағдарламасына сай жасалған теориялық тұжырым болатын.

Мәселе, біздің елдің бір кезде марксизм ілімі бойынша өмір сүріп, бүгінгі күні одан үзілді-кесілді бас тартқанында емес. Біз тек марксизмді ғана бірден бір дұрыс ілім деп сеніп, соны ғана назарда ұстадық.Соған ғана сүйендік. Одан басқа жол болуы мүмкін деп білмедік. Бұл сенім мен сүйену тек коммунистік партия мен кеңестік мемлекеттің қызметінің саяси-идеологиялық, әлеуметтік-экономикалық бағыттарында ғана емес қоғам мен тұлғаның өмірінің барлық саласында басымдыққа ие болды.

Тарихи өзгерістердің ықпалы кеңестік жалғыз партиялық жүйенің ыдырауына,саяси-идеологиялық бірауыздылықтан көппартиялық, плюралистік негізге көшкен, «нарықтық экономика» деп аталатын экономикалық жүйені бағдарға алған қоғамды құруды күн тәртібіне қойды.Жабық қоғамнан ашық қоғамға өтудің күрделі үдерісі басталды. Шет елдермен байланыстар аясы кеңейіп, сырттан келген ақпараттар легі қоғамдық санаға шамадан тыс салмақтар түсірді. Осы жағдайларда қоғамтанымдық, гуманитарлық білімдер саласында алуан түрлі ойлардың жария айтылуына, жаңаша тұжырымдар жасалуына мүмкіндік туды.

Қоғамда болып жатқан, шынайы мәні бойынша төңкерістік үдерістерді түсіндіруде бұрынғы қылмыстанымдық тұжырымдардың аясының шектеулілігі біртіндеп айқын бола түсті.

Қылмыстанушыларға айқын нәрсе сол – қылмыстылық индустриалдық дамыған бай елдер де, аграрлық, дамуы кенже кедей елдерде де, Батыс та да, Шығыста да, иудаистік, христиандық, буддалық, исламдық және басқа да діни сенім мен нанымдарға сүйенген елдердің қайсысында болсын белгілі бір деңгейде тараған, тиісті қоғамдардың алаңдаушылығын туғызып отырған құбылыс. Әрине, әр елде қылмыстылық деңгейі, құрылымы, қозғалысы және басқа да көрсеткіштері түрліше болып келеді.[1]

Профессор Я.И. Гилинский жалпы қылмыс пен қылмыстылық тұжырымдарының жасанды әлеуметтік конструкт екендігіне назар аударады. Оның ойынша, ненің қылмыс, ненің қылмыс еместігінің айқын да табиғи белгілері жоқ. Қылмыстық кодекстегі қылмыс құрамдарының тізімінің қандай болатыны «дәл бүгін және осы жерде» келісімдік негізде шешетін заң   шығарушылардың еркіне байланысты.

Профессор Д.А. Шестаков қылмыстылық (қылмыскерлік) адамның, әлеуметтік институттың, қоғамның қасиеті деп таниды.

Жалпы мәселелерге жауап бергенде дұрыс теориялық тұғырды таңдау нәтижесінде ғана қылмыстылықтың жекелеген түрлерімен, әсіресе, талқыланып отырған діни экстремизм, терроризм сияқты оқшау мәселелерді шешудің тиімді алғышарттары жасалмақ. Діни экстремизм немесе діни терроризм туралы сөз болғанда және онымен күрес міндеті алға қойылғанда біз қандай қылмыстанымдық көзқарасқа сүйеніп, қайсы тұжырымды басшылыққа алуға тиістіміз? Біздің анықтамаларымыз күмәнсіз бе? Жақсы мен жаманды дұрыс айыра алып отырмыз ба? Біз бүгін «діни экстремизм» деп атап отырған құбылыспен күрес барысында қоғамдық институттардың (саяси, діни, мәдени, мектеп, жоғарғы білім, бизнес және т.б. субъектілер) оң әлеуетін қалай тиімді пайдалануға болады? Біз қолданып отырған құралдар қоғамды қандай нәтижелерге алып келмек?[2]

Қазіргі кезде діни экстремизм болсын, экстремизмнің басқа да түрлері, сол сияқты экстремизмнің шекті нысаны терроризм туралы сөз болғанда, осы жайттардың әлеуметтік-экономикалық шиеленісті жағдайларда орын алатынына басты назар аударылады. Басқаша айтқанда, жалпы қылмыстылықтың, соның ішінде діни немесе саяси экстремизм мен терроризмнің себептерін әлеуметтік ортадан, экономикалық жағдайдың күрделілігінен, жұмыссыздықтан және т. б. толып жатқан осы сияқты факторлардан іздеу, әрі қылмыскерлерді, ал қазіргі кезде негізгі ауызға алынатын экстремистер мен терроршыларды әлеуметтік аутсайдерлер деп тану үрдіске айналған.Бұл шынында да солай ма, әлде осылай түсіндірудің жеңілдігінен бе? Оған бірден жауап беру қиын.

Дегенмен, қазіргі әлемде болып жатқан оқиғалар желісіне, құбылыстардың жалпы үрдісіне көз салу, бұлай деп тұжырымдаудың үстірт те қарабайыр екенін айғақтайды.Расында,қылмыстылықтың себептерін басым түрде әлеуметтік ортадан іздеу түптің түбінде әлеуметтік фетишизмге соқтыратыны, тұлғаның рөлінің орынсыз кішірейтілуіне алып келетіні кезінде айтылған.

Негізі, біздің ойымызша, тек экстремизм мен терроризмнің кез келген түрін, ал жалпы тұтастай алғанда қылмыстылықты түсіндіруде әлеуметтекті теорияларды ұстану, соларға сүйену нәтижелі болмайды. Ол жалаң әрі біржақты ғана болып табылатын материалистік көзқарастарды орынсыз тықпалауға әкеліп соғады

Ғылымда кері нәтиженің өзі оң нәтиже болып саналатынын ескерсек,онда қылмыстанудың бұған дейінгі түсіндірулерінің шындыққа онша сай еместігін мойындауын да оң нәтиже деп қабылдау керек. Бір кездерде қылмыстанымдық ой-сана кеңістігінде басымдыққа ие болған әлеуметтік көзқарастардың, тұжырымдардың шектеулілігін мойындау, қылмыстылықты түсіндіруде басқа көзқарастарды, ұстанымдарды басшылыққа алуға негіз болады.

Сондай тұжырымдардың біріне сүйенсек, қоғамдағы қылмыстылықтың онтологиялық негізін адамның рух өрісінен, рухани дүниесінің кемсіздігінен іздеу керек. Бұл көзқарасты дәйектеушілер ішінде Л.В. Кондратюк, В.С. Овчинский сияқты қылмыстанушыларды атай кету орынды.[3]

Біздің куә болып отырғанымыз тереңде жүріп жатқан осы үдерістердің қарабайыр да үстірт көріністері ғана.Әлеуметтік құбылыстарды, үдерістерді тануда терең де жүйелі ғылыми зерттеулерге сүйенбей, түрлі көзарастарды әділ сараптамай шешім қабылдауға болмайтыны анық. Қоғамдық сананың парасатты, тұрлаулы болуы, түптің түбінде қоғамдық тұрақтылық пен баяндылықты сақтау осыған байланысты. Қандай да бір экстремистік актіні жасаушының жеке басының сипаттарына (нәсілі, ұлты, жынысы, білімі, қызметі, әлеуметтік-демографиялық жағдайы, діни наным-сенімі және т.б.) қарап бірден ақиқат тұжырым жасауға болмайды. Мәселен бір жағдайда ол қарапайым дәнекерлеуші екенін негізге алып, діни экстремизмнің себебі білімсіздіктен, қарабайырлықтан десек қателесеміз. Өйткені екінші бір жағдайда бізбұған керісінше мән-жайларға – осы тәріздес қылмысты әрекеттерді жоғары білімді тұлғаның жасағанына куә боламыз.

Дін және қоғамдық тәртіп пен заңдылықтың өзара қайшы келуінің ұзақ тарихы бар. Оның мысалдарын Еуропа мен Американың ортағасырлық, жаңа және тіпті жаңаша тарихынан көптеп келтіруге болады. «Крест жорықтары», еретиктермен, квакерлермен күресті атаса да жеткілікті.

Батыстық әдебиетте әлемдік діндердің арасында христиандыққа, буддизмге, индуизмге тұңғыштуылғандық құқығы таңылады әрі осы негізде қайсыбір басымдық беріледі, ал ислам екінші орынға ысырылады әрі жасампаздық ілгерлеуде тіптен мардымсыз рөл қалдырылады. Алайда оған лаңкестік пен содырлықтың себептері мен алғышарттарын зерделеу ауанында ерекше назар аударылады,                                                                                                                                                                                           

Сонымен, жоғарыда айтылғандар негізінде біздің бірінші көретініміз мынау: қиратушы қылыққа діннің, әсіресе исламның рөлі туралы қылмыстанушылардың көзқарастары жай ғана қайшылықты емес, мүлде кереғар болып келеді. Мәселе, осы көзқарастардың қайсысы біздің жанымызға жағатынында, қайсысының біздің көңілімізге ұнамсыздығында емес. Ғылыми зерттеушілік мүдде тұрғысынан келгенде біз қандай да бір біржақтылықтан, сыңарезуліктен ада болуымыз керек екені түсінікті. Бір көзқарастың (С. Г. Ольковтың) тұғыры формулалармен қаланғанында, ал екіншісінің, біздің ойымызша, «таза» ақылдың негізінде қалыптасып жұртқа ұсынылғанында.[4]

Билікке қарсы тұру әрекеттерінде діни факторлардың ықпалы туралы бүгінгі күннің мысалдары да жеткілікті. Кавказ елдері бұл жөнінде жеткілікті материал бере алады.

«ДОШ» журналында жарияланған сауалнама нәтижелерін талдаған М. Логвинов бірнеше жайтқа назар аударады. Мәселен, сауалнама жүргізілгендердің 49,4% Дағыстан жастарының орманға кетуінің себебін «күштеуші органдардың» өктемдігінен көріп, олар өздерінің өмірін сақтау немесе туыстары үшін кек алу үшін кетеді деп пайымдайды. Яғни сауалнама жүргізілгендердің «күштік органдардың» терроризмге қарсы операциялар аясындағы қарекетін заңсыз деп санайды. Басқаша айтқанда Солтүстік Кавказдағы терроризммен күресу саясатын күштік ведомстволардың өкілдерінің әрекеттері заңсыз қылады. «Таң қаларлық» сауалнамалардың Ресейде өзіндік тарихы бар, мәселен, 2003 ж. тұрғындардың 70 % террористер-шахидтер өздерін діни қозғамдар (мотивтер) негізінде емес, кек қайтару ниетімен жарады деп санағантын.[5]

Жалпы дінмен ұштасқан келеңсіз құбылыстарға қарсы әрекет стратегиясында күштеу мен жазалау операциялары соншалықты тиімді емес. Қоғамда болып жатқан құбылыстар кеңірек талқылануы тиіс. Мұның өзінен қарсыластардың бір біріне жағымды-жағымсыз айдар тағуға ұмтылмауы шарт. БАҚ-тың талғамсыз, үстірт материалдарды көптеп жариялап «дұшпан бейнесін» жасауына, қоғамды жікке бөлуіне сауатты тосқауыл қою керек. Оның орнына мамандар мен сарапшылардың талдауларына жеткілікті орын беру қажет.Өйткені бүгін «дұшпан» ретінде біз қайсыбір экстремистерді танысақ, ертең олардың орнын басқалардың баспауына ештеме кепіл емес. Үстірт байламдар мен қарабайыр пайымдардан аулақ болып, қайсыбір діни бағыттың қағидаларын жамылған топтардың түпкі пиғылдарын дәйекті әшкерелей білу керек.Қоғамда қордаланған мәселелерді ашық талқылауға, салмақты талдауға қол жеткізген жөн. Және мәселенің әлеуметтік-экономикалық аспектілерін ғана қозғамай, рухани-психологиялық, мәдени-өркениеттік, саяси-идеологиялық, құқықтық аспектілеріне жеткілікті көңіл бөлінуі тиіс. Біздің ойымызша, қазіргі кезде бұл аспектілер басқа аспектілерге қарағанда басымдыққа ие. Қоғам дамуының қазіргі үрдістері осыны дәйектейді.

Осы тұрғыдан келгенде өз жауабын күтіп тұрған сауалдар жетерлік. Мәселен, Конституцияда жарияланған зайырлылық қағидаттары қазіргі қалыптасқан жағдайға қаншалықты сәйкес келеді? Бүгінгі күні зайырлылық қалай түсінілуі тиіс? Зайырлы саналатын біздің мемлекетте діни ғимараттарды салуға, діни қызметкерлерді даярлауға және осы салаға қатысты басқа да шараларға билік органдары неліктен және қаншалықты араласуы тиіс? Қазақстандағы билік пен дәстүрлі діни конфессиялардың өзара қарым-қатынасы замани жағдайларда қай бағытта дамуы тиіс? Мемлекеттің заңдары мен діни конфессиялық қағидаттарының өзара үйлесуі мүмкін бе? Мемлекет пен діннің замани қарым-қатынасының сипаты зайырлылық қағидаттарын бұзбай ма? Әлде осы қарым-қатынастың зайырлылықтан басқа нысанына көшкен жөн бе?

Діни, рухани жаңғыру үдерістері тудыртып, әлеуметтік-экономикалық жағдай ушықтырып отырған, биліктің құқыққорғау органдары шарасыздық танытып алған мәселелерді шешудің бейбіт жолдары мен технологиялары әлі сарқылған жоқ. Тіпті олар көбіне пайдаланудан тыс қалуда. Кез келген әлеуметтік жанжалды шешуде күштеу стратегиясы тиімді нәтиже бермейді. Басқаны айтпағанда, Ресейдің Солтүстік Кавказдағы саясаты, тіпті жанжалды басу үшін тұрақты әскер құрамаларын пайдалануы, ақыры бейбіт жолға көшуі осыны дәлелдейді. Кез келген жанжал қаншалықты шегіне жетсе де, қарсы жақтарға бәрібір бейбіт келіссөздер үстеліуға тура келеді. Бітімге әкелетін технологиялар әрқашан да тиімді. Тек орынсыз ауыртпалықтарға ұрынбас үшін, кешеуілдемей келісімге келуге асығу керек.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.А.Т.Ирубаева, Қазақстан Республикасының заңнамасы байынша экстремизм  және терроризмді құқықтық саралау, Материалы научно –практической конференции:»20 лет независимости Республики Казахстан: достижения и перспективы развития».,т 1,ст.274-275.,Караганда , Болашак -Баспа.

2.Ж.А.Шалабаев,Б.Г.Нурмаганбетов. Ислам фундаментализмі, осында.

3.Н.Г.Жанабаева.Молодежный экстремизм в казахстанской среде. Материалы республиканской научно-практической конференции студентов и магистрантов:»Молодежь и глобальные проблемы современности», Караганда, Болашак- Баспа, 2011г.

4.Закон Республики Казахстан «О религиозной деятельности и религиозных объединениях», газета «Орталық Қазақтан», декабрь 2011 г.

5.Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2007 года №70 «О правилах проведения религиозной экспертизы».



Информация о работе Экстремизмнің қылмыстық түсінігі туралы ой пікір