Алғашқы көмек көрсету шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 15:14, реферат

Описание работы

Күю - жоғары температура ықпалынан (термиялық күйіктер), қышқыл және сілті (химиялық күйіктер), электр тоғы, иондалушы сәулелену салдарынан болады.
Термиялық күйіктер. Үш түрде ажыратылады: жеңіл, орташа және ауыр.
Күйіктің жеңіл түрінде күйіп қалған тері қызарады, қатты ауырады.

Работа содержит 1 файл

БІРІНШІ КӨМЕК КӨРСЕТУ ШАРАЛАРЫ.docxт распечатать надо.docx

— 22.86 Кб (Скачать)

                      Уланғанда көрсетілетін алғашқы көмек

 

Күю - жоғары температура  ықпалынан (термиялық күйіктер), қышқыл және сілті (химиялық күйіктер), электр тоғы, иондалушы сәулелену салдарынан болады.

     Термиялық күйіктер. Үш түрде ажыратылады: жеңіл, орташа және ауыр.

   Күйіктің жеңіл түрінде күйіп қалған тері қызарады, қатты ауырады.

     Ауыр түрдегі күйікте тері күлдірейді, беті қызарады және күлдіреген теріде ақ бөліктер пайда болуы мүмкін.

     Кең көлемді күйіктерде адам естен танып, күйзелісте болғанда аурудан қатты сенделеді, қашуға тырысады, орнын және жағдайды бағдарлай алмайды. Абыржу тежелумен, көңілсіздікпен алмасады.Ыстық ауамен, бумен, түтінмен дем алу тыныс алу жолдарының күюіне, көмейдің ісінуіне, дем алудың бұзылуына әкеп соғады. Бұл гипоксияға әкеледі (организмдегі клеткалар тобына оттегінің жетіспеуі).

   

      Алғашқы жәрдем. Шектеулі термиялық күйікте дереу күйген жерді құбырмен жеткізілетін сумен 10-15 минут уақыт салқындату қажет. Осыдан кейін күйген жерді таза, стерилденген таңғышпен байлау керек. Ауыруды бәсеңдету үшін ауыртпайтын дәрілер қабылдау керек (анальгин, амидопирин және т.б.). Көлемді күйіктерде стерилденген таңғыш байланған соң, азап шеккен адамға ыстық шай ішкізу кажет. Ауыртпайтын дәрілер беріп және жылылап орап, оны тез арада емдеу мекемесіне жеткізу керек. Егер тасымалдау кешіксе немесе ұзаққа созылса, сілтілі-тұз қайнамасының қоспасын беру керек (1 ас қасық қайнатылған тұз және ½ ас қасық ас содасы 2 стақан суға ерітілген). Бірінші 6 сағатта күйгеннен кейін азап шегуші 2 стақаннан кем емес ерітіндіні 1 сағат ішінде алу қажет.

      Химиялық күйіктер. Химиялық күйіктерде теріде күлдіреу сирек пайда болады. Күйіктің тереңделуіне және жайылуына мүмкіндік туғызатын киімге сіңген қышқыл және сілті.

 

      Алғашқы жәрдем. Тез арада химикат сіңіп кеткен киімді құрту керек. Теріні ағынды сумен молырақ жуады. Ауыртпайтын дәрілер беріп, азап шегушіні емдеу мекемесіне жібереді.

 

      Иіс – газ иісінен уланудан пайда болатын жарақат, одан адам естен танып, ал ауыр жағдайларда өлімге әкеп соғады.

      Газ иісінен уланғанда әлсіреу, ұйқышылдық, бас ауыруы, жүрек айну, құсу пайда болады. Егерде уланған адамға тез арада көмек көрсетпесе, ол тыныс алу мен жүрек қызметінің әлсіреуінен өліп кетуі мүмкін. Мүмкіндігінше тезірек газдың әсерін тоқтату қажет, терезе, есіктерді ашып немесе зардап шеккен адамды ғимарат ішінен алып шығу қажет. Оның басына міндетті түрде суық компресс жасап, аяғына грелка қою керек, бетіне суық су бүрку қажет, нашатырлы спирт иіскету керек, қою шай немесе кофе ішкізу қажет. Қиын жағдайда қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасау қажет.

 

      Улану. Тағамнан улану көздерінің көптен бір тараған түрі біршама микроптар бар, өте күшті токсиналар бөлетін өнімдерден болуы мүмкін. Бұл біріншіден ботулинус таяқшасы. Улану консервіленген тағам өнімдерін қолданғаннан пайда болады. Әдеттегі кез-келген тағамнан уланғанда, бірнеше сағаттан соң көздің көруі әлсірейді (лоқсу, іш өту, іштің ауыруы), сөйлеу және жұтыну бұзылады. Тағамнан улану кеңінен таралған, ол стафилококк токсиналарынан болады. Бұл бактериялар әртүрлі тағам өнімдерінде көбейе береді (кремді пирожный, сүтті тағамдар, ысталған өнімдер, паштеттер).

 

     Алғашқы жәрдем. Зардап шегушінің асқазанын шайып, 5-6 стақан жылы су немесе аздаған ас содасының ерітіндісін ішкізіп, тілдің түбін саусақпен тітіркендіріп, лоқсытады, осындай процедураны бірнеше рет қайталайды. Асқазан тазартылғаннан кейін ыстық шай береді. Содан соң зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу керек.

 

Химиялық заттармен улану.

Қышқылмен (80% сірке су ерітіндісі, тұзды, карболды, қымыздық қышқылы) және ащы сілтімен (ойып түсетін өткір  сода, нашатырлы спирт) жиі улану  болады. Қышқыл немесе сілті организмге түскеннен кейін ауызда, жұтқыншақта, тыныс алу жолдарында қатты ауру пайда болады. Шырышты қабық күйгенде қатты ісік пайда болады, сілекей молырақ бөлінеді, жанға батарлық ауру зардап шегушіні жұтыну мүмкіншілігінен айырады. Тыныс алу кезінде сілекей ауамен бірге тыныс алу жолдарына құйылып, тыныс алуды қиындатып, тұншықтырады.

 

      Алғашқы жәрдем. Зардап шегушінің ауызынан дереу сілекей және шырыштыны алып тастау. Ас қасыққа шағын мәрліні, салфетка немесе орамалды орап, ауыз қуыстарын сүрту. Егер де тұншығу белгісі пайда болса, қолдан дем алдыру қажет. Зардап шегушілерде жиі лоқсу, кейде қан аралас болады. Мұндай жағдайларда өз бетімен асқазанды тазалауға болмайды, себебі ол лоқсуды күшейтіп, қышқыл мен сілтіні тыныс алу жолдарына әкеліп түсіруі мүмкін. Зардап шегушіге ішуге 2-3 стақан мұз салынған су беруге болады. Улы сұйықтықты «бейтараптандыруға» тырысуға болмайды.

 

      Басқа химиялық заттармен уланғанда (хлорланған көмірсутегі, анилинді бояуыш және т.б.) дәрігер келгенше зардап шегушіні лоқсытып және тазаландыру қажет, егерде ол есін білсе, асқазанын сумен тазалау керек. Зардап шегуші ессіз қалыпта болса, жастықсыз ішімен жатқызып, басын жанына бұру керек. Тілін жұтқанда, сонымен қатар, ессіз қалыпта сіңірлері тартылып қалғанда, жақтары қарысып, дұрыс тыныс алуға кедергі жасағанда, абайлап басын шалқайтып және төменгі жақты алдыға және жоғары итеріп шығару керек.

 

       Күшті әсер ететін умен улану. Улану симптомы белгілі бір ағзаларға және организм жүйелеріне айрықша әсер етуіне байланысты.

       Нерв жүесіне әсер еткенде сіңірлердің тартылуы, ұйқышылдық, қимылдаудың ауырлауы, сананың бұзылуы, дем алу және тамыр соғуының бұзылуы пайда болуы мүмкін.

Ас қорыту жүйесіне әсер еткенде  іште жанға батарлық ауру, жүрек  айну, лоқсу, іштің өтуі, жүректе - тыныс  тоқтау сезімі, оның ырғағының бұзылуы, күре тамырлар қысымының өзгеруі  пайда болады.

       Алғашқы жәрдем. Жедел лоқсыту. Алдын ала зардап шегушіге 1-2 стақан жылы су ішкізу керек. Бұл процедураны 5-6 рет қайталау керек, Осыдан кейін сорылу заттарын – 3-4 активтенген көмір таблеткасын қабылдау керек. Кейін іш жүргізетін дәрі беруге болады. Зардап шегуші әсерленгіш болса, басына суық компресс қойып, оны төсекте ұстау керек. Қажет болған жағдайда қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасау қажет. Массажды жүрек қызметінің толық бұрынғы қалпына келгенінше, жүрек және тамырдың айқын соғуы пайда болғанына дейін жалғастырады. Зардап шегушіні емдеу мекемесіне жібереді.

 

       Электрден жарақаттану – ағзаға электр тоғынан зақым келуі. Электрлік жарақаттану бір жерде және жалпы (күйіктер) болады. Қысқа тұйықталу нәтижесінде дененің бір бөлігіне тоқтың әсерінен бір жерде электрден жарақаттану болады. Жалпы электрлік жарақаттану электр тоғының ағза арқылы өтіп, тікелей әсер етуінен пайда болады. Жалпы зақымға ұшырауда бұлшық еттер тамырларының тартылуы, жүрек қызметінің нашарлауы, тыныс алу жолдарының бұзылуы байқалады.

Найзағай жарақаты, жалпы  аталған электр жарақаты белгілеріне  ұқсас, есту қабілеті нашарлайды, сөйлеу қабілеті төмендеп, теріде қара-көк  түсті дақтар пайда болады.

 

       Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні міндетті түрде тоқ әсерінен босату; рубильникті өшіру, электр сымын шауып лақтырып тастау керек. Қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасап, зардап шегушіні емдеу мекемесіне жіберу қажет. 

 

      Бөтен дене - ағзаға сырттан түсетін және тіндерде, органдарда, қуыстарда тұрып қалатын зат.

 

      Көздегі бөтен дене көз ішінің жоғарғы қабағында орналасуы және көздің мөлдір қабығына немесе мөлдір қабыққа енуі мүмкін.

 

      Алғашқы жәрдем. Көзді уқалауға болмайды, қабақты кірпіктің астына тартып, бөтен денені таза дымқылданған салфетканың ұшымен, орамалмен алып тастайды. Бөтен дене көздің мөлдір қабығына еніп кетсе, онда көмек емдеу мекемесінде көрсетілуі керек.

 

      Бөтен дене құлақта екі түрде болады: жәндік немесе зат.

Ауыз қуысын және жұтқыншақты бөтен денеден, былжырақ немесе құсық массасынан босатуды қолмен немесе сорып алу көмегімен босатуға болады.

 

      Алғашқы жәрдем. Құлаққа жәндік түсіп кеткен жағдайда есту жолына 3-5 тамшы өсімдік майын тамызу керек (су), 1-2 минуттан кейін зардап шегушіні ауыратын құлақ жағына жатқызу керек, бөтен дене сұйықтықпен шығуы тиіс.

 

      Бөтен денені мұрынан сіңбіріп тастау арқылы шығарады; егер де бұл процедура іске аспаса, онда дәрігерге қаралу керек.

 

      Бөтен дене тыныс алу жолдарына түссе, толық бітеліп қалуға және тұншығуға әкеліп соғуы мүмкін.

 

      Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіге жөтелуге мүмкіндік беру: оның кеудесін алдыға қарай қатты ию, алақанымен жауырын ортасынан қатты бірнеше рет ұру керек. Зардап шегушіні белінен құшақтап алып, іштің ортасынан 4-5 рет басу керек. Теріс нәтиже берген жағдайда зардап шегушіні шұғыл емдеу мекемесіне жеткізу керек.

      Бөтен денені өңештен емдеу мекемесінде шығарады. Зардап шегушіге су және тамақ беруге болмайды.

ЗАРДАП ШЕГУШІНІ ҚАРАУ.

 

       Жалпы жүйеліктегі алғашқы медициналық жәрдем көрсетуде зардап шегушіні қарау маңызды бөлімге жатады. Оның әрқашан бірінші басын тексеру керек, содан кейін қолмен ұстап қарайды. Ол бас сүйегінің жұмсарғанын немесе жарылғанын, қанталаудың болуын айқындауға мүмкіндік береді.

      Бет жүзін тексергенде оның түсіне көңіл аудару керек. Бозғылт, терлеген, беті суық, көзі жұмылған және аузы ашық болса, естен тану жағдайында екенін дәлелдейді. Беті ысып, қызарып тұрса қызбалықты білдіреді.   

      Мұрыннан қан кету бас сүйегінің, мұрын сүйектері немесе мұрынның қан тамырлары          зақымдану салдарынан болуы мүмкін. Егер де мұрын сынған болса, оны байқау оңай.                     

Көзді қарап тексеру басқа  денелерді, жараны анықтау, көз қарашықтарының ұлғаю жағдайын, олардың жарыққа  реакциясын анықтау үшін жасалады. Көзбен қатар бас сүйегінің жарақат қауіптілігін дәлелдейтін, құлақтың жарғағы қаралады, есту және құлақтан шығатын сұйықтық тексеріледі. Ауыз қуыстарын тексергенде ауыздың зақымдануына, ерін түсіне, тістердің бүтіндігіне және жақ сүйектеріне ерекше көңіл бөлінеді. Бозарған ерін жүректің кемшіліктерін, ал көгерген ерін оттегі жетіспеушілігін көрсетеді. Ауыздан шыққан сұйықтық қан түсті болса, ішкі ағзалардың, тыныс алу және ас қорыту жолдарының бұзылуын білдіреді. Мойынды жағаны шешкеннен кейін қарайды, сонымен бірге мойын омыртқа бөлігінің бүтіндігін, оның функцияларын тексереді, мойнынан зорлықпен өлтіру ізін іздейді.

 

       Зардап шегушінің арқасын тексеру үшін ішіне немесе қырынан жатқызу керек, егер де мұндай мүмкіншілік болса, арқасына қол сұғып ұстап қарайды. Бұл жұмыс процесінде сүйектердің, жұмсақ тіндердің зақымдалған орындары, аурудың шоғырланған жерлері анықталады. Арқаны тексеру кезінде омыртқаның күйіне ерекше көңіл бөлу керек. Кеуденің алдыңғы бөлігін қарағанда бұғананың бүтіндігін олардың ортаңғы бөлігін басу арқылы тексереді, содан кейін зардап шегушінің терең дем алуын сұрайды; егер де қабырға және кеуде клеткалары зақымдалмаса, онда тыныс алу түзу, ауырмайтын, бір қалыпты болады. Кеуденің үстіңгі жағын тексеріп болғаннан кейін ішті және жамбас сүйегіне тексеріс жүргізіледі. Қол-аяқты көзбен шолып тексеруде зақымданған жері болса қолмен тексеру біруақытта жүргізіледі.

 

       Сонымен қатар қол-аяқтың қозғалыс функциясын, олардың бүтіндігін, сезімталдығын, деформацияның бар жоғын, жара болған жерді, қансырауын тексереді. Тексеру зардап шегушінің жай-күйін анықтауға мүмкіндік береді, едәуір зақымданған аумақтарды айқындайды, алғашқы жәрдем көрсету жолдарын белгілейді.

 

        Алғашқы медициналық жәрдем көрсетуде маңызды элементтер адамның тірі болуы мен өлуінің негізгі белгілерін құтқарушылардың білуі болып табылады.

 

ТІРІ БОЛУ БЕЛГІСІ

 

Тірі болу белгісі болып табылады:

 

             - Тыныс алуы. Оны көкірек қуысы және іштің қозғалуынан, мұрынға және ауызға қойылған айнаның булануынан, танауға жақындатылған мақта немесе бинт түйірінің қозғалуынан, қабырғасына қолынды қойып, зардап шегушінің аузына құлақпен жақындау арқылы айырады.

            - Жүрек қызметінің сақталуы. Оны тамырдың соғысын басып көру арқылы, шеткі тамырлардың оқтын-оқтын соғуынан анықтайды. - Тамырдың соғуын тері астында қосалқы орналасқан кәрі жілік арасы және бұлшық ет сіңірлеріндегі күре тамыр сәулесі арқылы айыруға болады. Егер де тамырдың соғуын күре тамыр сәулелерінен тексеруге болмайтын жағдайларда, оны ұйқы немесе самай күре тамырларынан, не болмаса аяқтан (табанның сыртқы күре тамырынан және артқы сан жілік күре тамырынан) айырады. Әдетте дені сау адамның тамыр соғу жиілігі 60-75мин/соғ, тамыр соғу ырғағы дұрыс, бір қалыпты, жақсы соғады. Жарақат алу, қан жоғалтқанда, қатты ауырған кезде жүрек қызметінің кемшілігінен тамыр соғуы жиілейді. Тамырдың едәуір сирек соғуы ауыр жағдайда пайда болады (бас сүйек жарақаты);

            - Көз қарашығының жарыққа реакциясы. Оны көз қарашығына кез келген жарық шоғын түсіру жолы арқылы анықтауға болады; көз қарашығының тарылуы оң реакцияны дәлелдейді. Күндізгі жарықта бұл реакция келесі бейнемен тексеріледі: көзді қолмен 2-3 мин. жауып тұрады, сосын қолды тез алады; егер де көз қарашығы тарылса, онда бұл бас миының функциясының сақталғанын дәлелдейді.

Жоғарыда аталғандардың  барлығы жоқ болса, дереу өмір сүру белгілері бұрынғы қалпына  келгенше реанимациялық шара жүргізу (қолдан дем алдыру, жүрекке массаж жасау) керек болады.

 

Зардап шегушіні тірілту  кезінде реанимациядан бастап 20-25 минутқа дейін өмір сүру белгісі  байқалмаса, әрі қарай жалғастыру қажет болмайды.

 

 

 

ӨЛІМ БЕЛГІСІ

 

Ағзада өмір сүру қызметінің кері айналмай тоқтауы - биологиялық өлімнің басталуы алдында жанталас және клиникалық өлім болады.

 

Жанталас өлімде есінің қарауытуы, тамырдың соқпауы, тыныс алу жолдарының бұзылуы, бір қалыпта болмай, жан ұшыру, күре тамыр қысымының төмендеуі сипатталады. Тері суық, бозарған немесе көгерген түрде болады. Жанталас өлімнен кейін клиникалық өлім басталады.

Информация о работе Алғашқы көмек көрсету шаралары