Иранның табысты әйелдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 00:48, доклад

Описание работы

Ферейдуни ханым: «Егер күллі қоғам Құран шариғаттарын ұстанса, онда қоғам барлық індеттерінен тазарар еді, себебі, экономикалық мәселелерден бастап, тәрбие, әлеуметтік мәселелердің барлығына Құранда жауап берілген» дейді.
Мектепте оқып жүріп басқа балаларға әділет, азаттық және діни наным-сенімдер жайлы әңгімелер айтқан күні көп ұзамай мектептен қуыламын деп ойламаған болар. Пеһлеви деспоттық режимі кезіндегі шаһтың қауіпсіздік комитеті тарапынан берілген құжатымен басқа балалар сияқты оқуын жалғастыра алмағанына қарамастан, ешқашанда оқудан бас тартқан емес және өз болмысындағы барлық күші мен қабілетін оқу мен білім жолын өту үшін жұмсаған. Бұл – қазіргі таңда жанұя және Құран оқыту істерімен айналысатын маман ханым Хадиже Ферейдуни. «Иранның табысты әйелдері» бағдарламасының бүгінгі бөлімінде осы белсенді, талапты да иманды және жаужүрек ханыммен таныс боламыз. Бізбен бірге болыңыздар.

Работа содержит 1 файл

Иранның табысты әйелдері Ферейдуни ханым.docx

— 16.50 Кб (Скачать)

Иранның табысты әйелдері

        Ферейдуни ханым: «Егер күллі қоғам Құран шариғаттарын ұстанса, онда қоғам барлық індеттерінен тазарар еді, себебі, экономикалық мәселелерден бастап, тәрбие, әлеуметтік мәселелердің барлығына Құранда жауап берілген» дейді.

Мектепте  оқып жүріп басқа балаларға  әділет, азаттық және діни наным-сенімдер жайлы әңгімелер айтқан күні көп ұзамай мектептен қуыламын деп ойламаған болар. Пеһлеви деспоттық режимі кезіндегі шаһтың қауіпсіздік комитеті  тарапынан берілген құжатымен басқа балалар сияқты оқуын жалғастыра алмағанына қарамастан, ешқашанда оқудан бас тартқан емес және өз болмысындағы барлық күші мен қабілетін оқу мен білім жолын өту үшін жұмсаған. Бұл – қазіргі таңда жанұя және Құран оқыту істерімен айналысатын маман ханым Хадиже Ферейдуни. «Иранның табысты әйелдері» бағдарламасының бүгінгі бөлімінде осы белсенді, талапты да иманды және жаужүрек ханыммен таныс боламыз. Бізбен бірге болыңыздар.

Хадиже  Ферейдуни ханым 1960 жылы Теһранда дүниеге келген. Кішкентайынан оқу мен білімге үйір болып, көп уақытын Құран аяттарын жаттаумен және діни мәселелрді қарастырумен өткізген.

Шахтың  диктаторлық режимі кезінде сол кездегі саяси режимнің қаталдығы мен құлдырап бара жатқан қоғамның мәселелерін оқушыларға түсіндіріп айтқаны үшін Хадиже Ферейдуни мектептен қуылған. Бірақ, Ислам төңкерісінен кейін, бес баланың анасы бола тұрып, оқуын жалғастыра алды. Ол діни ілімдер маманы. Бұл жайлы өзі былай дейді: «Жолдасым менің дін саласында оқу оқығанымды қалады. Сол себепті осы салаға келдім және осы саланы таңдағаны үшін жолдасыма әлі күнге дейін алғыс айтамын.»

Ферейдуни ханым әрқашанда оқу және тәрбие мәселелеріне көп көңіл бөлген, сол  себепті ең алғашында мектепте тәрбие жетекшісі және діни ілімдер мұғалімі болып жұмысқа тұрады. Сондай-ақ, ол басқа да діни және әлеуметтік салаларда көп еңбек атқарған. Қазіргі таңда Ферейдуни ханым көптеген оқу орындарыныың діни және мәдени бөлімдерімен жұмыс жасауда. Талпынысы мен еңбекқорлығының арқасында әлеуметтік және отбасылық тақырыптарда көптеген мақалалар жазған. Қазір осындай еңбекқор ирандық ханымның ең басты жұмысы Құран аяттарын жаттау мен қасиетті кітапты оқыту болып табылады. Ферейдуни ханымның пікірі бойынша, Құран мәдениетін қоғамда тарату үшін ең алдымен Құран аяттарын оқытудан бастау керек. Ферейдуни ханым Ислам төңкерісінің басшысы Аятолла Хаменеидің «бізде жиырма милионнан артық Құранды жатқа білетін адамдар болу керек» деген сөздері өзінің Құран жаттай бастауына әсер еткенін айтып өтті.

      Ферейдуни ханым: «Егер күллі қоғам Құран шариғаттарын ұстанса, онда қоғам барлық індеттерінен тазарар еді, себебі, экономикалық мәселелерден бастап, тәрбие, әлеуметтік мәселелердің барлығына Құранда жауап берілген» дейді.

Қоғам қайраткері және Құранда жатқа білетін ирандық  ханыммен сұхбатымызда табысты  болуының сырларымен бөлісуін өтіндік. Ол: «Табысты болу үшін ең алдымен құдайдың шынайы пендесі болуымыз керек, себебі, құдайға шын жүректен сену, иманды болудан артық еш нәрсе жоқ деп сенемін. Одан кейін пайғамбарларға ұқсап бағуға тырысу керек» деп, жауап берді.

Ферейдуни ханым университетте сабақ беру және қоғамдық қызметтерімен қатар, отбасына да ерекше көңіл бөледі. Ол әйел адамның ең басты қызметі  жақсы жұбай мен ана болу деп  біледі. Хадиже ханым үлгілі жұбай  және бес баланың анасы болып  табылады. Ферейдуни ханымның балалары әке-шешесінің көмегімен діни ілімдерді және басқа да ғылым салаларын меңгеріп, жетістіктерге жетіп жатыр. Тұңғыш балалары механика (NBA) саласында магистратурада білім алып жатыр. Екінші балалары парсы тілі және әдебиеті мамандығы бойынша магистрант, ал үшінші балалары архитектура мамандығы бойынша университет түлегі. Төртінші балалары отбасы генетигі, ал кенжелері медицина саласына аяқ басқан.

Ферейдуни ханым ғылым мен дін арасында тепе-теңдік сақталуы керек деген сенімде. Ол өз балаларын да осы қағидаға негізделіп тәрбиелеген, ғылым мен білімді үйренумен қатар, өз балаларын дін мен исламнан да хабардар етуге тырысқан. Осы мәселе жайлы: «Балаларым исламнан хабардар болу үшін, оларға барлық жағдайды жасадым, тіпті, қыздарымның бірі Құранды жатқа біледі. Басқа қызым Құранның он бес бөлігін жатқа біледі, оған қоса ол республикалық әдебиет олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды» деді.

Айта  кететін жайт, Ферейдуни ханымның қызы алтын медалін Төңкерістін  ұлы басшысына сыйға тарқан еді. Бұл медаль, басқа да сыйлықтар  сияқты, Мешхедтегі Имам Реза музейіне қойылған.

Ферейдуни ханым Құранның хиджабқа көзқарасы жайында мынадай пікірде: әйел адамның ер адамның алдында жабық киім кию міндеті, исламның ең маңызды қағидаларының бірі болып табылады, Құран да осы мәселеге көңіл аудартады. Ол «Нұр» сүресінің аяттарын негізге ала отырып, былай дейді: «Құдай алдымен мумин ер адамдарға өтіп бара жатқан әйел адамның көзіне қарамай, төмен қарауын бұйырған, одан кейін әйел адамдарға жанарларын төмен түсіріп, өзінің құндылықтарын жасыруды бұйырған».

Осы мұсылман ханымның көзқарасына сүйенсек, хиджаб пен дұрыс киіну отбасын сақтауға қатты әсер етеді. «Өзін-өзі көрсетуге ынтық әйел, ер адамның құмарлығын оятады. Қазіргі кездегі әйел адамдарға қатысты көптеген қылмыстар немесе әйел адамның беделінің түсуі осы хиджабты дұрыс кимеу немесе хиджабсыз жүру салдарынан болып отыр және бұл мәселе күннен күнге қиындап барады» дейді Ферейдуни ханым.

Ферейдуни ханым, сондай-ақ, хиджабтың кейбір артықшылықтарына меңзеп былай дейді: «Хиджаб әйел адамның мықты қорғаны болып табылады, бұл қорған нәсіпқұмарлықтан сақтайды және басқалар хиджабы бар әйел адамға құрмет және сүйіспеншілікпен қарайды. Әйел адамдар хиджаб киіп жүретін қоғамда жастар тыныш, алаңсыз өз жұмыстарын жасайды және әр түрлі жамандықтардан аулақ, уақыты келген кезде үйленіп, отбасы құрады».

Ферейдуни ханым әйел адамның табыстылығы  жайлы: «Әйел адамдардың ойлары жинақы болу керек. Олар әрқашанда саяси, ғылыми және әлеуметтік жаңалықтарды біліп  отыру керек, себебі тек қана өздерінің  қабілетіліктері мен білімдерін арттырып қана қоймай, бәлкім, қоғамның дамуына да өз үлестерін қоспақ» дейді. Осындай ирандық үлгілі ханым қазіргі таңда әйел адам ең алдымен өзінің рухы мен ахлағын тәрбиелей білу қажеттілігіне сенімді. Ол үшін әйел адам діннен хабардар болуы керек, себебі, хабардар әйел адам әр түрлі жағдайдларда өз жанұясы мен қоғамын қорғай алады. Қайткенменде, қоғамдағы әйел адамдар дұрыс болса, қоғам да таза болады.


Информация о работе Иранның табысты әйелдері