Газет публицистері және олардың жариялаған мақалалары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Сентября 2013 в 21:58, курсовая работа

Описание работы

Қазақ баспасөзі өз бастауын ХIX ғасырдың екінші жартысынан алады. 1870-1882 жылдары Ташкенттен «Түркістан уалаятының газеті» шығып тұрды. Бұл Түркістан генерал-губернаторының ресми газеті еді. «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде айына төрт рет қазақ және өзбек тілдерінде жарық көрген. Аталмыш газет жабылған соң 1888-1902 жылдар аралығында Дала генерал-губернаторының Омбыдағы кеңсесі жанынан «Акмолинскимь областнымь ведомостямь» газеті жанынан «Дала уалаятының газеті» қосымша ретінде шығып тұрды. 1905-1907 жылдары «Серке» және «Қазақ газеті» оқырмандарға жол тартты. Алайда бұл басылымдардың қоғамдық-саяси өмірге аса ықпалы бола қойған жоқ. Ал 1911 жылы шыға бастаған «Қазақстан» газеті мен «Айқап» журналы ел өміріне етене араласты.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім.
1.Газеттің жарыққа шығу тарихы
1.1. «Айқап» неге шықпай қалды?
1.2.«Қазақ» газетінің шығу тарихы
2. «Қазақ» - қоғамдық- саяси және әдеби газет
3. «Қазақ» жабылды, бірақ оның басты мақсаты орындалды
4. «Қазақ» газетінің зерттелу кезеңдері
5. Газетттің қазақ жұртының саяси-әлеуметтік өмірін сипаттаудағы орны
5.1.Қазақтың бар қайғысы жер мәселесі
5.2. «Қазақ» газетіндегі көтерілген оқу –тәрбие мәселелері
6.Газет публицистері және олардың жариялаған мақалалары
6.1. «Қазақ» газетінің бас редакторы-Ахмет Байтұрсынов
6.2.Газеттің екінші редакторы-Міржақып Дулатов
6.3.Әлихан Бөкейханов– публицист
6.4. «Қазақ» газетін шығарушылардың құрамындағы – Жақып Ақбаев

ІІІ. Қорытынды


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Қазақ реферат.doc

— 583.50 Кб (Скачать)

Алтынсарин  қазақ халқының әдет-ғұрпы жөнінде  екі этнографиялық мақала жарялады. Біріншісі, қазақтың өлген адамды жерлеу және оған ас беру жөнінде , екіншісі –  құда түсу, қыз ұзату және той жасау дәстүрлеріне айналған.

Бұл мақаласында  ол қазақтың рушыл – феодалдық  салтына негізделген дәстүрлерінің  ескірген формаларын, әсіресе қалың  мал, әменгерлік сияқты әйелдердің адамгершілік правосын қорлайтын әдеттерін орыстың  ориенталист ғалымдарына таныстырды.

Қорытытып айтқанда Алтынсарин қазақтың жаңа жазба әдебиетінің  ірге тасын қалаушы болуымен қатар  қазақтың бұқарашыл баспасөзі мен  публицистикасының негізін салушылардың бірі болды. Ол өзінің шығармаларының ана тілінде және орыс тілінде  жазып, қазақтың қоғамдыќ өнерінің келелі мәселелерін баспасөз бетінде көтерген көрнекті публицист болды. Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай Құнанбаевтың да қоғамдық саяси көзқарасы озат орыс мәдениетінің әсерімен қалыптасты.

Абай өзінің туындыларында оқу- ағарту, философия, педагогика, әдебиет пен өнер , мораль жөнінде және қоғамдық өмірінің проблемалық мәселелері жөнінде сөз қозғады.

Абай қазақ  еліне капиталистік элементтердің  енуін, осыған байланысты бұған дейінгі  тәртіп пен идеялогия шайқала  бастағанын өз көзімен көрді. Қазақ халқының ғасырлар бойы артта қалушылық пен надандықтан прогресшіл Россиямен, оның озат мәдениетімен өте тығыз байланысты болған күнде құтылатынын Абай жақсы білді. «Орысша оқу керек, хикметте, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста» . Сондықтан орыстың «Тілін, оқуын, ғылымын білмек керек» деп жазды ол.

Алдыңғы қатарлы  орыс публицистикасы мен журналистикасынан  үлгі ала отырып Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнабаев еңбекші  бұқараны қанаушыларка, феодалдық патриархалдық  салт-сананың қалдықтарына, кертартпа ағымға қарсы күресті.

        Қазақ ағартушылары өз ұлтының  жазба әдебиетімен әдеби тілінің,  қоғамдық және ғылыми ой-пікірінің  негізін салумен бірге қазақтың  бұқарашыл публицисткасы мен  баспасөзінің негізін салды.

Сондай-ақ газет беттеріндегі басылымда А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейхан, М. Дулатұлы, М. Шоқай, М. Тынышбайұлы, Ш. Құдайбердіұлы, Ғ. Қараш, Р. Мәрсеков, Ж. Тілеулин, Ғ. Мұсағалиев, М. Жұмабаев, Х. Болғанбаев, Х. Ғаббасов, Ж. Ақпаев, Ж. Сейдалин, С. Торайғыров, А. Мәметов, С. Дөнентайұлы, Х. Досмұхамедұлы секілді тағыда басқа авторлардың мақалалары жарияланып тұрды. XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.

6.1. «Қазақ» газетінің  бас редакторы-Ахмет Байтұрсынов

  Ахмет Байтұрсыновтың Орынбордағы өмірі мен қызметі Ресей үкіметінің қатаң жандармдық бақылауында болды. Ол «Қазаққа» жабылған негізсіз жала салдарынан абақтыға отырып шықты. Байтұрсынов 1917 жылы революциялық өзгерістер арнасында өмірге келіп, қазақ тарихында терең із қалдырған Қазақ съездері мен Қазақ көтерілістері сияқты тарихи құбылыстың қалың ортасында жүрді, оларға тікелей араласып, «Қазақ» газеті арқылы саяси теориялық бағыт-бағдар беріп отырды. Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды. Байтұрсынов пен Дулатов қазақ арасында бұрыннан келе жатқан ру – жүзаралық алауыздыққа байланысты Алашорда үкіметінің құрамына саналы түрде енбей қалды, бірақ олардың қазақ ұлттық мемлекеттік идеясын жасаушы топтың ішінде болғандығын замандастары жақсы біліп, мойындады. Алашорда үкіметі құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсыновты бекітті. 1919 жылы наурызға дейін Алашорда үкіметінің Торғай облысы бөлімінің мүшесі болды. Байтұрсынұлы 1919 жылы наурызда Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды, осы жылғы шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-рев. к-ті төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Байтұрсыновтың ықпалымен сәуірде Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды. Байтұрсынұлы бұл тарихи кезеңде «патшалардың төрінде отырғаннан, социалистердің босағасында өлгенім артық» деген пікірде болды (ҚР ҰҚК архиві, 78754-іс, 6-т., 44-п). 1920 жылы В.И.Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады. Қазревком мүшесі ретінде Қазақстанның Ресеймен шекарасының қалыптасу ісіне белсенді түрде араласты.

«Қазақ» газеті халықтың рухын сергіткен ірі құбылысқа айналды. Байтұрсынұлы – әлеу-меттік мәселелерге, қоғамдық ой-пікірге ықпал жасаған публицист. Оның мақалалары ғылыми байыптауымен, өткір ойларымен сол кезеңнің шындығынан хабар береді. Абайдың қоғам өмірінің демокр. құрылысы туралы ойларын дамытып, саяси-әлеум. жағдай, оқу-ағарту, халықтың тұрмыс-тіршілігі туралы мәселелерді қозғады. Қазақ зиялыларының жан-жақты білімдар әрі саяси күресте шыңдалған легін қалыптастыруда Б-тың публицист, баспасөз ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі ұшантеңіз. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа үлгі ұсынған реформатор.

…Өзге оқыған мырзалар шен іздеп  жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын  жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша  заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті. Мұхтар Әуезов былай депті:

«Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі  елшілдік ұраны – «Қырық мысал», «Маса» ; «Қазақ» газетінің қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын».

Бірақ зорлықпен, күшпен дегенін болдырып үйренген большевиктер бұл ақиқатты теріске шығарып, оның есімін де, еңбегін де тарихтан өшіруге тырысып бақты. Оны бар ғұмырын адал қызмет етуге арнаған туған халқына жау етіп көрсетіп, «халық жауы» деген жалалы жамылғыны жауып, атқызды, атын атағандарды қуғынға салды. Бәрібір олар мақсатына жете алмады. Жала – бұлт, шындық – күн екен, заманы қайта туып, шындықтың шұғыласы өз нұрын төкті. Ұлтын сүйген ұлтжанды Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы өз халқымен қайта табысты.

Ахмет Байтұрсынұлы. Қазақ һәм түрлі мәселелер 

Қазаққа тәуел оңаша, яки басқалармен  бірге ортақ мәселелердің кеңеске бұрын түскендері де бар, бүгін түсіп жатқандары да бар һәм түсейін деп түрғандары да бар. Қазаққа қарасаң, сол мәселелер қазаққа тәуел я ортақ мәселелер сияқты емес, яки қазақ туралы болғанмен, не болып, немен біткені талғаусыз. Яғни жақсы болса, жақсы болды деп қуанбайтын, жаман болса, жаман болды деп күйзелмейтін бейне бір болмашы ғана мәселелер сияқты.

Сендердің кеңесейін деп отырғандарың мен туралы іс пе? Менің ісім болса, менің жайымды өзімнен артық  ешқайсың білмейсің! Маған керегі мынау деп, жаны бар, есі дұрыс адам айтпас па? Ондай тірлік біздің қазақта күні бүгінге дейін көрінбей тұр.

Бұрын қазаққа тәуел я ортақ  мәселелер қозғалған кезде, қазақ  үні шықпағанда ойлаушы едік: қазақта  газета жоқ, не істеліп, не болып жатқанын қайдан білсін? Біліп тұрса, қазақ та басқалармен қатар жандығын, жұрттығын білдірер еді ғой деуші едік. Мәселен, 1910-шы жылы бастауыш мектептер туралы Думада кеңес болғанда: мектептерде оқу орыс тілімен оқылсын, жасынан балалар орыс тіліне үйреніп, Россияға қараған басқа тілді жұрттар өз тілдерін ұмытып, орыс тіліне ауып, орыспен бірігіп, сіңісуіне жақсы деген. Сонда, жоқ, олай емес, әр халық бастауыш мектепте өзінің ана тілімен оқыту тиіс деп, орыстан тілі басқа жұрттар, оның ішінде біздің ноғай бауырларымыз, тұс-тұсынан те-леграмды жаудырып жатқанда, қазақ дыбысы естілмеген.

Қазақтар неге аузына су алғандай үндемей отыр дегендерге: қазақта  газета жоқ. Думада не мәселе қаралып  жатқанын қазақ білмей жатыр деуші  еді. Олай деп қазақты әншейін  ақтау үшін ғана емес, өзіміз солай ғой деп ойлағандықтан айтушы едік, әттең, газетаның жоқтығы! Төбе басына қойған қарауылшыдай көзіне ілінгенін, құлағына естілгенін мезгілінде білдіріп тұратын хабаршы газета болса, осы кемшіліктер қазақта болмас еді-ау деп, тісті қайрап, бармақты шайнаумен болып едік.Онан кейін: бүйтіп отырып қазақ жұрт қатарына еріп іс істей алмас, әр орында көзі жоқ соқыр, құлағы жоқ керең, тілі жоқ мақау болар да отырар. Бұған көз, құлақ, тіл болғандай нәрсе қажет деп, газета шығардық. Газета шыққаннан берлі қазаққа не керегін, ол не керегіне қолы жету үшін не керегін әркім білгенінше, қолынан келгенінше жазып жүр, құлағына салып жатыр. Қазақ туралы мұндай мәселелер қозғалып жатыр һәм қозғалмақшы, оны да газета жазбай тұрған жоқ. Мүфти мәселесі қозғалады деп жазылды, билік өзгеріледі деп жазылды, екі орыс, бір қазақ мәселесі жазылды, бауыздамай мал сою мәселесі жазылды. Қазақ көре, біле отырып, басқалармен қатар іс ете алмайтынын енді көрсетті. Жоғарғы айтылған төрт мәселенің екеуі, мәселен, билік пен екі орыс, бір қазақ - қазаққа ғана тәуел мәселелер, онан басқа екеу, мәселен, мүфтилік пен мал бауыздамау - Россиядағы барша мұсыл-мандарға ортақ мәселелер. Қазақтың басқалармен қатар жұрттық қыла алмайтындығы оңаша өзіндік мәселелерден сезілмесе де, ортақ мәселелерден анық көрініп тұр. Мүфтилік пен мал бауыздамау турасында басқалар не істеп жатыр? Қазақ не істеп жатыр? Қазақтың түріне қарағанда, айтылған төрт мәселе «не болса, ол болсын, бізге бәрібір» деген сияқты. Қазақ жайын білмейтіндер қазақ солай деп отыр екен деп һәм ұғады. Қазақ шала мұсыл-ман, оларға малды бауыздау, бауыздамау бір есеп, сондықтан олардың басқалардай күйзеле қоймайтыны дейді.

Малды бауыздау, бауыздамау қазаққа  бір емес екенін біз білеміз, басқалардың  қазақпен араласып жүргендері ғана біледі. Қазақтың қарасын көрмегендер қазақ жайын қайдан білер? Қазақ аң сықылды арам, адалды айырмайтын халық деп біледі. Жоғарыда айтылған мәселелер қазақтың нақ жанына бата қоймайтын мәселелер десе де, тіпті керексіз меселе деп білгендіктен емес. Қазақ керек қылмағандықтан үндемей отыр ма? Қазақ үндемей отырғаны естімегеннен емес, керексінбегендіктен емес, жандығының жоқтығынан, үрейсіздігінен. «Малды бауыздамай сойыңдар, мүфтиліктің қазаққа керегі жоқ, дінің жоғалу үшін екі орыс, бір қазақ болып отырыңдар. Тілің жоғалу үшін балаларынды баста-уыш мектептерде орыс тілімен оқытындар» деп біз айтсақ, үндемек түгіл, дүнияны басына көшірер еді. Дінді керек қылмайтын шала мұсылман деп отырған қазақтар діншіл болып, аузына су алғандай үндемей отырған молдалар шешен болып, үрейсіздер батыр болып, қандай бізге әкіреңдер еді! Оны басқалар білмесе де, біз жақсы білеміз. Билік туралы жазылғанда, «қазақтың дін ісінен басқа дүнияуи, ягни тіршілік істері, шариғатқа қарамай, билік қарауында болу керек, өйткені шариғат - бір айтылып, тас сияқты қатып қалған, өзгерілмейтін жол, тіршілік күн сайынбөзгеріліп тұрады. Сондықтан тіршілік ісі өзімен қатар өзгеріліп тұратын жолда боларға тиіс» деген сөз айтылып еді. «Шариғат тас сияқты қатып қалған» деген сөзге шамданып, орысша оқығандар дін жайын білмейді деп, Білмейтінімізді бетімізге басып, талай адамдар ашуланып,басқармаға хат жазды. Шариғат қатқан тас сияқты дегенге жаны күйзеліп хат жазып отырған қазақтар мұның әкесіндей жоғарыда айтылған мәселелер болмашы, жанға батпайтын мәселелер деп үндемей отырар ма? Үндемеу себептері басқа шығар дейміз. Ол себебін бізден гөрі қазақтың өздері, әсіресе молдалары артық білсе керек.

Біздін жайынан сөйлесек, орысша оқығандар дін жайын білмейді деп, ауыз аштырмайды, жеріме түстің деп, аяқ бастырмайды.Сондықтан біз дін істері туралы пікір айтуға тартынамыз. Қазақтың дін істері мынадай боларға керек деп, жоба сайлап, жөн көрсетіп отырған молдала-рымыз тағы жоқ. Біз бірдеме десек, шап етіп бетімізден алатындар көп. Дін істері туралы пікірін айтып, жоба көрсетуге бірі де жоқ.Мүфти жайынан жазатын қазақтан молда шықпаған соң, ноғай молдасы жазып отыр, 6-шы майда болатын Петербургтағы мұсылман кеңесіне барарлық қазақта қандай молда бар деп сұрағанға еш молданы көрсете алмай отырмыз. Өйткені іске жарарлық қандай молда бар екенін білмейміз. Онда барған молда қазандай қылып ораған сәлдесін көрсетуге бармайды. Қазақтың дін істері қай жөнді, қай тәртіпті болу жағынан толық мағлұмат берерге барады. Қараңғы халыққа түндікті бүркеп, қараңғылап қойып, шариғат соғатын молдалар қазақ арасында көп екенін білеміз, бірақ білімін жарыққа шығарып көрсетпеген соң, Петербург кеңесіне қайсысы жарайтынын біле алмадық. Білімін жарыққа шығарып жүрген қазақта бір-екі молда бар екенін де білеміз, бірақ олардың сөзін басқа молдалар қуаттамай тқрған соң, кеңестегі сөзін де қуаттамас деп, оларды да көрсете алмадық.

Сөйтіп, әуелі, біз туралы мәселелер  қозғалып жатыр екен деп, көңілі селт еткен қазақтарды көре алмай тұрмыз, екінші, қазақ рухани істері мынау  женді, мынау тәртіпті болуға тиіс деп, жоба жасаған молдаларды көре алмай тұрмыз һәм қазақтың рухани істері туралы Петербург кеңесіне барып, толық мағлұмат берерлік молдаларды да таба алмадық. Қазақтың өзіне арнап жеке мүфтилік бере қалса, мүфти, қазы, ахун, имам боларлық молдалар табылар ма? Әлде, деуге жарамаса да, ауыз жеуге жарайтын дейміз бе? Қазақ молдалары да жарыққа шығып, бет-жүзін керсетуі тиіс шығар дейміз.

6.2.Газеттің екінші  редакторы-Міржақып Дулатов

Халық жүрегіне ерекше қымбат тұлғалардың  бірі – Міржақып Дулатұлы. Жақаңның бар ғұмыры халқымен тығыз байланысты. Осы арада бір ғана жәйтке тоқталсақ, қазақтың азаттық қозғалысының алғашқы сәулесіндей жылт еткен “Серке” газетіндегі “Жастарға” атты өлеңі мен жариялана түсіп жабылып қалған “Біздің мақсатымыз” атты мақаласына биыл аттай жүз жыл толады.

М.Дулатұлының Ахмет Байтұрсынұлымен, Әлихан Бөкейханмен тығыз ынтымақтасып, “Қазақ” газетін шығару жөніндегі  атқарған қызметін екінші кезеңге жатқызамыз. Бұл жылдардағы редакцияның ішкі жұмысын ұйымдастырып, талай қиындықтарды бастан кеше жүріп, газеттің тарихи міндетін орындап шығуы үшін Міржақыптың тек өз қара басы тарапынан қаншалықты ерен күш жұмсағаны өз алдына. Бұл жерде оның бәрін тәптіштеп айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан біз оның бұл кезеңдегі шынайы азаматтық тұрғыдан бой көрсетіп, қазақ халқының ұлттық мүддесі үшін мемлекеттік тұрғыдан көтерген аса күрделі мәселелеріне ғана қысқаша тоқтала кетуді жөн көреміз.

Газеттегі Міржақып Дулатовтың «Земство не нәрсе?» атты мақаласы да заңға  шорқақ қазаққа оның мәнісін түсіндіру болып табылады. «…Біздің қазақты көптен билеп келе жатқан ояз, крестьянский начальник, пристав секілді төрелер. Жұрт ісі түгел бұлардың қолында, тұр десе тұрады, жат десе жатады. Крестьянский начальник қазақтың қандай приговорларын бұзуға ерікті. Қазақ жас бала мысалында. Жас болғанда қараушы, билеуші қандай керек, қазақтың да әрбір ісінде сондай билеуші, көздеушілер даяр тұрады. Бір кісінің тізгіні біреуде болып, еркі болмау қандай кемшілік болса, бір тайпа жұрттың өз еркі өзінде болмауы, онан мың есе жаман. Осы кезде қазақтың өзін-өзі билеп отырған бір ісі жоқ. Жұрттың тіршілік, шаруа істерін өзі билемей, төрелер билейтін жол зиянды екені айдай анық болған соң, ескіні қалдырып, жаңа заң шығару керек еді. Ол заңымыз земство, яғни жұрттың билігі өзінде болу. Ал жұрт өзін-өзі билей білуіне земствоның не нәрсе екенін анық түсініп таныстыруға керек. Земство ісінде жұрт өз хақын (правосын) білу тиіс. Жұрт білерге керек, земство халыққа қалай қызмет етеді һәм білерге керек земство мен үкімет арасы қалай болады. Міне, біздің мақсатымыз – қазаққа земствоның не нәрсе екенін мұнан былай түгел түсіндіру». 
           Газет қазаққа қатысты да тәржімалапты Міржақып Дулатов Троицкіде шығатын «Степь» газетінде орыс тілінде жазылған мақалалардың ішіндегі жарық көрген «Қазақ істері» деп аталған мақаланы тәржімалаған. Онда Торғай губернаторының адвокат Жанша Сейдалинді қабылдап, Қостанай шаһарында қазақтарға бас қосуға рұхсат берілмегені туралы әңгіме қозғайды. «…Сейдалин өз пікірін дұрыстауға тырысып, губернаторға әуелгі мәселе хақында айтты: Қазақтың жер мұңы ауылнай һәм волосной сиездерде тексеріледі дегеніңіз «Степное положениенің» 123 һәм 124 статьялары боларға керек. Бірақ ол статьяларда жер туралы мұң-мұқтаждар емес, жалғыз-ақ жер туралы дау-жанжалдар тексеріледі деген, сондықтан жер нормасын тексеру ауылной сьездердің ғана жеке еншісіне тиген нәрсе емес, бұлар 4 март 1906 жылдың законы бойынша ашылатын сьездерде қаралуға болады. Қазақтардың Қостанайда бас қосуға рұхсат сұраған себебі осы деген. Қазақтардың ішкі істер министріне һәм жер істерін билеуші жоғарғы мекеме бастығына 10 облыс – Дала һәм Түркістан уалаятының қазағы бас қосуға рұқсат сұрап берген арызына қалай қарайсыз, – деп сұраған сөзіне губернатор айтты: «Егер сіз жоғарғы хакімдерге арыз берсеңіз, мен ойлаймын, олар сізге нендей болса да жауап беруден бұрын менен сұрар. Білмеймін, бұған басқа облыстардың губернаторлары не айтар, менің жауабым баяғы сіздің телеграммаңызға берілген болар» яғни рұхсат бермеу жағында. Губернаторлардың заңды өз еріктеріне қарай бұрып алатыны, оған үкіметтің ешқандай да тыйым салмайтыны, арыз-шағымдарына бұратана ретінде жүрдім-бардым қарайтындары осыдан да байқалып тұрған жоқ па? 

Информация о работе Газет публицистері және олардың жариялаған мақалалары