Әдеби сын

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2012 в 23:25, реферат

Описание работы

Әдебиеттану ғылымы құрамдас негізгі үш бөлімнен тұрады: әдебиеттің теориясы, әдебиеттің тарихы және әдебиеттің сыны. Алғашқы екеуі біршама зерттелінген де әдеби сынның теориялық, методикалық жақтарына онша көңіл бөлінбей келеді. Соның салдарынан «Әдеби сын дегеніміз не?» деген сауалға әртүрлі жауаптар беріліп жүр. Л.Н.Толстой, Ю.Н.Тынянов, А.В.Луначарский, Л.Н.Новиченко, Б.Бурсов, т.б. әдеби сынды көркем әдебиетке жатқызады. Л.Н.Толстой «Сыншылар дегеніміз жазушы боламын деп талап қылып, жолы болмағандар» дейді. Ал Ю.Н.Тынянов «Сынның өзі әдеби жанр ретінде сезінгінде», «әдебиеттің бағытын ұстағанда» барып оқырманның да, қаламгердің де кәдесіне жарай алады деп жазады.

Работа содержит 1 файл

Реферат Әдеби сын.doc

— 86.00 Кб (Скачать)

Әдебиеттану ғылымы құрамдас негізгі үш бөлімнен тұрады: әдебиеттің теориясы, әдебиеттің тарихы және әдебиеттің сыны. Алғашқы екеуі біршама зерттелінген де әдеби сынның теориялық, методикалық жақтарына онша көңіл бөлінбей келеді. Соның салдарынан «Әдеби сын дегеніміз не?» деген сауалға әртүрлі жауаптар беріліп жүр. Л.Н.Толстой, Ю.Н.Тынянов, А.В.Луначарский, Л.Н.Новиченко, Б.Бурсов, т.б. әдеби сынды көркем әдебиетке жатқызады. Л.Н.Толстой «Сыншылар дегеніміз жазушы боламын деп талап қылып, жолы болмағандар» дейді. Ал Ю.Н.Тынянов «Сынның өзі әдеби жанр ретінде сезінгінде», «әдебиеттің бағытын ұстағанда» барып оқырманның да, қаламгердің де кәдесіне жарай алады деп жазады. Ол өзінің осы пікірін Карамзин, Пушкин туралы жазған тарихи роман-зерттеулері арқылы дәлелдегендей де болды. А.В.Луначарский сыншы көркемдіктің заңдылықтарына сүйене отырып, образдар әлемінде әрекет ететіндіктен де оның суреткер болуы керек деп біледі. А.Б.Бурсов сынның көркем әдебиет екендігін дәлелдеп, бір кітап жазды. Бұл пікірді жақтаушылар әдеби сын көркем әдебиет бар жерде ғана өмір сүретін, әдебиеттің өзін-өзі танып отыратын құралы, яғни ажырамас құрамды бір бөлігі екенін алға тартады. Сын мақалалардың негізгі кемшілігі деп, олардың көркем тілмен жазыла бермейтіндігін, сол себептен де оқырманның жүрегіне жол таба алмай жататындығын айтады. Қазақтың Т.Кәкішев, С.Қирабаев, Ш.Елеукенов, С.Әшімбаев, Т. Тоқбергенов, т.б. әдебиет зертеушілері де осы пікір жағында.

Енді бір пікірді айтушылар  сынды ғылымға, әдебиеттануға жатқызады. А.С.Пушкиннің «Сын – ғылым. Сын - өнер мен әдебиет туындыларындағы сұлулық пен кемшіліктерді ашып отыратын ғылым» деуінің өзі бұл пікірдің тамырының қаншалықты тереңде жатқандығын аңғартса керек. Орыс тілінде шыққан «Әдебиеттануға кіріспе», «Әдебиет теориясы» оқулықтарында сынды әдебиеттану ғылымының бір саласы деп түсіндіреді. Қазақ ғалымдары Қ:Жұмалиев, З.Қабдолов, К.Сыздықовтар да осы пікірді ұстанады. Жоғары оқу орындарында әдеби сын әдебиеттану ғылымының құрамдас бөлігі ретінде оқытылып келеді.

Мәскеу университетінің профессоры А.Бочаров «Сын - журналистика» дейді. МГУ-дің журналистика факультетінде әдебиеттің сыны кафедрасы жұмыс істейді. Сынның түрлі мәселелерінен ғылыми жұмыс жазғандар «журналистика» мамандығы бойынша диссертациялар қорғауда. Бұл пікірдегілер әдеби сын баспасөздің бетінде ғана өмір сүре алады, баспасөз жоқ болса, сын да жоқ, баспасөз қоғамдық-мәдени өмірдің түрлі салаларын қалай қамтып жазса, көркем әдебиет туралы да солай жазады, әдебиет туралы жазылғанды әдеби сын дейміз дегенге жүгінеді.

Кейбір зерттеушілер әдеби сынды эстетиканың сөз өнерін зеттейтін саласы ретінде таниды. Ю.Борев, А.Егоров, Б.Лукьянов сияқты ғалымдар әдеби сынды эстетикалық тұрғыдан зерттеп, көлемді монографиялар жазды. Еуропада да әдеби сынды эстетика ғылымының бір саласы деп қарау ыңғайы басым.

Тағы бір пікір әдеби сынды  идеологияға жатқызады. Бұған Кеңес  өкіметінің тұсында әдеби сынды  компартияның әдебиет саласында  өз саясатын жүргізу үшін иделогиялық  құрал ретінде пайдаланылғандығы негізгі дәлел ретінде алынады.

Жоғарыда айтылғандардан әдеби сын табиғатының аса күрделілігі көрінеді. Бұл пікірлердің бәрі де дұрыс. Дұрыс еместігі – қайсысы болса да бір ғана пікірді жақтап, әдеби сынның басқа да сыпаттарын жоққа шығаруында. Әдеби сын – аса күрделі құбылыс. Ол күллі әлеуметтік-мәдени ғылыми аренда қазмет ететін әлеуметтік мәдени сананың сан қырлы бір саласы.

Қазақ халқының эстетикалық талғымының қалыптасуына оның өмір сүрген ортасы, айналысқан шаруашылығы, қалыптсқан әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері тікелей әсер етті. Ертеден кешке дейін малдың соңында жүрген қазақтың ойы сан тарапқа шарықтап, көңілі көкке  қалықтап, ән салмайтыны, өлең шығармайтыны жоқ-тұғын. Кешке ауылға жиналғанда сол көрген-білгендерін майын тамызып әңгімелеу, шығарған өлең жырларын орындап беру дәстүрге  айналғған. Сөз өнеріне деген талғамы сұлу табиғаттың аясында төрт түлік малдың артында жүріп қалыптасқан. Өзі де бұл жағынан құралақан емес тыңдаушы алдында өлең-жыр, көркем әңгіме айту оңайға түспеген. Халықтың арасынан сөзге икемі бар адамдар сұрыпталып шығып, сөз өнерін кәсіп ете бастады. Олар белгілі бір эстетикалық қажеттілкті өтеу үшін халық алдында халық алдында шаршы топта өнер көрсетіп, халықтық эстетиканың тезінен өтті. Ғасырлар бойғы жасалынған ауыз әдебиеті заманалар бойы халқымыздың рухани қажеттілігін қанағаттандырып, уақыт пен халықтың қатал сынынан өтіп бізге жетті.

Сыншылдық ой-пікірдің барынша өткір көрінген жері  - ақындар айтысы болды. Басқа халықтар әдебиетінде онша кездесе бермейтін ақындар айтысы – қазақ әдебиетіне ғана тән ерекше құбылыс. Бірден суырып салма салып айтылған айтыс өлеңдерінде қарсылас жақтың кемшіліктерімен бірге сөз саптауларындағы селкеуліктер де қатал сынға ұшыраған. Орынды айтылмаған бір ауыз сөздің өзі қанша мықты ақын болса да жеңіліске ұшыратып отырған. Өткен ғасырларда небір классикалық үлгілері жасалынған айтыс өнері бүгінгі  күндері де жемісті жалғасын тауып келеді.

Өнер бар жерде оған деген  пікір де бар. Қазақ әдебиетінің  тарихындағы ең алғашқы жазба  үлгілер саналатын Күлтегін мен Білге қағанның басына қойылған құлпыстастардағы сына жазулардың өзінде де көркемдік, сыншылдық сыпат аңғарылады. Қорқыттың желмаясына мініп алып, жерұйықты іздеуі, әр аймаққа берген бағалары әр жердің табиғатын терең талдап бере білген ғұлама қарт даналығы сөз құдіреті арқылы бізге жетіп отыр.

Екінші Аристотель атанған отырарлық әл-Фараби сөз өнері жайлы да бірнеше еңбектер жазып қалдырды: «Сөз ғылымын жүйелеу», «Аритотель еңбектеріне түсіндірме», «Өлең кітабы», «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат», «Поэзия туралы», т.б. Ол өзінің еңбектерінде араб-парсы поэзиясын зерттеп, олардың он бір заңдылық-талаптарын көрсетеді. Олардың ішінде қазақ өлеңіне де қатысты сөздің бейнелілігі, ұйқас, бунақ, ырғақ, әуезділік, буын, тармақ, шумақ хақында да ғылыми пікірлер білдірген.

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігі» түркі халықтарының ортақ асыл сөз қоймасы, іспеттес талай ғасырдың тәжірибесінен туған даналық, шешендік сөздер, мақал-мәтелдер, ой-толғамдар  туысқан халықтармен қатар қазіргі қазақ тіліне де үндес. Осы кітаптағы «ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз», «таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді», «сөз қалады, таяқ табы кетеді» , «тіл мен сөз – көңілдің айнасы» деген сияқты тіркестер сөз өнеріне деген биік талапты, эстетикалық талғамды, сыншыл ойларды аңғартады.

Махмұд Қашқаридың «Диуани лұғат-түркінде»  де сөз өнері жайлы ойлы өрнектер баршылық. «Тәрбие басы  - тіл», «Жақсы адамға сөз ереді», «Ауыз көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» сияқыт тіркестерден түркі халықтарының өміріндегі тілдің маңызы айқын көрінеді. М.Қашқаридың сөздігінде қазақ өлеңіне ұқсас шумақтар мен жырлардың көбірек орын алғандығы байқалады.

Х.А.Иассауидың төрт жүз шумаұтан тұратын  «Диуани Хикмет» кітабы – күллі  түркі әлемі қадір тұтатын  аса бағалы еңбек. Өмір сүрудің жалпыға ортақ қарапайым қағидаларын ұсынған бұл кітап адамгершілік қасиеттердің асыл қазынасы іспеттес. Автор өмірде кездесетін түрлі әділетсіздіктерді аяусыз сынап, адамшылықтың ақ туын биікке көтерді.

XV ғ. Жеке хандығы құрылып, қазақ халқы тарих сахнасына шыққан кезден бастап, сөз өнері биік шыңдарға шықты. Халық арасынан шыққан ақын-жыраулар ел билігіне араласты. Орақ ауызды ақын-жыраулардың, дуалы ауызды би-шешендердің беделі ел арасында аса жоғары болды. Қазақ хандары ел билеу істерінде сөз ұстаған беделді ақын-жырауларды, билерді өасына тартып, солар арқылы халықпен тіл табысып отырды.

  XV-XVІІІ ғ. жасаған қазақ ақын-жыраулар поэзиясында философиялық ойлар, дидактика басым, өмірге сын көзімен қарап, ойға түйгендерін өз замандастарына, кейінгі ұрпаққа насихат, өсиет ретінде ұсынады. Мұндай сөздерді ел арасында аса беделді ақындар мен жыраулар ғана айта алған. Қазтуған, Ақтамберді, Тәтіқара, Қожаберген, Үмбетей, Бұқар сияқты әрі ақын, әрі қайраткер жыраулардың ой-толғамдары қазақ үшін өмірдің мәнін түсінудің әліппесі іспеттес. Ақын-жыраулардың поэзиясында адамдардың бір-бірімен негізгі қатынас құралы тілге де ерекше мән берген. Осындай ойларын мақал-мәтел дерлік поэзиялық шумақтар арқылы түйіндеп отырған.

ХІХ ғ. Қазақ даласында орысша білім  алған зиялы азаматтар шыға бастады. Солардың ішінде Шоқан, Ыбырай, Абайлардың жұлдызы ұлттық мәдениетіміздің көгінде жарқырап жанды. Қазақтың тұңғыш ғалымы атанып жүрген Ш.Уәлиханов әдебиет жайлы да пікірлер айта білді. Ол Жетісуға, Ыстықкөлге, Жоңғарияға, Қашқарияға сапарлары кезінде ел арасынан әдебиет үлгілерін жинады. Қазақтың «Қозы Көрпеш Баян Сұлу» жырын, қырғыздың «Манас» дастанының «Семетей» тарауын алғаш рет қағазға түсіріп, пікір айтты. Шоқан қазақ халқының ақынжандылық қасиеті, сөз өнері жайлы аса құнды пікірлер білдірді. Қазақ поэзиясын алғаш рет ғылыми тұрғыдан зерттеп, жүйеледі. «Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы» зерттеуінде өлеңді бес түрге бөледі: жыр, өлең, қайым өлең, қара өлең, жылау. Осылардың әрқайсысына арнайы тоқталып, түсініктер, мысалдар келтіріп отырған.

Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқына айтарлықтай қызмет жасаған аса көрнекті мәдениет, әдебиет қайраткері. Торғай даласында алғашқы қазақ мектебін ашуы, оқулық ретінде «Қырғыз хрестоматиясын» жазуы – үлкен тарихи оқиға. Қазақтың бай ауыз әдебиетә ішінен, басқа халықтар әдебиетінен аудармалар жасап, кітапқа енгізгенде Ыбырайдың сыншылығы педагогтік бағытта көрінеді. Ол шығарманың тәрбиелік маңызын ғана емес, сонымен бірге оның оқушы санасына жетуіне тікелей әсер ететін жас ерекшелігі, ұлттық психолгия, жеке мүддесі сияқты мәселелерді де ескеріп отырған.

Абай қазақ әдебиетінің классигі болумен бірге сыншылдық ойды барынша биікке көтерген сыншы да бола білді. Оның поэзиясының шыңына шығуы өзіне дейінгі қазақ ақындарының өлеңдеріне сын көзімен қарап, солардан қорытынды жасауының нәтижесінде ғана болды. Жалпы қазақ ақындарының ішінде сөз өнеріне Абайдай биік талап қоя білген ақын жоқтың қасы. Керек десеңіз, Абай өзіне дейінгі қазақ поэзиясына көңілі толмаған. Абай оннан астам өлеңінде тілдің құдіреті, өлеңнің қалай болуы керектігі жайлы пікір білдіреді. Өлеңді күн көрмекшілікке, ермекке айналдыруға қарсы шығып, өнер ретінде қарайды. Ол жазған «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңмен жазылған поэзияның теориясы іспеттес. Абайдың қазақтың бірсыпыра мақал-мәтелдеріне пікір айтуы, оның әдеби сыншылық дарынының аса күшті болғанын дәлелдейді.

Қазақ даласында баспасөздің тууы шын мәніндегі жазба әдебиеті сынның пайда болуына тікелей  әсер етті. Алғашқы сын мақалалар  «Түркістан уалаятының газеті» (1870-82) мен  «Дала уалаятының газеті» беттерінде көрінді. «Түркістан уалаятының газеті»  бетінде Орынбай, Мәделіқожа, Досанбай, Шоқан жайлы материалдар жарияланып кейбір өлеңдері жарық көрді. Бұларда көркемдіктен гөрі қоғамдық мәніне көбірек назар аударылды.

«Дала уалаятының газеті» беттерінде қазақ тілі жайлы бірсыпыра мақалалар  жарияланып, оларда тіл тазалығы мәселесі көтерілді. Пікірталасқа М.Ж. Көпеев, Ә. Бөкейханов, А. Құрманбаев, О. Әлжанов, Д.Сұлтанғазин, Р.Дүйсенбаев сияқты белгілі азаматтар қатысты. Сөйтіп «Дала уалаятының газеті» мен «Түркістан уалаятының газеті» баспасөз бетінде әдеби пікірлердің ояна бастауына айтарлықтай еңбек сіңірді.

Ағартушы-демократ жазушы М.Сералиннің басшылығымен Троицкіде шығып тұрған «Айқап» журналы қазақ әдебиетін  өркендету жолында үлкен қызмет атқарды. Журналда М.Сералиннің, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, Ш.Құдайбердиевтің, С.Торайғыровтің, С.Дөнентаевтің т.б. шығармалары жарияланды. Журналда «Кітаптар жайынан» атты айдар бойынша жаңа шыққан кітаптар туралы пікірлер ұдайы беріліп тұрды.

А.Байтұрсынов пен М.Дулатов  шығарып тұрған «Қазақ» газетінің  ұлттық рухани дамуымызда алатын орны ерекше. Газетте сынның барлық жанрлары жетіліп, айқындала түсті. «Қазақта» А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны», Ә.Бөкейхановтың «Қарақыпшақ Қобыланды», «Қалқаман-Мамыр», М.Дулатовтың «Абай», «Ахмет-Яссауи», «Шоқан», «Надандық құрбаны», «Манап» драммасы, Р.Мәрсековтың «Қазақ әдебиеті жайынан», Арысұлының «Роман не нәрсе?» т.б. мақалалары жарияланып, әдеби ой-пікірді айшықтай түсті. Ұлтжанды азаматтардың сыни пікірлері ой тереңдігімен, талдау тартымдылығымен, әділ сындарымен көзге түседі. Мысалы, А.Байтұрсыновтың «Қазақтың бас ақыны» ұлы Абайдың ақындық болмысын, поэтикалық қуатын қысқа да нұсқа түрде ашып берген тарихи мақалы болды. ӘБөкейхановтың «Қобыланды батыр» жайлы мақаласы әлеуметтік талдау тереңдігімен, эпостық тарихи тамырларын ашып көрсетуімен құнды. Сонымен «Қазақ» газетінде әдеби сынның негізгі жанрлары қалыптасып, әдеби өмірде өзіне лайықты орнын алуға ұмтылды. «Қазақта» жарияланған әдеби шығармалардың ұлттық сипаты айқын болды: әдеби сын көркем шыгармаға ұлттық мүдде, көркемдік мұрат тұрғысынан талаптар қоя білді. «Қазақ» әдеби сыны жоғары биіктерден көрінді.

ХХ ғ. басында «Айқап», «Қазақ», басылымдарымен бірге «Алаш», «Үшжүз», «Сарыарқа», т.б. газеттері мен «Абай» журналы шығып тұрды. Бұл газеттер аз ғана уақыттын ішінде бірсыпыра көркем шығармалар мен мақалар жариялап үлгерді. Солардың ішінде Ж.Аймауытов пен М.Әуезовтың шығарып тұрған «Абай» журналының қызметі жемісті болды. Журналдың мақсаты халықтың санасын оятып тура жолды көрсету болса, үлкен міндеті ұлы ақынның әдеби мұрасын халыққа насихаттау болды. Осы бағытта біршама жұмыстар атқарды. Абайдың поэзиясы туралы зерттеулерге, мақалаларға кең орын берілді. Мысалы М.Әуезовтың «Абайдың өнері һәм қызметі» атты зерттеу мақаласы жарық көрді.

Көркем әдебиеттің дамуына  әдеби сын дамуы тікелей тәуелді. Өйткені, әдебиет – сынның зерттеу обьектісі. Зерттейтін, пікір айтуға тұрарлық әдебиет болғанда ғана сын дами алады. Он тоғызыншы ғасыр орыс әдебиетінің алтын ғасыры аталса, сол дәуір В.Г.Белинский, Н.Чернышевский, Н.Добролюбов, В.Пирарев сынды атақты сыншыларды шығарды.

Сонғы зерттеулерге қарағанда  Қазан төңкерісіне дейін қазақ тілінде мыңнан астам кітап жарық көрген. Олардың арасында ауыз әдебиетінің үлгілері, ақындардың шығармалары, шығыстың қисса-дастандары да бар. Жаңа кітаптардың шығып жатуы әдеби ой-пікірдің өрістей түсуіне бірден-бір негіз болды. Әсіресе қазақ әдебиеті үшін 1909 жыл ерекше. Осы жылы қазақтың ұлы ақыны Абайдың өлеңдер жинағы, М.Дулатовтың «Оян, қазағы», А.Байтұрсыновтың «Қырық мысалы» тұңғыш рет кітап болып жарық көрді. Үш кітаптың шығуы қазақ әдебиетінде ғана емес, сонымен бірге әдеби сыншыл ойдың дамуында да айтулы оқиға болды.

1917 ж. Қазан төңкерісі  қоғамдық – саяси, экономикалық  өзгерістер мен қатар мәдениет  пен әдебиетке де жаңа талаптар  әкелді. Саяси билікті қолына  алған пролетариат әлеуметтік-шаруашылық  саласындағы саясатын көркем  әдебиетте де жүргізуді қолға алды; яғни көркем әдебиетке де пролетариат басшылық жасап, әдебиеттен жұмысшы табының бағытын насихаттауды талап етті. Бүкіл мәдениет саласында басшылыққа алынған бұл саясатты пролеткульт деп атады. Бұл теория бойынша қазақ халқының өткен ғасырларда жасаған әдебиетінің барлығы дерлік халыққа жат саналды. Абай феодализмнің ақыны, ары кеткенде капиталшыланған феодал ақана аталды. Пролетарият әдетиетінің басты сипаты революцияны, жұмысшы табын, жаңа социалистік, советтіе қоғамды, коммунистік партияны жырлаудан көрінді. Әдебиеттің көркемдік қасиеттеріне емес, компартияның саясатын үгіттеген, насихаттаған идеялық жағына ерекше көңіл бөлінді. Әдеби сыннан компартияның әдебиет саласындағы пролеткульттік саясатын жүзеге асыру талап етілді. Әдеби сын партияның идеологиялық қаруына айнала бастады.

Информация о работе Әдеби сын