Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2011 в 08:21, биография

Описание работы

Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870-950) – қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскер басының отбасында дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдад шаһарларында білім алған. Әбу Наср әл-Фараби ? түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, «Әлемнің 2-ші ұстазы» атанған ғұлама. Оның заманы «Жібек жолы» бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің гүлденген кезіне дәл келді.

Работа содержит 1 файл

Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл.docx

— 36.59 Кб (Скачать)

     Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870-950) – қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскер басының отбасында дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдад шаһарларында білім алған. Әбу Наср әл-Фараби ? түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, «Әлемнің 2-ші ұстазы» атанған ғұлама. Оның заманы «Жібек жолы» бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің гүлденген кезіне дәл келді. Әбу Наср әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол философия, логика, математика, астрономия, медицина, музыка, тіл білім, әдебиет теориясы т.б. ғылым салалары бойынша қыруар көп ғылыми еңбектер жазды. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Алайда оның көптеген шығармалары ел арасында қолжазба күйінде тарап, бірте-бірте жоғалып қала берген. Фараби еңбектерінің кейбір тізімдері ғана сақталған. Соның өзінде ұлы ғалым еңбектерінің саны жөнінде нақтылы деректер жоқ. Мәселен, Фараби шығармаларының санын неміс ғалымы Ш. Штейшнейдер 117 еңбек десе, түрік ғалымы А. Атеш 160, ал Совет ғылымы Б. Ғафуров 200 трактат деп көрсетеді. Ұлы ғалымның ұшан-теңіз еңбектерінен біздің заманымызға дейін сақталып, бүгінгі ұрпақтың қолына тигені қырыққа жуық шығарма болады. Әйтсе де осы қырық шақты еңбегінің өзі ақ Әл-Фарабидің энциклопедист-ғалым, дарынды әдебиетші, ұшқыр ойлы ақын болғанын толық дәлелдейді. Әрине Әбу-Насыр әл–Фараби ең алдымен кезінде «Шығыстың Аристотелі» атанған есімі әлемге мәшһүр философ болды. Ол көне заманның Платон, Аристотель, Гален сияқты ақыл-ой алыптарының шығармалары туралы көптеген трактаттар мен түсіндірмелер жазды. Сөйтіп, Фараби Шығыс пен Батыстың ғылыми қауымын грек философиясымен, логика ғылымымен, ежелгі мәдениетпен таныстыруда зор роль атқарды. 
      Фарабидің “Ақылдың мәні туралы тарихтан”, “Данышпандықтың інжу маржаны”, “Ғылымдардың шығуы”, “Философияны оқу үшін алдымен не білу керек”, “Аристотель еңбектеріне түсіндірме” (“Поэтика”, “Риторика”, “Категориялар”, “Метафизика”, “Герменевтика”, бірінші және екінші “Аналитика”) сияқты зерттеулері оның есімін әлемге философ ретінде танытты. Фарабидің Аристотель философиясына мұнша зейін қоюында үлкен мән бар. Аристотель талаптты да, жан-жақты білім иесі, данышпан адам. Фараби Аристотельдің әлеуметтік-қоғамдық идеяларын дамыта отырып, өз тарапынан да “Кемеңгерлік меруерті”, “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы”, “Мәселелердің түп мазмұны”, “Ғалымдардың шығуы”, “Бақытқа жету”, “Азаматтық саясат”, “Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері” сияқты көптеген сындарлы философиялық еңбектер жазған. Фараби бұл еңбектерде дүние, қоғам, мемлекет, адамдардың қатынастары т.б. туралы заманнан озық тұрған пікірлер, пайымдаулар айтады. Ұлы ғалым нағыз гуманист ретінде адам ақыл-ойының жан-жақты дамып, табиғат пен қоғам сырын толық ашуы мүмкін екеніне кәміл сенеді, адамзат қоғамындағы барлық проблемаларды шешуге қабілетті ең басты күш-ақыл-парасат деп біледі. Әл-Фараби өзінің “Ізгі қала тұрғындарының көзқарасы” атты кітабында бірқатар қоғамдық, әлеуметтік, этикалық мәселелерді сөз етеді. Мұндағы “қала” деп отырғаны – мемлекет. Ғалым бұл шығармасында мемлекеттің пайда болуы, ондағы менсіздіктің өмірге келуі, идеал қала халқының моралдық бейнесі, мұндай қала әкімдеріне қажетті адамгершілік қасиеттер, әрбір адамның бақытқа жетуі үшін бүкіл қоғам болып, бірігіп тіршілік етуі керектігі, т.б. мәселелер жайындағы өз пікірін ортаға салады. Алайда Фараби өз дәуірінің перзенті еді. Сонымен Фараби болашақ қоғамда адамдардың емін-еркін өмір сүретін, қоғам мүшелерінің бәрі тең, бірін-бір құрметтейтін, бақытты қоғам ретінде суреттейді. Бүкілхалықтық бақытқа жетудің бірден – бір жолы ғылымды, білімді игеруде деп білді. Үлкен ғұлама, ойшыл ретінде қайырымды мемлекет барша халықтың бақыты туралы армандады. Ал, енді Фараби ұлы гуманит феодалдық соғыстарға, ел-жұртты тонауға, тақ пен тәж үшін болған қан төгістерге, әділетсіздікке қарсы шықты, адамның еңбекке, білімге, бейбіт өмірге деген құқын қорғауға әрекет жасады. Фараби Аристотель еңбектерін барлық қорынан зерттей отырып, өзі де жаратылыстану ғылымдарымен көп айналысқан. Ол ғылым күшін барынша насихаттап, адам ақыл-ойының дүние танудағы құдіретін дәріптейді. Фараби ғылымының салаларын меңгеріп, тамаша табыстарға жеткен. Фараби ғылымының философиялық-логикалық ірге тасын дұрыстап қайта қалап шықты, ғылымды оқу және оқыту ретін белгіледі.

      Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 164 трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің «Метафизика», «Категория», «Бірінші және екінші аналитика» сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған).

       Әбу Наср әл-Фараби заманының әлеуметтік-саяси көзқарастарын, тіл мәдениетін, философиялық-гуманитарлық (философия, логика, этика, эстетика, саясат, социология, лингвистика, поэзия, шешендік, музыка) және жаратылыстану (астрономия, астрология, физика, химия, география, космология, математика, медицина) ғылымдары салаларын терең меңгеріп, осы бағыттарда өзі де құнды ғылыми жаңалықтар ашты. Әбу Наср әл-Фарабидің философиялық көзқарасында басты үш бағыт анық аңғарылады: ол дүниенің мәңгілігін мойындады; танымның болмысқа тәуелділігін растады; ақыл-парасат туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен тәуелділік бастауларын құдіретті Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан дүниесінен, түр мен материя арақатынасынан іздеді. Аристотель кағидаларынан өз дүниетанымына жақындарын қабылдады және оны осы тұрғыдан түсіндірді. Әбу Наср әл-Фарабидің философиялық көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен байланыстырып қарағанда ғана терең түсінуге болады. Орта ғасырларда философиясына, ойдың дамуы діни ілім негіздеріне сүйенді. Демек, Әбу Наср әл-Фарабидің философиялық ілімін де өз кезеңінің діни түсініктері тұрғысынан карастырған лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе, «Аспан астындағы дүние» ілімінен неғұрлым айқын көрінеді.

     Бұл Аристотельдің жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл ? тек «аспан астындағы дүниенің» қозғалыс себебі ғана емес, өз алдына логос. Осы дүниенің заңдылығы ? жер бетіндегі дүниеге іштей тән ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы, яғни әлемдік сана ? мәңгі. Адам болса, дүние салады, өткінші. Осыдан барып жанның мәңгі екенін және басқа жаққа ұшып кетуін бекерге шығару туады, мұның өзі діни қағидалар мен философияның арасындағы күреске тиек болған тезис еді. Ұлы ойшыл философияға үлкен мән берді, оған көп үміт артты. Ол философияны қоғамды оятатын зерде, парасат шамшырағы, халықты әділетті қоғамға жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік - этикалық күрделі мәселелердің шешімін, уақыт талаптарының жауабын табатын әдіс деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс ойланып, ойды әрекеттену үшін философияның 9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы», «Мемлекет қайраткерлерінің канатты сөздері» және т.б. саяси - әлеуметтік трактаттарында қайырымдылық пен бақыт мәселесіне кеңірек тоқталды. Қайырымдылық дегенде, акыл-ой, әділдік, бақыт және теңдік идеяларын құптаған ежелгі ойшылдар дәстүріне сүйенді. Тек бақыт туралы нақты білімі бар, оған жету жолдарын айқын білетін, соған сәйкес әрекет жасайтын қауым ғана қайырымдылыққа икемді екенін ескертті. Әбу Наср әл-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана, рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымына қолы жетпейді деп ескертеді. Әбу Наср әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары «Фусул әл-мадани» («Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері») трактатында қаралады. Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да, негізінен, бір мақсатқа, адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған.

«Тамаша қала тұрғындарының көз-қарастары туралы» деген саяси трактатында мемлекеттің шығуы, қызметі проблемалары өзара байланыста қарастырылады. Мемлекет адамдардың өз қажеттерін мүмкіндігінше жақсы құру мақсатымен бірігуі арқылы қалыптасады дейді. Қысымға, өктемдікке негізделген, сыңаржақ адам басқарған мемлекетті айыптады. Әл-Фарабидің еңбектерінде үлгілі қоғамның жобасын жасауға талпыныс болды. Ол мемлекетті адамдардың қажеттігін қанағаттандыру мақсатымен жасалған бірлесудің нәтижесі деп есептеді.

     Адамзат қоғамын Фараби мынандай жіктерге бөледі: ұлы қоғам (жер бетіндегі мекендеген барлық адамдардың, халықтардың бірлестігі); орта қоғам (белгілі бір халықтың қоғамы), кіші қоғам (адамдардың жеке қалаларға бірігуі). Ол сондай-ақ мейірімділік, зұлымдық, еңбекке көзқарас туралы моральдық категорияларды басшылыққа ала отырып, қала-мемлекеттерді игілікті, ұжымдық, жеккөрінішті деп те жіктейді. Өзінің «Фусул ал-мадани» («Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері») деген шығармасында: «Адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылыми өркен жайған елде тұруға тиіс», – дейді. Аталған трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да негізінен бір мақсатқа – адам мен қоғамның арақатынасына, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты – денелік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы.

Фараби  «Азаматтық саясатта» қоғамдық мәселелерді  талдауды қаладан бастаса, «Нақыл сөздерде...»  ол мұны ең кішкене ұядан – от басынан немесе үйден бастайды.

Аристотель  сияқты ол үйді бірнеше бөлікке –  ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі. Үйдің өзіне тән  мақсаты болады, бірақ қаланың  бір бөлшегі болғандықтан, ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада  адамның өз басының мүдделерін қоғам  мүдделеріне бағындыру туралы пікір  айтылады. Бұл жерде Фарабидің  қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық  гуманизмнің биік көріністерін табамыз.

    Әбу Наср әл-Фараби өзінің «Риторика», «Поэзия өнері туралы», «Бақытқа жол сілтеу» туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық туралы білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді. Этиканы ең алдымен, жақсылық пен жамандықты ажыратуға мүмкіндік беретін ғылым деп қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі тұжырымдамаларында жақсылық, мейірбандық категориясы басты орын алады. Ғұламаның этикалық ойларынан терең гуманизмнің лебі еседі, ол адам баласын жаратылыстың, бүкіл жан иесі атаулының биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп түсінді. Фараби жасаған қорытыңдының басты түйіні — білім, мейірбандық, сұлулық үшеуінің бірлігінде. Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін дәріптеді. Фараби көркемдік, сұлулық хақында былай дейді: оның пікірінше, көркемдік өмір шындығының өзіне тән қасиет, ол болмысгы нақты түрде бар құбылыстардың, әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі. Көркемдік — адамның денесі мен рухани жан-дүниесінің адамгершілік қасиетінің сұлулығын көрсететін белгі деп саналды. 
      Фараби "Бақытқа жол сілтеу" трактатында бақытқа, оған жетуге бастайтын жолға айрықша назар аударады. Әл-Фараби өлгеннен кейінгі баянсыз бақыт туралы емес, тірі адамның бақыты туралы айтады. Оған жету үшін адам өзін-өзі жетілдіре отырып, қиын жолдан өтуі керек. Адамның табиғи қабілеті өздігінше жақсы қылықты да, жаман қылықты да істеуге бірдей мүмкіндік береді. Адамның жетілуі мінез-құлықтьщ жетілуімен үйлес келеді, осыдан келіп бақытқа жету мен мінез-кұлықтын жетілуі арасында байланыс туады. "Бақытқа жол сілтеу" трактатында және басқаларда әл-Фараби Аристотельдің әрекеттену мен қайырымды істердегі орта шама туралы пікірін дамытады. Фараби ұстамдылықты жақсы кұлық деп есептейді, ал ұстамды болу үшін, шамадан тыс молшылық болса, одан жетіспеушілікке қарай ауытқып, ондай молшылықтан арылуымыз керек және керісінше, жетіспеушілік болса, біз молшылық жағына қарай ауытқуымыз керек, сөйтіп, мінез-құлқымызда ұстамдылықты қалыптастырғанша осылай ете беруіміз керек. Жоғарыда айтылғандар әл-Фарабидің адам өміріндегі "жақсылық" пен "жамандық" "тәңірден" болмай, оларды адамның өзі тандауға болатын жағдайда белсенді әрекет факторына қандай зор маңыз бергенін көрсетеді. 
      Аристотельдің "Никомахтың этикасында" (1-кітап, параграф 1) келтірілген схемасын негізге ала отырып, әл-Фараби философияны теориялық және практикалық деп екіге бөледі. Теориялық философия өзгермейтін, өткінші емес заттарды, практикалық философия өзгертуге немесе жасауға болатын заттарды зерттейді. Философия, әл-Фарабидің білуінше, адамда ғана болатын "ең ерекше" игілік, ақыл, парасат арқылы меңгеріледі. Ақыл, парасаттың қызметі қалай болса солай бет алды жүргізілмеуге тиіс, онда мақсаттылық сипат алады. Оның негізін логика өнері қарастыратын ойлаудың дұрыс әдістері құрады. Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастағаны жөн. Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды. 
Әл-Фарабидің азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі ойлары "Фусул ал-мадани" ("Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері") трактатында қаралады.Бұл трактаттың тақырыптары әр түрлі болса да, негізінен бір мақсатқа — адам мен қоғамның арақатынасы, оның жетілуіне арналған. Еңбектің өзіне тән бір ерекшелік сипаты — тәндік және рухани құбылыстардың салыстырылып отыратындығы. -Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. Өйткені жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін жамандыққа айналдырады. 
   Жетік философ теориялық ғылымдарды да білуге, бұл ғылымдарды басқа ғылымдарда да қолдана білуге тиіс. Платон мен Аристотель нағыз философқа әкімнің міндеттері жүктелуге тиіс деп санады, бірақ Платонның пікірінше, философ өзгермейтін ақиқаттарды меңзеп, мемлекетті басқаруды жоғары мақ-сатқа жетуге бөгет жасайтын ауыртпалық деп есептейді, ал әл-Фараби, керісінше, тіршілік істерден бойын аулақ салмайды, қайта адамдардың ақиқатқа жету жолына түсуіне көмектесуге тырысады. Бұл арада әл-Фараби дін мен философияны салыстырады. Оның пікірінше, дін философияға ұқсас: екеуі де жоғары принциптерге, бар заттардың бастамаларына түсінік береді. Бірақ философия дәлелдеуді, дін сенуді керек етеді. Заң шығарушы өте жақсы пайымдаудың арқасында адамның мүдделеріне сай келуге тиіс зандарды дұрыс жүзеге асыра  алады. Имам — ең жоғары дәрежеде теориялық білімі және ойшылдық қайырымдылықтары бар адам, мұның өзі оған адамдарға ақылшы, жетекші болып, оларды бақытқа жетуге бағыттап отырады. Сонымен, "философ", "заң шығарушы", "имам" және "бірінші басшы" ұғымдары бір нәрсеге келіп қосылады. Олар бір мақсатқа қызмет етеді, бірақ бұл мақсатты әр түрлі әдістермен жүзеге асырады. Адамдар бірлестіктерінің ерекшелік белгілері болып табылатын теориялық және практикалық қайырым-дылықтарға тек философияның көмегімен жетуге болады деп тұжырымдайды ұлы ғұлама. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды.Аудармалары арқылы Еуропаны антикалық кезең даналармен қайтадан табыстырған, жаратылыстың, болмыстың заңдылықтарын терең зерттеген ғалым, трактаттарының басым бөлігін қоғам мен жеке адам, мемлекет пен оны басқару, ақиқат жолы, адам баласын бақытқа жеткізетін жол іздеу, адам өміріндегі ізгілік мәселелеріне арнаған екен. Осы орайда оның «Қайырымды қаланың тұрғындарының көзқарастары хақында» трактатының орны бөлек. Трактаттың арқауында – адамдардың бәрі бір-біріне мейіріммен қарайтын, бір-біріне көмектесу арқылы адамзаттың асыл арманы – оның Адам деген асқақ арманына лайық идеалды қоғамға жету жолдары қарастырылған. Онда ұлы ғалым нағыз гуманист ретінде адамның ақыл-ойының жан-жақты дамып, табиғат пен қоғам сырын толық ашуы мүмкін екеніне кәміл сенеді, адамзат қоғамындағы барлық проблемаларды шешуге қабілетті ең басты күш – ақыл-парасат деп біледі. Болашақ қоғамды адамдардың емін-еркін өмір сүретін, қоғам мүшелерінің бәрі тең, бірін-бір құрметтейтін, бақытты қоғам ретінде суреттейді. Бүкілхалықтық бақытқа жетудің бірден-бір жолы ғылымды, білімді игеруде деп білді.

      «Қайырымды қаланың тұрғындарының көзқарастары жайында» трактатында ұлы ойшыл ар-ра'ис әл-аууал – мемлекет басшысына 12 талап қояды. Ең алдымен, ол табиғатында басқаруға бейім, бүгінгіше айтсақ – тумасында лидер болуы керек. Екіншіден, ол бойындағы Құдай берген қабілетін жүзеге асыруға деген ерік-жігері мол, алға қойған мақсатынан таймайтын «саяси жігерге» ие тұлға болуы тиіс. Сонымен қатар табиғатынан зерек, жаңалықты тез қабылдайтын алғыр, өткеннің сабақтарын, атадан қалған заңдарды жақсы білетін, яғни өткенге ілтипатпен қарайтын дәстүршіл, әр сөзін өзгенің санасына жеткізе алатын шешен, білімге құштар, ойшыл, ертеңді болжай алатын кемеңгер тұлға болуы тиіс. Шындықты, ақиқатты сүйетін, әділ басшы, батыл шешімдерді тез қабылдай алатын жүректі болуы керек. Сондай-ақ дені сау, кез келген әскери істі атқаруға қабілетті, тіпті, құмар ойындардан алыс жүретін, сақ, өнерге жақын, әдепті адам болуы тиіс.

«Ақиқат басшы деп өзінің мемлекетті басқару  қабілеті арқылы мемлекет тұрғындарын  ақиқат бақытқа жеткізуді алдына мақсат етіп қойған тұлғаны айтуға болады. Өйткені басқару өнерінің мәні мен мақсаты да осы – адамдарды  шынайы бақытқа жеткізу. Демек, игілікті мемлекеттің басшысы да ең бақытты  адам болуы тиіс, өйткені ол қаланың  өзге тұрғындарының бақытқа жетуінің себепкері болып отыр» – дейді  дана ойшыл «Фусул әл-мадани» –  «Мемлекет қайраткерінің даналығы»  еңбегінде. Ендеше жаңа мемлекеттің  бастауында тұрған, оны көрегенділігі  мен басқару шеберлігі арқылы замананың небір қиын тұстарында қатал сындардан алып өткен басшыны ел Президентін бақытты адам деп айтуға толық хақымыз бар. Қазір жеке адам қайда болса да, қоғаммен тығыз байланыста бола алады. Демек, тұлғаның, азаматтың мемлекеттік мәселелерге тығыз араласып, өз дауысын тікелей жеткізе алатын жүйенің қажеттігі туындайды. Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны ерекше. Себебі, адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде, адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты. Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз. Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі. Адамзат саясаттың сиқырлы сырын, құбылмалы кұбылысын өте ерте заманнан түсініп-білгісі келді. Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдін ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән-мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстық қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Ақыл мен адамгершілік, қайырымдылық өзара табиғи түрде байланысып жатқан құбылыстар екенін түсіндіреді. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, адам өзінің мінез-құлқын жетілдіре түсу үшін, ең алдымен, ол өзіне-өзі мейлінше адал болуы тиіс. Сонда ғана адам өз бойындағы ізгілікті қасиеттерді барынша жетілдіре түсуге мүмкіндік алады. Әл-Фараби «қандай шебер әдістің жәрдемімен жақсы мінез-құлыққа жететінімізді қарастыруымыз керек» дей келіп, әзіл мен күлкі сияқты құбылыстарға моральдық-этикалық тұрғыдан баға береді. Қоғамдағы әрбір құбылыс шектен шығып кеткен жағдайда адамға теріс әсер ететіні сияқты адамның мінез-құлқындағы шамадан асып кеткен көріністер де ізгі қасиеттерге кері ықпалын тигізеді. Осы пікірін түйіндей келіп, Фараби: «әзілқойлық-әзілді шектен тыс қолданудан болады.  
Ал әзілдеу оңай болғандықтан, біз соған бейім бола бастаймыз. Енді бізге қалғаны бір шеткеріліктен екінші шеткерілікке немесе орташа мөлшерге ауысуды жеңілдету үшін қандай амалдар бар екенін білу» деп жазады.
Әл Фараби тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиенің теориясы ғылымға негізделуі қажет деп санады. Ол ғылымда тарихи үрдіс деп түсініп, ғылым жүйелі түрде құрылған білімнің жоғарғы формасы деген анықтама берген. Фараби сонымен бірге оқу-ағарту мен тәрбие туралы, еңбек мәдениеті туралы ілім жасады. Еңбектің өзі өнер. Ал еңбек тәрбиесі сол өнерден туындайды, әрбір адамды еңбекке баулиды, еңбек шеберлігін үйретеді.Олардың еңбек ету дағдысын қалыптастырады деген болатын Фараби. Фарабидің пікірінше, оқу, тәрбие, білім алу, еңбек ету, ғылым адамы болу адамгершілік және еңбек тәрбиесіне тығыз байланысты. Фараби ең алғаш еңбекті, таза еңбекті, адал еңбекті тәрбиенің алғы шарты етіп алды. «Тәрбиені неден бастау керек», «Философияны үйрету үшін алдын-ала не білу керек» еңбектерінде ғылымды, оқу-ағартуды меңгеру, білім тәрбие алу, еңбекке үйрену, философияны меңгеру тәрбие әдістеріне байланысты екенін ғылыми тұрғыда дәлелдейді. Осы негізде ол оқыту мен тәрбиелеудің мақсаттарын жеке-жеке анықтайды. «Ғылымдар тізбесі», «Ғылымдардың шығуы» еңбектерінде ғылымдарды үйрену, реттерін белгілейді және тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің тарихи тағылымын, үлгісін, болашақ ұрпаққа өнеге, тәлім етіп қалдырады.  
Әл Фараби жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, еңбекке үйретіп, еңбек тәрбиесін беретін адамды(ұстаздық ететін адамды) өте жоғары бағалаған. Оның ойынша тәрбиеші адам (қазіргі мұғалім) «мәңгі нұрдың қызметшісі». Ұлы ойшыл Фараби тарихи шындықты, еңбекті, тәрбиені, оның ішінде еңбек тәрбиесін адамның игілігі, бақыты үшін қолдануды армандады.

Адамның игілікке жету жолдары туралы ойларын  Фараби «Сол кездің өзінде» экономиканың, саясаттың, мемлекеттік құрылыстың, отбасы тәрбиесінің, еңбек тәрбиесінің  мәселелеріне байланыстыра отырып, аса  қажет мызғымас берік негізге  сүйенеді. Сондай-ақ ол қоғамды ақылмен  дұрыс басқарудың шарттары жөнінде  батыл пікір айтқан ғұлама. Өйткені  адам бақытты болуға лайық және сол  бақытын табуға тиіс.  «Адам өз заманында жақсы да дұрыс басқарылатын қоғамда ғана шын мәнісінде бақытты өмір сүре алады»/3, 12-б/-дейді данышпан. Сөйтіп, Фараби адамның өмірлік  іс әрекетіне үлкен мән бере отырып, еңбек қана адамды жануарлар дүниесінен бөліп, оқшау көрсететінін ғылыми тұрғыда дәлелдеді. Адамзат қоғаманың өмір сүруіне ең керектісі оның материалдық тұтыну қажеттері дегенді бірінше орынға қойып, осынау маңызды мәселе төңірегіндегі теріс көзқарастарды үзілді-кесілді жоққа шығарады.  
     Фараби адамдар бір-бірімен келісіп, тіл табысып отыруы  керек деп есептеді. Әділеттіліктің қалыптасқан нормасы, әмбебап заңдар қажет екендігін ескерте келе ол заңдардың тәрбие арқылы жүзеге асатындығын дәйектейді. Оның ойынша, еңбексіз заң да, қоғам да ілгері дами алмайды. Ұлы ойшылдың заң күші туралы осы айтқандарынан қоғамдық келісімдер туралы идеяның алғашқы ұрығы жатқандығын аңғару қиын емес. Бұл идея Еуропада көп кейін өріс алды. Кейбір шығармаларында Фараби өз тұсындағы қоғамды астыртын ғана сынап отырды. Ондағы етек алған озбырлықтар мен қаталдықты, ақыл мен адамгершілік, еңбек тәртібі ұстанымдарының  орасан бұрмалауынан деп түсіндірді.  
Еңбек және еңбек тәрбиесінің ғылыми негізін қолдануда ХІІғасырда жазылған «Фарабидің энциклопедиясы» атты еңбектің маңызы өте зор. Әсіресе мұның трактат ретінде ғылым тарихында алатын орны айрықша. Бұл трактат «Ғылымдар энциклопедиясы», «Ғылымдар реті», «Ғылымдар классификациясы», т.б. аттарымен Шығыс және Батыс елдерінде өте ертеден-ақ мәлім  болған.  
Бұл еңбектің құндылығы, оны басқа халықтардың өз қажетіне жаратып, оның еңбек заңдарына, еңбек адамдарының өз жұмысына саналылықпен, ұқыптылықпен қарап, өндірісті дамыту, еңбек өнімін, жеке адамның еңбекке құштарлығын, ынта-жігерін арттыру мақсаты көзделгендігінде

      Дүние жүзі мәдениетінің дамуында із қалдырған сол көрнекті қайраткерлер, шындығында, адамзат мөдениетінің бірлігін паш етіп келеді. Әл-Фараби осындай дүние жүзілік тарихи тұлғалардың санатына қосылады. Ол туған елінің мәдени байлығын, иранның, үндінің ежелгі дүние мәдениеттерінің жемістерін бойына дарытты. Дәл, сондықтан да, ол таяз ұғымдар мен соқыр сенімдерден жоғары көтеріле білді, өзінің ойлау жүйесін сындарлы да икемді ете білді. Әл-Фараби өз заманындағы өнер-білімнің ең асылын таңдап ала білді, өз дәуірінің шынайы энциклопедиясын жасап берді. Оның терең мағыналы пікір айтпаған, жете зер салмаған, данышпандық болжам жасамаған бірде-бір білім саласы жоқ деуге болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл