Консулдық құқұық

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 10:39, реферат

Описание работы

Шетелде уақытша немесе тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары нотариалдық әрекеттерді жасауда Қазақстан Республикасының консулдық мекемелеріне жүгінеді. Нотариустан басқа Қазақстан Республикасының атынан консулдық мекеменің лауазымды адамдары келесі әрекеттерді жасай алмайды Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті иеліктен алу туралы мәмілені куәландырмайды; шаруа қожалықтарының мекемелік

Работа содержит 1 файл

Консулдық мекемелердің лауазымды қызметкерлері жасайтын нотариалдық әрекеттер.docx

— 21.82 Кб (Скачать)

Консулдық мекемелердің лауазымды қызметкерлері жасайтын нотариалдық әрекеттер

Консулдық мекемелердің лауазымды қызметкерлері жасайтын нотариалдық әрекеттер

Шетелде уақытша немесе тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары нотариалдық әрекеттерді жасауда Қазақстан Республикасының консулдық мекемелеріне жүгінеді. Нотариустан басқа Қазақстан Республикасының атынан консулдық мекеменің лауазымды адамдары келесі әрекеттерді жасай алмайды Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлікті иеліктен алу туралы мәмілені куәландырмайды; шаруа қожалықтарының мекемелік құжаттарын куәландырмайды; мүлікті иеліктен алуға тиым салуды ала алмайды және алып тастай алмайды; мұраны сенімді басқармаға бере алмайды. Қазақстан Республикасының заң актілерінде консулдық қызметті жүзеге асыратын лауазымды адам жасайтын өзге де нотариаттық іс-әрекеттер көзделуі мүмкін. Консулдық лауазымды адам – бұл жерде консулдық қызметті жүзеге асыратын, консулдық мекеменің басшысын қоса алғандағы адам бола алады. Консул – бұл бас консул, консул, вице-консул немесе консулдық агент, консулдық мекеменің басшысы болып табылады. Тек Қазақстан Республикасының азаматтары ғана бола алады.

Қазақстан Республикасының консулдық мекемелері аумақтан тыс Қазақстан Республикасының құқығы мен мүдделерін, халықаралық қатынаста болатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғай алады. Консулдық мекеме болып, Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілінің консулдық бөлімі, бас консулдар, консулдар, вице-консул және консулдық агенттіктер табылады.

Консулдық мекемелер Қазақстан Республикасының шетел істері Министрлігіне бағынышты және келу елінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілінің жетекшілігімен әрекет етеді. ҚР дипломатиялық өкілінің консулдық бөлімдері консулдық бөлім меңгерушісімен жұмылдырылады. Бас консулдар, консул, вице-консул және консулдық агенттіктерге сәйкес жұмылдырылады.

«Нотариат туралы» Заңнан басқа ҚР-ң консулдық мекемелерінің лауазымды адамдары нотариалдық әрекеттерді жасау кезінде 1999 жыл 27 қыркүйек «ҚР-ң консулдық жарғысына» жүгінеді. Консулдық жарғының 3-ші бөлімінде консулдық жиналысты өндіріп және консулдық жекешелендіру, нотариалдық әрекеттер жасау бойынша консулдық функциялары бекітілген.

Консул – Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғалары оларға келу мемлекеттің заңнамасымен және қатысушылары ҚР мен келу мемлекеті болып табылатын халықаралық шарттармен, сондай-ақ халықаралық дәстүрлермен берілген барлық құқықтарды толық көлемде пайдалануы үшін шаралар қолдануға міндетті (Консулдық Жарғының 23-бабы).

Келу мемлекетті және ҚР қатысатын халықаралық шарттармен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, нотариалдық әрекеттерді жасау кезінде келу мемлекетінің құқық нормалары қолданылады. Консул келу мемлекеті мен ҚР қатысатын халықаралық шарттардың талаптарына сәйкес құрастырылған құжаттарды қабылдайды, сондай-ақ егер ол Қазақстан Республикасында жарияланған халықаралық шарттарда қарастырылмаған келген мемлекеттің заңымен көрсетілген жазу үлгісі түрінде куәландыруды жүргізеді.

Консулдық жекешелендіру келу мемлекетінің заңымен әрекет ететін құжаттарға сәйкес тексеру жасалады. Оны басқа мемлекеттерде қолдану мақсаты мен осындай құжаттар мөрмен және лауазымды адамдардың қойған қолымен куәландырылады және көрсетіледі. Осы биліктен шығатын немесе биліктің консулдық округінің қатысуы кезінде құрастырылған құжаттар мен актілерді консул жекешелендіреді.

Шетелдерде және Қазақстан Республикасының аумағында көрсетiлген консулдық iс-әрекет үшiн консулдық алымдар алынады. Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 509 бабына сәйкес консулдық алымдар – бұл мемлекеттік баждың түрі. Консулдық алымдардан басқа аталған iс-әрекеттi көрсетуге байланысты шығындардың да орны толтырылуға тиiс. Консулдық алымдардың ставкалары, төлеу тәртiбi және консулдық алымдарды есепке алу Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi қабылдайтын Қазақстан Республикасының консулдық алымдарының тарифiмен белгiленедi. Консулдық алымдар шетелде - консулдық мекеме орналасқан елдiң валютасымен, Қазақстан Республикасында теңгемен алынады. Консулдық алымдардың тарифін Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып белгiлейдi. Консулдық алымдар Қазақстан Республикасының бюджетiне есептеледi.

Заңның 36 бабы Қазақстан Республикасының атынан Консулдық қызметтi жүзеге асыратын адамдар жасайтын нотариаттық iс-әрекеттер тізімін қамтиды Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлiктi иелiктен алу туралы шарттардан басқа мәмiлелердi куәландырады; мұраға құқық туралы куәлiктер бередi; ерлi-зайыптылар мен ортақ бiрлескен меншiк құқығындағы мүлкi бар өзге де адамдардың ортақ мүлiктегi үлеске меншiк құқығы туралы куәлiктер бередi; құжаттардың көшiрмелерi мен олардан алынған үзiндiлердiң дұрыстығын куәландырады; құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландырады; құжаттардың бiр тiлден екiншi тiлге аудармасының дұрыстығын куәландырады; азаматтың тiрi екендiгi фактiсiн куәландырады; азаматтық белгiлi бiр жерде болу фактiсiн куәландырады; құжаттар берiлген уақытты куәландырады; жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн басқа жеке және заңды тұлғаларға бередi; ақшаны депозитке қабылдайды; сақтауға құжаттар және бағалы қағаздар қабылдайды; теңiз наразылықтарын жасайды; дәлелдемелердi қамтамасыз етедi. 
 
Уважаемый пользователь! Материал может содержать устаревшие данные, ошибки (устаревшую экономическую статистику, утратившую силу закона, нормативные акты и т.п.). Поэтому перед сдачей рекомендуем самостоятельно проверить содержание работ.  
Желаем успехов!

\  

Информация о работе Консулдық құқұық