Бағалау қызметін құқықтық реттеу

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 14:20, доклад

Описание работы

Нарықтық экономика қарқынды дамып жатқан заманда кез келген мүлік, жер, бизнес бағалауды қажет ететіні даусыз. 2000 жылы 30 қарашада ҚР «Бағалау қызметі туралы» Заңы қабылданды. Қазіргі таңда елімізде төрт мыңға жуық бағалаушы тіркелген. Қазақстандық бағалаушылар шетелдік әріптестерімен тығыз қарым-қатынас орнатып, жыл сайын тәжірибе алмасу жұмыстарына қатысып, біліктілігін арттырады. Жуырда Алматы қалалық Әділет департаментінде өткен «Бағалау қызметін дамытудың құқықтық аспектілері» атты жиында еліміздің бағалау қызметіне қатысты қордаланған мәселелер талқыланды.

Работа содержит 1 файл

Бағалау қызметін құқықтық реттеу.docx

— 19.99 Кб (Скачать)

   Нарықтық экономика қарқынды дамып жатқан заманда кез келген мүлік, жер, бизнес бағалауды қажет ететіні даусыз. 2000 жылы 30 қарашада ҚР «Бағалау қызметі туралы» Заңы қабылданды. Қазіргі таңда елімізде төрт мыңға жуық бағалаушы тіркелген. Қазақстандық бағалаушылар шетелдік әріптестерімен тығыз қарым-қатынас орнатып, жыл сайын тәжірибе алмасу жұмыстарына қатысып, біліктілігін арттырады. Жуырда Алматы қалалық Әділет департаментінде өткен «Бағалау қызметін дамытудың құқықтық аспектілері» атты жиында еліміздің бағалау қызметіне қатысты қордаланған мәселелер талқыланды.

   Еліміздегі бағалау қызметінің дамуы экономиканың көркеюімен тікелей байланысты. Қазіргі таңда қазақстандық кәсіпкерлер шетелдермен тығыз қарым-қатынас орнатып, ел экономикасын тағы бір белеске көтеріп отыр. Осыған орай бағалау қызметі де әлемдік стандарттарға теңестірілетіні заңды. Алайда әлеумет еліміздегі бағалау қызметі туралы толыққанды құлағдар емес. Алматы қалалық Әділет департаменті ұйымдастырған жиынның негізгі мақсаты - бағалау қызметінің алдағы даму аспектілерін қарастырып, аталмыш қызметті халыққа насихаттау. Жалпы, Қазақстандағы бағалау қызметінің даму жолдары Елбасының 2009 жылғы №858 жарлығында бекітілген «2010-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат концепциясында» қарастырылған. Концепцияда бағалау қызметі нарықтық экономиканың құралы ретінде танылып, құқықтық реттеуді қажет ететіндігі айтылған. Жиынға қатысқан алматылық бағалаушылар бағалау қызметін ел экономикасының инновациялық дамуына және әлемдік стандарттарға сәйкестендіріп, құқықтық-әдістемелік жағынан дамытуды ұсынды. Бағалаушылардың алдында тұрған негізгі міндет - бағалау қызметінің сапасын арттыру. Міндетті орындау үшін бағалау қызметін халықаралық стандарттар аясында жүзеге асыру, бағалау қызметі саласында мемлекеттік реттеу жүйесін жетілдіру және мемлекеттік бағалау стандарттарын анықтау, сонымен қатар бағалаушы мен бағалаушылар палатасы және тұтынушылар арасындағы байланысты нығайту қажет. Ағымдағы жылдың мамырында Әділет министрлігі бағалау қызметіндегі әкімшілік кедергілерді жою мақсатында «Бағалау қызметі туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізді.

   Бағалау қызметін мемлекеттік реттеу туралы Бағалау қызметі заңының 

15- бөлімінің  18,19,20-баптарында айтылған.

18-бап  Қазақстан Республикасында бағалау  қызметінің жүргізілуін құзырлы  орган құқықтық актілермен сәйкестендіре  отыра  бақылайды. Құзырлы органдардың  міндеттеріне келесілер жатады:

1) бағалау  қызметінің аумағындағы мемлекеттік  саясатты іске асыру

2) нормативтік  құқықтық актілерді құру, бекіту;ҚР  бағалау қызметі заңын тәжірибеде  қолдану

3) бағалау  стандарттарын құру және бекіту

4) бағалау  қызметін лицензиялау

5) бағалау  қызметімен айналысатын адамдарды  квалификациялық экзамен өткізу  арқылы тексеру

6) бағалау  қызметіндегі мамандарды профессионалды  қайта дайындау программаларын  бекіту

7) бағалау  қызметінің барлық субъектілеріне  теңдей шарт қою арқылы мүлкті  бағалау нарығында бәсекелестік  жағдайдың болуына ықпал тигізу

8) Бағалау  қызметі субъектілеріне бағалау  қызметі жайлы консультативтік  қызмет көрсету

9) бағалау  қызметіне мемлекеттік бақылау  жүргізу

  Бағалау қызметін лицензилау ҚРның заңнамасына  сәйкес жүргізіледі.

Бағалау қызметімен айналысқысы келетін  адамдардан олардың квалификациялық  деңгейін анықтау үшін экзамен қабылданады.Ол үшін арнайы  комиссия құрылады.Комиссияның  құрамы тақ саннан құралу керек,кем  дегенде бес адамнан тұруы  қажет.Квалификациялық комиссияның  құрамында міндетті түрде бағалаушылар палатасының  өкілі  болуы абзал  және де олардың саны жалпы комиссия санының екіден бірін құрауы керек. Бұл экзаменге «Бағалау» мамандығы  бойынша жоғары білімі бар немесе жоғарғы техникалық,экономикалық білімі бар адамдар қатыса алады.Экзаменнен өткендер үш жұмыс күні уақытында  квалификациялық экзаменді тапсырғаны жайлы құзырлы органның шығарған шешімін  алады.Бұл экзаменнің ережелері  ҚРның Үкіметімен бекітіледі.

   Бағалау қызметін реттеу-бағалаушылардың қызмет сапасын жоғарлатуға және олардың  белгілі бір критерилерге сай  болуларына бағытталған профессионалды бағалаушылар ұйымының немесе мемлекеттік  органдардың немесе олардың біріккен іс әрекеттер жиынтығы. Реттеу келесі процедуралардың шегінде жүргізіледі:

• Бағалау процедураларына деген методикалық талаптарын анықтау

• Бағалаушының моральды этикалық қасиеттеріне деген талаптарын анықтау

• Бағалаушының профессионалды дайындық және практикалық жұмыс тәжірибесіне дегенталаптарын анықтау.

    Бағалау  қызметін реттеумен ҚР Минюст болып  табылады.Бірақ официалды түрде  бұл функцияны орындау МЮ РКның  ешбір комитетіне жүктелмеген.Ол функцияны  көбінесе регестрация жүргізу және құқықтық қызмет  көрсету Комитетінің  бағалау қызметін лицензиялау бөлімшесі  жүргізеді. Сонымен бірге МЮ РК да интеллектуалды меншік  Комитеті бар. Олар мтериалдық емес активтерді  бағалаумен айналысады,әлде де толықтай емес.Мүлік  құын бағалау құқықтық реттеудің  маңызда сферасы болғандықтан Минюста  бағалау қызметін реттеумен айналысатын  жеке Комитет құрылғаны жөн болар  еді.

Минюст  Рк тек қана бағалау қызметіне  бақылау жүргізіп қана қоймай, Қазақстанда  бағалау бойынша  координатор  қызметін атқаруы қажет,Ведомствааралық  Кеңес бағалау қызметі жайлы  шешім шығаратын негізгі аналитикалық орган болғаны жөн.Кезінде  Ведоствааралық Кеңестің  жоқтығынан бағалау қызметінде пайда болған сұрақтардың шешімін табу ұзаққа созалатын.ҚР бағалау қызметі жайлытолықтырулар мен өзгертулер енгізу жайлы заңдық актілер Парламентте 4  жыл бойы қаралған

   Мүлікті бағалаудағы мемлекеттік саясаттың  түсінігі елдің тұрақты мәдени және әлеуметтік экономикалық  дамуына  әсерін тигізеді. Бағалау қызметіндегі мемлекеттік саясат бағалаушылар мен  олардың қызметі туралы негізгі  талаптарын анықтайды,бағалау қызметін реттеудің құықтық негіздерін бекітеді.

Бағалау сапасын бақылау жүйесі:Бағалау  қызметін реттеу жүйесін жетілдіру  үшін:

Ø Нарықтың барлық субъектілеріне міндетті бірдей бағалау есептемесінің құрамын орнату

Ø Жалпығы бірдей экспертизаны өткізуді құру,яғни оның құрамы,зерттелу тереңдігі,кезеңдері,тексеру элементтері, праматрлері бойынша отчет құру

Ø Эксперттерге деген квалификациялық талаптарын құрастыру

Жалпы, еліміз бағалаудың халықаралық RІСS стандартына  көшуді көздеп отыр. Бұл - Ұлыбританияның мамандандырылған бағалаушылармен жасалған стандарт «Amerіcan Appraіser».

Бағалау қызметін реттейтін бірнеше үкіметтік  қаулы бар. Біз 4 стандартқа сәйкес қызмет атқарамыз. Қазіргі таңда төрт мыңға  жуық бағалаушы тіркелген. Оның 60 пайызы Алматыда қызмет атқарады. Кең байтақ еліміз үшін төрт мың маман аз. Алдағы мақсат - қазақстандық бағалау қызметінің стандартын шетелдік стандарттармен ұштастыру. Бағалаудың халықаралық стандарттары жыл сайын өзгеріп отырады. Сол стандарттар өзгеру барысында қазақстандық стандарт та ескерілуі тиіс.

Информация о работе Бағалау қызметін құқықтық реттеу