Автомобиль көлiгi туралы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 15:13, реферат

Описание работы

Осы Заң автомобиль көлiгi саласында тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.

Работа содержит 1 файл

Автомобиль көлiгi туралы.doc

— 244.00 Кб (Скачать)

Автомобиль  көлiгi туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шiлдедегi N 476 Заңы     

 Осы  Заң автомобиль көлiгi саласында  тасымалдаушылар, жолаушылар, жүк  жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа  да жеке және заңды тұлғалар  арасында туындайтын қатынастарды  реттейдi.

1-тарау.  Жалпы ережелер 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар     

 Осы  Заңда мынадай негiзгi ұғымдар  пайдаланылады: 
      1) автобус - жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, сегiзден аса отыратын орны бар, жолаушылар мен багаж тасымалына арналған автокөлiк құралы;     

2) автовокзал - жолаушылар легi тәулiгiне бес  жүзден астам адам болатын,  жолаушыларға және автобустардың  жүргiзушiлерiне қызмет етуге арналған  және оған: жетпiс бестен астам  адам сиятын күту залы және  билет кассалары бар күрделi ғимарат, жүргiзушiлердi медициналық куәландыру және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету пункттерi, сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсiруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, автобустарды қарау посттары, диспетчерлiк пункттер және ана мен бала бөлмесi кiретiн құрылыстар кешенi;     

3) автокөлiк  құралдарын техникалық пайдалану  - автокөлiк құралдарын қауiпсiз  пайдалануды ұйымдастыруға және  қамтамасыз етуге бағытталған  iс-шаралар, техникалық әсер ету  (диагностикалау, техникалық қызмет ету, жөндеу) кешенi;     

4) автомобиль  көлiгi - негiзгi қызмет аясы автокөлiк  құралдары мен инфрақұрылымды  пайдалана отырып, жолаушылар, багаж,  жүктер мен почта тасымалын  ұйымдастыру және жүзеге асыру  болып табылатын экономика саласы;      

5) автомобиль көлiгi инфрақұрылымы - тасымалдың үздiксiз процесiн, сондай-ақ автокөлiк құралдарының қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз ететiн құрылыстар кешенi (автовокзалдар, автостанциялар, жүк терминалдары, автокөлiк құралдарына техникалық қызмет ету және оларды жөндеу станциялары (шеберханалары), автокөлiк құралдары сақталатын құрылыстар);     

6) автомобиль  көлiгi құралы (бұдан әрi - автокөлiк  құралы) - автобустар, шағын автобустар, жеңiл және жүк автомобильдерi, автомобиль тiркемелерi, ершiктi тартқыштарға жартылай тiркемелер, сондай-ақ арнайы бейiмделген автомобильдер (жүктердiң белгiлi бiр түрлерiн тасымалдауға арналған) және арнаулы автомобильдер (әртүрлi, көбiнесе көлiкке арналмаған жұмыстарды орындайтын) кiретiн автомобиль көлiгi жылжымалы құрамының бiрлiгi;     

7) автомобильмен  тасымалдау - автомобиль жолдары  арқылы автокөлiк құралдарымен  жүзеге асырылатын жолаушылар, багаж,  жүктер немесе почта тасымалы;      

8) автомобильмен  тасымалдаушы (бұдан әрi - тасымалдаушы) - меншiк құқығымен немесе өзге  де заңды негiздерде автомобиль көлiгi құралдарына иелiк етушi, жолаушыларды, багажды, жүктердi немесе почтаны тасымалдауда ақыға немесе жалға қызметтер көрсететiн және соған белгiленген нысанда берiлген лицензиясы немесе тиiстi рұқсаты бар заңды немесе жеке тұлға;     

9) автостанция  - жолаушылар легi тәулiгiне бес  жүз адамнан аз болатын, жолаушыларға  және автобустардың жүргiзушiлерiне  қызмет етуге арналған және  оған: жетпiс бес адамға дейiн  сиятын күту залы және билет  кассалары бар күрделi ғимарат,  сақтау камералары, жолаушыларды отырғызуға және түсiруге арналған перрон, автобустар тұратын алаң, диспетчерлiк пункттер кiретiн құрылыстар кешенi;     

10) багаж  - Жолаушылар мен багаж тасымалы  ережелерiнде белгiленген нормалар  шегiнде, буылып-түйiлген және  автобустың, шағын автобустың багаж бөлiмшесiнде немесе автобусқа, шағын автобусқа iлесiп жүретiн багаж автомобилiнде, сондай-ақ тасымалдаушымен қосымша келiсiм негiзiнде таксимен тасымалданатын жолаушы мүлкi;      

11) жеңiл  автомобиль - жолаушылар мен багажды автомобильмен тасымалдауға арналған және жүргiзушiнiң орнын қоспағанда, отыратын орны сегiзден аспайтын автокөлiк құралы;      

12) жолаушы  - автомобильмен тасымалдауға жасалған  шарт негiзiнде немесе өзге  де заңды негiзде тасымалдаушы  көрсететiн қызметтердi пайдаланатын жеке тұлға;     

13) жолаушыларды  және багажды автомобильмен тұрақты  емес тасымалдау - тасымалдаушылар  автобустарды, шағын автобустарды, шағын шағын автобустарды пайдалана  отырып, аралық пункттерде жолаушылар  отырғызбай, бастапқы және соңғы пункттер арасында жүзеге асыратын, бiржолғы (тұрақты емес) сипаттағы тасымалдар;     

14) жолаушыларды  және багажды автомобильмен тұрақты  тасымалдау - тасымалдаушылар автобустарды, шағын автобустарды пайдалана  отырып, алдын ала келiсiлген жол  жүру маршруттары, бастапқы және соңғы пункттерi, жолаушылар отырғызу және түсiру пункттерi белгiленген қозғалыс кестелерi бойынша жүзеге асыратын тасымалдар;     

15) жолдама  парақ - автокөлiк құралының жұмысын  есепке алуға арналған, тасымалдаушы  автокөлiк құралының жүргiзушiсiне беретiн құжат;     

16) жүк  алушы - жүктi автомобильмен тасымалдау  шарты негiзiнде немесе өзге  де заңды негiздерде жүк алуға  уәкiлеттi жеке немесе заңды тұлға;      

17) жүк  жөнелтушi - оның атынан жүк жөнелту  ресiмделетiн жеке немесе заңды тұлға;     

18) жүктер - Автомобиль көлiгiмен жүк тасымалдау  ережелерiмен белгiленген талаптарға  сәйкес тасымалдауға қабылданған  мүлiк;     

19) қалааралық  облысаралық автомобильмен тасымалдау - тасымалдаушылар екi немесе бiрнеше  облыс шегiнде қалалар немесе өзге де елдi мекендер арасында жүзеге асыратын тасымалдар;     

20) қалааралық  облысiшiлiк автомобильмен тасымалдау - тасымалдаушылар бiр облыс шегiнде  қалалар немесе өзге де елдi  мекендер арасында жүзеге асыратын  тасымалдар;     

21) қалалық  автомобильмен тасымалдау - тасымалдаушы қаланың белгiленген шекаралары шегiнде жүзеге асыратын тасымалдар;     

22) қала  маңындағы автомобильмен тасымалдау - қалалық тасымалдауға жатпайтын  және тасымалдаушылар қаланың  немесе өзге де елдi мекеннiң  белгiленген шекарасынан бастап өлшенетiн қашықтығы елу шақырымға дейiнгi маршруттарда жүзеге асыратын тасымалдар;     

23) қол  жүгi - салмақ және көлем өлшемдерi Автомобиль көлiгiмен жолаушылар  және багаж тасымалдау ережелерiнде  белгiленген талаптарға сәйкес  келетiн, жолаушының автобус, шағын автобус немесе такси салонында тасымалдайтын жеке заттары;     

24) мемлекеттiк  көлiктiк бақылау (бұдан әрi - көлiктiк  бақылау) - жеке және заңды тұлғалардың  Қазақстан Республикасының автомобиль  көлiгi саласындағы заңнамасы  талаптарын сақтауын тексеру мақсатында уәкiлеттi орган жүргiзетiн iс-шаралардың жиынтығы;     

25) такси  - Автомобиль көлiгiмен жолаушылар  және бағалық тасымалдау ережелерiне  сәйкес жабдықталған, жолаушыларды  және багажды автомобильмен тасымалдауға  арналған жеңiл автомобиль;     

26) тексеру  - шаруашылық субъектiлерiнiң Қазақстан  Республикасының автомобиль көлiгi  саласындағы заңнамасы талаптарын  сақтауын айқындау мақсатында  жасалатын бақылау функцияларын  жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың  iс-әрекетi;     

27) уәкiлеттi орган - көлiк саласында мемлекеттiк  саясатты iске асыруды, Қазақстан  Республикасының көлiк кешенi  қызметiн үйлестiрудi және реттеудi  жүзеге асыратын орталық атқарушы  орган;     

28) халықаралық  автомобильмен тасымалдау - тасымалдаушылар  әр түрлi мемлекеттер аумағында орналасқан мекендер арасында жүзеге асыратын тасымалдар;      

29) шағын  автобус - жасаушы завод жүргiзушiнiң  орнын қоспағанда, отыратын орны  он алтыдан аспайтын етiп көздеген, ерекше шағын сыныптағы автобус. 
           2-бап. Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдары     

 Қазақстан  Республикасының автомобиль көлiгi  туралы заңдары Қазақстан Республикасының  Конституциясына негiзделедi және  осы Заң мен Қазақстан Республикасының  өзге де нормативтiк құқықтық  актiлерiнен тұрады. 
      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың нормалары қолданылады.     

3-бап.  Осы Заңның қолданылу  аясы     

 Осы  Заңның күшi Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес автомобиль көлiгi саласындағы қызметтi жүзеге асыратын барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. 
      Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесi туралы заңнамалық актiде астанада жолаушылар мен багажды тасымалдаудың ерекшелiктерi белгiленуi мүмкiн.     

4-бап.  Автомобиль көлiгi  саласындағы қызметтi жүзеге асырудың негiзгi принциптерi     

 Автомобиль  көлiгi саласындағы жұмыстар мен  көрсетiлетiн қызметтер мынадай  негiзгi принциптер негiзiнде жүзеге  асырылады: 
      1) адамдар қауiпсiздiгiнiң, олардың өмiрi мен денсаулығын сақтаудың, табиғатты және мәдени құндылықтарды қорғаудың басымдығы; 
      2) автомобиль көлiгi саласындағы жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi жүзеге асыру кезiнде жеке және заңды тұлғалар құқықтарының теңдiгi; 
      3) тұтынушының автомобиль көлiгi саласында көрсетiлетiн қызметтердi таңдау еркiндiгiн, соның iшiнде тасымалдаушының меншiктi автокөлiк құралдары мен көрсетiлетiн қызметтерiн пайдалану арасындағы таңдау еркiндiгiн қамтамасыз ету; 
      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес автомобиль көлiгi саласындағы жұмыстарға және көрсетiлетiн қызметтерге баға еркiндiгiн қамтамасыз ету.     

5-бап.  Автомобиль көлiгiн  жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету және оны төтенше жағдайларды 
              жоюға тарту     

 Автомобиль  көлiгiн жұмылдыру дайындығын, азаматтық  қорғаныс және авариялық-құтқару  жұмыстары бойынша iс-шараларды  қамтамасыз етуге байланысты  қатынастар Қазақстан Республикасының  арнайы заң актiлерiмен реттеледi. 
      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ төтенше жағдай енгiзiлген кезде мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен материалдық шығындар мен залалды кейiннен өтей отырып, өздерiне берiлген өкiлеттiктер шегiнде тасымалдаушыларды төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындауға тартуға құқылы.      

6-бап.  Автомобиль көлiгiндегi экологиялық санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк және өрт      қауiпсiздiгi     

 Автомобиль  көлiгiндегi экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiк және өрт қауiпсiздiгi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiмен регламенттеледi.     

7-бап.  Тасымалдаушыларға  және автокөлiк  құралдарына тасымал қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бөлiгiнде 
              қойылатын талаптар     

1. Жолаушылар, багаж және жүк тасымалына: 
      1) Қазақстан Республикасының автомобиль көлiгi туралы заңдарына сәйкес бiлiктiлiгiн және кәсiби жарамдылығын растайтын құжаттары; 
      2) тасымалдың тиiстi түрiн жүзеге асыруға жарамды және техникалық регламенттердiң талаптарына сай келетiн автокөлiк құралдары бар тасымалдаушылар жiберiледi. 
      2. Автобустармен, шағын автобустармен жолаушылар тасымалдауға кем дегенде жиырма бiр жастағы, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi бар жүргiзушiлер жiберiледi. 
      3. Автобустарда багаж қоятын бөлiмшеден тыс орында жүк, оның iшiнде багаж тасымалдауға тыйым салынады. 
      4. Таксимен тасымалдауды жүзеге асыруға кемiнде төрт есiгi бар, сериялы шығарылатын жеңiл автомобильдердi пайдалануға жол берiледi. 
      Арнаулы, соның iшiнде толығынан қолмен басқарылатын, сондай-ақ рулi оң жақтан басқарылатын автокөлiк құралдарын такси тасымалдары үшiн пайдалануға тыйым салынады.      

8-бап.  Автомобильмен тасымалдаудың  түрлерi     

1. Автомобильмен  тасымалдау: 
      1) жолаушылар мен багаж тасымалына; 
      2) жүк тасымалына; 
      3) почта тасымалына бөлiнедi. 
      2. Қатынас түрлерi бойынша жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау халықаралық, қалааралық облысаралық, қалааралық облысiшiлiк, қалалық, қала маңындағы және елдi мекендердi: кенттердi, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, республикалық маңызы бар қалалармен (астанамен) жалғастыратын тасымалдау болып бөлiнедi. 
      3. Жолаушыларды және багажды автомобильмен тасымалдау ұйымдастыру сипаты бойынша тұрақты және тұрақты емес болып бөлiнедi.      

9-бап.  Автокөлiк құралдарын  жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуы режимiн тiркейтiн бақылау             қондырғыларымен (тахографтармен) жабдықтау жөнiндегi талаптар     

 Жүргiзушiлердiң  еңбегi мен тынығуы режимiн тiркейтiн бақылау қондырғыларымен (тахографтармен): 
      1) қауiптi жүктердi автомобильмен тасымалдауды; 
      2) жолаушыларды, багаж бен жүктi автомобильмен халықаралық тасымалдауды; 
      3) жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты және тұрақты емес қалааралық облысаралық тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын автобустар, жүк автомобильдерi, соның iшiнде арнайы бейiмделген автомобильдер жабдықталуға тиiс.

Информация о работе Автомобиль көлiгi туралы