Web-бет дизайны, HTML

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2011 в 13:09, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Информатика пәнінің орта білім беру жүйесіндегі ролі ақпараттық білімнің, ақпараттық орта мен адамның өзара қарым-қатынасын үйлесімді етудегі және жаңа ақпараттық қоғамда кәсіпкерлік қызметтің басты құрамды бөлігі болып табылатын ақпараттық бейнесін қалыптастырудағы алатын орнымен қамтамасыз етіледі.

Работа содержит 1 файл

Web-бет дизайны, HTML.doc

— 504.00 Кб (Скачать)

     ·   «Microsoft Office» пакетімен жұмыс істеуді  меңгеру.  

     Бағдарламаның мақсаты: Оқушыларға дүниежүзілік ақпараттану әлемі туралы тұтастай түсінік беру және ақпарат алу жүйесін өзіндік ақпараттар жасау қабілеттерін ұштау. 

     Бағдарламаның негізгі міндеті:   

     ·  Информатика пәнін жүйелеп оқыту  әдістерін қарастыру.

     · Оқушылардың ақпарат алу, өңдеу жаңа ақпараттар жасау және сақтау туралы бірізді жүйелі танымын қалыптастыру.

     ·  Интернеттің бай мәліметтерін қолдану  кезіндегі нақты тәсілдерді көрсету.

     · Жалпы орта білім беру жүйесіндегі басқа пәндермен логикалық тығыз байланыс орнату.

     Бүгінгі заман талабында ақпараттар жүйесімен жұмыс істеу өз алдына жеке бір кәсіп ретінде талап етіліп отыр. «Интернет технологиясы. Web-дизайн негізі» бағдарламасының құрылымы жалпы информатика элементтерінен, Web-дизайн элементтерінен және электрондық оқулық негізінен тұрады. 

     Бұл бағдарламамен танысу кезінде оқушылар жаңа кәсіптік бағдармен, нақты айтқанда, оптикалық диск, сканерлер, модем, «Блокнот»  мәтіндік редакторы, HTML, FrontPage құжаттарымен және Photoshop, Paint, Macromedia Flash сияқты графикалық редакторларымен жұмыс істеуді меңгереді.

     Болашақ мамандардың кәсіби білім алуының  әр басқышында дүниежүзілік ақпараттану  жүйесінде мақсатты жұмыс жүргізуі үшін осы бағдарламаны құру қажеттілігі  туып отыр. Бұл бағдарламаны оқыту  барысында мультимедиялық технология элементтерін қолдану көзделіп отыр.

     Бағдарламаның бір бөлігі теориялық білім беруге негізделген Интернет мәліметтерін қолдану сабақтары online кестесіне  сәйкес жүргізілуі тиіс.

     Интернетке  қосылу  сақталмаған жағдайда online кестесінің алдын-ала дайындаған ақпараттық мәліметтерін қолдануға болады.

     Оқушылардың жаңа материалды меңгеру дағдыларын бақылау ауызша немесе жазбаша сұрау  және өздік практикалық тапсырмалар  негізінде алынуы тиіс.

     Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың  білім мен білік дағдыларын жазбаша  бақылау алу әдісімен тексеруге болады.

     Бұл бағдарламаны толық оқып, меңгерген  оқушылар Интернетке қосылу жүйесін  толық білуі және өздері сабақта  жоспарлап құрған WEB-саитты қолданулары  тиіс.

     Нақты білім алу және алған білімдерін практикада қолдану барысында оқушылардың назары еңбек қауіпсіздігіне, техника қауіпсіздігіне аударылуы тиіс және жеке бас гигиенасына көңіл бөлгені шарт. 

       Бағдарламаның мазмұны. 

     10-сынып.  Аптасына 2 сағат жалпы 68 сағат. 

       № Мазмұны 

     Сағат саны 

     1 Кіріспе. Информатика кабинетінде техника қауіпсіздігін сақтау ережесі 

     1 

     2 Курсқа кіріспе. Интернет.WWW WEB-саит. WEB беттері.Интернет жүйесіне алғашқы танымдық саяхат 

     4 

     3 Microsoft Internet Explorer  жүйесінің браузерлерімен жұмыс жүргізу негізі. Браузермен нақты жұмыс түрлері. Реттегіш. Таңдау, Бірнеше тереземен жұмыс істеу.  Ақпарат сақтау және түрлендіру  

     4 

     4 Интернеттен ақпарат іздеу. Іздеу сервері дегеніміз не? Қазіргі уақытта ең негізгі роль атқаратын іздеу серверлерінің ерекшеліктері (Яндекс, Rambler. Coogle. Yahoo. Кирилл және Мефодидің мегаэнцыклопедиясы) Жай және күрделі тапсырыс құру. Тапсырыс түрлері: Қазақстан тарихы, музыка Т.Б. 

     4 

     5 Электронды байланыс және байланыс бағдарламаларымен жұмыс істеу.

     Электронды  байланыс бөлімі қалай жұмыс істейді? Байланыс мекен-жайын тегін алу. Хаттар мәтінін алу, түзу және салу. Хат мәтінін түзуде жақсы жазу ережесі. Outlook Express бағдарламасы. Жұмыс терезесі. Негізгі берілетін нышандар. Электронды байланыстың вирусымен күресу жолдары. Мекен-жайлық кітапша. Қара тізім. Топтар құру. Электронды қол қою. Байланыс сервисін  жөндеу. Көркемсуретті хаттар түзу тәсілі. Хаттарға файл негіздеу. Интернетте қолданылатын әдебиеттер.   

     4 

     6 Интернетке қосылу. ПК аппараттық бөлімінің талаптары, Интернетке қосылу тәртібі. Ақпараттың алыну жылдамдығын және көлемін анықтау бірлігі. Ақпарат алудың және жіберудің техникалық мінездемесі. Ақпаратты қолданушының алу жылдамдығы. 

     2 

     7 WEB-беттерінің дизаины және сайт түрлері WEB-дизаинның технологиялық ерекшеліктері. Графикалық сызбалар Интернеттің кәсіптік бағдары. WEB-дизайнердің кәсібі. Интернет – нарықтың жаңа жүйесі. 

     2  

     8 HTML кіріспе. Менің алғашқы бетім. Сайттың бұрыштамасы. Құрылымы. Тегтер. Белгілер.  

     6 

     9 Мәтінді реттеу. Мәтінмен жұмыс. Бұрыштамалар. Мәтіннің түсі. Мәтіннің көлемі. Мәтіннің шрифті (P, H, FONT, B, I, ALIGN, COLOR, SIZE, BGCOLOR)  

     6 

     10 Сызбалар. Сызбалар сызу. Сызбалар толтыру. Сызбаларды реттеу. (TABLE, TD, TR) 

     6 

     11 Нысандар қою. Суреттер қою. Анимация қою. (IMG, SRC, ALT) 

     6 

     12 Гипермәтін. Гипермәтін туралы түсінік. Гипержіберу. (A, HREF) 

     6 

     13 Жазу-графика .Интернеттегі графикалық файлдарға арналған қағаздар .WEB-ке файл сақтау. 

      

     14 Фреймдер . Пішінмен жұмыс істеу түрлері. 

      

     15 HTML мен жұмыс істеу қорытындысы. 

      

     Бағдарламаның мазмұны. 

     11-сынып.  Аптасына 2 сағат жалпы 68 сағат. 

       № Мазмұны 

     Сағат саны 

     1 Кіріспе.Информатика кабинетінде техника қауіпсіздігін сақтау ережесі. 

     1 

     2 Adobe Photoshop  графикалық редакторы. Интерфейспен танысу. Қатпарлармен  жұмыс істеу. Мәтінмен жұмыс. Фильтрлермен жұмыс. 

     16 

     3 Анимация. Gif  анимациясын  құру. 

     10 

     4 Flash-анимация. Анимация заңдылықтары. Macromedia  flash  редакторының интерфейсі. Сурет салу құралдары.  Белгілер,  қатпарлар.  Мәтінмен жұмыс.   Анимация  құру.  Жарнамалық  банерлер құру.   

     10 

     5 Front Page.  Интерфейспен танысу.  Wed-жібін құру .   Құжаттарды  редакциялау   және  құру. Гипер салу. Графиканың  қолданылуы.  Сызбалар.  Файлды  серверге  жіберу.  

     12 

     6 HTML құжаттарын серверге орналастыру. Мекен-жай тіркеу. Сайттың келісімдері мен ережелері. Беттерді тестілеу әдісі. WEB-сайтты іздеу машиналарына  тіркеу . Баннерлік   алмасу,   жарнама,   салу  

     6 

     7 Персоналды WEB-сайт  құру   WEB-сайттың  құрылымын  жасау және Front Рage  редакторларын  қолдану жүйесін  құру. WEB-сайтты  интернетке  орналастыру. Бақылау жұмысы.     

     13

                                                

     Практикалық жұмыс тізімі. 

       № 1. Интернетке саяхат.

     № 2. Интернеттен ақпарат іздеу.

     № 3. Электронды байланыс бөлімімен жұмыс.

     № 4. Қарапайым Web-беттерін құру.

     № 5. WEB-беттерінде мәтін өңдеу.

     № 6. WEB-беттерінде кестелер орналастыру.

     № 7. Гиперсілтемелер құру.

     № 8. Сызбалар құру және өңдеу.

     № 9. Фрейм  қолдану арқылы  WEB беттерін құру.

     № 10. Берілген тақырыпқа WEB беттерін құру.

     № 11. Adobe Photoshop  құралдар тізімін оқып үйрену.

     № 12. Қатпарлар палитрі.

     № 13. Мәтінді кіргізу  және редакциялау.                                                     

     № 14. Adobe  Phtoshop-та  берілген тақырып  бойынша коллаж құру.

     № 15. Қарапайым анимациялық бейнелер құру.

     № 16. Macromedia  flash   суреттер құралын  үйрену.

     № 17. Белгілер жасау  және редакциялау.

     № 18. Көптүрлі бейнелермен жұмыс.

     № 19. Мәтінмен жұмыс.

     № 21. Анимация құру.

     № 22. WEB-жібін жобалау және құру.

     № 23. Кестелердің қолданылуы.

     № 24. Таблицалар құру және өңдеу.

     № 25. Мультимедия нысанын қою.

     № 26. Берілген тақырып бойынша бақылау  WEB-сайтын құру.  

     Негізгі білім мен дағды  көлемі 

     Оқушылар  білуі тиіс: 

     ДК  жұмыс жүргізу кезіндегі басты ережелер мен техника қауіпсіздік ережелері.Интернет жүйесінің негізгі заңдылықтары.

     Интернет  жүйесінің   мәліметтері мен  компьютерлік жұмыс түрлері.

     Ақпаратты алу  жылдамдығының  өлшем бірлігі.

     Ақпарат алу және ауысу хаттамасының түрлері.

     FTP-хаттамасы, FTP-бағдарының түрлері және HTTP-ден негізгі айырмашылықтары.

     Интернетте  мекен-жай орналастыру заңдылығы.

     Браузер түрлері  және құрылымы.

     Интернетке     қосылу жүйесінің тәсілдері.

     Интернет  торабындағы дүниежүзілік және орыс тілді мәліметтер көлемі.

     Негізгі іздеу машиналары және оның түрлері.

     Графикалық  ақпараттармен жұмыс істеудің негізі.

     WEB-беттері  сайтын құру үшін керекті құралдар  жиынтығы.

     HTML тілін қолданудың негізгі ерекшіліктері.

     WEB-редакторымен  жұмыс істеу жүйесі.

     WEB беттерінің типтік құрылы мен сайтты жобалау тәртібі.

     WEB дизаинның негізгі заңдылықтары.

     Интернетте  жариялау үшін өз сайтты дайындау кезеңдері? 

       Оқушылар  қолдана  білуі тиіс: 

       Интернетке желісіне қосылу.

     Браузер, электронды байланыс.

     Интернет  сайтын  қадағалау кезінде орыс тілінің қаріпін кодтау.

     Электронды  байланысты қолдану; хаттар мәтінін  құру және салу, хабарлама алу, ұсынылған  сервисті қолдана білу мүмкіндігін  реттеу.

     Сайт  бетінің электронды мекен-жайын  құру,  қаралған беттер бойынша алға және соңына қарай ауысу кезеңін іске асыру.

     Таңдау  және Тарих жинақ папкаларын қолдану.

     Беттерді  толық немесе үзінділер бойынша  сақтау.

Информация о работе Web-бет дизайны, HTML