BASIC программалау тілі туралы мағұлматтар

Автор: Пользователь скрыл имя, 16 Февраля 2012 в 18:24, реферат

Описание работы

BASIC (beginners All- purpose Symblic Instuction Codt-әуесқойларға арналған көп мақсатты символдық тіл) праграммалау тілі алғаш рет 1985 жылы АҚШ-та жасалған. Бұл тіл қазіргі кезде өзінің өте қарапайымдылығына байланысты дүние жүзіне көп таралған тілдердің бірі.

Работа содержит 1 файл

BASIC программалау тілі туралы мағұлматтар-www.1Referat.kz.doc

— 70.00 Кб (Скачать)

     Қызметші сөздер айнымалының  аты бола алмайды.

     Айнымалылардың  тұрақтылар сияқты  үш түрі болады:

  • бүтін айнымалы;
  • нақты айнымалыны;
  • символдық айнымалы;

Айнымалылардың  түрі олардың қабылдаған мәндерінің түріне қарай анықталады және сол айнымалы атының соңғы символы арқылы беріледі:

  • % - бүтін;
  • !- дара дәлдікті;
  • # - (немесе бос орын )-екі еселі дәлдікті;
  • $ -символдық.

Мысалдар  келтірейік:

  • К1# -екі еселі дәлдікті сандық айнымалы;
  • М2!-дара дәлдікті сандық айнымалы;
  • Н%- бүтін сандық айнымалы;
  • А1$- символдық айнымалы.

     Айнымалының түрлерін арнайы  операторлардың көмегімен хабарлауға  болады;

  • DEFINT <әріптер тізімі > - бүтін айнымалылар.
  • DEFSNG < әріптер тізімі> -дара дәлдікті нақты айнымалылар;
  • DEFDBG <әріптер тізімі>- символдық айнымалылар.

     Бұл жағдайда айнымалының түрі  әріптер тізіміне айнымалы атының  бірінші әріп енетін оператормен  анықталады: DEFINT А, В, С, айнымалылары  бүтін айнымлылар болады.

    Айнымалылардың  типтері %, !, #символдары арқылы  берілген жағдайда ғана жоғарыдағы ереже орындалмайды.

    Нақты  айнымалы латын әріптерімен немесе  соңынан цифр  келетін латын  әріптерімен таңаланады. Мысалы, А,В5, С1, ZO,Y9.

Ол нақты  тұрақты үшін рұқсат етілген кез- келген  мәнді қабылдай алады.

    Бүтін  айнымалы да нақты айнымалы сияқты таңбаланады, бірақ % таңбасымен аяқталуы тиіс. Мысалы, A%, C8%, B%2, I%, Ол бүтін тұрақты үшін рұқсат етілген кез-келген мәнді қабылдай алады.

    Символдық  айнымалы соңынан $ таңбасы келетін  әріппен –цифрмен таңбаланады.  Мысалы, B% ,C1$, A5$. Ол символдық тұрақты үшін рұқсат  етілген кез-келген мінді қабылдай алады.

    Аттары  белгілі бір әріптен және цифрдан  тұратын айнымалылар бола алады.

Мысалы:

  • А5- нақты  айнымалы;
  • А5%- бүтін айнымалы;
  • А5% -символдық айнымалы.

      Айнымалы  атының дұрыс жазылуының мысалдары:

  1. 2С- цифрдан басталады;
  2. Ю1-орыс әріптері рұқсат етілмейді;
  3. $2- ақша бірлігінің символынан басталады;
  4. %К – пайыз символынан басталады.

BASIC тілінде  қарастырылған символдардан басқа  индексті айнымалыларды да (кейін  қарастырамыз) пайдалануға рұқсат етіледі. 
 
 
 
 

BASIC тілінің стандартты  функциялары 

     BASIC тілінде ең  көп тарлған  элементар математикалық функцияларды  мысалы, синусты, косниусты, экспонентті,  квадрат түбірі, логарифмді және  т.с.с. есертеу үшін орналастырылған  стандартты функциялар  қолданылады. Оларды таңбалау үшін ереже бойынша үш әріптен тұратын аттар пайдаланылады. Функциялар аргументі міндетті түрде дөңгелек жақшаға алынады. Еркін арихметикалық өрнек функцияның аргументі бола алады. Функцияны шақырып жұмыс істеу үшін оның атын теріп аргументін көрсету керек.

         BASIC тілінде пайдалынатын стандатты  функциялар:

  • SIN(X)- синус (sin) функциясы, х  аргументінің синусын есептеу;
  • COS(X)-  косниус (cos) функциясы, х  аргументінің косниусын есептеу;
  • TAN(X) тангенс (tgx) функциясы, х  аргументінің тангенсін есептеу;
  • ATN (X)- арктангенс (arctgx) функцифясы,-p/2п-ден+p/2 п аралығындағы х аргументінің арктангенсін есептеу;
  • EXP(X)- дәрежесі х болатын е=2.718281828 санын беріді. Е саны натурал логарифмнің негізгі екендігіне назар салыңыздар, ал ЕХР және LOG функциялары өзара кері функциялар. Осылайша, LOG (EXP(X))=X= ЕХР(LOG(X))
  • LOG(X)- нанурал логарифм (Inx) функциясы, х оң аргументінің  нанурал логарифмін есептейді;
  • SQR(X)- квадрат түбір ( ) функциясы, х аргументінің   теріс емес мәндерін береді, х аргументі оң сан немесе 0-ге тең боуы тиіс;
  • ABS(X)- абсалютті шама ( )функциясы, х аргументінің  абсалюттік  мәнін (модулін) есептейді.АВС(-4.3)=4.3;
  • INT(X)- бүтін санды функция, х аргументінен артық емес ең үлкен бүтін санды береді, яғни  онда N<=x+1;
  • SGN(X)- таңба (sign x) функциясы. Төмендегі ережелерге сәйкес х- тың таңасын береді.

     

              SGN(X)=         

    • RGN(X)-кездейсоқ сандар функциясы, 0-ден 1-ге дейінгі аралықта жататын кездейсоқ сандарды береді. х аргументінің міні жоққа шығарылады;
    • FIX(X)*- х-тың сандық мәнінің бөлшек бөлігі алынып тасталады. Мына өрнекке: SGN(X)* INT(ABC(X)) баламалы және х-тың мәні болғанағы INT(X) функциясына  сай келеді;
    • CINT(X)- x-тың стандатты нақты мәнін бүтін типке түрлендіреді яғни; INT функциясының әрекетін іске асырады.Мұнда х-тың -32767-ден 32768-ге дейінгі аралықта болуын ескеру  керек;
    • CDBL(X)-x- тың стандарты нақты мінін екі еселі мәнге түрлендіреді. Мысалы, мына операторды А# = CDBL(364.57) орындау нәтижесінде  А# айнымалысы 364.57 екі еселі дәлдікті мәнеге ие болады;
    • CSNG(X)- x-тың екі еселі дәлдікті мәнін стандатты дара дәлдікті нақты мәнге түрлендіреді.

      Тригонометриялық функциялардың аргументтері радианмен беріледі. Егер градуспен берілсе, онда оны мына формуламен радианға рудару қажет:

                <радианға мәні >=<градустық  мәні> * РІ/ 180

      BASIC тілінің кейбір түрлерінде  х санының натурал логарифмін  есептеу үшін тек бір LOG(X) функциясы бар. Бірақ натурал логрифмді мына формуланы пайдаланып, кез-келген негізгі логарифмге оңай аударуға блады: log N= 1na/lna мұнда а негізі.

    Бүтін  санды INT(X) функциясы, х аргументінен артық емес оң үлкен бүтін санның мәнін есептейді.

Мысалы, INT(24.67)=24.

    Берілген  санды оған жақын бүтін санға  дейін дөңгелектеуді орындау  үшін INT(X+5) деп жазу жеткілікті. Мысалы, 3.9 саны да 4-ке дейін дөңгелектене ,ал 4.3  саны да 4-ке дейін дөңгелектенеді. Мысалы, INT(5.9+5)= INT(6.4) =6, INT(1,3+5)= INT(1.8)=1.

     INT(X) функциясын мына төмендегі  өрнектің көмегімен кез-келген  берілген ондық разрядқа дейін  дөңгелектеу үшін  пайдалануға  болады:

INT((X*10D)+5)/10D. Мұнда, D –пайдаланушы беретін және дөңгелектеу   дәлдігін анықтаушы бүтін сан.

     RID(X) функциясының аргументі пайдаланылмайды  және кез-келген сан бола алады.  Функция кездейсрқ сандар генераторы  ретінде жұмыс істейді, яғни  таралудың бір қалыпты заңы  бойынша (0.1) ауқымнан еркін сандарды  шығарады. Кездейсоқ сандарды әр  түрі ақуымда алуға болады. Мысалы, 0-ден 9-ға дейінгі кездейсоқ сандарды алу үшін мына өрнекті пайдалануға болады:     INT(10* RID(0)).

    Берілген  аралықтағы кездейсоқ сандарды  да алуға болады. Мысалы, (А,В)  аралығындағы кездейсоқ сандарды  алу үшін өрнек пайдалынады. (В-А)* RID(0)+А.

Информация о работе BASIC программалау тілі туралы мағұлматтар