Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 17:20, реферат
Бағдарламалау, программалау – 1) есептерді ЭЕМ-де шешу үшін кезектесе орындалатын командалар тізбегіне келтіру процесі. Ол есептерді шешу алгоритміне сәйкесбағдарлама жасаудан, оны жөндеуден және қолдану барысында жетілдіру кезеңдерінен тұрады; 2) ақпараттанудың ЭЕМ үшін бағдарлама жасау тәсілдерін, сондай-ақ оны жөндеуді және жетілдіруді зерттейтін саласы.
Бағдарламалау тілдеріне жалпы шолу
Трансляторлар
Ішкі бағдарламалар
Процедуралар
Функциялар
Төменгі деңгейлі бағдарламалау тілдері
Жоғары денгейлі бағдарламалау тілдері
Жүйелік бағдарламалау
Обьектіге-бағытталған бағдарламалау
Құрылымдық бағдарламалау
Логикалық бағдарламалау
Қорытынды.
Java бағдарламалау тіліне кіріспе.
Java бағдарламалау тілі бұл Internet желісінде жұмыс істейтін объектілі-бағытталған, платформалы – тәуелсіз, желі ішінде жұмыс істейтін тармақталған қосымшалардың өңдеуіне қолданылатын программалау тілі. Java жобасы 1995 жылы Sun Microsystems бірлестігінің арқасында көрсетілген болатын. Java бағдарламалау жүйесі кішкене интерактивті қолданбалы программалар - апплеттерді таратуға World Wide Web (WWW) жүйесін қолдануға мүмкіндік береді. Олар Internet серверлерінде орналасып, таратылады, клиентке желі арқылы тасымалданады, автоматты түрде орнатылады және WWW құжатының бөлігі ретінде орнында орындалуға жіберіледі. Апплетке клиент компьютері қорларына қолжетімділігіне шек қойылған, сондықтан да ол жанама мультимедиялық интерфейсті бере алады және дисқіде сақталған мәліметтерге ешқандай ақау келтірместен күрделі есептеулерді жүргізе алады. Бағдарламалардың басқа түрі ретінде Java қосымшаларын алуға болады. Олар кез келген компьютерде, тіпті оның архитектурасына қарамастан орындалатын тасымалдана алатын кодтарды көрсетеді. Осы кезде генерацияланатын виртуалды код виртуалды Java - машинадағы (JVM – Java Virtual Machine) виртуалды код интерпретаторында орындалатын нұсқаулардың жиынтығы болып табылады. Клиенттерге сервердегі қосымшаларға және деректер базасына қолжетімділікке мүмкіндік беретін JSP ( Java Server Pages ) және сервлеттер өте кең ауқымда таралуға мүмкіндік алды.Java тілі .
Java тілі С++ тілінің синтаксисын қолданады, бірақ объектілік үлгі Smalltalk тілінен алынған. Осыдан Java тілінің С++ тілімен ұқсастықтары тек қана сыртқы түрде екенін көруге болады. Басқа программалау тілдерімен салыстырып қарағандағы негізгі айырмашылығы - программалар мөлшерінің азаюын қажет етуі мен желіде жұмыс істейтін тасымалданатын қосымшалардың қауіпсіздігі шарттарының ұлғаюы. Java көрсеткіштерді (С++, Pascal және тағы да басқа тілдердің ең қауіпті құралы) қолдамайды, себебі, жадтың жанама адрестерімен типі көрсетілмеген көрсеткіштер арқылы жұмыс істеу мүмкіндігі жадтың қорғанышын елемеуге рұқсат береді. Java тілінде айнымалы арифметикамен есептеудің тәсілдері өзгерген, сондықтан да тіл түрлерінің арасында аралық код шыдамдылығын қамтамасыздандыру үшін strictfp кілттік сөзі енгізілді. Ол компиляторға айнымалы үтірі бар сандар үшін арифметикалық әрекеттерді алдыңғы түрдегі есептеулерге сәйкес орындау керек екендігін көрсетіп, жаздырады.
Тіл кластарының жүйелік кітапханасы кластар және пакеттерден тұрады, олар тілдің әртүрлі базалық мүмкіншіліктерін жүзеге асырады. Бұл кітапханаларға қосылған кластардың әдістері JVM-нан Java – бағдарламаның интерпретациясы кезінде шақырылады. Java-да бағдарламаның барлық объектілері динамикалық жадта орналасқан (heap) және стектерде сақталынатын объекті сілтемелер арқылы қолжетімді. Бұл шешім жадқа тікелей қолжетімсіздікке мүмкіндік берді, бірақ массив элементтерімен жұмыс істеуді қиындатып жіберді. Java тіліндегі объектілі сілтемелер өздері бағытталып тұрған объектілердің класы туралы хабардан тұрады. Сондықтан да объектілі сілтемелер дегеніміз, көрсеткіштер емес, олар объектілердің дескрипторлары. Дескрипторлардың болуы JVM-ге код интерпретациясы фазасында типтердің сәйкес келуін тексеруге мүмкіндік береді. Java-да жадты динамикалық бөлу концепциясы да қайта қарастырылған: динамикалық бөлінген жадты босату тәсілдері жоқ болады. Оның орнына new (қоқыс жинаушысы) операторының көмегі арқылы көрсетілген жадты автоматты түрде босату жүйесі іске асырылған. Java - бағдарламаларда класс спецификациясы мен оның жүзеге асырылуы әрқашан да тек қана бір файлда болады.Java тілі операторларды қайта жүктеуді және typedef, белгісіз бүтіндерді (егер ол ретінде char- ды есептемесек) қолдамайды. Java-да көптік мұрагерлік жоқ, тек құрастырушылар бар, бірақ деструкторлар жоқ (қоқысты автоматты түрде жинастыру қолданылады), тілдің кейінге сақталған сөздері бола тұрса да, goto операторы және const сөзі қолданылмайды.
Java тілінде пайда болған маңызды мүмкіндіктер интерфейстер мен кең ағымдылық (бағдарлама бөлімдерінің бір уақытта орындалу мүмкіншілігі).
1 – бағдарлама. Қарапайым программа.
public class Hello {
public static void main(String[] args) {
System.out.print("Java әлеміне қош келдіңіз!");
}
}
Аталған бағдарлама хабарламаны консольге (немесе бұйрық қатарына) шығарады. (01) қатарындағы Hello атаулы кластың сипаттамасы келтіріледі, онда тек бір ғана main()(02) әдісі бар. Бағдарлама іске қосылған кезде басқару осы әдіске беріледі және хабарлама жылдам консольге шығарылады.
Ең басында процестің қалай жинақталғанын түсінуге тырысып қажеті жоқ, тек мынаны есте ұстаған жөн: түйін print әдісін қолданатын System.out тұрақты шығару объектісі деп аталатын құрылыммен орындалады. Println әдісі қатар шығарылуынан соң курсордың жаңа бір класқа өтуін орындауға мүмкіндік береді.
2 – бағдарлама. Мәтінді бірнеше қатарлармен шығару.
public class Hello2 {
// Java қосымшасы орындалуда, main әдісінен басталады
public static void main(String[] args) {
System.out.println(" Java \nәлеміне \nқош \nкелдіңіз!");
} // main әдісінің аяқталуы
} // Hello2 класының аяқталуы
Қорытынды.
Алгоритмдердің машиналық тілдегі бейнесі бағдарлама деп аталады. Ал бағдарлама жазуға арналған тілдерді бағдарламалау тәлдері дейді. Тіл операторлары дегеніміз- компьютерге әрекеттерді орындауды ұйғаратын алгоритм командасы.Бағдарламалау жүйесі-бағдарламаны құрудың және жөндеудің автоматтануын қамтамасыз ететін бағдарламлық құралдардың жиынтығы.Оның ішінде бағдарламалау тілдері,осы тілдерден аударғыштар,қосалқы бағдарламардың кітапханалары,бағдарламалардың құрастырушысы және оны жөндеуші кіреді. Бағдарламалау жүйесінің негізін құрайтын-бағдарламалау тілі.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1)Любимский Э.З., Мартынюк В.В., Трифонов Н.П., Программирование, М., 1980; Ахметов қаласының, Есептеу техникасы және программалау, А., 1996. Ә. Қазанғапов.
2)Қазақ Энциклопедиясы, 1 том.