Қазіргі қоғамды ақпаратты деп атайды

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 06:23, реферат

Описание работы

Қазіргі қоғамды ақпаратты деп атайды.Осыған қарамастан қоғам ақпар атты өндіру,сақтау,өңдеу,ақпаратты жүзеге асыру, сонымен қатар жоғарғы деңгейдегі біліммен айналысуда.Бұл қауымның ерекшелігі үздіксіз үнемі ақпаратты алмастыруында. Қазіргі таңдағы мүмкіндіктер бұрынғы кезбен салыстырғанда анағұрлым дамыған және компьютерлік техникалар мен телебайланыстар ақпаратты жинауға,сақтауға,өңдеуге және жіберуге мүмкіндіктері мол және жылдамдығы бұрынғымен салыстырғанда анағұрлым тез.Қазіргі таңда экономика материалды құндылықтарды өндіруде емес көбіне ақпаратты өнім мен көмек ретінде кең таралуда.

Работа содержит 1 файл

Қазіргі қоғамды ақпаратты деп атайды.doc

— 51.00 Кб (Скачать)


        Қазіргі қоғамды ақпаратты деп атайды.Осыған қарамастан қоғам ақпар атты өндіру,сақтау,өңдеу,ақпаратты жүзеге асыру, сонымен қатар жоғарғы деңгейдегі біліммен айналысуда.Бұл қауымның ерекшелігі үздіксіз үнемі ақпаратты алмастыруында. Қазіргі таңдағы мүмкіндіктер бұрынғы кезбен салыстырғанда анағұрлым дамыған және компьютерлік техникалар мен телебайланыстар ақпаратты жинауға,сақтауға,өңдеуге және жіберуге мүмкіндіктері мол және жылдамдығы бұрынғымен салыстырғанда анағұрлым тез.Қазіргі таңда экономика материалды құндылықтарды өндіруде емес көбіне ақпаратты өнім мен көмек ретінде кең таралуда.Жаңа экономикаға ақпарат жаңа заманның қажетті шартына, білімнің көзіне айналады. Ақпарат –информация сөзі латынның informatio деген сөзінен шыққан, яғни істің жай-күйі немесе біреудің іс-әрекеті туралы ақпарат, немесе мәлімдеме немесе қандай да бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны.   Мәліметтерді ақпаратпен теңестіруге болмайды.Ақпаратты қандайда бір мәселелерді шешу үшін пайдалы болатын, қабылданып алынған, түсінікті және бағаланған жаңа білім деп түсінейік.Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейін қабылдау механизмінің қабылданды-түсінікті –бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе.Мұндай анықтама ақпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді:синтаксистік, семантикалық, прогматикалық.Жалпы ақпараттың алуан түрлері бар:саяси, биологиялық, математикалық, технологиялық, спорттық, экономикалық,және т.б.

        Экономикалық ақпарат – бұл материалдық игіліктерді өндірудің, алмастырудың, бөлудің, жинақтаудың, және тұтынудың қоғамдық кезеңдері туралы ақпарат.Ол экономикалық қатынастар мен қоғамның өндірістік кезеңдерін бейнелейді.Сонымен, экономикалық ақпараттар –экономикалық мәліметтерді өңдеу барысында алынатын мәліметтер болып табылады.Ал мәліметтерге-кез-келген объектінің жағдайы туралы деректер, мағлұматтар жатады.Экономикалық ақпарат экономикалық объектілердің құндылық, табиғи және басқа да көрсеткіштері арқылы жан-жақты қызметтерін бейнелейді.Экономикалық ақпарат әріптер, сандар, және олардың араласқан түрінде берілуі мүмкін.Экономикалық ақпарат сызықтық түрде болады және дер кезінде жазылады.Сондай-ақ, оған үлкен жаппайылық пен көлемдік тән қасиет.Сондықтан, ол көптеп қайталанып топтасуды және өңделуді қажет етеді. Экономикалық ақпарат айналымда болады,яғни оның пайда болуы мен өңделуінің айналымы ұдайы қайталанып отырады.Ақпараттық жүйені тиімді ұйымдастырып және оның күйін әділ бағалау үшін ақпаратты сандық әрі сапалық жағынан өлшеп отыру маңызды болады.Ақпараттың сандық сипаттаушы белгілері мәліметтер көлемін анықтаумен байланысты болады.Кибернетикалық тұрғыдан ақпаратты сандық жағынан өлшеу, ақпарат теориясының ережелеріне негізделген классикалық ақпарат бірліктерінің көмегімен жүзеге асырылады.Ақпаратқа сандық баға беру синтаксистік деңгейде ғана қолданылады.Ақпараттық жүйені құру барысында ақпараттың көлемін анықтаумен бірге, оған сапалық талдау жүргізіп, ақпараттың ішкі мағыналық мазмұнын ашу керек.Семантикалық тәсіл көбіне мәліметтердің прогматикалық қасиеттеріне байланысты тұтынушы үшін пайдалы болады.Экономикалық  ақпаратты сапалық жағынан өлшеу дегеніміз-яғни бұл оның ақпараттық мөлшерін, ақиқаттылығын, өзектілігін, қабылдауға қолайлылығын, дер кезділігін бағалылығын және т.б анықтау.Мұндағы ақпараттық деп мәліметтердегі мағыналық ақпараттың санын түсінеміз. Ал қабылдау қолайлылығы уақыт бірлігі ішінде мәліметтерді қабылдау жылдамдығымен анықталады.Сондықтан экономикалық мәліметтер көбінесе кесте түрінде беріледі. Кесте тек ақпараттың мазмұнын ашып қана қоймай, сонымен қатар ол жеңіл қабылданады.

         Бүгінгі ақпарат нарықтық экономиканың жүзеге асқан жағдайында, қоғамдық дамудың қоры ретінде, сондай-ақ, бизнестің де стратегиялық қоры ретінде қарастырылады. Дер кезінде қолданылған ақпарат үлкен ұтыс береді. Ақпарат қорында әр түрлі пән салалары туралы барлық мағлұматтар жалпыланып және шоғырланады. Басқару объектісінің жағдайын бейнелейтін әлеуметтік, өндірістік, экономикалық және басқа да мәліметтер, ақпарат жүйесінің құраушы бөліктеріне жатады. Ақпарат жүйесін тұрғызу үшін, ақпарат қоймасын тұрғызатындай ақпараттың сәйкес топтасқан түрлері керек. Кибернетикалық жағдайда ақпарат, объектінің жағдайын сипаттайтын жабдық ретінде, сондай-ақ басқару кезеңіндегі мәліметтер мен оны қолданушылар арасындағы қатынас ретінде қарастырылады. Бірақ нарықтық экономиканың әр түрлі ұйымдары үшін кез келген ақпарат қорына  жата бермейді, тек өз бизнесі үшін ең тиімді шешімді алуға мүмкіндік беретін бөлігі ғана оған жатады. Қоғамдық ақпаратпен жабдықтаудың мүмкіндіктері бойынша ақпарат мынандай үш үлкен топтастырылған жікке бөлінеді:ғылыми-техникалық, әлеуметтік және басқарушы.

Ғылыми-техникалық ақпарат, ғылыми-техникалық шешімдерді дәлелді түрде бағалау үшін қажет болатын ақпарат қоймасының негізін құрайды. Ол патенттік және ойлап тапқыштық ақпаратын қамтиды. Оны мәліметтердің ақиқаттылығымен олардың қатаң жүйеленуі және іс жүзінде жүзеге асырылуы ерекшелендіріледі.

Ал әлеуметтік ақпарат:соңғы жаңалықтар, мекен-жай мен тұрмыстық анықтама қағаздар және т.б сияқты әр түрлі ақпарат анықтамалық сипаттағы мәліметтерді қамтиды.

Басқару ақпараты экономикалық басқару механизмдерінің жұмыс істеп тұруын қамтамасыз етеді. Объектіге немесе басқару ұйымдарына қатысты белгісіне қарай, басқарудағы ақпарат ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Ішкі ақпарат тікелей басқару объектісінде және оның басқару ұйымдарында туындаса, сыртқы ақпарат ортадан, басқа жақтан келіп түседі де, әр түрлі реттеулерді атқаруда орын алады. Қолдану сипатына қарай сыртқы ақпарат көздері:бұйрық беретін, бағыттайтын және жедел-өндірістік болып үш түрге бөлінеді.Ішкі ақпарат жедел ақпараттан, басқару мен ықпал жасау туралы ақпараттан және ұйымдастыру-шаруашылық ақпараттан тұрады. Қоғамды ақпаратпен жабдықтау ақпарат ұғымына жаңа статус беріп, жаңадан топталған мынандай жіктеудің пайда болуын туындатады:жағдайға байланысты, пайдалануға қол жеткізу мен тұтынушылық және тарату негіздері бойынша және т.б. Жағдайға байланысты ақпарат анықталған және анықталмаған болып бөлінеді. Ал түсінуге немесе пайдалану мүмкіндігіне байланысты, ол пайдалануға қол жетпейтін және қол жететін болып бөлінеді. Тұтыну негізіне қарай ақпаратты-нақты тұтынушылар тобына бағытталған және жекешелінген жаппай тұтынушыларға бағытталған деп бөлуге болады. Ақпарат тартылу негізіне байланысты мемлекет арқылы қаржыландырылатын және шаруашылық есеп айырысу негізінде өндірілетін болып бөлінеді.

        Басқарудағы ақпараттың 70% бөлігін экономикалық ақпарат алады. Экономикалық ақпараттың жіктелуі әр түрлі көзқарас бойынша әр түрлі тұрғыда жүргізілуі мүмкін. Басқару функциясына қатысты, экономикалық ақпаратты шартты нақты үлес бойынша- жоспарлық, мөлшерлік, есепке алу, аналитикалық, реттеуші деп бөлшектеуге болады. Бұл жерде бірінші  кезекте материалдық өндіріс саласын ескергенмен, мемлекеттік басқару ұйымдары мен өндірістік емес салалар үшін де бұл жағдай біршама дұрыс. Жоспарлық ақпарат, басқару объектісінің жақын және алыс болашақта қандай болуы қажет екендігін көрсетеді. Есепке алу ақпараты, басқару объектісінің нақты жағдайын бейнелеп, орындалған істердің маңыздылығын көрсетеді. Оның құраушы бөліктеріне бухгалтерлік, есеп беру, статистикалық және шапшаң алынған мәліметтер жатады. Бухгалтерлік есеп дәл деректері бар кезеңдерді бейнелеп көрсетеді. Оларды шаруашылық амалдарды тіркеу кезінде нақты ақпаратты тасығыштарға белгілейді. Жоспарлық, мөлшерлік, және есепке алу ақпараттары бірігіп, қорытынды ақпаратты сипаттайтын-есеп беру ақпаратына айнала алады. Аналитикалық  ақпарат басқаруға қажетті деректерді қамтып, есепке алудан туындаған, жоспарлық және мөлшерлік болып бөлінеді. Жоспарлау және есепке алу ақпараты өз кезегіне қарай бірнеше түрге бөлшектенеді. Жоспарлау функциясы уақытша және мақсаттық белгілеріне байланысты бөлшектенсе, ал есепке алу функциясы мақсаттық белгісіне қарай: болжау ақпараты, ұзақ мерзімге жоспарлау, техника-экономикалық жоспарлау, жедел жоспарлау, бухгалтерлік, жедел және статистикалық есепке алу болып бөлшектенеді. Басқару жүйесіне қатысты ішкі және сыртқы ақпарат енетін және шығатын болып бөлінеді. Енетін ішкі ақпарат тікелей бақылау нәтижесінде,тіркеуге алынған ақпаратты білдіреді. Алғашқы ақпарат басқару объектісінің өндірістік-шаруашылық және қаржылық іс-әрекеттерінің кезеңдерін жүзеге асыру нәтижесінде пайда болады. Демек, алғашқы ақпараттың тікелей қайнар көзінің пайда болуына өндіріс, қызмет көрсету, жүзеге асыру және оларды басқару себеп болады.

Алғашқы ақпарат тік басқарылатын объектінің қызметі мен жағдайы туралы мәліметтерді тікелей бақылау, тіркеу нәтижесінде алынады. Екінші ақпарат көбінесе, алғашқы ақпаратты өңдеу қорытындысында алынады да, туынды болып есептелінеді. Ол аралық және нәтижелі болып бөлінеді. Нәтижелі ақпарат мәліметтерді өңдеудің соңғы мақсаты ретінде туындайды, ал аралық ақпарат осы мақсаттарға жету кезеңінде қалыптасады. Алғашқы ақпарат өңделетін және өңделмейтін болып бөлінеді, себебі алғашқы құжаттардағы барлық ақпарат арифметикалық өңдеуге жата бермейді. Ақпарат кезеңдерін ұйымдастыру үшін ақпаратты  аралық мезгілдің ұзақтығы бойынша бөлу аса маңызды болады да, ол шешімдерді қабылдауға қолданылады. Ақпаратты тұрақты, шартты-тұрақты және айнымалы деп бөлу осы белгілерге байланысты. Шартты-тұрақты ақпарат өз кезегінде бастапқы және мөлшерлі анықтама болып бөлінеді. Бастапқы ақпаратқа объектінің күйін сипаттайтын анықтама мәліметтері жатады. Мөлшерлі анықтамалық ақпарат өндірістің анықталған күнтізбе күйіндегі басқарылатын параметрлерінің берілген күйін сипаттап және мекеменің негізгі даму мақсаттарын бейнелейді. Бұған әр түрлі мөлшерлер, үлгілер, жоспарлық тапсырмалар және басқалар жатады. Шартты-тұрақты ақпарат көбінесе өзгермейтіндіктен, ол орнықты болады. Ал айнымалы ақпарат, керісінше өзгермелі болады. Берілген басқару ұйымымен салыстырғанда, атқару міндеті бойынша ақпарат мәлімдемелейтін және басқаратын болып бөлінеді. Мәлімдемелейтін ақпарат шешімдерді дәлелдеп негіздеу үшін қолданылады және басқару объектісіне орындау үшін жіберіледі.                                                                                                        Экономикалық ақпараттың құрылымы-бұл экономикалық мағынамен үлестірілген нақты ақпарат білімі. Экономикалық ақпараттың құрылымы әр түрлі бағытта қарастырылуы мүмкін. Оның мағынасын ашатын семантикалық ыңғай, нақты экономикалық мағынасы бар ақпарат бірлігінің бөлінуін  болжайды. Осы тұрғыдан қарағанда, құрылымдық бірлікке ақпарат жиынтығы болатын бірдей жалпы түрде байланысқан және қандайда бір мән-мағынаны сипаттайтын мәліметтер тобы жатады. Ақпарат жиынтығын құрылымдық құрамына қарай:реквизиттер, көрсеткіштер, мәлімдемелер, файлдар, ағымдар, жүйелер деп бөлуге болады. Реквизиттер-бұл мән-мағынанының бөлек қасиеттерін сипаттайтын, кез-келген күрделі ақпарат жиынтығының логикалық бөлінбейтін элементі. Әрбір реквизит таңбалардың жиынтығынан тұрады және мән-мағынаның сандық қасиетін немесе мән-мағынаның сапалық қасиетін білдіруі мүмкін. Көрсеткіш-бір реквизит-негізден және экономикалық құжатты тұрғызуға жеткілікті әрі мағыналық шаманы білдіретін бірнеше реквизит-белгілерден тұратын ақпараттың жиынтығы

         Басқарудың негізгі функциясы өзіміз білетіндей, жобалау, ұйымдастыру, үйлесімдік, жанданту, талдау, бақылау болып табылады. Нарық жағдайында бәсекелестік артықшылыққа  ең алдымен экономикалық объектінің толық, уақтылы және нақты ақпараты болғанда жетуге болады. Мұндай кеңістік электронды құжат айналымы базасының және автоматталған әдістердің көмегімен жүзеге асады. Жалпы экономиканы және де оның жеке құрамдас бөліктерін ( кәсіпорын, фирма, компаниялар, мекемелер) динамикалық жүйелерге жатқызуға болады. Жүйе негізінде бір нақты жетістікке жету үшін өзара байланысты құрамдас бөліктердің алынуы түсіндіріледі. Басқару негізінде жүйенің жағдайының өзгеруі қойылған мақсатқа жетуге әкеліп соқтырады. Жүйені басқару процесі басқарудың мақсатымен, қоршаған орта мен ішкі жағдайлармен анықталады. Ақпарат ресурстарын қолдану, сонымен қатар экономикалық ақпаратты қолдану бұрынғы кезден таныс және қолданылады бірақ қазіргі кезде ақпараттың қызметі мен ролі анағұрлым жоғары деңгейде дамыды десек артық етпес. Ақпарат ресурстары басқа мекеме ресурстарымен бірқатар орында келеді және жалпы халықтық экономиканы алғанда. Біздің қоғамда ақпаратпен жабдықтаудың яғни осы саланың негізгі мәселелерінің біріне ақпарат өнімінің мемлекеттік нарығы және оны реттеу механизмін тұрғызу жатады. Экономикадағы түбегейлі қайта құрулар, тауарлы-ақшалай қатынастардың белсенділігіне байланысты нарық саласын кеңейтеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                      Қолданылған әдебиеттер:

 

 

1.  Байшоланова Қ.С

Ақпараттық жүйелер теориясы:

Оқу құралы.- Алматы: Экономика, 2002. – 184 бет.

2. Н.Б. Бралиева, Қ. С. Байшоланова, Н. Л. Гагарина.

Экономикадағы ақпарат жүйелері:

Оқу құралы / Нұр- Алматы, 2001- 92б.

3. Под ред. Г.А. Титоренко.- 2-ое изд., перераб. и доп.- М:Юнити- ДАНА, 2006.- 463с.

 

3

 



Информация о работе Қазіргі қоғамды ақпаратты деп атайды