Ұлы Дала әлемі моңғол дәуірі

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2011 в 16:49, реферат

Описание работы

Ұлы Қытай қабырғасынан Селенга өзеніне дейінгі кең байтақ жерлерді моңғол көшпенділері, сондай-ақ Онон өзені бойын мекендеген жалайырлар, Хангай және Хантэй қыраттары аралығында – керейттер, Хангай және Алтай таулары аралығында малдарын баққан наймандар әлі шыққан тегі де анықталмаған, түркілер ме әлде моңғолдар ма екендіктері белгісіз қоңыраттар, яғни сан алуан халықтар мекендеген.

Работа содержит 1 файл

Ұлы Дала әлемі моңғол дәуірі қарсаңында.doc

— 85.50 Кб (Скачать)

Ұлы Дала әлемі  моңғол дәуірі қарсаңында, яғни Шыңғысқан  жаугершілігі қарсаңында Қазақстанның және Шығыс Еуропаның Алтай мен  Дунай аралығын қоныстаған қыпшақтардың түркі тайпаларынан құралды.

Ұлы Қытай  қабырғасынан Селенга өзеніне дейінгі  кең байтақ жерлерді моңғол көшпенділері, сондай-ақ Онон өзені бойын мекендеген жалайырлар, Хангай және Хантэй қыраттары аралығында – керейттер, Хангай және Алтай таулары аралығында малдарын баққан наймандар әлі шыққан тегі де анықталмаған, түркілер ме әлде моңғолдар ма екендіктері белгісіз қоңыраттар, яғни сан алуан халықтар мекендеген.

Осы халықтар тарихымен жаңа бет ашылады. Қазақстанның генеологиялық аңыздарына қарасақ, осы халықтардың бәрі қазақ халқының құрамына кірген.

Әсіресе, қыпшақтардың ролі үстем болған, олар Қазақстанның және Қара теңіз жағалауының кең байтақ далаларында билік етіп қоймай, отырықшы халықтардың Ұлы державаларында да үстемдік еткен.

Грузия мен  Византия – тек қыпшақтардың көмегімен  сельджук империясы печегендер тысқыруынан, Еуропа кресттағушыларынан аман қалды. Сол сияқты Венгрия мен Киев Русі олардағы княздар арасындағы кикілжіңде, көне орыс княздарының және венгр корольдерінің туысқандары – қыпшақтар салмақты роль атқарды.

Сол заманда  әлемде керейттер мен наймандар  билеушілері де ерекше орын алды. Олардың бұл кезде өз мемлекеттері – ұлыстары болған және хат таныған және христиандыққа қамтылған.

Х-ХІІ ғасырлар Қазақстан қалаларының гүлдену  кезеңі ескі - Отырар, Тараз, Испиджаб, Кулан, Янгикент қалаларымен қатар  жаңа Каялык, Ашнас қалалары пайда  болды. Тек Іле алқабында ХІ-ХІІ ғасырлар алдындағы 10 қаладан басқа тағы да 50 қала пайда болды.

Қазақстанның  сол кезендегі қалалары сол заман  үшін көркемдігімен ерекшеленді, су құбырлары, моншалары болды. Қазақстанның оңтүстігінде және Жетісуда қол ақша саудасы кеңінен тарады, Алатау тауларында алтын, күміс, мыс алынды. ХІІІ ғасырдың екінші оңжылдығында Қазақстанның оңтүстігінде билік Хорезм шахтарының қолына көшті, ал Жетісу қарақытай қолында қалды.

Бұл қалалар  тек билік орталығы емес, оазис  пен даланың, батыс пен шығыстың сауда, қолөнер орталығы болды.

Орта ғасыр  тарихында билік басына келісімен  көптеген халықтардың және Орта Азия, Қазақстан тағдырының өзгеруіне  әкелген адамның есімі пайда  болды.

Ол есім –  Темичун. Темучин кейбір деректер бойынша 1162 ж, кейбір деректер бойынша 1155 жылы моңғол ақсүйегінің тұқымы Есугей – бахадурдың отбасында дүниеге келген. Моңғол аңызы бойынша Темучин қият боржын - әкесі жағынан руынан, ал шешесі – қоңырат тайпасынан тараған.

Темучин әкесінен ерте айрылып көп қиындық көрген, қуғыншылардан жасырынып Оран өзені бойындағы тоғайды мекендеп, шикі балықпен қоректенген. Оның өміріне бірнеше рет қауіп төнді. Өмір үшін күрес, одан қоғамның заңына жиіркенішпен қарайтын, өзіне қаншама қатыгез болған ортаға қарсылық көрсете алатын адамды қалыптастырды. Ол өз маңайына өзі сияқтыларды жинады. Ол тек күшке ғана табынды.

Ол өзінің сақабайларынан дружина жинап, айдап  әкеткен табындарын қайтарып алды. Сәтті жортуылдарымен өжет жауынгер атағына ие болып, ХІІ ғасырдың аяғында  Орта Азия даласының беделді қолбасшысы болды. Біресе бір, біресе екінші билеушілермен одақтаса отырып ол бұрынғы одақтастарына қарсы шыға бастады. Темучин біртіндеп Орта Азия тайпаларын біріктіріп, бағындырды. Шыңғыс ханның дала билігі үшін таластағы ең негізгі бақталасы керейлер мен наймандар да осының кебін киді. Тогорил Ванханның көмегімен найман ұлысы Даянханды талқандап, Шыңғыс хан бұрынғы одақтасына бас салды. Ол Орта Азия даласында ең құдіретті билеуші болып, оны саяси түрде бекітті. 1206 жылдың көктемінде наймандарды тағы да Бұхтарма өзенінде Шығыс Қазақстанда талқандап, Онон өзенінің көзінде көшпелі ақсүйектер, Темучинді жақтаушылардың құрылтайында ол салтаннаты түрде ұлы хан болып жарияланып, өз есімінің орнына Ұлы хан деген мағынаны білдіретін Шыңғысхан титулын алды.

1. Моңғолдар мемлекетінің  құрылуы. Шыңғыс-хан  шапқыншылығы.

Мемлекеттің құрылуы. XIII ғасырдың екінші онжылдығында Қазақстан территориясы Шыңғыс-хан бастаған соғыс–құмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан – байтақ жерін иеленген еді.

Моңғол тайпалары  әлеуметтік–экономикалық дамудың  түрлі сатысында болатын, «орман халқы» және көшпелі қыр халқы  деп аталатындарға бөлініп өмір сүрді. «Орман» тайпалары негізінен  аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал шаруашылығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол қоғамының саяси өмірінде жетекші роль атқарды.

ХІІ–ХІІІ  ғасырлардың межесінде монғол қоғамында  феодалдық қатынастардың қалыптасу  процессі жүріп жатты. Бұл қоғам  екі топқа бөлінеді: нояндар және езгідегі араттарға бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында татар - монғол тайпаларының басын біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Борджеген тайпасынан шыққан Темучин болды. Ол бір дерек бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугей – бағадұрдың отбасында дүниеге келген. Шешесі -Меркет қызы, руы қоңрат. Темучин ер жете келе көшпелілер үстінен билік жүргізуүшін, тайпалар арасындағы күрес жағдайынданегізгіқарсыластарыныңбарлығын женіп, 1203-1204 жылдары моңғолдың бүкіл тайпаларын өзінің қол астына біріктірді. Егер бұрын Моңғолиянымекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген (ең қуатты тайпалардың бірі аты ) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты моңғолия тайпалары өздерін моңғолдар деп атай бастады да, бұл термин жинақтаушы этникалық – саяси мәнге ие болды.

1206 жылдың  көктемде Орхон өзенінің сағасында  Темучинді жақтаушылардың–моңғол  ақсүйектерінің құрылтай жиналысыболып,  онда ол Шыңғыс-хан деген атпен  моңғолдардыңәміршісіболып салтанатты түрде жарияланды. Шыңғыс хан деген сөз моңғолша «көктен жаралған» деген ұғымды білдіреді. Сөйтіп, Орталық Азияда құдіретті күштіШыңғыс-хан империясы құрылды .

Шыңғыс-хан  құрған мемлекеттіңнегізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру принципіалынды. Бүкіл территориясы мен халқы оңқанат (барунғар), сол қанат (зұңғар – жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ «түменге» (түмендер) бөлінді. Олардың әрқайсысы оң мың адамнан тұрды, «мыңдар» – он «жүзден», ал «жүздер», - «ондықтан» құралды. «Қасиетті аңызға» сәйкес, бүкіл Моңғолия Шыңғыс-ханның туыстарымен оны қолдаушылардың биілігіне таратылып берілген 95 «мыңға жіктелді». Бұдан басқа Шыңғыс-ханға 10 мың өзіне шын берілген таңдаулы жауынгерлерден тұратынкешігі (гвардиясы) қызмет етті. Оның көмегімен Шыңғыс-хан нояндар мен басқа феодалдарды өзіне тәуелді етіп ұстады.

Бар билікті  өз қолына алған Шыңғыс-ханның алдынақойған басты мақсаты – ішкісаяси - әлеуметтік қайшылықтарды болдырмау. Ол үшін көрші  жатқан халықтардың жерін басып алу, соғыс жолына түсу, үстем тап өкілдерінің мудделеріненшығу үшін, жаулап алған халықтардың байлығын тонау, оларды феодалдық кіріптарлыққа салу.

Шыңғыс - хан шапқыншылығы. Моңғолдардыңалғашқыжаулап алудың құрбаны болған Сібір жерлері. 1207 – 1208 жылдардың қысында Шыңғыс- ханның үлкен баласы ЖошыЕнисей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігінең басқа да «орман»халықтарын бағындырды. 1207 – 1209 жылдары Шыңғыс-хан бастаған моңғолдар танғұттық Си – Ся мемлекетін жойып, шапқыншылықпен басып алса, одан кейін ұйғырларды өздеріне тәуелді етті, ұйғырлардың басқарушысы идиқұт Баршық өзін Шыңғыс-ханның вассалы деп таныды. 1215 жылы олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Пекинді) басып алды. 1227 жылдың қарсыңында Қытай империясы Хуанхэ өзенінің солтүстік жағындағы бүкілиелігіненіс жүзінде айырылды.

2. Моңғолдардың Қазақстан  территориясын жаулап  алуы . Ұлыстардың  құрылуы.

Шынғыс-хан  қолының негізгі жорықтарының бірі Қазақстан мен Орта Азия жеріне жасаған  жорығы болды, бұл жорық оларға Шығыс Европа мен алдыңғы Азияға жол ашты. Шыңғыс-хан Қазақстан мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият әзірленді.

1211 жылы Жетісуда  Шыңғыс-ханның қолбасшыларының бірі  Құбылай бастаған отрядтары пайда  болды. Қарлұқ әміршісі Арслан-хан, орталығы Алмалықта болған тәуелсіз иелік құрған Бұзар-хан да өзін Шыңғыс-ханның вассалдарымыз деп таныды.

Моңғолдардың  батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта  басталды. Өз басының жеке жауы найманның  ханы Күшлікті талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.

Жетісуді  Шыңғыс-хан аса көп қарсылықсыз  – ақ басып алды. Моңғолдарға  қарсы тұруға жарамай қашып кеткен Күшлік-ханның жігерсіздігіне, оның діни құдалауларына, салықпен зар илеткен  зорлық – зомбылығына ыза болған найманның феодалдары Шыңғыс-ханға мойынұсынатынын білдіріп, өз әскерлерімен оның қызметіне кірді, ал Күшілікті моңғолдар Бадахшанда Шығыс түркістандағы Сарыкөлде қуып жетіп, басы алынды.

Шығыс Түркістан  мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды.

1218 жылы Шыңғыс-хан  Орта Азияға Омар -Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер  басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 жылы жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Ғайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс-хан Ғайыр-ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап алу соғыстарының негізіне алған себептер болатын.

1219 жылы қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың  қолы Ертістен Сырдарияға қарай  қаптайды. Шағатай мен Үгідей  бастаған түмендер Отырарды қоршауға  алады. Жошы бастаған әскерлер  Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырдарияныңжоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ – кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлей мен Бұхараға қарай бет ады.

Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек  Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа – Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа – Хаджиб өлтірілді. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді.

Сөйтіп, Отырар қамалын жермен – жексен етіп, Шағатай  мен Үгідей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс-хан Бұқара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын.

Сырдария  бойындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды. Соның бірі Сығанақ  қаласы еді. Жеті күнге созылған шабуылға қала тұрғындары табан тіріесіп қарсыласты. Брақ көп ұзамай Сығанақ жеңілді. Моңғолдар қаланы талап, халқын аяусыз қырды. Сол сияқты қарсылық көрсеткен Үзкент, Баршынкент қалалары алынып, қарсылық көрсеткен Ашнас қаласының турғыңдары да қырғыңға үшырайды. 1219-1220 жылдар арасында бүкіл Сырдарияның бойындағы қалалар мен қыстақ кенттер моңғолдардың қол астына түседі.

Сыр бойындағы  қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін  Шыңғыс-ханның әскерлері Орта Азияның  ішіне баса көктем еніп, 1219 жылдан 1221 жылға дейін моңғолдар бүкіл  Орта Азияға ойран салып өтті. Хорезмшах II Мухаммед Иранға қашып, кейін Атырау теңізі аралдарының бірінде өлді. 1220-1221 жылдардағы қысқа жорықтардың нәтижесінде моңғолдар Хорезм жерін тегіс жаулап, Орта Азиядағы соғыс қимылдарын аяқтады. 1221 жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан, Ауғанистан және Солтүстік Индия мемлекеттерінің жеріне ауысты.

Моңғол қолбасшылары Жебе мен Субедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Иранды басып өтіп, 1220 жылы Кавказға кірді. Олар алаңдарды, половцыларды және Қалқа өзінінде орналасқан орыстарды (1223 жылы) тас-талқан етіп жеңді. Моңғолдар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, қазақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс-ханның Ертістегі ордасына қайта оралды. 1225 жылы Шыңғыс-хан Моңғолияға қайтып келді.

Сонымен, 1219 – 1224 жылдардағы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді. Ұлыстардың құрылуы.

Ұлан –  ғайыр көп жерлерді жаулап алған  Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде  осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді. Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға бағынатын болды.

Жошының ордасы Ертіс алқабында, Шағатайдың ордасы Іле алқабында болды. Үгедейдің  ордасы қазіргі Шәуешек қаласының  маңында орналасты.

Информация о работе Ұлы Дала әлемі моңғол дәуірі