Тұрар Рысқұлов

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Ноября 2011 в 19:21, реферат

Описание работы

қсанда патша үкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы шыққаны үшін он жыл каторгалық жұмысқа кесіліп, Сахалинге жер аударылады. Он жасар Тұрар да Верныйдағы түрмеде әкесінің қасында болады.
Жастайынан Тұрар жалшылықта жүріп, байлардың малын бақты. 1907 жылы Қырғызбаев деген жалған тек алып Меркідегі бұратаналарға арналған орысша-қазақша бастауыш мектепке түседі. 1910-1914 жылдары Бішкектегі ауылшаруашылық мектебінде оқиды. 1916 жылы Ташкенттегі мұғалімдер институтына қабылданады. Бірақ оны аяқтай алмайды. Қазақстан мен Орта Азияда ұлт-азаттық көтерілісі бұрқ ете қалып, Т.Рысқұлов соған белсене атсалысады. Әулиеатадағы көтерілістің ұйымдастырушысы ретінде тұтқынға түседі. Одан құтылып шыққаннан кейін де өзінің идеялық мақсатынан айнымайды.

Работа содержит 1 файл

Тұрар Рысқұлов.docx

— 90.82 Кб (Скачать)

     ... Коммунистiк интернационалдың негiзгi мiндетi мыналардан тұрады. Батыстың әлi де бiраз бөлiктерi оппортунистердiң ықпалында жүрген, ымырашылдардың ықпалында жүрген Батыстағы жұмысшы табын олардың ықпалынан ақи-тақи шығарып, коммунизмнiң саналы жақтастары етiп қайта тәрбиелеу және сонымен қатар ең басты, маңызды мiндет-бұл еңбекшiлердi бiрiктiру, Шығыстағы әрқалай дараланған революциялық қозғалыстарды Батыстың қозғалыстарымен бiрiктiру. lll Интернационалдың алдына қойған ең өзектi мәселе осы”. 

     Өткен ғасырдың бел ортасында Қарадабан, Алексеев және Гумилев авторы болып  табылатын Еуразиялық идеяның түпкi негiзi осында, Рысқұловтың осы бiр  прогрессивтi ой-пiкiрiнде жатқан жоқ  па?.. Шығыс халықтарының бiрiншi съезiнiң  бар құндылығы да, аса маңыздылығы  да осында. 

     “... Шығыс еңбекшiлерiнiң алдында бiр-ақ таңдау бары түсiнiктi, – дейдi Рысқұлов . – Атап айтқанда Коммунистiк интернационал ұранының астында, жалауының астында жедел ұйымдасып бiрiгу және аграрлық революцияны шұғыл жасау, жердi және өкiметтi алу. Бұл әлемдiк капитал езгiсiнен құтылудың, халықтардың өз таңдауын жасаудың жалғыз ғана жолы, жалғыз ғана шешiмi”. 

     Жер мәселесi бүгiн де аса маңызға ие. Халықты басқалардың езгiсiнен құтқаратын да осы жер. Рысқұлов оны сол кезде-ақ делегаттар қаперiне салып, жөн сiлтеген. 

     Бiрiншi съездi өз көзiмен көрген Купелт бертiнге  дейiн Түлкiбаста өмiр сүрдi. Соның  айтуына қарағанда Рысқұловтың  сөйлеген сөзiн Дағыстанның көрнектi қайраткерi, Сорвонис университетiнiң  түлегi Жалеледдин Қорқмасов француз  тiлiне аударғанда залда отырған  Россмер, Джон Рид, Бела Кун, Янца және басқа да шетелдiктер орындарынан тұрып, ұзақ қол шапалағымен Рысқұловқа құрмет көрсеткен. 

     Сол съезде Бибiнұр да сөйледi. Ол Шығыс әйелдерiн бiрлiкке шақырды. Бибiнұр да тарихи тұлға. Түркiстан республикасынан съезге қатысқан жалғыз әйел. Оның кейiнгi тағдыры қалай болғаны жөнiнде мәлiметтер жоқ. Тарихшылар зерттеуiнен тысқары қалып қойған. Бұл да өкiнiш. 

     Мемлекет  қайраткерi, Социалистiк Еңбек Ерi Анастас Иванович 
Микоянның 1972 жылы жарық көрген екiншi “За все дело” атты кiтабында да Тұрар Рысқұловтың мемлекет қайраткерi ретiндегi еңбегiн жоғары бағалаған. Өкiнiшке қарай сол кезде де республикада Рысқұловтың атына жалған жалалар жабылып жатты. 

     1973 жылы Рысқұловтың 80 жылдығы қарсаңында  тележурналист Сейiлхан Асқаров  пен кинооператор Юрий Пискунов  Мәскеуге арнайы барып, А.И.  Микояннан Рысқұлов жөнiнде сұхбат  алды. Оның Рысқұлов хақындағы құнды ой-пiкiрлерiн Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң хатшысы Саттар Имашев сұхбатты экраннан алдын-ала көру кезiнде: “Микоян Ленин емес”, – деп қысқартып тастаған. Одан кейiн де Қазақстан Ғылым академиясы Партия тарихы институтының директоры Серiкбай Бейсембаевтың баяндамасына Рысқұловқа панисламшыл”, “пантүрiкшiл” және “ұлтшыл ауытқушы” деген айыптауларды қостырған. Тоталитарлық жүйе тәртiбi солай болды. Амал қанша. 

     1921 жылы жазда Әзербайжан Компартиясының lll съезi болды. Бұл съезге Рысқұлов Ұлттар комиссариатының өкiлi ретiнде қатысты. Сол уақытта Түркияда ұлт- азаттық көтерiлiсi жеңiп, өкiмет басына Кемал Паша Ататүрк келген едi. Ленин оларға қаржылай жәрдем берген. Съезде Тұрар Рысқұлов халықаралық жағдайларға шолу жасай отырып, Түркиядағы ұлт-азаттық көтерiлiстi жақтап, Антантаның жаулап алу саясатын әшкереледi. Сол сөзiнен кейiн оған бұрынғы таңылған айыптарының үстiне “кемалшыл” деген тағы қосылды. Мұны алғаш рет таңған Тәжiкстан тарихшысы Имомжан Келдиев. 

     Рысқұлов  сол съезде мәдени-әлеуметтiк, экономикалық жағдайларға да кеңiнен тоқталып, тың ойларын ортаға салды. Соған дейiн республикаларда “Жұмысшы табының жетекшiлiгiмен социализм жеңiстерiне жетемiз!” деген ұран жиi-жиi айтылатын. Жұмысшы табы осылай дәрiптелетiн де шаруаларға аса мән берiле бермейтiн. Рысқұлов съезде шаруалар рөлiн көтердi. Орталықтан алыстағы республикаларда және Қытай,Үндiстан секiлдi елдерде шаруалар үлесiнiң көптiгiн, олардың үлкен саяси күш екенiне делегаттардың көздерiн жеткiздi. Тек жұмысшы мен шаруа күштерi бiрiккенде ғана барлық қиындықтарды жеңiп, социализмдi толық орнатуға болатынын дәлелдедi. Кеңестер республикалары жұмысшы-шаруа мемлекеттерi деп аталғанын жөн көретiнiн айтты. Ол солай мемлекет сипатын нақтылап, саяси атауына да түзету енгiздi. Сондай пiкiр Бухарин мен Устиновта да болған екен. Бiрақ олар Рысқұлов секiлдi үлкен саяси жиындарда жария етпеген.  
Съезде Рысқұлов Орталық пен субъективтiк федерациялар экономикалық байланыстарының ара жiгiн ашып бердi. Автономиялық республикалар табиғи байлықтарын Орталыққа тұтас жiбере салмай, белгiлi бiр бөлiгiн өздерiнде қалдырулары керектiгiн ескерттi. Сонда ғана республикаларда экономика көтерiлiп, саяси билiктерi артып, дамудың тепе-теңдiгi сақталатынын ашып айтты. Рысқұлов солай болмайынша артта қалған шалғай республикалардың әлеуетiн жақсарту мүмкiн емес екенiн жасырған жоқ. 

     Съезде  оның назарынан жер мәселесi де тысқары қалмады. Оның дұрыс бөлiнбеуi, әлеуметтiк наразылықтар тудыратынын да ашып айтты. Сондай-ақ Рысқұлов тiл мәселесiн де қозғаған . Әр ұлттың өз ана тiлiн дамыту керектiгiн, мектептерде сабақ сол ұлт тiлдерiнде оқытылуға тиiстiгiн, оған қазынадан арнайы қаражат бөлiп, материалдық негiз жасалмаса, оны жүзеге асырудың қиындығын түсiндiрген. Демек ол бүгiнгi тiлiмiздiң жырын, сол кезде, яғни, 1921 жылы-ақ көтерген. Жат тiлдердiң ықпалынан қорғаған. Тiлiмiздiң ұлтымызды асырау үшiн келешекте техникалық, иновациялық-индустриялдық тiлге айналуын көздеген. Бакуде Рысқұлов тiл саясатының негiзiн де қалады. 

     Рысқұлов  Орта Азиядағы мақта мәселесiне де тоқталды. Оны игерiп қана қоймай, шикiзатты өңдеу жолдарын да көрсеттi. Мақтадан тауарлы өнiм шығару үшiн республикаларда өндiрiстiк орындарын ашу керектiгiн тiлге тиек еттi. Қысқасы, Рысқұловтың Бакудегi сөзiнiң саяси мәнi зор. Ол сонда шаруа қозғалыстарының (крестьянское движение) революциялық қабiлетiн ашып бердi. Рысқұловтың бұл теориясы дүниежүзiне тән десек асылық болмас. 

     1919 жылдан 1930 жылға дейiн Рысқұлов  небiр қоғамға пайдалы тың пiкiрлерiмен  баршаның назарын өзiне аударды.  Тiптен өкiметтiң құрылымы туралы реформалық ұсыныстары қаншама. Парламенттiк билiктi де алғаш айтқан Рысқұлов болатын. Ол қай жиында сөйлесе де өзгелердей сөз соңында: “Коммунистiк партия жасасын!” деп ұрандатқан емес. Тек: “Партия жұмысшы-шаруа табының авангардтық рулi”, – деумен шектелген. Партияға сол “авангардтан” басқа термин қолданбаған. Оның партиялық тәртiбi жағынан бiрнеше рет сөгiс алғанын былайғы жұрт бiле бермес.  
Рудзутак пен Орджонокидзенiң Орталық аппаратқа ұсынысымен Рысқұлов Түркiстан республикасы Совнаркомының төрағасы қызметiне тағайындалған. Билiктi алысымен “кәператив” мәселесiн шаруашылыққа батыл ендiрдi. Жердi шектеулi уақытқа жалға берудi жолға қойды. 1923 жылдың өзiнде-ақ Мырзашөлдегi игерiлмей жатқан бос жердiң бiрнеше жүздеген гектарын Грузияға жалға берiп, республика бюджетiне айтарлықтай пайда түсiрген. Бүгiнгi Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi де ол сол кезде-ақ құрып, акционерлiк қоғамды да жүзеге асырды. 

     Ленин өмiрден өткен соң СССР және РСФСР  Совнаркомдарының төрағасы Рыков болды. Рыков пен Рысқұловтың экономикалық көзқарастары көбнесе бiр жерден шығып отырған. Рысқұлов Орталық аппарат талқылауына “Түрксиб” темiржолының құрылысын шаруашылық есеппен (хозрасчет) жүргiзудi ұсынғанда, Рыков оны бiрден қолдады. Сол экономикалық саясаттың арқасында “Түрксиб” құрылысы мерзiмiнен бұрын пайдалануға берiлдi. Ол шаруашылық есеп тәсiлiн коммунальдық жүйеге де тиiмдi қолдана бiлген. Кейiн бұл тәсiлдi 1946 жылдан 1950 жылға дейiн экономистер Кузнецов пен Вознесенский жалғастырды. Алайда бұл Сталинге ұнамай “Ленинградское дело” деп аталған қылмыстық iспен екеуiн де аттырып жiбердi. Арада көп уақыт өткен соң СССР Министрлер Советiнiң төрағасы Алексей Иванович Косыгин шаруашылық есептi өндiрiске қайта ендiруге әрекеттенiп бақты. lстiң қолайын таппады ма, әйтеуiр бастамасы аяқсыз, нәтижесiз қалды. 

     Қытай үкiметiн басқарған Чжо-Эн-Лай  сол шаруашылық есеп тәсiлiн өз ұлттық болмыс-жағдайларына қарай ыңғайлап, Мао-Цзе-Дунға бiлдiрмей, астыртын өндiрiсте  қолданды. Оны Дэн-Сио-Пин қолдаған. Кейiннен бұл жасырын iс Мао-Цзе-Дунға жетiп, Дэн-Сио–Пин түрмеге жабылған. Араға жылдар салып, Дэн-Сио-Пин үкiмет басына қайтып келген соң, шаруашылық есептi қайта қолға алып, толық жүзеге асырды. Содан Қытайдың экономикасы аз жылдардың бедерiнде таңқаларлықтай даму сатысына көтерiлдi. Әр тәсiлдiң бастамасы бар. Ғайыптан ештеңе де пайда болмайды. Бұл акциома. Сол шаруашылық есептiң түп төркiнi Рыков пен Рысқұловтың экономикалық саясатында жатқанын бiреу бiлсе, бiреу бiлмес. Тiптен бұған мүлдем сенбейтiндер де табылады. Дегенмен ақиқаты осы. Бұл фактi Рысқұловтың тек саясаткер ғана емес, әлемдiк деңгейдегi кең ауқымды экономист екенiн де көрсетсе керек. 

     Экономикалық  даму тәсiлi жанды құбылыс. Бiр елден бiр елге ауысып отырады. Гәп соны өз ұлттық ерекшелiктерiне қарай ыңғайлап, қолдана бiлуде. Шаруашылық есеп әуелгiде солай Кеңестер Одағында туды, оны Қытай толық жүзеге асырды. Осы бiр жайды бiздiң тарихшылар мен экономика зерттеушiлерi әлi күнге қозғамай жүр. 

     Өткен ғасырда қазақ халқы үш аштықты  басынан кештi. 1933 жылғы Голощекиннiң  қолдан жасаған аштығы жиi айтылады. 1919 және 1921 жылғы құрғақшылықтан болғандары сиректеу ауызға алынады. Үшеуiнде де миллиондар аштықтың құрбаны болды. Алдыңғыларында Рысқұлов Аштық комиссиясын басқармағанда, соңғысында Сталинге хат жазып, республикадағы аштық ауқымын нақты жеткiзiп, шұғыл шаралар қолдануды талап етпегенде, жер бетiндегi ұлтымыздың саны күрт төмендеп кетерi анық едi. Рысқұлов – ұлтымыздың генефонын сақтап қалған тұлға екенiн мойындау керек. 

     Рысқұлов  Бакудегi әлеуметтiк-экономикалық ұсыныстарының  бiрқатарын 1926 жылы 12-14 қарашада Мәскеуде болған өзiнiң Жеке кеңесiнде Одақтас  республикалар өкiлдерiнiң назарына қайта ұсынды. Республикаларды индустрияландырмайынша мешеулiктен құтылу мүмкiн еместiгiн, ол үшiн шикiзаттарды өздерiнде өңдейтiн кәсiпорындар ашуды алға тартты. Өндiрiс орындарының сандары көбейген сайын жұмыс орындары да молайып, экономикалық даму үдеп, республикалардың дербестiгi, қуаттылығы күшейе түсетiнiн жеткiздi.  
Ол ұлы орыс шовинистiк саясатымен ашық күрестi. Оларға жол бермеу үшiн Орталық басқарушы аппараттарда әр ұлт өкiлдерiнiң отыруын талап еттi. Өзi РСФСР Совноркомының қызметiнде жүргенде ұлт кадрларын жауапты орындарға тартты. Ұлттардың мұқтаждықтарына ден қойды.  
Рысқұловтың ауылшаруашылығын реформалауға қосқан үлесi де мол. Ол 1930 жылы Орталық үкiметке Австралияның, Жаңа Зеландияның, Солтүстiк Американың ауылшаруашылығын дамытудағы тәжiрибелерiн пайдалануды ұсынды. Үкiмет оны дәл сол кезде қолдай қоймағанымен, көп кейiн 1960 жылдардың бедерiнде сол елдерге арнайы мамандар жiберiп, тәжiрибе алмасуға мәжбүр болды. Рысқұловтың ой-тұжырымы аграрлық-экономикалық саясатта да анау айтты өзгелерден артық болмаса, бiр мысқал да кем емес екенiн сыбайластары жақсы бiлген. 

     Ұлт мамандарына, зиялыларына, ғылымға  Рысқұловтың жанашырлығы өз алдына бiр әңгiме. Түркiстан республикасы Совнаркомының төрағасы Тұрар Рысқұлов 1920 жылы үш жаққа бөлiнiп кеткен Алашорда өкiлдерiн Тәшкентке жинап, “Талап” қоғамын құрды. Оған Кәрiм Жәленов, Халел, Жанша Досмұхамедовтер, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Мiржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Мырзағазы Есболов және т.б. мүше болды. Бұл қоғам алғашқы ғылыми орталыққа айналды. Қазақстан Ғылым академиясының негiзi сонда жатыр. Рысқұлов бюджеттен дер кезiнде қаражат бөлгiзiп тұрмағанда, оның жабылып қалуы мүмкiн едi. Ақын Мағжан Жұмабаевтың “Түркiстан” атты тамаша өлеңi Орынборда емес, Ташкентте дүниеге келдi. Түркiстан идеясын, түркi жұртының бiрлiгiн жырлады. Өлеңнiң жазылуына Рысқұлов, Қожанов, Төреқұловтың әсер еткенi анық. Қоқан үкiметiн большевиктер құлатқан соң Мұстафа Шоқай шет елге кетедi де, Мұхамеджан Тынышбаев жұмыссыз қалады. Рысқұлов оны Тәшкентке шақырып, Совнаркомның транспорт бөлiмiне бастық етiп тағайындайды. Түрккомиссиядағыларға оның бұл iсi ұнамаған. Осы орайда айта кететiн бiр жай үстiмiздегi жылдың 17 наурызында “Апта.KZ” газетiне Сейтқасым Әуелбеков дегеннiң “Шындық толық айтылуы керек” атты мақаласы жарық көрдi. Редакция қызметкерлерi мақала аннотациясына оның Францияда тұратынын, бiрақ қай елдiң азаматы екенiн бiлмейтiндерiн жазыпты. Ал бiз Әуелбековтiң осы елдiң азаматы екенiне қылаудай да күмәнданбаймыз. Өйткенi ТМД елдерiндегi қандастарымыздан басқа, шет елдерде тұратындардың фамилияларында “ов” жалғауының болмайтыны бесенеден белгiлi. Оның үстiне аударма тiлi де жатық. 

     Мақалада  Рысқұловтың 1924 жылы 30 сәуiрде Ресей  Коммунистiк партиясы Орталық Комитетiне, Сталин жолдасқа жазған хаты жарияланған. Автор түсiнiктемесiнде хатты Мәскеудiң мұрағатынан алғанын ескертiптi. Хат мазмұнынан Рысқұловтың Қожановқа, Алашорданың кейбiр тұлғаларына, Мұстафа Шоқайға алабөтен көзқарасын байқайсыз. Былайша айтқанда бұл хат қалың оқырманға күтпеген тосын жағдай туғызуы әбден мүмкiн. Өзi де сондай мақсатпен жарияланғанға ұқсайды. Дегенмен бұл хат сол дәуiрдi зерттеген тарихшылар үшiн жаңалық емес. Олар мұны өткен ғасырдың 60-70 жылдарынан берi бiледi. Рысқұлов бұл хатты неге жазған? Салдардың да себебi бар емес пе? Қазақтың қай тұлғасын да мысалға алып, мұрағаттардан түбiн қазсаңыз, осындай пендешiлiктерi табылады. Иә, кейде олардың бiрiн-бiрi түсiнiспеушiлiктерi болған екен. Бiрақ олар бiрiн-бiрi дауға қиса да, жауға қимаған. Ендi бiздiң тұлғаларымызды түртiнектеп, тырнақ астынан кiр iздегенiмiз қалай болар екен. Данышпан Абай: “Қазақтың өлiсiнiң жаманы жоқ, тiрiсiнiң жаманшылықтан аманы жоқ”, – деп неге айтқан? Бәлкiм бiлiктi тарихшылардың, тұлғаларымыздың осындай оғаш хаттарын жылы жауып қойғаны, Абайдың ұлағатты сөзiне тоқтағаны шығар. Ендi ғана Тәуелсiз ел атанып, үш жүзiмiздiң бастары құралып, ұлт болып ұий бастаған шақта, санамызды ояту үшiн, рух жiгерiмiздi көтеру үшiн, тұлғаларымыздың халық үшiн еткен жанкештi еңбектерiн жазып, үлгi тұтсақ қанеки. Иә, шындық толық айтылуы керек. Бiрақ дәл қазiр емес.  
Тарихты жасайтын халықтық тұлғалар. Рысқұловтың Түркiстан республикасындағы ролi мен ықпалы ерекше. Идеясы да биiк болатын. Орталықтан ел басқаруға келген Түрккомиссия мүшелерi оның алғырлығынан, саясаткерлiгiнен, өр мiнезiнен именетiн. Дұрысы сескенетiн. Ол басшылықтың тiзгiнiн ұстап тұрғанда Түркiстан тұтас державаға айналар ма едi кiм бiлсiн. Содан қауiптенген Орталық аппарат оны 1924 жылы Мәскеуге шақырып, Наркомнацқа қызметке қойды. Рысқұловтың Мәскеуге ауысуымен мұндағы түркiлiк идея әлсiредi. Орталыққа тұтас Түркiстан бiрлiгiн ыдыратуға ыңғай туғызды. Түркiлiк алты Алашты жеке-жеке республикаларға бөлiп, Орталық империялық саясатының өңiн айналдырып жалғастырды. 

     Рысқұловтың 1924 жылы Комунистiк интернационал  Атқару комитетi өкiлi ретiнде Монғолияның  мемлекеттiк iстерiн ретке келтiруi мен дипломатиялық жұмыстары  өз алдына бiр төбе. Оның мұрасы әлi толық зерттелмей келедi. Жарық көрмей жатқан еңбектерi қаншама. Өкiнiштiсi сол, “Мәдени мұра” бағдарламасына енбей қалды. Қазақстан Үкiметiнiң 1993 жылғы 198-шi қаулысы бойынша, Алматыда Рысқұловтың еңселi ескерткiшi орантылуы керек едi. Ол да аяқсыз қалды. Уәдешiл Үкiметке ендi не деуге болады? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Тұрар Рысқұлов