Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 08:59, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін жариялауы қоғам азаматтарының санасында үлкен сілкініс туғызды, Отан тарихы ғылымына да түбегейлі өзгеріс әкелді. Ел тарихы мен ұлттық санаға көлеңкесін түсірген «ақтаңдақтардың» бетін ашып, ұлт мәртебесін көтеруге жаңа мүмкіндік туды. Еліміз ұлттық құндылықтарды қастерлеуге бағыт ұстай бастаған бүгінгі заманда өткен тарихымызға қазақ халқының мүддесі тұрғысынан қараған тарихшыларымыздың өскен ортасы мен тарихшы болып қалыптасуына, шығармашылық мұраларына талдау жасаудың маңызы зор. «Кез келген халықтың өзін-өзі сыйлауы, өзінің ұлттық қасиеттерін білуі еліне аянбай еңбек еткен асыл азаматтарын танып, оларды әспеттеуден басталады.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………3-6

І ТАРАУ: К. НҰРПЕЙІСТІҢ ӨМІРІ МЕН ҒЫЛЫМИ -ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ


1.1 Кеңес Нұрпейістің шыққан ортасы және тарихшы болып қалыптасуы.............................................................................................................7-14

1.2 Ғалымның ғылыми ортасы мен қызметі......................................................15-29

ІІ ТАРАУ: АКАДЕМИК К. НҰРПЕЙІСТІҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ

2.1 Кеңестік дәуірдегі Қазақстан тарихын зерттеуге арналған еңбектері…............................................................................................................30-42

2.2 Тәуелсіздік кезеңіндегі Алаш қозғалысы тарихын зерттеуге қосқан үлесі.......................................................................................................................43-57

2.3 Ғалым зерттеген тарихи тұлғалар................................................................58-67

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................68-70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................71-73

Работа содержит 1 файл

Диплом Жанат апай.doc

— 472.00 Кб (Скачать)

Көрнекті тарихшы К.Н. Нұрпейістің ұқыптылығы, еңбекқорлығының  бір көрінісі, ол өзге ғалымдардың  еңбектеріне, шығармаларына сараптамалық пікір беріп отырды. К.Н. Нұрпейістің жоғарғы оқу орындарының 10-11сыныптарына арналған  мектептер үшін Қазақстан тарихы бойынша оқулық пен оқу құралдарын жазуға белсене қатысуы, тарих пәнін оқыту сапасын жақсартуға қосқан үлкен үлесі еді. Жалпы білім беретін мектептерге көне заманнан бүгінге дейінгі «Қазақстан тарихын» дайындауға ат салысты, әсіресе еліміз егемендік алғаннан кейінгі кезеңдері «Қазақстан тарихы» дербес пән болып енгізіліп, жаңа оқу құралын шығару қажеттігі туындаған кезде еліміз тарихының күрделі кезеңінен оқулық жазуды қолға алды. Ғалымның оқулықта қарастырған кезеңі 1946 жылдан басталып, қазірге дейінгі уақытты қамтыды. Өзінің шәкірттері Б.Аяған, Н.Жақсылықовтармен бірлесіп 1993 жылы 11 сынып оқушыларына - тәуелсіз елдің жас буынына арнап  жаңа оқулықтарын тек қазақ тілінде ғана емес, мыңдаған таралыммен орыс, ұйғыр тілдерінде де жарыққа шығарды. Бұл оқулықтар Республикамыздағы оқырмандар, ұстаздар қауымы мен оқушылар тарапынан жақсы пікір қалыптастырды және тарихшы мұғалімдер оқулық туралы өз ойларын, сын көзқарастарын, ұсыныстарын газет-журналдар бетіне мақала ретінде жариялап, еңбектің сапасын арттыра түсуге ат салысты.

Көрнекті ғалым тек  ғылыми жұмыспен ғана айналыспай, қоғамдық жұмыстарды да қоса атқарып жүрді. Мысалы, К. Нұрпейістің ғылыми редакторлығымен 15 жыл бойы «Қазақ ССР ҒА Хабарлары. Қоғамдық ғылымдар сериясы» журналының редакциялық алқасының жауапты хатшысы, 1998 жылдан бастап «Отан тарихы» журналының, Швецияда шығатын «Центральная Азия и Кавказ» қоғамдық-саяси журналы редакцияларының алқа мүшесі болды. «Қазақ тарихы» журналына редколлегия мүшесі, «Ұлттық энциклопедия» басылымдарының тарих секциясының төрағасы қызметін атқарды. 2004 жылы К.Нұрпейістің басшылығымен «Туған өлке-Родной край» журналы шығарылды және ғалымның Отан тарихының өзекті мәселелеріне арналған 16 монография мен мақалалар жинағы жарық көрді.

КСРО-ға кіретін жекелеген  республикалардың шет елдермен әр түрлі  дәрежеде және әр түрлі көлемде тікелей  экономикалық, мәдени-ғылыми байланыстар жасауға мүмкіндігі молайды және Қазақ ССР Ғылым академиясының ғылыми-зерттеу мекемелері өздерінің шетелдік әріптестерімен тікелей қарым-қатынастар орнатуы үлкен маңызға ие болды. Бұл игі бастамадан Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институты да тыс қалған жоқ. Институт ғалымдары ғылыми сапарлармен Жапония, Франция, Оңтүстік Корея, Голландия, Монғолия сияқты көптеген елдерде болуды дәстүрге айналдырады. Әсіресе, 1989 жылы қазан айында институт директоры академик М.Қ. Қозыбаевтың Алматыға ғылыми сапармен келген АҚШ-тың Калифорния штатындағы Беркли қаласында орналасқан Калифорния Университетінің (ол қысқаша Беркли университеті деп те аталады) қызметкері, археология және өнер тарихының докторы Джени Дэвис-Кимбалды қабылдап, Қазақстан мен американ ғалымдарының бірлесіп зерттеу жүргізуі мүмкін мәселелер төңірегінде пікір алысып. Соның нәтижесінде Қазақ ССР Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институты мен Калифорния университеті ғалымдарының қазақтардың тарихын, археологиясын және этнографиясын бірлесіп зерттеуге қол жетті бұл келісімдердің жалғастыру барысында екі мекеме арасында 1990-1994 жылдарға арналған «Қазақ-Американ зерттеу бағдарламасы» туралы шартқа қол қойылды. Міне осы келісім-шарттың негізінде Қазақ ССР Ғылым академиясының Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтының бес ғалымы -  Қазақ ССР Ғылым академияның корреспондент-мүшелері М. Асылбеков, К.Нұрпейісов, тарих ғылымының кандидаты, этнограф А. Қалышев, тарих ғылымының кандидаты, археолог Е. Смағұлов, топ тілмашы З. Смағұлова ғылыми сапармен Америка Құрама Штаттарында болып қайтулары үлкен жетістіктер мен тәжірибе алмасуларға, жаңа ғылыми ізденістерге жол салды. 1990 жылы АҚШ-қа, 1994-1997 жылдары Түркия елдеріне барып қазақ елін лайықты таныта білді.  

Кеңес Нұрпейіс ғылыми шығармашылығымен қатар көптеген жоғарғы оқу орындарында, әсіресе, Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының тарих  факультетінің студенттеріне 1973 жылдан бері дәрістер оқып, қаншама қазақ  қыздарын білім мен ғылымға баулыды. Басынан өмірдің қатал сынын өткерсе де бойынан адалдық, адамгершілік қасиеттері есіп тұратын ұстаз-ғалым Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген қазақ қыздарына сол қасиеттерді сіңіріп, жұмсақ мінезді, ақжарқын, әділетті ұстаз бола білді. Осы жоғарғы оқу орнының жас зерттеушілері ғалымның ғылыми жетекшілігімен тарих деген қиындығы мен қызығы қатар жүретін ғылымға келіп, жас зерттеушілердің қатарына қосылды.

К. Нұрпейіс ХХ ғасырдың тарихынан ойып орын алуға лайықты  Алаш зиялыларының қоғамдық-саяси қызметтерін зерттеуді өмірінің соңғы сәттеріне дейін жалғастырып, оларға  қатысты тың мұрағаттық құжаттарды жарыққа шығарып отырды. Соның нәтижесінде ғалымның кейінгі жылдары жазып, кезінде баспасөз бетінде жарияланған материалдары негізінде 1997 жылы «Тарихи тұлғалар» атты үлкен еңбегі жарыққа шықты. Онда                      Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов, Мұхаметжан Тынышбаев, Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов,                        Нәзір Төреқұлов, Қаныш Сәтбаев, Ыдырыс Көшкінов сияқты қазақ зиялылары туралы нақты байламдар жасады. Сөйтіп, ғалым ХХ ғасырда Қазақстанда орын алған саяси қуғын-сүргін тарихын зерттеп, әміршіл-әкімшіл жүйенің құрбандары болған жүздеген жақсылар мен жайсаңдардың  саяси тұрғыдан ақталуына өзінің қомақты үлесін қосты [12].

Академик К. Нұрпейістің  ғылымның биік шыңына көтерілуі, үлкен  бедел мен атақ-абыройға ие болуының сыры оның еңбекқорлығының, нағыз ғалымға  тән ізденімпаздығы мен қабілет-қарымына байланысты еді. Көрнекті ғалымның артында қалған ғылыми мұралары күрделі ғылыми мақалаларынан бастап іргелі монографиялық зерттеулеріне дейін құнды ғылыми туындылары, айтылған ойлары мен жасалған ғылыми тұжырымдары тек қана нақты тарихи деректер мен фактілерге сүйеніп жасалғандықтан, нағыз өміршең ғылыми зерттеу еңбектеріне айналған. Сондықтан артында қалған асыл мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа тарайтыны сөзсіз. Ол қай кезде болмасын өз ойын ашық айта білді. Өзінің турашыл, принципшіл мінезімен қатар жайдары, ақкөңіл, мейірімді, қонақжай, кішпейілдігімен барлық адамдардың жүрегінен жол таба білген тұлға. Ғалым артында қалған шәкірттерінің, қызметтестерінің әрқайсысының жүрегінде жылылық шуағын қалдырса, сол жылы шуақ өзі араласқан адамдардың үнемі ғалымды еске алуға, жылы лебіздер айтуға жетелеп отырады.

Бүкіл ғұмырын өз ұлтының  тарихын түгендеу мен бүтіндеуге арнаған Кеңес Нұрпейісұлы Нұрпейіс 2007 жылдың 9 желтоқсанында 73 жасқа қараған  шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан  қайтыс болды.

Тарих ғылымында өзіндік  із қалдырған көрнекті ғалым, Ұлттық Ғылым Академиясының академигі К.Н. Нұрпейіс өмірден озса да ғалымның ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі мен тарихи мұрасы тарих ғылымына қосылған өзіндік үлесі бар бағалы туындылары, артында қалған шәкірттеріне, ұлтына баға жетпес мұра болып қалары сөзсіз.

Өкініштісі, бір-ақ күн  жетпеді! Сізді бақилық дүниеге  аттандырып жатқан кезде Алаш қозғалысының 90 жылдығы аталып өтті. Тура сол күні көп күткен кітабы «Тарихи тұлғалар» [22] деген атаумен жарық көрді. Ғалымды құрмет тұтатын, шын сыйлайтын Шерхан Мұртаза жиі жазып жүргендей «бір кем дүние» тағы да болды.

Қорыта келгенде балалық  кезінен көрген жетімдік, Ұлы Отан соғысы кездері, одан кейінгі елдің  экономикасын көтеру кезеңдері сияқты еліміздің басынан өткен тарихи оқиғалар бала, жасөспірім, азамат Кеңес  Нұрпейістің жүрегін де, жігерін де шыңдады, болашақ ғалым тарихшы болып шығуына септігін тигізді, қалыптастырды. 

 

 

 

1.2 Ғалымның  ғылыми ортасы мен қызметі

 

К. Нұрпейістің Отан тарихындағы  орны мен ғылыми қызметіне баға беру үшін ең алдымен  ғалымның ғалым  болып қалыптасуына, оның тарих ғылымындағы өзіндік орнына тоқталған жөн сияқты.

К. Нұрпейіс 1958 жылдың ақпан айында Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтына кіші ғылыми қызметкерлікке қабылданады.

Көрнекті ғалымның өмірінің соңына дейін қызмет істеген Ғылым Академиясы жайлы айтар болсақ, КСРО Ғылым академиясының қазақ филиалы 1946 жылғы  1 маусымда Қазақ КСР-ның Ғылым академиясы  (қазіргі ҚР Ұлттық ғылым академиясы) болып құрылды. Бұл тарихи оқиға Қазақстан ғылымының жаңа сапалық деңгейге шыққандығының, маңызды мәселелерді шешуге қабілетті көптеген ғылыми кадрлардың өскенінің, ғылыми-зерттеу мекемелерінің айтарлықтай жүйесі құрылғандығының көрінісі болды.

Бала кезінен білім шыңына өрлеп, осы мақсатта сан алуан қиындықтарды жеңе отырып, туған халқына, еліне еңбек етуге тырысқан жас зерттеуші ғылым академиясында да өзін жаңа қырынан көрсете білді. Әрине, К. Нұрпейістің ғалым тарихшы болып қалыптасуына ұстаздарының да әсері көп болды. Атап айтар болсақ жас ғалымның ұстаздары  А.Н. Нүсіпбеков, С.Н. Покровский, Г.Ф. Дахшлейгер, Т.Елеуов, А.С. Елагин сияқты тарих ғылымының саңлақтары зерттеушінің қалыптасуына зор ықпал етті. Әсіресе, ұстазы әрі рухани әкесі Ақай Нүсіпбековтың рөлі ерекше болды. «Ақаң тоғыз жылға жуық республикалық Ғылым академиясы жетекшілерінің бірі болған кезде де, ширек ғасырдан астам Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтын басқарған жылдарда да өз төңірегіне көкірегінде көзі бар, басқаға айтар сөзі бар талантты шәкірттерін жинады, олардың қанаттарының қатаюына, үлкен ғылымнан өз еңбектеріне сай орын алуларына көмектесті. Ол шәкірт таңдауда, ғылым кадрларын тәрбиелеуде кейбіреулер басшылыққа алатын «география» мен «биография», ұлты мен ұлысы дейтін көрсеткіштерге мән бермеді» - [23] деп еске алады Кеңес Нұрпейіс.

Ақай Нүсіпбеков Қазақ ССР Ғылым  академиясының Тарих, археология, этнография институтының директорлығына 1956 жылы келді. Қазақстан тарих ғылымының  дамуына зор үлес қоса отырып, ұйым жетекшісі ретінде тарихты зерттеуде  көптеген тың мәселелерді көтеріп, қолға алуды ұйымдастыра білді. 1968 жылдан бастап 1976 жылға дейін Қазақ ССР Ғылым Академиясының вице-президенті қызметін атқарды. Осы кезеңде, ол қоғамдық-саяси, тарихи ойдың дамып, ғылымның өркендеуіне өз үлесін қосты. Одаққа белгілі ғалым, академик А. Нүсіпбеков директор, мүше-корреспондент  Г.Ф. Дахшлейгер орынбасары қызметінде болды. Институттың бөлім меңгерушілері көрнекті ірі ғалымдар, академиктер А.Х. Марғұлан, С.Н. Покровский, ғылым докторлар  Б.С. Сүлейменов (мүше-корреспондент), Т.Б. Балақаев (кейін-доктор),          Х.А. Арғынбаев (кейін-доктор) және т.б. істеді.

Бұл «Хрущевтік жылымық» кез болатын. Айдалған Е. Бекмаханов және Б.Сүлейменов түрмеден босап қайтқан, басқа қуғынға ұшыраған                       А.Х. Марғұлан, Б. Асфендияров, Е. Ділімбетовтер өздерінің ғылыми жұмысында еркіндікке қол жеткізген уақыт еді. Дегенмен Кенесары қозғалысы, Қазақстанның Ресейге қосылуы, қазақ халқының қалыптасу тарихы және басқа да өзекті проблемалар әлі өзінің тиісті бағасын ала қоймаған еді, сондықтан Отан тарихындағы пікірталас кеңестік тар идеология шеңберінен шықпады. Алайда, Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауы, Қазақ халқының территориясының бірігуі, индустриялық, мәдени, аграрлық дамуы, кеңестік жұмысшы-шаруа таптары мен интеллигенцияның қалыптасуы, олардың қатарындағы ұлттық кадрлардың өсуі, Ұлы Отан соғысындағы жеңіске Қазақстанның қосқан үлесі, тың және тыңайған жерлерді игеру және басқа өзекті проблемаларды шешуде ірі-ірі қадамдар жасалып, көптеген игілікті істерге қол жеткізілді [12, 10].    

Ғалым орталықтандырылған әкімшіл-әміршіл жүйенің шырқау кезеңінде, демократиялық дәстүрлерден ада, саяси мәдени дәрежесі өте төмен, социализм мен коммунизмнің қиялдарына сенген таптық иделогия шырмауындағы үрейлі қоғамда ғылым саласына келсе  де, өзін жан-жақты зерттеуші ретінде көрсете білді. Ширек ғасырдан астам уақыт бойы Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институтын басқарды. Институттың республикадағы тарих ғылымының орталығына айналуы А. Нүсіпбековтің қызметімен тығыз байланысты болды. 1999 жылдан бастап Кеңес Нұрпейіс бірнеше жыл Қазақстан тарихы ғылымының іргетасын қаласқан тарихшы ғалым, соның өсіп-өркендеу жолында зор еңбек сіңірген, қазақ тарихшыларының бүтін бір ұрпағын баулап шығарған ұстазы «Ақай Нүсіпбеков атындағы қоғамдық қорды» басқарып келді.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің                    Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Рамазан Бимашұлы Сүлейменов атындағы Шығыстану иституты, жеке тұлғалар: М.Қ. Қозыбаев, К.Н. Нұрпейіс, Д.А. Нүсіпбекова т.б. ғалымдар  «Ақай Нүсіпбеков атындағы қоғамдық қордың» негізін қалады. Қор президенті болып К.Н. Нұрпейіс тағайындалып, қордың жұмысының жүргізілуін қадағалап отырды.

Кеңес Нұрпейістің ғалым  болып қалыптасуына ұстазы – институттың ғылыми хатшысы, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, директордың орынбасары сияқты қызметтерді атқарған Григорий Федорович Дахшлейгердің алатын орны бөлек. Ол өмірінің соңына дейін институт қабырғасында жүріп отандық тарих саласына ғана емес, сонымен бірге тарихнама мен тарихи география, этномәдениет мәселелерін зерттеуге ат салысқан адам [24, 495].

Г.Ф. Дахшлейгер тарих  саласында ғана емес, археология, этнография салаларынан да қажырлы еңбек  етті.  К.Н. Нұрпейіспен бірігіп, орыс тілінде «Қазақстан шаруаларының тарихы» еңбегін 1985 жылы жарыққа шығарды.             К. Нұрпейіс Г.Ф. Дахшлейгер жайлы: «Ғалымның «Социально-экономические преобразования в ауле и деревне Казахстана», «Историография Советского Казахстана», «В.И. Ленин и проблемы казахстанской историографий» атты жеке монографиялары нағыз тарихшы-ғалым екендігін көрсетті, ол тарих ғылымының тарихындағы көрнекті ғалымдардың бірі  емес, бірегейі болып қала береді»,-деп жоғары баға береді.

Ғылыми мекемедегі зерттеу  жұмыстарының дұрыс дамуы мақсатында жас зерттеушілер сыртқы дүниемен, басқа да ғылыми мекемелермен тығыз байланыс орнатып отырды. Көптеген жас мамандар Москва мен Ленинградтың ғылыми мекемелерінен дайындықтан өтті. Бұл заңды құбылыс еді, себебі елдегі бүкіл ғылыми процессттердің даму концепциясы кеңестік саясаттың, коммунистік идеологияның аясында жүргізіліп отырды. Кеңес Одағы академиясының түрлі салалары бойынша құрылған Ғылыми кеңестер одақтас республикалардағы академиялық институттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыт беріп отыратын.  

Кеңес Нұрпейістің ғалым  болып қалыптаса бастауы Кеңестік тоталитарлық жүйе кезеңімен тұспа-тұс  келді. Сол кездегі Отан тарихының  ең өзекті мәселесі – Қазақстанда  Кеңес өкіметінің орнауы, оған жергілікті шаруалардың, әсіресе ауыл қазақтарының белсенді қатысуын нақтылы деректер арқылы көрсету күн тәртібінде тұрған тың мәселе еді. Міне, осы проблемаға Кеңес Нұрпейіс      1960-1970 жылдары қатты көңіл бөлді [12, 78].

Университетті бітірген жас ғалым ең алғашқы мақаласында 1919 жылы Мариновкада болған көтерілістің 40 жылдығына арнап, онда кеңестің жүйеге қарсы шыққан ішкі жауды жоюдағы қызыл әскер күшінің жеңісін баяндап жазды. Ал одан кейінгі мақалалар да 1917 жылы кеңес өкіметін құру барысына, Қазақстанның солтүстік-шығыс аймақтарында Кеңес өкіметін орнату, Азамат соғысына дейінгі Солтүстік-Шығыс Қазақстандағы мәдени құрылыс қызметіне, азамат соғысы кезіндегі тартыстарға, Шемонаиха партизандарының ақтарға қарсы күресіне, Азамат соғысының батырларына арнап ғылыми негіздегі мақалалар жазып отырды.

Информация о работе Академик Кеңес Нұрпейісұлының өмірі мен Отан тарихына қосқан үлесі