Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі

Дата добавления: 21 Октября 2011 в 11:04
Автор: Пользователь скрыл имя
Тип работы: реферат
Скачать полностью (70.58 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

кукык реф.docx

  —  78.79 Кб

Халықаралық Бизнес Университеті 
 
 

 
 
 
 
 
 

Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі 

Орындаған: ХБУ 2 курс студенті Досжанова Ұ.Б

Тексерген: з.ғ.к., кафедра доценті Еринбетова Л.Қ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Алматы  2011 ж 
 

Жоспар: 

Кіріспе.......................................................................................................................3

Сайлау  құқығы, қағидаттары…………………………….……………………….4

Орталық сайлау комиссиясы……………………………………………………..5

Сайлау  органдары....................................................................................................9

Қорытынды............................................................................................................11

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................12 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

     Сайлау  жүйесi дегенiмiз сайлау органдарын кұрудың, сайлауды ұйымдастырудың тәртiбi қағидаларын қамтитын, сайланбалы мемлекеттiк жене жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын қалыптастырудың тәртiбi.

     Казакстан Республикасы сайлау жүйесi деп Конституция мен сайлау туралы зандарда көрсетiлгендей республика Президентiн, Мәжлiс пен Сенат депуттатарын, ауылдық әкiмдердi, төте не жанама сайлау тәртiбiн айтамыз.

Сайлау  жүйесiнiңтепе-тең және мажоритарлы  сияқты екi түрi бар. Тепе-тең сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау барысында берiлген дауыс пен жеңiп алынған мандат арасындағы тепе тендiк қағидасына негiзделедi. Тепе-тең сайлау жүй есiнің әрекет етуi үшiн бiрнеше iрi аумақтық округтер және екiден кем емес калыптасқан саяси партиялар болуы қажет.

     Мажоритарлы сайлау жуйесi артық басымдылы және салыстырмалы басымдылы деген екi түрге бөлiнедi. Артық басымдылық мажоритарлы жүйе тұсында бiрiншi және екiншi қайта дауыс беру кезiнде, сайлаушылар тiзiмiне енгiзiлген азаматтардың 50 пайыздан астамы сайлауға қатынасса, сайлау өттi деп, дауыс берушiлердiң 50 пайыздан артыкдауысын жинаған кандидат сайланды деп есептеледi.

     Салыстырмалы  басымдылы мажоритарлы жүйе тұсында егер кандидат сайлау тiзiмiне енген сайлаушылардың 25 пайызының дауысына ие болса, дауыс берген сайлаушылардың санына қарамастан, сайланды жене сайлау өттi деп есептеледi.

     Казақстан Республикасында Президенттi және Парламент  депутаттарын сайлау кезiнде, дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (тандаушылардың) елу пайызынан астамының дауысын алған және қайта дауыс беру кезiнде басқа кандидатқа қараған да дауыс беруге қатысқан сайлаушылардыңдауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланып, сайлау өттiдеп саналады.

     Мәслихаттар депутаттарын сайлау кезiнде басқа кандидаттарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың дауыс санының көпшiлiгiн алған кандидат сайланған болып саналады.

Жергiлiктi озiн-өзi баскару органдарының мушелерiн сайлау кезiнде басқа кандидатарға қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың көпшiлiгi жақтап дауыс берген кандидаттар сайланған болып саналады. 

     Сайлау  құқығы, қағидаттары:

  1. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы қағидаты. Бұл қағида бойынша Қазақстанның он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдайларға қарамастан, сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы бар. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы белсендi сайлау құқығы есеп сайлу құқығы болып бөлінеді.
  2. Белсендi сайлау құқығы дегенiмiз 18 жасқа толған Қазақстан азаматтарының сайлауда дауыс беру құқығы.
  3. Бәсең сайлау құқығы — Қазақстан Республикасы азаматтарыныңҚазақстан Республикасының Президентi, Казакстан Республикасы Парламентiнiң, мәслихатының депутаты немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару органына мүше болып сайлану құқығы. Сайлауға сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды. Казакстан Республикасының Президентiне, Казакстан Республикасы Парламентiнiң, соның iшiнде партиялық тiзiмдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат ретiнде, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидат болып тiркелу уакытына қарай сотталғандығы заңда белгiленген тәртiппен етелмеген немесе алып тасталмаған адам тiркеуге жатпайды.
  4. Тең сайлау құқығы. сайлаушылар Республика Президентi, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тен негiздерде қатысады әрi олардыңәрқайсысына бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысы болады. Сайлаушылар Респбликаның жергліктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауға тен негiздерде қатысады әрi олардыңәрқайсысының тең дауыс саны болады. Кандидаттардың сайлауға теңқұқықтармен және шарттармен катысуша кепiлдiк берiледi.
  5. Төте сайлау құқығы. Республика Президентiн, Парламентi Межiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтар тiкелей сайлайды. 2006 жылы 4 желтоқсанда Казакстан Республикасының Президентiн сайлау өткiзiлiп, сайлауға қатынасқандардың 91,15 пайызынын дауысын жинаған Н. Ә. Назарбаев 7 жылға Казакстант Республикасының Президентi болып сайланды.
  6. Жанама сайлау құқығы. Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар — мәслихаттардың депутаты болып табылатын Республика азаматтарықатысады. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тен негiздерде катысады әрi олардыңәрқайсысының Сенат депутатын сайлаган кезде бiр дауысы болады.
  7. Жасырын дауыс беру. Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауда жасырын дауыс берiледi әрi сайлаушылардың еркiн бiлдiруiне қандай да болсын бақылау жасау мумкiндiгiне жол берiлмейдi.
  8. Сайлау бостандығы. Республикадагы сайлау Республика азаматының сайлау жене сайлану құқығын еркiн жузеге асыруына негiзделедi. Республика азаматтарынын сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiңде құқығы жоқ. Сайлаушылардың, сайлаудан, дауыс беруден оз ерiктерiмен бас тартуы абсентеизм деп аталады.
 

    Орталық сайлау комиссиясы.

     Орталык сайлау комиссиясы Республика сайлау комиссияларының бiртұтас жүйесiне басшылық етедi және тұракты жұмыс iстейтiн орган болып табылады. Орталық сайлау комиссиясы Республика Президентiнiң ұсынуы бойынша Парламент Мәжiлiсi кызметке сайлайтын және кьтзметтен босататын комиссияның төрағасынан, төрағасының орынбасарынан, хатшысынан және мүшелерiнен тұрады. Орталык сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысының жоғарызаң бiлiмi болуға тиiс. Орталық сайлау комиссиясыныңөз аппараты болады. Орталық сайлау комиссиясы мен оның аппаратын

ұстауға жұмсалатын шығыстар республикалық  бюджеттен каржыландырылады. Орталықсайлау комиссиясы: Республиканың аумағында сайлау туралы зандардың атқарылуын бакылайды, бiрыңғайқолданылуын қамтамасыз етедi. өзiнiң құзыретi шегiнде бүкiл Республика аумағында мiндеттi шешiмдер қабыдайды; Президент пен Парламент Мәжiлiсi депутаттарының сайлауын әзiрлеу мен откiзудi уйымдастырады; Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткiзуге басшылық етедi; саяси партияларды Парламент Мәжiлiсi депутаттарының партиялық тiзiм бойынша сайланатын бөлiгiне қатыстыру мәселесiн қарайды;

     Парламент Мәжiлiсiнiң депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау округтерiн кұрады, олардың бiрыңғай нөмiрлерiн белгiлейдi және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды; сайлау науқанын өткiзуге жұмсалатын шығстардың мөлшерлi сметасын жасап, Республика Үкiметiне ұсынады; Президенттi, Парламент депутаттарын сайлау жонiндегi сайлау комиссияларына басшылықты жүзеге асырады; олардың шешiмдерiнiң күшiн жояды және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткiзуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; сайлау комиссияларының кызметiне қажеттi материалдық-техникалық жадайлар жасалуын бакылайды; аумақтық және округтiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) түскен арыздар мен шағымдарды карайды; саяси партиялардың өкiлдерiмен сайлауды ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде семинарлар өткiзедi; сайлау жүйелерi саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; Президенттi сайлау жөнiнде дауыс беруге арналган бюллетендердiң нысаны мен мәтiнiн, Парламенттiң, мәслихаттардың депутаттарын және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiнде дауыс беруге арналған бюллетендердiң нысанын, оларды жасау тәртiбiн, сайлаушылар (таңдаушылар) тiзiмдерiнiң, Президенттiкке кандидаттарды қолдайтын сайлаушылардың қолдарын жинауға және Сенаттың депутаттығына кандидаттарды қолдайтын таңдаушылардың қолдарын жинауға арналған қол қою парақтарының, өзге сайлау құжаттарының нысандарын, дауыс беруге арналып, мөлдiр материалдан жасалған жәшiктiң нысанын және сайлау комиссиялары мөрлерiнiң үлгiлерiн, сайлау құжаттарын сақтау тәртiбiн, сон- дай-ақ қорғалу дәрежесiн белгiлейдi; Президенттi, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын сайлау жөнiндегi сайлау бюллетендерiн дайындауды қамтамасыз етедi; сайлауды әзiрлеумен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сакталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тындауға хакылы; Республика Президенттiгiне кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi, қағидаттарды тiркеу туралы бұқаралық ақпарат кұралдарында хабар жариялайды;

     Президенттi жене Парламент депутаттарын сайлау жонiндегi сайлау алдындағы науқанның барысы туралы сайлаушыларды хабарландырып отырады, мерзiм-мерзiм ақпарат бюллетенiн шығарады; Республика бойынша тұтас алғанда Президерттi және Парламент депутаттарын сайлау қорытындыларын шығарады, сайланған Президенттi және Парламенттiң депутаттарын тiркейдi, бұл туралы бұкаралық акқпарат құралдарына хабар жариялайды; Президент жене Парламент депутаттарынын сайлауы кезiнде кайта дауыс беру мен қайта сайлауды тағайындайды және өткiзiлуiн ұйымдастырады. шығып қалгандардың орнына Парламент депутаттарының сайлауын тағайындайды. Мәслихаттардың кезектi жене кезектен. тыс сайлауын тагайындайды. әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс халқының мөлшерiне сәйкес олардан Парламент Мәжiлiсi мен меслихаттарға сайланатын депутаттардың санын анықтайды; мәслихаттар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарын сайлауды ұйымдастыру мен өткiзу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына әдiстемелiк басшылықтыжәне олардың кызметiнiң осы Конститутциялық заңының талаптарына сәйкес келуiн бақылауды жүзеге асырады.

     Осы Конституциялык заңның бұзылуы анықталған кезде тиiстi сайлау комиссиясының қызметiн тоқтату туралы өтiнiшпен сайлау комиссиясын кұратын органға немесе сотқа жүгiнедi; Орталық сайлау комиссиясының ресми веб-сайтына сайлау заңдары жөнiндегi нормативтiк құкыктық актiлердi, сайлауды тағайындау мен өткiзу туралы, сондай-ақ болып откен сайлаудағы дауыстарды есептеу нәтижелерi туралы ақпаратты орналастырады; Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бiрыңгай электрондық тiркеу тiзiлiмiн жасайды. Электронды  сайлау жүйесiн пайдалана отырып сайлау өткiзу кезiнде сайлау комиссияларының мүшелерiне оны қолдануды‚ түрлі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа сайлайды. Сайлау жүйесiн пайдалануды үйретудi ұйымдастырады. Қазақстан Республикасының зандарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Облысты (республикалық маңызы бар қалалар және республика астанасы), аудандық, қалалық, қалада аудандық сайлау комиссиялары аумағын сайлау комиссаялары болып табылады. Аумақтық комиссиямүшелерi жетi адамнан тұрады. Аумақтық комиссиялар Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын ұйымдастыруды және откiзудi қамтамасыз етедi. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөнiндегi аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн — он күннен, ал жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мушелерiнiң сайлауы жонiндегi аумақтық комиссиялардың құрамы жетi күннен кешiктiрiлмей бұкаралық акпарат құралдарында жарияланады.

     Тиiстi аумақтық сайлау комиссиясы: 1) әкiмшiлiк—аумақтык бөлiнiстер аумағынада сайлау туралы заңдардың атқарылуына бакқылауды жүзеге асырады; 2) Президенттi, Парламенттiң және мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды әзiрлеу мен өткiзудi қамтамасыз етедi; З) төменгi тұрған аумақтык, округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының қызметiне басшылық етедi; олардың шешiмдерiнiң күшiн жоюшы және тоқтата тұрады; республикалық бюджеттiң сайлау науқанын өткiзуге арнап бөлiнген қаражатын олардың арасында бөледi; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының кызметiне қажеттi материалдық-техникалық жағдайлар жасалуын бакылайды; округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының шешiмдерi мен iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) тускен арыздар мен шағымдарды қарайды; тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс шегiнде құртлған барлық сайлау комиссияларыньң Орталық сайлау комиссиясының шешiмдерiн атқаруын ұйымдастырады; осы Конституциялық заңның бұзылуына жол берген сайлау комиссияларының қызметiн тоқтату туралы сайлау комиссиясын құратын органға немесе сотқа жүгiнедi; 4) сайлауды әзiрлеу мен өткiзуге байланысты мәселелер бойынша сайлау комиссияларының, мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың есебiн, сондай-ақ сайлау туралы заңдардың сакталуы мәселелерi бойынша қоғамдық бiрлестiктер органдарының хабарламасын тындауға хакылы; 5) Сенат депутаттары сайлауын өткiзудi қамтамасыз етедi; Сенат депутаттығына кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, олар куәлiктер бередi; бұқаралық ақпарат құралдарына кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; дауыс беруге арналган пункттер дайындайды, дауыс беруге арналган кабиналар мен жәшiктердiң жасалуын қамтамасыз етедi; Сенат депутаттары сайлауындағы дауыс берудiң нәтижелерiн шығарады және дауыс берудiң нәтижелерi шығарылған хаттамаларды Сенат депутаттарын тiркеуi үшiн орталық сайлау комиссиясына бередi; мәслихаттар депутаттарын сайлау жөнiнде сайлау округтерiн құрады және олардың тiзiмдерiн жариялап, сайлау комиссияларының орналасқан жерi туралы сайлаушыларға хабарлайды; 6-1) дауыс беруге арналған учаскелердiң бiрыңғай нөмiрленуiн белгiлейдi; 7) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi сайлау бюллетендерiнiң жасалуын қамтамасыз етедi; 8) округтiк сайлау комиссияларынан тиiстi мәслихаттың депутаттығына кандидатгарды тiркеу туралы хаттамаларды алады және округтiк сайлау комиссияларының тiркелген кандидатгардың тiзiмдерiн жариялауын қамтамасыз етедi; 9) меслихаттар дегпутаттарын сайлаудың қорытындыларын шығарады, сайланған депутаттарды тiркейдi және бұл туралы бұкаралық ақгтарат құралдарында хабар жариялайды; орталык сайлау комиссиясының ресми веб-сайтында жариялау үшiн тиiстi сайлау округтерi мен учаскелерi бойынша дауыстарды санау хаттамаларын Орталық сайлау комиссиясына бередi; 10) қайта дауыс беру, қайта сайлау мен Сенатыың және мәслихаттардың шығып қалган депутаттарының орнына сайлау уйымдастырады; 11) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау, қайта сайлау және шығып қалған мүшелерiнiң орнына сайлау тағайындайды және ұйымдастырады; тиiстi әкiмшілік-аумақтық бөлiнiс аумағында орналасқан жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөнiндегi округтiк сайлау комиссиясының функциясын орындайды; өзiн-өзi басқару органдарының мүшелiгiне кандидаттарды, олардың сенiм бiлдiрген адамдарын тiркейдi, оларға тиiстi куәлiктер бередi; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттарды тiркеу туралы хабарлар жариялайды; жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мушелерiн сайлаудың қорытындысын арттырады; жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында сайлау қортындысы туралы хабар жариялайды; 12) Казакстан  зандарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. округтiк және учаскелiк сайлау комиссияларының әрқайсысы жетi адамнан тұрады. Округтiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындағаннан немесе хабарланғаннан кейiн он күннен кешiктiрiлмей бұқаралық акпарат құралдарында жарияланады.

Страницы:12следующая →
Описание работы
Казакстан Республикасы сайлау жүйесi деп Конституция мен сайлау туралы зандарда көрсетiлгендей республика Президентiн, Мәжлiс пен Сенат депуттатарын, ауылдық әкiмдердi, төте не жанама сайлау тәртiбiн айтамыз.
Сайлау жүйесiнiңтепе-тең және мажоритарлы сияқты екi түрi бар. Тепе-тең сайлау жүйесi дегенiмiз сайлау барысында берiлген дауыс пен жеңiп алынған мандат арасындағы тепе тендiк қағидасына негiзделедi. Тепе-тең сайлау жүй есiнің әрекет етуi үшiн бiрнеше iрi аумақтық округтер және екiден кем емес калыптасқан саяси партиялар болуы қажет.
Содержание
Кіріспе.......................................................................................................................3
Сайлау құқығы, қағидаттары…………………………….……………………….4
Орталық сайлау комиссиясы……………………………………………………..5
Сайлау органдары....................................................................................................9
Қорытынды............................................................................................................11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................12