Жукпалы аурулар

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 16:33, реферат

Описание работы

Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ақ олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше "миазма" — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. "Іnfесіо" деген латын сөзі "ластану" дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет).

Работа содержит 1 файл

Жұқпалы аурулар.docx

— 34.06 Кб (Скачать)

Патогенетикалық және симптоматикалық терапия ауру ауырлығына есепке ала отырып, көрсетілген. Глюкокортикостероидтерді қолдануға  болмайды.

ЖВГ-ні емдеу  кезінде дәрілік препараттарды  қолдануда өте сақ болу керек. Көптеген препараттар гепатоуытты.

ЖВГ-нің фульминанттық  түрін емдеу.

1) Су балансы  мониторингі бар инфузиялық терапия.

2) Психомоторлық  қозу ұстамаларын тоқтату.

3) Ішек аутоуыттануының  алдын алу.

4) Гипоксияны  түзету.

Жіті бүйрек энцефалопатиясы асқынуларын (бұдан  әрі - ЖБЭ) емдеу.

1) Ісік – мидың  ісінуі: осмодиуретиктер, салуретиктер, ГКС, кранио-церебралдық гипотермия.

2) Асқазан-ішек  қан кетуі: криоплазмалық-антиферменттік  кешен.

3) Жіті бүйрек  функциясының жеткіліксіздігі: калийді  сақтайтын дисталдық диуретиктер,  дофамин.

4) жайылған қайталама  жұқпасы: антимикотиялық препараттармен  гепатоуыттылықты ескере отырып, антибиотиктер тағайындалады.

Сондай-ақ, Қазақстанда  В вирустық гепатит ауруын алдын  алу мақсатында жаңа туған нәрестелер, медициналық қызметкерлер және эпидемиологиялық көрсеткіші бойынша қарым-қатынаста  болғандарға вакциналық емдеу әдісі  жүргізіледі. Вакциналау әдісі 6 ай ішінде 2 рет өткізіледі.

Кене энцефалиті.

Кене энцефалиті (КЭ) – ауыр мержігуге, немесе өлім-жітімге  әкеліп соғатын, адамның қауіпті  сырқаттануы. Бұл сырқаттану жануарлар  мен адамдарды иксод кенелері шаққанда таралатын вирус арқылы пайда болады.

2005 жылы облыс  бойынша медициналық көмекке  кене шаққан – 800 адам жүгінді,  оның 9 – ы кене энцефалитімен  ауырды.

Ақсу, Алакөл, Ескелді, Енбекшіқазақ, Қарасай, Райымбек, Сарқан, Талғар, Уйғыр аудандары және Талдықорған, Текелі қалалары - кене энцефалитінің  табиғи ошақтары бар аудандар болып  табылады. Осы аудандарда адамдар  арасындағы сырқаттанушылық жыл  сайын тіркеледі.

Кенелердің сүйікті  жерлері – қалын орман тұғырығы бар аралас ормандар. Кенелердің иіс  сезімі жақсы дамыған, олар адам мен  жануарлар иісін 3-5 метр жерден сезеді. Кенелер, әмісе мойынға, төске, қолтық астына және шап қатпарына қадалады. Жыл ішінде кенелердің белсенділігі мамыр мен шілденің ортасына дейін  және тамыз айынан қазанға дейін  байқалады.

Бірақ, адамның  КЭ зақымдалуы мүмкіндігі жылдың барлық жылы мезгілдерінде де бар.

Энцефалиттің  белгілері (симптомдар) 

Жасырын кезең 1-30 күнге дейін созылады. Сырқаттану аяқ асты қалтыраудан дене қызымының 38-390С көтерілуінен, қатты бас  ауруынан, дене сырқырауынан, әлсіздіктен, ұйқы бұзылудан, жүрек айнудан, құсудан  басталады. Науқастың беті, көзі қызарады 3-5 күннен кейін жүйке жүйесінің  зақымдалуы басталады.

Кене шаққаннан  қалай қорғану және егерде, кене шаққанын байқасаңыз не істеу керек?

Бірінші, есіңізде сақтаңыз! КЭ бойынша қауіпті аумақтарға барған кезде (тау, тау етектері), кене шабуылын және жағу мүмкіндігін төмендегі  бірқатар қарапайым ережелерді сақтау қажет.

Сәйкесетін киім киюге көніл бөлу керек. Шалбардың  балағын етіктің, бәтіңкенің қонышына жіберген дұрыс, көйлегіңіз ұзын жеңді  және жағалы болу керек. Орманға баратын  болсаңыз әртүрлі комбинизондар  киген дұрыс.

Киімді өңдеу  және оның қорғаныс қасиеттерінің ұтымдылығын  арттыру үшін алдын алу репелленті (қорқытатын) және инсектицидті (жәндіктер  мен кенелерді жоятын) препараттарды  қолдану керек.

7-14 тәулік бойы  кенелерден максималды қорғанысқа  киімді репеллент – инсектицидті  препараттармен өңдеу арқылы  жетуге болады.

Егерде қадалған кенені көрсеңіз, жақын арада медициналық  мекемесі жоқ болған жағдайда, оны  өзіңіз алып тастауыңыз керек. Ол үшін кене денесіне өсімдік майын жағып, кененің бас жағын жіппен байлап, жіп үштарын жоғары және жан жаққа  тартып, тербеліс қозғалыстарымен алып шығу қажет.

Содан соң, серопрофилактика пунктіне, жүгіну қажет. Онда емдеу  мақсатында кене энцефалитіне қарсы  иммуноглобулин тегін енгізіледі.

Кенеге қарсы  туратын иммуноглобулин - кене шағуға дейін және кене шақаннан кейін кене энцифалитінің дереу арнайы серопрофилактикасына арналған препарат.

Бұл препаратты жұқпаның табиғи ошақтарына барғанға дейін, кенелердің белсенді кезеңдерінде, сондай – ақ, кене шақаннан кейін 96 сағат (4 тәулік) ішінде енгізу ұсынылады. Егер, кене қадалғаннан кейін 96 сағат  өтсе, бұл препаратты енгізудің қажеті жоқ. Ал, негізгі алдын алу шараларының  бірі – кене энцефалитіне қарсы  вақцинациялау болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Қолданылған әдебиеттер: 

1) Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. –Алматы, Ана тілі, 1993. ISBN 5-630-0283-X 

2) Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет. ISBN 5-615-01453-9 

3)О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік.Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                    Кіріспе:  

Жұқпалы аурулар дегеніміз - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ақ олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше "миазма" — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. "Іnfесіо" деген латын сөзі "ластану" дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет).

Ауру туғызатын  микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін.

Ауру туғызатын  микробтар, өдетте, сыртқы ортада тез  өледі. Олардың өмір сүріп, көбейетін  жері — адам немесе мал ағзасы, сондыктан  адам жұқпалы көзі болып табылады. Зооноздардың көпшілігі табиғи-ошактық  аурулар туғызады, яғни белгілі бір  климаттык географиялык жағдайларда  кездеседі, бұл жерде қоздырғыштарды табиғи сақтаушылары жабайы аңдар мен  қоздырғыштардың ерекше тасымалдаушылары — жөндіктер мен кенелер өмір сүреді.

Вакцинациялау кешені 3 дозадан тұрады. Нәрестелер үшін егу үлгісі: 0-2-4 ай (туғаннан кейінгі 12 сағат ішінде – өмірінің 2 айында – өмірінің 4 айында); туылған кезінде  вакцинацияланбаған 1 жасқа дейінгі  балалар үшін мынадай үлгі анықталған: 0-2-6 бірінші мен екінші егулердің  аралығы 2 ай және екінші мен үшіншінің  аралығы – 4 ай; 1 жастан асқан балалар  мен ересектерге мынадай үлгі ұсынылған: 0-1-6 бірінші мен екінші егулердің аралығы 1 ай және екінші мен үшіншінің аралығы – 5 ай.

ВВГ-ге қарсы  вакцинаның басқа түрі, сол сияқты инактивтендірілген вакциналармен  бір мезгілде бөлек шприцтермен  және дененің басқа жерлеріне  салу шартымен енгізуге болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                       ҚОРЫТЫНДЫ

Мен, жұқпалы аурулар тақырыбынадғы рефератымды аяқтай отырып, өз ойымды қорытындыладым.

Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ақ олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше "миазма" — ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. "Іnfесіо" деген латын сөзі "ластану" дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет).

Вирусты гепатиттер (бауырдың қабыну) – бұл кең тараған  және адам денсаулығына өте қауіпті  инфекциялық топ, олардың өзара  бір – бірінен сәл айырмашылығы бар, байқалмайды, түрлі вирустардан  тарауы мүмкін, бірақ бәрінің де белгі бір – ол ең алдымен бауырдың зақымдалуы және қабынуына әкеп соғуы. Сондықтан да бауыр қабынуының түрлерін басқаша «сары ауру» деп атайды – бұл бауыр қабынуының кең  тараған түрі болып топталады. «Сары  ауру» эпидемиясы туралы біздің заманымызға  дейін Гиппократ V ғасырда сипаттап жазып қалдырған, бірақ оның қоздырушысы  туралы тек өткен ғасырдың ортасында  ашылған болатын.

Этиотроптық терапия  халықаралық ұсыныстар мен консенсустар негізінде бекітілген диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес және пегилирленген интерферондарды, нуклеотидтер мен нуклеозидтердің  синтетикалық аналогтарын қоса отырып, жүргізіледі. Хаттамалары болмаған кезде «Ақысыз медицина көмегінің  кепілді көлемі тізбесін бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28.09.07 ж. № 853 Қаулысына сәйкес диагностикалық және емдеу шаралары көлемі медициналық  көрсетілім бойынша көпшілік мақұлдаған тәсілдерге сәйкес анықталады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Негізгі бөлім....................................................................................2

2. Жұқпалы аурулар............................................................................5

3. Вирусты гепатиттер........................................................................8

4. Бауырдың қабынуы........................................................................11

Қорытынды..........................................................................................................14 .

Қолданылған әдебиеттер тізімі .........................................................................15

Информация о работе Жукпалы аурулар