Азия

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 15:53, шпаргалка

Описание работы

Зарубежная Азия занимает площадь 27 млн. км2. На её территории проживает около 60 % населения мира (3,1 млн. чел.) Регион Зарубежной Азии очень разнообразен: страны, занимающие огромные территории: Китай, Индия, Монголия, и маленькие страны: Мальдивская республика, Бахрейн, Израиль. В этот регион входят островные (Индонезия, Япония), полуостровные (Индия, Малайзия) и континентальные (Монголия, Иран) государства.

Страны Зарубежной Азии крайне различны как по природным условиям, так и по государственному устройству, уровню социально–экономического развития.

В настоящее время более чем 40 суверенных государств, образующих регион, можно разделить:

по формам правления — на республики (Турции, Китай, Индонезия) и монархии (Непал, Бутан, Япония);

по административно–территориальному устройству

федеративные (Малайзия, Индия, ОАЭ)

унитарные (Китай, Филиппины, Сирия) государства.

Работа содержит 1 файл

данара.docx

— 68.86 Кб (Скачать)

 Біз осылардың  біреуіне біраз тоқталайық. Жалман – селевиния, бұл кішкентай аңның латынша селевиния деген аты Қазақстан табиғатын қажымай зерттеуші Виктор Алексеевич Селевиннің құрметіне берілген. Жалман денесі 97 мм-ден аспайтын кішкентай кеміргіш. Құйрығы денесінен қысқа, түп жағы жуан, бірақ қысқа жүндермен жабылған және сақина тәрізді майда қабыршақтармен қапталған. Артқы аяқтары алдыңғыларына қарағанда сәл ұзын. Жалманның өзіне тән ерекшелігі – үлкен әрі қозғалмалы құлақ қалқанын желпуіш тәрізді жинай алатыны. Соған байланысты оны кейде «Қалқанқұлақ» деп те атайды. Ересек аңдардың салмағы 20-22 г, ал буаздарының салмағы – 27 г-ға дейін жетеді. Таралу аймағына Бетпақдала, Сарысу өзенінің көптеген аудандары, солтүстік шығыс Балқаш өңірінің біраз аудандары, Алакөл және Зайсан ойпаттары кіреді. Жалмандардың мекендейтін ортасы - қалың ағаш пен бұталар өскен жерлер, жалманға әсіресе ұнайтын жерлер – бұталы өсімдік баялыш өсетін жерлер. Бірақ жалманның мекендеу ортасы әртүрлі болатыны анықталып отыр. Ол ешқандай өсімдік өспеген борпылдақ сортаңдарда да, Аягөз қаласы мен Тарбағатай тауының етегіндегі ашық учаскелерде кездеседі. 

  

Шығыс Қазақстан облысы аумағында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесінің дамуына тарихи-географиялық шолу 

Шығыс Қазақстанда қорықтық аумақтарды құру қажеттілігі туралы мәселе профессор Г.А. Кожевниктің, академик М.П. Бородиннің және Россияның басқа ғалымдарының ықпалымен өткен ғасырдың басында-ақ туындаған болатын. 1913 жылы Ақмола-Семей егін шаруашылығы және мемлекеттік мүлік басқармасының жанындағы Орман Кеңесінің бірінші сессиясында қорғауды қажет ететін табиғат учаскелері белгіленді. 

 Учаскелердің көбі орман шаруашылығы сипатындағы объектілер, сонымен бірге жабайы қабанның паналайтын жері, сібір елігінің қыстайтын орындарының бірі ретінде Зайсан ойпатында Қара Ертіс учаскесін, сондай-ақ киіктің облыс шегіндегі негізгі мекендеу орны ретінде Қара – Бөрік шоқысының маңын табиғат ескерткіштері  деп жариялау болжанды. Сауыр жоталарында тянь-шянь шыршасының табиғи екпелері сақталған жалғыз жер Теректі қонысы, ал оңтүстік Алтайда  –Темір-Қаба, Арасан-Қаба өзенінің аңғарлары, Бұғымүйіз шатқалы және Күршімнің бас жағы бағалы табиғат бұрышының қатарына жатқызылды.

 Алайда бұл аймақтарды сақтау іс жүзінде дұрыс жолға қойылған жоқ. Өскемен уезінде 1923 жылы суда жүзетін құстарға арналған қаумал үш жыл мерзімге құрылды. Кейінірек Қара Ертістің сағасына жақын бөлік (Зайсан уезі) қорық болып жарияланды. 

Шығыс Қазақстан үшін екі резерват жеткіліксіз еді. 30-жылдардың аяғында аумақтарға табиғи зерттеулер жүргізілді, 1940 жылдың тамызында екі қорық ұйымдастыру (Зырян және Катонқарағай аудандарында) туралы шешім қабылданды, 1941 жылдан бастап бұл қорықтардың шекарасында аң аулауға тыйым салынды. Соғыстан кейінгі жылдары, тіпті 60 жылдардың аяғына дейін қорық  ісі мүлдем  дамыған  жоқ. Балық  қорын  қорғау  үшін  бір  резерват   қана

(1975 ж.).  құрылды. Зайсан өзенінің солтүстік-батыс бөлігін және өзен бастауынан 1 шақырым қашықтықта орналасқан Ертіс аңғарының учаскесін алып жатқан бұл резерваттың ауданы 25 мың гектарды құрады. Мұнда балық аулауға ғана емес, суда жүзетін құстарды аулауға да тыйым салынды. Резерват бар-жоғы үш жарым жыл жұмыс істеді. Біздің аймақта қазіргі заманғы қорықтық аумақтарды құру 60-жылдардан басталды, қыстап қалатын киіктерді қорғау үшін (1968 ж.) 10 жыл мерзімге  286 мың гектар алаңда Тарбағатай (Базар және Шорға өзендерінің аралығы) және Құлжа (Қызылқұм, Тілеуқабыл құмдары және Құлжа өзенінің жайылмасы) мемлекеттік зоологиялық қаумалдары құрылды. Осы жылы Қалба жотасының солтүстік макробелдеуіндегі оқшауланған самырсын учаскесі табиғат ескерткіші болып жарияланды (Көкшілтау самырсын тоғайы). 

1976 жылы Қазақстан Алтайында бірінші рет екі шақырымдық қорғау аймағы (30,0 мың га) бар Оңтүстік Алтай физико-географиялық шет аймақтарының табиғи кешендерін табиғи қалпында сақтауға арналған Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы  (71,4 мың га) ұйымдастырылды. Екі жылдан кейін шырғанақ, итмұрын, долана –дәрілік шөптері бойынша мамандандырылған «Қаратал құмдары». «Төменгі Тұрғысын» (1,3 және 2,2 мың гектар) табиғи ботаникалық қаумалдары жарияланды. Тарбағатай және Құлжа қаумалдарының әрекет ету мерзімдері тағы 10 жылға ұзартылды. 

 Бұдан  кейін (1979 ж.) «Рахман  бұлағы» профилакториясының  дамуын тездетумен байланысты осы аттас ботаникалық- геологиялық қаумал (109,1 мың га) пайда болды, оның қызметіне ландшафтарды және емдеу-сауықтыру қызметтері үшін қолайлы табиғи жағдайларды қорғау жатады. Дәл осы кезде Тархан қимасы (2,0 га) және геологиялық-минералдық қаумал -  Асубұлақ өзені аңғарындағы пегматитті учаске алаңы облыстық маңызы бар геологиялық ескерткіш болып саналды. Алайда соңғысы аяғына дейін заңды ресімделмегендіктен қазіргі уақытта маңызын жоғалтқан.

Информация о работе Азия