Қазақстандық корпоративтік басқару жағдайын сипаттау

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Марта 2013 в 08:26, доклад

Описание работы

Қазақстандағы корпоративтік басқару жүйесінің ерекшеліктері:
• Корпорациялардағы меншіктің қайта бөлінуі процесінің жасандылығы;
• Көптеген инсайдерлердің қаржылық ағымдарды бақылауға қатысты арнайы мотивациялары;
• Директорлар корпусына немесе бас директордың қолына акциялардың шоғырлануы;
• Корпоративтік басқарудағы әлсіз немесе әдеттегідей емес ішкі механизмдердің қолданылуы.

Работа содержит 1 файл

Абдраимов Ержан Ф10К1.docx

— 16.06 Кб (Скачать)
  1. Корпоративтік басқарудың үлгілеріне салыстырмалы талдау жасау.

Корпоративтік басқару  үлгісі

Оң жақтары

Теріс жақтары

Англо-Американдық

Қор нарығы арқылы жеке жинақтарды жұмылдырудың жоғарғы деңгейі;

 

Жоғарғы деңгейлі табыспен қамтамасыз ететін салаға инвесторларды  бағыттау;

 

Бизнестің басты мақсаты  – компания құнының өсімі;

 

Ақпараттың айтарлықтай  анықтылығы.

Сырттан тартылған капиталдың жоғарғы құндылығы (дивидендтер  жоғары);

 

Қор нарығы активтерінің нақты  құнының бұрмалануы;

 

Басқару және бақылау функцияларының айқын бөлінуінің жоқтығы.

 

Неміс

Тартылатын капиталдың құны төменірек;

 

Инвесторларды ұзақ мерзімді мақсаттарға бағыттау;

 

Компания тұрақтылығының деңгейі жоғары;

 

Басқару және бақылау функцияларының айқын шектелуі.

Ішкі бақылау құралы ретіндегі  қор нарығының шағын рөлі;

 

Капиталдың шоғырлануының  жоғарғы дәрежесі және миноритарлық акционерлердің құқықтарына назардың жеткіліксіздігі;

 

Инвестицияларды жүзеге асырудың күрделілігі ақпараттардың айқындығының қажетті деңгейде еместігімен көрсетіледі.

Жапондық

Тартылатын капиталдың құны төмен;

 

Ұзақ мерзімді мақсаттарға  бағытталу;

 

Компанияның жоғарғы бәсекелестікке бағытталуы;

 

Компания тұрақтылығының деңгейі жоғары.

Инвестицияларды жүзеге асырудың қиындығы;

 

Инвестициялардың пайдалылыққа назарының жеткіліксіздігі және банктік қаржыландырудың абсолюттік басымдығы;

 

Компания ақпаратының  айқындығының әлсіздігі;

 

Миноритарлық акционерлердің құқықтарына деген назардың жеткіліксіздігі.

Отбасылық

Бизнесті қатаң бақылау  мүмкіндігі;

 

Негізгі меншік иелерінің  тәуекелдерінің төмендеуі;

 

Үлкен жобаларды жүзеге асыру  үшін капиталдың шоғырлану мүмкіндігі;

 

Компанияның тұрақтылығының жоғарғы деңгейі.

Бизнестің негізгі мақсаты  – отбасының қажеттіліктерін  қамтамасыз ету;

 

Миноритарлық акционерлердің құқықтарына деген назардың жеткіліксіздігі;

 

Компанияның инновациялық деңгейінің төмендігі;

 

Компания ақпаратының  айқындығының әлсіздігі және инвестициялардың бизнеске жұмсалуының қиындығы.


 

  1. Қазақстандық  корпоративтік басқару жағдайын сипаттау.

Қазақстандағы корпоративтік  басқару жүйесінің ерекшеліктері:

  • Корпорациялардағы меншіктің қайта бөлінуі процесінің жасандылығы;
  • Көптеген инсайдерлердің қаржылық ағымдарды бақылауға қатысты арнайы мотивациялары;
  • Директорлар корпусына немесе бас директордың қолына акциялардың шоғырлануы;
  • Корпоративтік басқарудағы әлсіз немесе әдеттегідей емес ішкі механизмдердің қолданылуы.

Корпорацияның ішіндегі қызметкерлердің  дәрежелері бойынша теңсіздіктердің  орын алуы басқару жүйесінің кемшілігі  болып табылады. Шешім қабылдау және басқару органдарының, сондай-ақ басқа да қызмет түрлерінің арасында нақты тіркелген бағыну ережелері ойластырылмаған. Мұндай жағдай корпорацияның экономикалық қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін.

Компанияның орталықтандырылуының жоғарғы деңгейі оның әр бөлімшелерінің экономикалық дербестігіне теріс ісерін тигізеді. Мұндай жүйеде қатаң басқару тәртібін орнатқан жөн. Бірақ та бұл корпоративтік басқарудың қалыптасуына және дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін.


Информация о работе Қазақстандық корпоративтік басқару жағдайын сипаттау