Несие және ақша нарығынық қызметі

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2013 в 10:58, реферат

Описание работы

Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады.

Работа содержит 1 файл

несие және ақша нарығы қызметі.docx

— 25.07 Кб (Скачать)

Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік – экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді.

Ақша бес түрлі  қызмет атқарады:

құн өлшемі,

айналыс құралы,

төлем құралы,

қор және қазына жинау құралы,

дүниежүзілік ақша.

Ақша құн өлшемі ретінде

Құнның өлшем қызметі  тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі – ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.

Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.

Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүкіндігі бар. Сатып алу қасиетімен ерекшеленеді.

Ақша айналыс  құралы

Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.

Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.

Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.

Өзінің құнын өткізгеннен  кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.

Біздерге ақша айналыс  құралы қызметін негізінен мемлекеттік, оперативтік, коммерциялық саудада  тұрғындардың тауарларды сатып алуы кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер және т.б. қолма – қол ақшамен есептесуіне тыйым салынбаған.

Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:

тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;

оны идеалды ақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;

ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын  болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша белгілері орындайды.

Ақша төлем  құралы

Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

Егер тауар  мен ақшаның қарама – қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшалар төлем құралы ретінде  тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие  қатынастарына да қызмет етеді.

Барлық ақшалай  төлемдерді төмендегідей етіп топтастыруға болады:

тауарларды және қызметтерді  төлеуге байланысты міндеттемелер;

еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;

мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;

банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несиесі бойынша борыштық міндеттеме;

сақтандыру міндеттемелері;

әкімшілік – сот сипатындағы міндеттемелержәне басқалары;

Қорлану және қазына жинау құралы ретінде

Ақшаның төлем және айналыс  құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т-А-Т айналымының екі актілерге Т-А және А-Т айрылуымен байланысты.

Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты «таза қазына» формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализмтұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға айналады.

Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:

кәсіпорындар мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;

банктердегі салымдар, мемлекеттік  облигациялар.

 

Дүниежүзілік  ақша қызметі

Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшаларқызметінің пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.

Бұл қызметтің толық бағалы ақшалар, ал кейіннен нағыз ақшалар  атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға бекітті.

Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақшалардың жобалары жасалуда, бірақ одан әлі нәтиже жоқ. Енгізілген шарты есептесу бірліктерінің (СДР, ЭКЮ) өзіндік меншікті құндары жоқ, сондықтан да олар толыққанды түрде  дүниежүзілік ақшаның қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті тек қана алтын нарығындағы операциялар арқылы алтын атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Несие қызметінің түсінігі.

«Функция» («қызмет») деген  сөз латынның «functio» — деген  — «атқару» «жүзеге асыру» деген  мағынаны білдіреді. Несиенің қызметін айтқанда, әдетте оның мәнінің арнайы көрінісі ұғылады. Қызмет несиенің мәнімен өзара тығыз байланысты; қызметінің атқаруындағы қарым қатынастардың мәнінсіз ол өмір сүре алмайды. Қызметтің несие мәні сияқты объективті сипаты бар. Әрбір сәттегі өзінің өрістеу барысында несие барлық қызметінің мәнін емес, бір немесе бірнеше қызметтерімен ғана көрінеді. Қызмет — қатып қалған емес, өзгеріп тұратын құбылыс. Несие мәнінің өзгеруімен қатар, оның көрініс танытудың да өзгеріп отырады. Қызмет бүтіндей процесс ретінде өзінің арнайы көрінісін байқатады, яғни қызмет несиелік қатынасқа бүтіндей қатысты. Несие қызметі оның барлық формалары мен түрлері өзіндік ерекшелігімен көрініс танытудың сипаттайды. 
Несиенің ұдайы өндіріс процесінде алатын орны жайлы біркелкі ғалымдардың пікірлері жоқ. Кейбір ғалымдар оны айналым белгісіне жатқызса, басқалары бөлу белгісіне жатқызады. В.М. Тарасов несиені ұлттық табысты қайта бөлу процесіне қатысатындықтан бөлу категориясына жатқызады. Және де соған қарамастан, несиенің айырбас қатынастарына тән ерекшеліктері мен мүмкіндіктері бар. 
Айырбас фазасына бөлу (өндіріс нәтижелерін бөлу) қатынастарының сәтін айрықшалап көрсету мүмкін болғандықтан, несиелік қатынастарды да дәл осыған жатқызуға болады. Сондықтан несие бөлу категориясы бола отырып, айырбас белгісіне де жатады, немесе екі жақтылық ерекшелікке де ие. Мұның өзі несиенің қызметіне тән екендігін көрсетеді. 
Несие туралы теорияда, оның атқаратын қызметінің саны мен мазмұны жайлы орныққан біркелкі көзқарас жоқ. Біреулер екі ( қайта бөлумен айналымның несиелік құралдарын жасау), басқалар үш түрлі (осы аталған екеуінен бөтен бақылауды қосады), үшіншілер — төрт (және капиталды шоғырландыру мен орталықтандыру бөліп көрсетеді) көзқарастарды атайды. Ал, жекелеген авторлар несиенің қызметін: айналымдағы шығындарды үнемдеп, экономиканы ретке келтіру, уақытша бос қаражаттардың жинастыру т.б. деп түсіндіреді. 
Несиенің бақылау қызметі: дегенде ол – ақша, қаржы сияқты басқа да категорияларға тән екендігін айтқан дұрыс. Ал, шынында бақылауды несие емес, банк жүзеге асырады. 
Өндірістік қорлар айналымның жанама түрлері бойынша несиенің қызметі ақшаларға да, қаржыларға да тән – бұл біріншіден, екіншіден қорлар айналымдардың құндылық категорияларының мазмұнына да енеді.

2.1. Несиенің қызметі. Шын  мәніндегі ақшаларды айналымның несиелік құралдарымен ауыстыру.

Қазіргі кездегі нарық  шаруашылығында шын мәніндегі ақшалар(алтын) ел ішінде айналысқа түспейді, олдардың несие негізінде шығарылған ақша белгілері айналымда болады. Нарық ақшалардың шығарылуы, немесе қолма – қол есептегі ақша қорларын ұлғайту сол мезетте экономиканы несиелеудің ресурсы болып табылады. 
Несиенің мұндай қызметінің дамуы банк жүйесінің пайда болуымен байланысты екендігін ескерген жөн. Ақшаларды банкінің есеп шотында сақтау ақшалай міндеттемелер бойынша тауарлар мен қызмет үшін қолма – қол ақшасыз есептерді жүзеге асыруға, өзара қарыздарды есепке жатқызып жойып отыруға мүмкіндік береді. Мұның өзі ақшаны қолмен санап алыс беріс жасау айналымын және айналым шығындары мен өнімсіз шығындарды едәуір азайтты. Шаруашылық жүргізу субъектілерінің және халықтың есепшоттардағы қаржылық банкілердің несиелік ресурсы болып саналып, есепшоттардағы көрсетілген ақша айналымы банкінің ақша қаржыларының иелерімен несиелік байланыстары болып қалады. 
Несиелеу процесі кезінде ақша массасының құрылымына, төлем айналысына және ақша айналымының жылдамдығына әсер ететін сол ақша айналымы үшін түрліше төлем қаржылары құрылады. Яғни нағыз ақшаларды несиелік ақшалармен және несиелік операциялар ауыстыру жүзеге асырылады. Айналымда ең қарапайым қарыздық міндеттемелер- вексельдерден бастап қазіргі электрондық ақшаларға дейінгі несие ақшаларының түрліше формалары пайда болады. 
Экономиканың дамуының алғашқы сатысында бұл айналымнан алтынды ығыстырып шығарумен байланысты болды. Қазіргі кезде нағыз ақшаларды алмастыратын несие қызметі ақша тасқындарының қозғалысын тездететін қолма қол ақшасыз есептер, несие карточкаларын, вексельдерді, чектерді, депозиттік сертификаттарды қолдану арқылы көрініс танытады. 
Осы кездегі шаруашылықта қолдағы аұшаны несие операцияларымен ауыстырудың қажетті шарттары жасалған. Ақшаларды бір есепшоттан екіншілеріне қолма-қол ақшасыз есеп жасау үшін аудару, өзара талаптарды қанағаттандыруға байланысты, ақша айналымының құрылымын жақсартуға мүмкіндіктер туады. 
Бұл жерде айрықша ескеретін жәйт – неисе осы қызметінің барысында ақшаларды жалпылама ауыстырудың емес, оларды экономикалық айналымда уақытша ауыстыру қызметін, яғни несие ақшаның ролін атқарады. ТМҚ – ны алу, қызметтерді төлеу, еңбекақыларды, зейнетақыларды төлеу үшін пайдалануды және т.б. 
Демек, нағыз ақшаларды несиелік ақшалармен және несиелік операциялармен алмастыру, негізінен, екі түрлі жолмен жүзеге асырылады: 
— алтының орнына айналымға экономиканы несиелеу жолындағы несиелік ақшалар шығарылады, олар тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз етіліп, міндетті түрде банкідегі эмитетке қайта келіп түсулері қажет; 
— несиелеу барысында төлем қаржылары жасалады, яғни, қолма – қол ақшасыз есеп айрысуды ұйымдастыруға байланысты айналымға ақшасыз қолма – қол есептер жасалынатын ақшалар келіп түседі.

2.2. Несие мен ақшаның өзара әрекеті.

Адамдар көп жағдайда несиені ақша сияқты қабылдайды. Бір қарағанда, несие — әсіресе, ақша түрінде ұсынылатынбанк және несие – түрлі ұғымдар ғана емес әртүрлі қармы – қатынастар да болып табылады. 
Несие мен ақша – түрлі экономикалық категориялар. Ақшаға қарағанда несие тарлау болып келеді. Себебі, несие қарым – қатынастың субъектілері барлық заңды, заңды емес және тұлғалар болып табылады. 
Осыған байланысты несие және ақша қарым-қатынасының ең бірінші ерекшелігі – қатысушылар құрамының әр түрлі екенін атап өткен жөн. Ақша қарым қатынасына сатып алушы мен сатушы қатысады, ал ақша жалпы балама сияқы ақшаны алушы мен сатушы субъектілері арасындағы қарым қатынас нәтижесінде осындай қалыпқа енеді. Бұл жағдайда тауар мен ақшаның ыңғайластық қозғалысы жүреді. 
Несие қарым – қатынасының қатысушылары несие беруші мен қарыз алушы болып табылады, ал несие құнның қайтарылу қозғалысының себебі бойынша ерекше қарым – қатынасты көрсетеді. Бұл жағдайда құн ыңғайластық қозғалысқа түспейді, өйткені ол несие берушіден қарыз алушыға өтеді және белгіленген мерзім өткеннен кейін өз иесіне қайтады. Несиеге ақшалай қарым – қатынаста жол берілмейтін мерзімі ұзартылған төлем тән. Соған қарамастан ақша мен несие бір – бірімен қатар болып, өзата әрекетке түседі. Сонымен, тауарларды несиеге сату процесінде төлем құралы ретінде несие мен ақша қатысады. 
Несие мен ақша әр түрлі тұтыну құнына ие. Несие пайыз келтіретіндігімен ақшадан ерекшеленеді. 
Несие ақша түрінде де, тауар түрінде де ұсынылуы мүмкін. 
Бұл ерекшеліктерге қарамастан тауар ақша қатынасының талаптарында ақша мен несие тығыз байланыста дамып , ұдайы өндірістің барлық қорына Қызмет көрсету арқылы өзара бір бірін толықтырады. 
Банк берген несие клиенттерге банктің депозит есепшоттарына жаңа ақша салуға мүмкіндік береді. Клиенттер оларды төлем құралы ретінде жеткізушілердің шоттарын және басқа да төлемдерді өтеу үшін пайдаланады. 
Банк клиенттері, яғни банк еспшотының иелері бір уақытта ақша және несие қарым-қатынасының субъектілері де болып табылады. Нарық экономикасының жағдайында несие мен ақшаның өзара әрекет етуінің алдағы уақытта күшейе беру тенденциялары көрініс табады. Оған мына себептер бар: 
— қолма – қол ақшасыз есеп айрысудын кеңеюі, Интернет арқылы есеп айрысудың электрондық жаңа жүйелерінің, төлем карталарының, дебет карталарының пайда болуы, бір жағынан, банк шоттарына ақшаны тартып, оларды несие ресурстарына айналдыру себеп болса, екінші жағынан ақша айналымын тездетеді, сондықтан ақшаның бір бөлігі есеп айрысу үшін керексіз болып қалады және депозит есепшоттарына банктің несие ресурстарын көбейтіп, тұрақталып қалады; 
— орталық банктер несиені экономиканы ақша – несие жағынан реттеуінің негізгі құралы ретінде пайдаланады. Оның шегі тарылу немесе кеңеюі арқылы айналымдағы ақша жиынтығына банктің эмиссиялық қызметіне, әсер етеді. 
Болашақта несие мен ақшаның өзара әрекеті жалғасып, күшейе береді.

Информация о работе Несие және ақша нарығынық қызметі