Касіп орын экономикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 18:07, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағ-дайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табыла-ды.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................... 3-5

1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының теориялық негіздері............................ 6
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні........................................................................... 6-13
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі.........13-22

2. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау
2.1 «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының жалпы сипаттамасы... 23
2.2 Кәсіпорынның табыстылығын талдау........................................................ 24-27
2.3 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау............................... 27-30

3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру...........................................................................................................31-35

Қорытынды...........................................................................................................36-37

Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................38

Қосымша..............................................................................................................39-40

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы.doc

— 391.00 Кб (Скачать)

Әрі қарай олар баланстың  негізгі элементтерін келесідей  сипаттайды: Активтер-бұл ұйымға тиісті немесе ол пайдаланатын бағалы нәрсе. Пассивтер - басқа біреуге тиісті нәрсе. "Пассив" термині таза бухгалтерлік ұғым болып табылады және ол кәсіпорынның қарызы дегенді білдіреді.                                                                                                                 

Капитал алғашқы капитал мен  қызметте қалдырылған табысты қоса алғандағы меншік иесінің бизнестегі үлесі болып табылады.                                            

Әлемдік банк өңдеп шығарған "Қаржылық есеп, аудит, есеп беру бойынша нұсқаулар" оқулығында бұл ұғымдарды былайша түсіндіреді: "Баланстық есеп - бұл белгілі бір кезеңде жасалған және осы кезеңдегі ұйымның жалпы қаржы-лық жағдайын бағалау үшін пайдаланылатын фотосурет. Қаржылық жағдай ұғымымен тікелей байланысқан баланстық есеп элементтері дегеніміз бұл активтер, пассивтер және капитал. Баланстық есеп кәсіпорынның әрі қарайғы жұ-мысын камтамасыз ету үшін қазіргі уақытта қолда бар ресурстар туралы ақпа-ратты қамтиды. Ол сондай-ақ, бұл активтерді қаржыландыру көздері туралы ақ-параттан тұрады. Мысалы, бұл көздер қарызға алынған ба, жоқ, әлде меншікті ме".                                                                                        

Аталған оқулықта бухгалтерлік баланстың  бөлімдері (жақтары) мен эле-менттері келесідей анықталады:                                                                            

«Актив дегеніміз - бұл өткен  жағдайлардың нәтижесінде кәсіпорынмен бақыланатын және болашақта кәсіпорынға экономикалық табыс әкелетін ресурс.                                                                                                                             

Пассив - бұл өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның ағымдағы міндеттемесі.

Оны өтеу экономикалық табыс алумен байланысты кәсіпорын ресурстарының шығынына (сыртқа   кетуіне) әкеліп соқтырады.               

Капитал - бұл пассивтерді активтерден  алып тастағандағы кәсіпорынның өзіндік қаражаты».                                                                                                        

Көріп отырғанымыздай, бухгалтерлік баланс және оның элементтері туралы бұл анықтамалар біздің бухгалтерлік есеп теориясы бойынша оқулықтарымызда берілген анықтамалардан өте ерекшеленеді. ҚР-дағы бухгалтерлік есеп туралы заңды жасаушылар негіз ретінде батыс ғалымдарының еңбегін алып отыр. "Қаржылық есептің, субъектінің қаржылық жағдайын бағалаумен байланысқан негізгі элементтері – активтер, меншікті капитал және субъектінің міндеттемесі" болып табылатынын айта келе, олар қаржылық есептің бұл элементтеріне келесідей сипаттама береді.                                                                                             

«Активтер - бұл құндық бағасы бар  кәсіпорыннын мүлкі, мүліктік, жеке мүліктік емес иелігі және құқығы болып табылады.                                                                                                                                              

Міндеттеме - бұл тұлғаның (қарыз адамның) белгілі бір әрекетті басқа бір тұлғаның (несие берушінің) пайдасына жасайтын міндеті - мүлікті беру, жұмыс атқару, ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір іс-әрекеттен бас тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетін орындауын талап етуге құқығы бар.                                                                                                                   

Меншіктік капитал - бұл субъектінің өз міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі активтері» [11]. Сонымен, қаржылық есептің негізгі элементтерінің анықтамасын түсіндіруде батыс елдерінен ешқандай айырмашылық жоқ деп ай-туға болады.                                                                                                                                 

Баланс бухгалтерлік есептің "Бухгалтерлік баланс және қаржылық есеп берудегі негізгі анықтаулар" №2 стандартымен анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және міндеттемелердің мәнін анықтайды, сондай-ақ қаржылық есеп беруде анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады.

Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің жиынтық сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау, қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорын-ның қаржылық жағдайын бағалауда және дәлелді басқарушылық шешімдер қабылдауда қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.                                      

Пайдаланушылар үшін қаржылық есептің  өте пайдалы екендігіне БЕС–2-нің 7-пунктінде ерекше көңіл бөлінген. Онда былай жазылған: "барлық маңызды  ақпараттар, қаржылық есепті қолданушылар үшін анық және түсінікті болатындай дәрежеде ашылуы тиіс" [12].

 БЕС-2 және қаржылық есепті жасаудың әдістемелік нұсқаулары негізінде құрастырылған [16] бухгалтерлік баланс көлденең түрде 1-кестеде көрсетілген көрсеткіштерден тұрады.                                                                                                 

Баланс активі мен пассивін құру принциптері бұрынғы қалпында қалып  отыр, яғни активтер олардың өтімділік  деңгейіне байланысты, өтімділігі төмен  активтерден өтімділігі жоғары активтерге қарай, пассивтер принцип бойынша төлем мерзімінің жеделдік деңгейіне байланысты мерзімінің жеделдігі азынан көбіне қарай.                                                                                                        

Тікелей түрде құрастырылған баланс 5 бөлімнен тұрады:                                                 

1) ұзақ мерзімді активтер;                                                                                                    

2) ағымдағы активтер;               

3) меншікті капитал; 

4) ұзақ мерзімді міндеттемелер;                                                                                             

5) ағымдағы міндеттемелер.                                                                                           

Баланс қаржылық есеп беруде үш элементті сипаттайды: активтер, меншікті капитал және міндеттемелер. Қалған екі элемент - табыс және шығын – қаржы - шаруашылық қызметі нәтижелері туралы есеп беруде көрсетіледі.                                                                                                                 

Қаржылық жағдайды талдау барысында тек бухгалтерлік баланс мәліметтеріне ғана сүйенуге болмайды. Бұндай тәсіл біршама қарапайымдау, себебі бухгалтерлік баланс кемшілік пен шек қоюшылықтан ада емес, олардың ең маңыз-дылары келесілер болып табылады:                                                                                                                            

1.Баланс табиғаты жағынан тарихи сипатта болады. Баланста келтірілген мәліметтер оны құрған кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесін көрсетеді. Бұл жағдайда баланс ақпараттары ретроспективалық және перспективалық тал-дау мақсаттары үшін қолданылуы мүмкін.                                                                         

2.Баланс кәсіпорын қаржысында және міндеттемелеріңде статус-квоны сипаттайды, яғни пайдаланылып жүрген есеп саясатына сай осы кезеңде кәсіпо-рын жалпы қандай жағдайда тұр деген сұраққа жауап береді, бірақ бұл жағдай-ға ненің нәтижесінде жеткеніне жауап бермейді. Бұл сұраққа жауап беру үшін, тек қосымша мәліметтер ғана емес, сонымен қатар есеп және есеп беруде көрсе-тілмейтін көптеген факторлардың талдануы қажет (мысалы, ғылыми- техника-лық прогресс, контрагенттегі қаржылық қиындықтар және басқалар).                                                                                                                        

      3.Баланста салыстырмалы шаруашылық аралық талдау жүргізу үшін қажетті база жоқ. Ол кеңістіктік және уақыттық салыстырулармен қамтамасыз етпейді.Сондықтан оның талдауы динамикада жүргізілуі тиіс және мүмкіндігінше көрсеткіштерге, олардың орташа салық және орташа прогрессивтік маңыздылығына шолу жасаумен толықтырылуы тиіс. Осындай мақсатпен ұқсас кәсіпорындар тобы бойынша негізгі есептік көрсеткіштерді ашық жариялау қажет. Бұл қажетті орташа көрсеткіштерді есептеп шығаруға мүмкіндік береді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

      4. Баланста кәсіпорынның қаражаттарының айналымы туралы мәлімет жоқ. Баланстың сол немесе басқа бабы бойынша соманың аз немесе көптігі туралы қортындыны баланстың көрсеткіштерін айналымының сәйкес сомаларымен салыстырғаннан кейін ғана жасауға болады. Мысалы, екі кәсіпорынның баланстарындағы "материалдар" бабы бойынша сомасы бірдей, яғни 5 млн. теңге. Бір жылдағы материалдар айналымы, бірінші кәсіпорында 60 млн. теңге, ал екіншеде 10 млн. теңгені құрады. Осыған сәйкес бірінші жағдайда материалдардың қоры жылдық тұтынушылардың 1/12 (5/60)-ін (айлық қор), ал екінші жағдайда 1/2 (5/10), яғни жылдық тұтынудың жартысын (жарты жылдық қор) қамтамасыз етеді. 

      5.Баланс есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезгілдік мәліметтердің жиын-тығы болып табылады, яғни онда осы балансты толтыру кезіндегі шаруашылық операцияларының жиынтығы жазылып отырады. Ол кәсіпорынның есепті кезең ішіндегі мүмкіндік жағдайын көрсетпейді. Бұл ең алдымен баланстың динамикалық баптарына қатысты, олар "материалдар", "дайын өнім", '"тауарлар", "дебиторлық борыш" және басқалар.                                                   

Кесте-1.   БЕС - 2 негізінде құрастырылған бухгалтерлік баланс

.* Кубышкин И. «Использование финансового анализа для управления компанией».// Финансовый директор. - 2011. - №4. 17-19 бет

      Мысалы, жыл соңында қолда бар өнім қорларының үлес салмағының көп болуы мен дебиторлық борыштың айтарлықтай үлесі, мұндай жағдай жыл бойы осылай болды дегенді білдірмейді.                                                                                             

6.Баланста кәсіпорынның активтерін сатып алуда тарихи бағаны коддану принципі жүргізіледі, ол мүліктің жалпы алғанда нақты бағасын едәуір дәреже-де бұрмалайды. Баланстың жеке баптарына инфляциялық факторлар мен нарық коньюктурасының өзгерісі едәуір бұрмалаушылық әсерін тигізуі мүмкін. Ин-фляция , кәсіпорын пайдаланатын шикізат пен жабдықтарға бағаның өсуі және негізгі құралдарды жаңарту дәрежесінің төмен жағдайында көптеген баланс баптары функционалдық қызметі жағынан бірдей, бірақ есеп объектітерінің құ-ны жағынан әр түрлі жиынтықты көрсетеді. Бұл әр түрлі есеп мерзімдерінде есептелген баланстың аттас көрсеткіштерінің салыстырмалығының бұзылуына әкеліп соқтырады. Әрине, ол сондай-ақ кәсіпорын қызметінің нәтижесін, оның шаруашылық қаражаттарынын "бағасын" (гудвилл) едәуір бұрмалайды. Бұл ке-дергі баланс валютасының кәсіпорын бағасының дәл құнын көрсетпейтіндігін дәлелдейді.

Баланс жиыны кәсіпорын  активтері мен оны жабу көздерінің есептік баға-сын ғана көрсетеді, ал осы кезде бұл активтердің нарықтык бағасы мүлдем бас-қаша болуы мүмкін және берілген активтің пайдалану мерзімі мен оның баланс-та көрсетілуі қаншалықты ұзақ болса, есептік баға мен ағымдағы нарықтық баға арасындағы айырмашылык соншалықты көп болады.                                                                                            

7.Баланс және қаржылық есеп берудің басқа да нысандары шаруашылық субъектісі қызметінің барлық жақтарын толығымен көрсетпейді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның өзгеру перспективасы тек қаржылық сипаттағы факторлардың ғана емес, сонымен қатар көптеген құндық бағасы жоқ фактор-лардың да ықпалында болады. Олардың қатарында: мүмкін болатын саяси және жалпы экономикалық өзгерістер, саланы және кәсіпорынды басқарудың ұйым-дастырушылық құрылымын қайта құру, меншік түрінің алмасуы, қызметкердің кәсіби және жалпы білімдік дайындығы және тағы басқалар. Сондықтан қаржы-лық есеп беруді соның ішінде бухгалтерлік балансты талдау кешенді экономи-калық талдаудың тек бір ғана бөлімі болып табылады.                                                                                                                                 

Осы шектеулерге қарамастан, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды ақпараттық қамтамасыз етудің бірден-бір басты көзі болып табылады, ал оны оқу осы талдаудың алғашқы сатысы болып табылады.                                                                                                                       

Алайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізгенде  баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы барлық табыс сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы ол кәсіпо-рынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал козғалысы, есепті кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат талдаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе зиян (шығын) әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның кызмет нәтижесіне баға береді. Батыс тәжірибесінде, балансты есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп карастыратын біздің елге қарағанда, табыс және зиян туралы есепке біршама басымдылық берілуі кездейсоқ емес. Атап айтқанда, дәл осы үлгі американдық, ұлыбритандық және жаңазеландиялық фирмалардың жылдық есебінде бірінші болып келтіріледі. Мұның түп тамырын психологиялық тұрғысынан іздеген жөн, табыс ба-тыс фирмалары қызметіндегі маңызды көрсеткіш болып табылады, олар сон-дықтан да оны ең алдымен сыртқы пайданушыларға әйгілеп көрсетуге тырыса-ды.                                                                                                                     

Информация о работе Касіп орын экономикасы