Қаржы құқығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 08:33, реферат

Описание работы

Заңгерлерге «қаржы» терминінің нақты мәнін білген жөн, біріншіден, қаржы құқығының қолдану саласын анықтау үшін, екіншіден құқық саласынан іпгелес ақшалық қатынастарын құрайтын заттар саласын бөлу үшін қажет. Себебі ақшалық қатынастарды қаржылай-құқықтық реттеу заңдық тұрғыдан бұйрықты, ал әлеуметтік тұрғыдан – қаталдықпен сипатталады. Кең мағынада «қаржы» түсінігі «ақша» түсінігіне синоним ретінде көрінеді. Мысалы, біреу, «менде қаржы жағы нашарлау» десе, бәрінің түсінуі бойынша ол адам ақшалық қиыншылыққа ұшыраған. Кейбір экономистер де бұл түсінікті қолдайды. Сондықтан, мынандай айтылымдарды кездестіруге болады.

Работа содержит 1 файл

қаржы құқығы..docx

— 29.59 Кб (Скачать)

Сонымен, қаржылық құқық – мемлекетпен  ақшалық жүйесінің қалыптасу  барысында және олардың бір қалыпты  жұмыс істеулерін қамтамасыз етуде  пайда болатын, сонымен қатар  мемлекеттік ақшалық қорлардың  пайдаланудағы ұйымдастыру, бөлу қалыптасу  процессінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың  жиынтығы. Қаржылық құқықтық іс асу түрі болып қаржылық заңдылық көрінеді.

Қаржылық  құқықтың қайнар көздері қаржылық-құқықтық қатынастарды реттейтін өкілдік  және атқару органдарының нормативтік  құқықтың актілері болып табылады. Қаржылық құқықтың ең басты қайнар көзі болып ҚР Конституциясы саналады. Бірақ қаржылық өатынастарды құқықтық реттеуде І-кезекте ҚР Үкіметінің қаулылары, және заңастылы актілері маңызды ролі атқарады жалғастырып келеді. Қаржы Министрлігінің, мемлекеттік табыс Министрлігінің, ал кейбір мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банк актілерімен яғни ведомствовалық құқықтық актілер арқылы құқықтың реттеу тәжірибесі қолданылады.

Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылаудың құқықтық реттелуі.

Қаржылық  бақылау – заңдылықты сақтауға, меншікті қорғауға, бюджеттік,  заемдік  және меншіктік қаржыны дұрыс, тиімді пайдалануға, қаржылық тәртіпті бұзушылықты  ашуға көмектесетін экономикалық бақылаудың ең маңызды нысандарының бірі.

Қаржылық  бақылаудың ең негізі мақсаттарының  бірі – кәсіпорындардың, мекемелердің және басқа да экономикалық субъектілердің қаржылы ресурстарын тиімді пайдалануы меғн қаржылы саясатты табысты жүзеге асыруға ықпал ету болып табылады.

Нарық экономикасы  жағдайында қаржылық бақылаудың дамуы  шаруашлық субъектілерінің бюджеттік, қарыздық және өзіне тиесілі қаржыларын заңды, тиімді және мақсатты пайдалануына ерекше көңіл бөледі. Осыған байланысты Қазақстан республикасында мемлекеттік, қоғамдыө жіне әр түрлі жеке салалардың шаруашылық қызметтерін қаржылық бақылаудың жүйесін реформалау үшін бірнеше нормативтік – құқықтық актілер қабылданды.

Қаржылық  бақылаудың негізгі міндеті –  елдегі экономикалық мақсаттың тиімді жүзеге асуына және елдегі, аймақтағы, секторлардағы, шаруашылық жүйелерінің  өндірістік салаларының өркендеп дамуына  ықпал ету. Бұрынғы әміршілік - әкімшілік басқару тәсілінен гөрі ұлттық экономиканың әр түрлі салаларын нарықтық әдістермен реттеу, қаржылық бақылау органдарының қайта құрылуы – уақыт талап еткен қажеттілік болды.

Қаржылық  бақылаудың мәні сол, ол ақшалай нысанда жүзеге асады. Кірістердің қалыптасу үдерісі, жинақталу, қаржы қорын құру мен пайдалану, ынтымақтас мемлекеттің немесе жеке елдің, қоғамның барлық деңгейіндегі шаруашылық өміріндегі қаржылық – экономикалық өзара қатынастарын реттеудің тетіктері оның тікелей объектісі болып табылады. Қаржылық бақылаудың іс- әрекеті қаржы қатынастарының кең көлеміне тарады, өйткені қаржының өзі басқа да құнды насандармен, оның ішінде еңбек ақысын төлеуге, өнімінің өздік құнына, қаржылық нәтижелерге, өндірістік инвестицияларға байланысты. Сонымен бірге, қаржылық бақылау мемлекеттік аймақтық құрылымдардың, мекемелердің, ұйымдардың бюджеттік бөлінген қаржыларды дұрыс пайдалануын тексеріп, қызметтерінің барлық жағын, оған қоса кеңейтілген желілері мен контингенттерін (шектелімдерін), қаржыны белгіленген мөлшерде жұмсалуын және т.б. жүзеге асырады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау – мемлекеттің  қаржылық қызметіне қатысушыларының  мемлекет алдында өздерінің қаржылық міндеттемелерін орындауын тексеру  бойынша мемлекеттік органдардың  бұл іс-әрекеттері.

Қаржылық  бақылаудың элементтері:

- Бақылау  субъектісі (тексеруші);

- Объект (бақылаудың) (тексерілуші);

- Бақылау  заты (тексерілетін);

- Бақылау  мақсаттары (не үшін тексеріледі);

- Бақылау  жүргізу тәсілдері (қалай тексеріледі).

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың субъектілері болып  мемлекеттік органдар немесе мемлекеттің  тапсырысымен және оның атынан іс-әрекет жасайтын мемлекеттік емес субъектілері. Ал объектілеріне келетін болсақ, олар: мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар: азаматтар. Мемлекеттік қаржылық бақылаудың заты ретінде осы бақылау объектілерінің тәртібі, оларды өз қаржылық міндеттерін сақтауы жатады.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың мақсаты:

1. Қаржылық  заңдар жинағының бұзылған дәлемін  айқындау немесе қаржылық құқық  қатынасына қатысушының сапасыз  өзінің міндеттемелерін орындауларын айқындау;

2. Айыпкерлерді  тауып және оларды заңдар жинағына  сәйкес жауапкершілікке тарту;

3. Қаржылық  тәртіпті бұзушылықты жою және осы бұзушылықтың салдарынан құтылу.

Қаржылық  заңдар жинағын бұзушыларға қолданатын шаралардың бірі қаржылық санкция (мақұлдау), ол қаржылық-құқықтық айып немесе қаржылық-құқықтық пұл ретінде қолданады.

Қаржылық  бақылаудың сатылары:

1. Ақпарттар  жиюу

2. Жиналғаң  ақпараттарды бағалау.

3. Жиналып  және талқыланғаң ақпараттарға көңіл қою.

Тексеріс  ең басты тиімді қаржылық бақылаудың тәсілі болып табылады. Және ол басқа тәсілдермен қабыса жүргізіледі. Тексеріс-бұл бугалтерлік жазулар мен алғашқы құжаттарды зерделеу негізінде қаржылық. Ұйымшылдық белгілері бойынша бөлінетіндері жоспарлы (бекітілген жоспар бойынша жүргізіледі), жоспарсыз – тексерістер.

Тексеріс  қорытындысы өте заңдық маңызы бар тексеріс актісімен ресімделеді.

Қаржылық  бақылаудың принциптері:

- жалпылық  және әмбебаптық;

- іс-әрекеттік және шұғыл жұмыстық;

- нақтылық  және іскерлік;

- тұрақтылық  және қауырт жұмыстық;

- жариялық  және көпшілікті;

- дұрыстық  және заңдық.

Қаржылық  бақылауының түрлері:

1. Тексеріс, түгендеу және тексеру «орнына  беру» деп аталатын жағдайларда тікелей бақылау жүргізеді: бұндай бақылау «барушылық қаржылық тексеру» деп аталады.

2. Орталандырылған  бақылау сырттай сипатта болады, есептік және жоспарлы қаржылық  құжаттама тексеріледі. Бұндай  бақылау «камералды қаржылық  тексеру» деп аталады.

Қаржылық  бақылау жүргізу уақыты бойынша  бөлінетіндері:

Алдын-ала  қаржылық бақылау қайбір қаржылық шараларды жүргізбек бұрын асырылады. Мақсат болатын қаржылық операцияларды жасарда заңдылықты қамтамасыз етуде.

Ағымды қаржылық бақылау – қайбір қаржылық шараларды жүргізу процессінде асырылады.

Соңғылау  қаржылық бақылау  қаржылық шараларды  жүргізіп болғаннан кейін асырылады. Мақсат қаржылық құқық бұзушылықтың жасалуын және сапасыз қаржылық міндеттемелерді орындалу дәлелдерін анықтауда.

Қаржылық  бақылаудың сипаты мен құқықтық мәртебесіне байланысты арнайы, функционалды болып бөлінеді.

Арнайы қаржылық бақылау – бұл мемлекеттің арнайы қаржылық органдарымен жүргізілетін бақылау.

Функционалды  қаржылық бақылау – қаржылық қызметі  жалпылай және көбінесе қаржылық тек бағытындағы (функцияда) қызметін сол мемлекеттік органдармен жүргізетін бақылау.

Ішкі бақылау  – бақылаудың субъектісі мен объектісі  бір ұйымшылдық жүйенің звеносы болып табылады. Мысалы, Министрлік өзінің қарамағындағы кәсіпорындардың қаржылық операцияларын тексереді.

Сыртқы бақылау  – ұйымдастыру қарамағына жатпайтын  объектілерге қатынасты жүргізіледі. Мысалы, Қаржы Минисртлігі басқа министрліктің (ведомствоның) қарамағындағы кәсіпорынды тексереді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                             Қорытынды   

                                          

Қор нарығы да мемлекет тарапынан реттеледі. Егер де сіз жарналық инвестициялық қорға (ЖИҚ) келіп, келісім-шартқа қол қойған болсаңыз, сіздің ақшаңыз ЖИҚ шотында емес, кастодиан-банктің шотында сақталатынын білуіңіз қажет. Егер де басқарушы компания шығынды немесе қабылданған ережелер мен заңнамаға қайшы келетін болса, кастодиан-банкі мәміле жасаудан бас тартуға  құқылы.  Ал басқарушы компания таратылған жағдайда банктің өзі қордың активтерін пайдалана  алмайды. Бұл – сіздің ақшаларыңыздың жоғалып кетуінен сақтайтын сақтандырудың  алғашқы түрі. Екіншіден,  сіздің жарналық инвестициялық  қорларға жасаған салымдарыңыздың сенімділігін ЖИҚ-тың жарна иелерінің реестрін (тізімін) жүргізетін тіркеуші қамтамасыз  етеді. Бұл тіркеуші қор мен басқарушы компаниядан  тәуелсіз болады және клиент бұйрықтарының басқарушы компаниямен қатар кастодиан-банкімен толықтай расталғаннан кейін ғана жарналарды өз жүйесіне есепке алуды немесе  есептен шығаруды қамтамасыз етеді. Осылайша, реестрде әрбір жарнашының ЖИҚ-тағы үлесі жазылып отырады. Үшіншіден, бір-бірінен тәуелсіз болып табылатын ұйымдарды бақылау тізбегін басқарушы компанияның есепке алуын жүргізу мен есептілігінің дұрыс болуын тексеретін  аудиторлық ұйым аяқтайды. Төртіншіден, клиент инвестицияларының  сенімділігі мемлекет тарапынан ҚҚА арқылы қамтамасыз етіледі. Агенттік өз кезегінде клиенттердің ақшалай шығындарын болдырмау немесе азайту мақсатында басқарушы компания орындауға тиіс ең төменгі талаптар мен нормативтерді анықтаған.


Информация о работе Қаржы құқығы