Қор биржасының мәні және биржалық сауда

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 20:26, реферат

Описание работы

Зерттеу жұмыстың мақсаты:
• Қор биржасының мәні мен міндеттерін айқындау;
• Қазақстан Республикасы қор биржасы даму ерекшеліктерін көрсету;
• Қазақстан Республикасы қор биржасының негізгі мәселелері мен оларды шешу жолдарын көрсету.
Зерттеу жұмыстың міндеті:
• Қор биржасының түсінігі мен дамуын анықтау;
• Қор биржасын құрушылар мен оның мүшелері, басқару органдары туралы ақпарат беру;
• Қазақстанда қор биржасының дамуын қарастыру;
• Қазақстан қор биржасында атқарылатын биржалық және бағалы қағаздармен жасалынатын операцияларды талдау;

Работа содержит 1 файл

bagali kagaz.docx

— 66.48 Кб (Скачать)

Қазақстан бағалы қағаздар нарығының дамуы барысында көптеген заңдар мен заңнамалық актілер ескіріп, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу талаптары туындады. Сондықтан  бағалы қағаздар нарығының құқықтық инфрақұрылымын жетілдіру мақсатында соңғы жылдары бағалы қағаздарды шығару және айналысқа түсіру тәртібін, бағалы қағаздар нарығы субьектілерінің  қызметін реттейтін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан мемлекеттік реттеу қатынастарының құрылымы мен тәртібін анықтайтын бірсыпыра жаңа заңдар қабылданды. Олар:

  • 2000 жылғы 18 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы  сақтандыру қызметі туралы»;
  • 2003   жылғы   13   мамырдағы   «Акционерлік қоғамдар  туралы»;
  • 2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар нарығы туралы»;
  • 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы»;
  • 2004 жылғы 6 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы»;
  • 2004 жылғы 6 шілдедегі «Инвестициялық қорлар туралы».

Бүгінгі таңда еліміздегі қор биржасы қызметін KASE АҚ атқарады. Қазақстан қор биржасы (KASE) 1993 жылғы 17 қарашада «Қазақ банкаралық валюта биржасы» деген атпен құрылды. KASE – коммерциялық ұйым, ол акционерлік қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында жұмыс істейді. KASE-нің 61 акционері бар (01.11.10 жылғы дерек бойынша) – «Алматы қаласының аймақтық қаржы орталығы» АҚ (ең ірі акционер), банктер, брокерлік-дилерлік ұйымдар, активтерді басқару жөніндегі компаниялар, ҮЕЗҚ және басқа да қаржылық ұйымдар.

KASE Орталық Азиядағы аса  ірі ұйымдастырылған қаржы нарығының  операторы болып табылады. Ол  қызмет көрсететін нарықтар: мемлекеттік  және корпоративтік бағалы қағаздармен  тікелей және автоматты репо; шетел валюталары (АҚШ доллары,  еуро, Ресей рублі); Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі, Қаржы министрлігі  және жергілікті атқарушы органдары  шығарған мемлекеттік бағалы  қағаздар (соның ішінде қазақстандық  халықаралық облигациялар); ХҚҰ облигациялары  және шетелдік мемлекеттік бағалы  қағаздар; вексельдер; акциялар; корпоративтік  облигациялар және т.б.

Қазақстан қор биржасының (KASE) стратегиялық мақсаты – аймақтық жетекші қаржы нарығы ретінде  қалыптасу, онда бүкіл әлемнен келген инвесторлар барынша аз есептік  тәуекелдермен, және ең үздік халықаралық  іс-тәжірибеге сәйкес кең ауқымды  қаржылық құралдар саудасын жүргізу  мүмкіндігіне ие болуға, сондай-ақ сан  алуан әрі сапалы түрде көрсетілетін ілеспе биржалық қызметтерді пайдалануға  тиіс.

Қор нарығы нарықтық шаруашылықтың  ең айнымас бөліктерінің бірі. Ол арқылы фирмалар және әр түрлі компаниялар, және мемлекеттің өзі іс-әрекетіне  қажетті ақшаны экономикада қордаланып қалған қаражаттан ала алады.  Ал елімізде қордаланған жинақтар - зор  инвестициялық потенциалға ие. Экономикамыздың  қарқынды дамуы еліміздің ТМД  ішіндегі инвестициялық әлеуеті  ең мықты мемлекетке айналуына алып келді. Мысалы, қаржы нарығының институционалды  құрылымдары болып саналатын  екінші деңгейлі банктердің активтері  осы жылдың басында 69,9 млрд. АҚШ долларына, зейнетақы қорларының қаражаттары 7,2 млрд. АҚШ долларына, сақтандыру компанияларының  және инвестициялық қорлардың әлеуеті сәйкесінше 1,1 және 0,9 млрд. АҚШ долларына жетті. Бұл үлкен қомақты қаражат. Ендігі кезеңде біздің алдымызда осы қаражаттарды Қазақстан экономикасын одан әрі дамыту және халықтың тұрмыс жағдайын көтеру мақсатында тиімді жұмыс істету мұраты тұр.   

Қор нарығы ұйымдасқан және ұйымдаспаған болып екі түрге  бөлінеді. Осы ұйымдасқан түрі биржа  арқылы жұмыс жасайды. Бұл жерде  артық қаражат түріндегі ресурсы  бар экономиканың бір саласынан, осы қаражатқа зәру салаға капитал  ағымы ұйымдасқан, ережелері алдын-ала  белгіленген тәртіппен жүреді. Сонымен  қатар, заң жағынан қорғалуды  айтсақ та болады. Себебі бұл нарық  мемлекет тарапынан жіті бақылауға  алынып, түрлі заңдармен реттеледі. 

Осы ретте биржа операцияларына қатысушылар ретінде теқ қана жоғарыда аталған институционалды  инвесторлар ғана емес, сонымен қатар  кез-келген жеке тұлға да қатыса алатының айту қажет. Мысалы, үстіміздегі жылдың 1 кварталы бойынша Қазақстан қор биржасының акциялар нарығындағы жеке тұлғалардың көлем (яғни айналым) бойынша үлесі 25,7 пайызға тең болды. Бұл дегеніміз 320 млн. АҚШ долларына тең. Ал өткен жылдың қорытындысы бойынша акция нарығындағы айналым үлесі 16,9 пайызға тең болатын. Бұл көрсеткіш 2003 жылы 2,46 пайызға, 2004 жылы 12,84 %, 2005 жылы 15,06 пайызға тең болды. Сонымен, жеке тұлғалардың қор нарығына қатысу салмағы жылдан жылға артып келе жатқанын байқаймыз.

Қазіргі таңда жеке тұлғалар қор нарығына заңмен реттелген екі  жолмен шыға алады: біріншісі брокер арқылы жұмыс істеу, келесісі жарналық инвестициялық қорлар арқылы бағалы қағазадар нарығына шығу.

Бірінші тәсілге келсек, брокер – табыс табу мақсатында, яғни дүниежүзілік валюталар, бағалы қағаздар және т.б. бағамдарының өзгерісінен  табыс табатын, қаржы нарығында  операциялар жасайтын кәсіпқой делдалды. Брокер өз клиенттерінің атынан және шоты арқылы қаржылық инструменттермен алып - сатарлықпен айналысады. Бірақ-та, бағалы қағаздың иесі ол емес, Сіз болып  табыласыз. Ең бастысы нарықта мықты  беделге ие немесе жеке өзіңіз сенетін  брокерді табу.

Бағалы қағаз нарығына қатысудың келесі жолы - бұл бос  жатқан қаражатыңызды жарналық инвестициялық  қорға салу. Қазіргі таңда Қазақстанда 86-сы жабық, 11-і ашық және 12-сі интервалды болып табылатын 109 жарналық инвестициялық  қор жұмыс жасайды. Жарналақ инвестициялық  қор - қор нарығындағы операциялардан пайда табу мақсатында кәсіпқой мамандарға басқаруға сенім негізінде берілген, азаматтар мен заңды тұлғалардың (пайшылардың) бірлескен құралдары  болып табылады. Сіздің қолыңызға  қордағы үлесіңізге құқықты куәландыратын  атаулы бағалы қағаз – пайды береді. Бұл инвестициялық қор өз кезегінде, нарықты айналыста жүрген және жан-жағынан  ептеп пішіліп, дұрыс деп тапқан бағалы қағазға қордаланған қаражаттың белгілі бір бөлігін құяды.

 

2.2 Қазақстан Республикасы биржасының негізгі мәселелері және оларды шешу жолдары

 

 

Қазақстан қор биржалары  өзінің дамуы жөнінен әлемнің  ірі қор биржаларынан әлі де болса  қатты артта қалуда. 1999 ж. биржалық айналыстың қарқынды түрде өсуі байқалды. Бағалы қағаздармен мәміле арасында МҚО жасалған мәмілелер алғашқы  орынға шықты (жалпы сатылған қағаздардың 30%-ы).

Қазақстанның бүгінгі  таңдағы бағалы қағаздар нарығының  жағдайы оның дамуды қажет ететіндігін  көрсетеді. Инвестициялық салымдардың  тиімділігі мен сенімділігі тұтастай алғанда мемлекеттің экономикасының дамуын көрсететін негізгі көрсеткіш  болып табылады және де біз үнемі  соған ұмтылуымыз қажет.

Бүгінгі Қазақстандағы қор  нарығы артық ақша ресурстарын тарту  функциясын атқармайды десе де болады. Қазақстан қор нарығы нашар дамыған, өтімділігі төмен, сондай-ақ белсенді трейдерлер де аз. Халық көбінесе оның жұмысы жайлы көп біле бермейді.

Көптеген қазақстандық брокерлер  нарыққа енудің минималды сомасын  орнатпайды, мұнда кез келген қаражат  сомасы бар клиентті құшақ жая  қарсы алады, тек брокерлік қызметті төлеуге қаражаты жетсе болды.

Қазақстан қор  нарығының  негізігі кемшілігі - өтімділіктің                                                                                                жоқтығы. Бұл жердегі ең басты  себеп – еркін айналыста акциялардың  жетіспеуі. Айналыстағы бағалы қағаздар мөлшері де аз, өйткені олар тез  арада институционалды инвесторлардың қолына түседі де қайтадан еркін айналысқа  шығарылмайды. Нарықтағы бағалы қағаздардың  негізгі бөлігін банк секторының бағалы қағаздары құрайды.

Қор нарығының жалпы проблемасына келер болсақ, бизнес онсыз да жақсы  дамуда. Күні бүгінге дейін елімізде халық жинақтарын тартатын және қаражаттарды инвестициялау үшін қызықты құралдары  бар алаң жоқ.

Қазіргі таңда қор нарығы эмитенттерді, жаңа енгізулерді және өтімділікті қажет етеді. Қор  нарығын ынталандырушы болып  мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру  табылады. Мемлекеттік компаниялар  үшін ол өте тиімді, биржаға енудің қиындығымен қатар, бұл оларға қаражат  тартудың жаңа көздерін табуға мүмкіндік  береді.

Сонымен қатар нарыққа  жаңа перспективті компаниялардың бағалы қағаздарын енгізу – тар нарықты  жандандыру мүмкін, әсіресе де ол компаниялар  өңдеу саласынан болса.

Өкінішке орай, қазіргі  таңда қор нарығына тартылған  жаңа компаниялардың тартымдылығын  бағалау мүмкін емес болып отыр. Себебі, көптеген жекеменшік компаниялар  жиі жағдайда өздерінің қаржылық есептерін жарияламайды. Бірақ өндіру және өңдеу саласындағы компаниялар  Қазақстанда үнемі қызығушылық  тудырды.

Қор талдаушыларының ойынша, компаниялардың қор биржасына шығуына  басты кедергі болып олардың  акцияларының Қазақстан қор биржасы (KASE) индексі талаптарына сай келмеуі. Сондықтан мамандардың пікірінше, үкімет оларға KASE акциялары индексіне кіруі үшін белгілі бір уақыт аралығын беруі қажет. Көп уақыт қаржылық кеңесшілерді таңдау жөнінде тендерлерді ұйымдастыру мен өткізу үшін кетеді. Кәсіби мамандардың айтуынша, компанияны қор нарығына шығару үшін орта есеппен 3 айдан 9-11 айға дейін қажет. Соның өзінде компанияда сәйкес аудит бөлімі және олардың алғашқы нарыққа орналастыруға дайындығы болуы шарт.

Халықты қор нарығына тарту  үшін алдымен дайындық жұмыстарын жүргізу  қажет. Мысалы, Батыс елдерінде халықтың көпшілігі үлкен қызығушылықпен «қор нарығы» атты ойынды ойнайды. Ол банк депозиттеріне қарағанда тәуекел  деңгейі жоғары болып келгенімен, сәйкесінше, оның табыстылығы да жоғары болып келеді. Айта кететін жайт ойынға деген қызығушылық, қор нарығы дамуына тура пропорционалды.

Халықты даярлау және қаржылық сауатсыздықты жою шараларымен  кәсіби қатысушылар, яғни, брокерлік  компаниялар шұғылдануы тиіс. Өйткені  олар болашақта жеке тұлғаларды өздерінің  клиенттері етуге мүмкіндіктері  бар. Бірақ ешбір брокерлік компания мемлекет ауқымында мұндай шараларды  жүзеге асыра алмайды. Сондықтан  бұл шараларға мемлекет те міндетті түрде араласу керек.

Бүгінгі таңда қазақстандық биржаларды ұлғайту, биржа арқылы өтетін барлық операциялар клиенттер үшін тәуекелсіз болатындай жүйені ұйымдастыру  мәселесі алда тұр. Өйткені бағалы қағаздар нарығының болашақтағы дамуы  негізінен біздің елімізде қор биржаларының даму дәрежесіне тәуелді. Ол үшін алдыңғы  қатарлы мәселелерді шешу қажет.

Дәл қазіргі таңда Қазақстан  инвестициялық деңгейі жоғары емес елдер қатарында тұр. Сондықтан  мемлекетіміздің  басты мақсаты  экономиканың даму қарқынын үдету, сол  арқылы бағалы қағаздарға бөлінетін  салымдар көлемін ұлғайту.

Сонымен қатар қор биржасының инфрақұрылымын дамыту: қор биржаларын және биржадан тыс ұйымдық жүйелерді  жандандыру.

Қор биржасындағы қызметтің  табыстылығы көбінесе қаржылық ақпарат  таратудың жеделдігіне байланысты, ал қазіргі таңда Қазақстан Республикасының  қор биржасында эмитенттер және олардың  бағалы қағаздары жайлы ақпарат  толық емес. Юджин Фаманың классикалық  анықтамасына сүйенетін болсақ, «тиімді  қор нарығы – ақпаратты  өңдеуде  болашағы зор нарық», ал Қазақстан  қор нарығының ақпаратты тиімділігі АҚШ қор биржаларымен салыстырғанда бірнеше есе төмен.

Болашақта қор биржасын ұйымдастыру  деңгейін көтеру қажет және де инвесторларды  алаяқтықтан қорғаудың тиімді жүйесін  ойлап табу, қор биржасын мемлекеттік  реттеуді жетілдіру, дамыған мемлекеттердің қор биржаларымен байланыс аясын  кеңейту қажет.

Тек осы жоғарыда аталған  мәселелерді шешкен кезде ғана қазақстандық қор нарығы басқа өркениетті елдердегі  қор нарығы тәрізді өзінің негізгі  қызметін – қаржы саласынан өнеркәсіп  саласына капитал ағымын жасауды жүзеге асыра алады.

Қазақстандық қор нарығының  даму мәселесін қарастыра отырып, оның екі құраушы бөлігін қарастыру  қажет, олар – биржалар саясаты және бағалы қағаздар нарығын реттейтін  мемлекетттік басқару органдарының саясаты.

Биржалар саясаты.  Жалпы  Қазақстан Республикасында қор  биржаларының дамуы олардың нарығы тұсынан алып қарағанда екі бағытта  болды. Алдымен ол – қор биржасын құру, ал екіншіден әр түрлі қаржылық құралдар мен валюталар нарығын  қалыптастыратын, сонымен қатар  қатысушыларға толық қызметтер  жиынтығын – сауданы ұйымдастырудан, есеп айырысуға дейінгі қызметтер  көрсететін әмбебап институттарды  құру.

Алғашқысының мысалы ретінде - «Бағалы қағаздардың Орталық  депозитарийі» ЖАҚ , ал екіншісіне «Қазақстан қор биржасы» АҚ жатқызуға болады.

Технологиялық қырына келетін  болсақ, бұл жағынан алғанда Қазақстан  Республикасында ерекше бірлік байқалады  – барлық биржалар және сауда жүйелері залдық аукциондық дауыс беру механизмінің орнына электронды сауда жүйелерін  пайдаланады. Аймақтық қамту тұрғысынан алып қарағанда, сауданы ұйымдастырудың электронды технологиялары арқасында  Қазақстан Республикасындағы барлық жетекші алаңдар өз аймақтарымен ғана шектелмейді, олар басқа аймақтармен  ойдағыдай байланыс орнатуға тырысады.

Бағалы қағаздар нарығын  реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік  органдар саясаты. Бұл тұрғыдан алғанда  Қазақстан Республикасы әлемдік  беталыстан қалуда. Мысал ретінде  қазақстандық реттеушілердің коммерциялық емес серіктестіктерге ерекше көңіл  бөлуін айтуға болады, мысалы қор биржасы, клирингтік орталық, депозитарийлердің  кейбір түрлері тек қана осы ұйымдық-құқықтық форманың шеңберінде ғана қалыптаса  алады. Бағалы қағаздар нарығында түрлі  кәсіптік қызметтерді қиыстыруға шектеулер  сақталуда. Реттеушілермен кәсіби қатысушылардың талабы ескерілмеуі жиі байқалады.

Информация о работе Қор биржасының мәні және биржалық сауда