Қазақстан Республикасының

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 07:47, реферат

Описание работы

Қазақстан өзінің төл валютасын қиын да күрделі жағдайда дайындап, қабылдаған болатын. 90-шы жылдардың басы біздің еліміз үшін болашақты айқындау жолындағы шешімдерді қабылдауда барынша қиын кезең болды: өндірістің кең ауқымды құлдырауы, экономикалық байланыстардың үзілуі, бұрынғы одақтас республикалар арасындағы ақша-кредиттік қатынастар коллапсы. Үкімет пен Ұлттық банктің алдында барынша маңызды проблемаларды шешу міндеті тұрды

Работа содержит 1 файл

Ұлттық валюта.docx

— 19.17 Кб (Скачать)

Ұлттық валюта – теңге  күні, Қазақстан Республикасының  қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіптік мерекесіне орай газет тілшісі Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бисенғали  ТӘЖІЯҚОВҚА жолығып әңгімелескен еді

 

– Бисенғали Шамғалиұлы, әрбір мемлекеттің ұлттық валютасы сол мемлекеттің бет-бейнесін көрсетіп, мәртебесін танытатын ең басты құрал  екендігі белгілі. Соған орай, ең алдымен, Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгенің шығу тарихына кеңірек  тоқталсаңыз. Еліміздің ұлттық валютасы – теңгені дайындап, яғни жасап  шығаруға не себеп болды?

 

– 1993 жылдың 15 қарашасында  ұлттық валюта – ТЕҢГЕНІ енгізу Қазақстан Республикасы экономикалық тәуелсіздігінің айқын көрінісі болып табылады.

 

Қазақстан өзінің төл валютасын  қиын да күрделі жағдайда дайындап, қабылдаған болатын. 90-шы жылдардың  басы біздің еліміз үшін болашақты  айқындау жолындағы шешімдерді қабылдауда барынша қиын кезең болды: өндірістің кең ауқымды құлдырауы, экономикалық байланыстардың үзілуі, бұрынғы одақтас  республикалар арасындағы ақша-кредиттік  қатынастар коллапсы. Үкімет пен Ұлттық банктің алдында барынша маңызды  проблемаларды шешу міндеті тұрды. Шын мәнінде инфляция барынша  қарқын алған, өндіріс құлдыраған қиыншылықтар кезеңінде ұлттық валютаның тұрақтылығы  мен айырбасталымын қамтамасыз ету  қажет болды. Басты назар ұлттық валютаны енгізудің – жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу, ақша айырбастау басталатын және жалғастырылатын  күн, айырбастау коэффициенті сияқты рәсімдік мәселелеріне аударылды. Теңге айырбастау басталған бірінші күннен бастап-ақ заңды төлем құралы болды.

 

Ұлттық валюта күннен-күнге  өз елімізде ғана емес, одан тысқары  жерлерде де  сенімді беделге  ие бола бастады. Өндіріс дамыған  сайын, елге шетел капиталының ағыны  ұлғайып, отандық ірі инвесторлар  пайда болған сайын (зейнетақы қорлары  арқылы) ұлттық валюта да, сонымен қатар  валюта рыногы да нығая түсті. Сонымен  бірге, ұлттық валютаға да сенім арттырылды.

 

Өз валютамыздың болуы  Ұлттық банкке тәуелсіз ақша-кредит саясатын жүргізуге мүмкіндік берді. Бюджет тапшылығын жабуға арналған кредиттер  мен директивтік кредиттерді  беру тоқтатылды. Экономикаға кредит беру функциясы екінші деңгейдегі банктерге  толықтай берілді. Ұлттық банк өзінің негізгі міндеті – ұлттық валютаны тұрақтандырумен, яғни инфляция қарқынын бәсеңдету және бағамды тұрақтандырумен  айналыса бастады. Ұлттық банк қайта  қаржыландыру ставкасынан, ішкі валюта рыногындағы өктемдіктердің міндетті резервтері нормаларын енгізуден басқа, меншікті бағалы қағаздарын (қысқа  мерзімді ноттарды) шығарып, ашық рынокта  операциялар жүргізіп, кредиттер  бере бастады.

 

Ақша-кредиттік саясаттың  тиімділігін арттыруға «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы»  Заң (1995 ж. наурыз) себепші болды. Ол бойынша Ұлттық банк өз қызметінде тәуелсіз және Қазақстан Республикасының  Президентіне ғана есеп беретін болды.

 

Қазіргі кезде теңгені  айналысқа енгізудің өзі бізге  ұлттық нарықтық инфрақұрылымды құрудағы алғашқы және маңызды қадам жасауға  мүмкіндік бергенін толықтай түйсінуге  болады. Дербес ақша кредиттік және бюджеттік-салықтық саясатты және тиісінше неғұрлым тиімді макроэкономикалық  тұрақтылық саясатын жүзеге асыруға  мүмкіндік берді.

 

Тұрақты ұлттық валютаның  болуы нарықтық қатынастардың дамуы  мен елдің экономикалық тәуелсіздігінің  негізгі критерийлерінің бірі болып  табылады. Теңге елдің қаржы секторының жалпы жай-күйін көрсетеді. Теңгенің тәуелсіз мемлекеттің валютасы ретінде  орнығуы дау тудырмайтын факт.

 

Кез келген валюта үшін ең басты  маңыздылық – оның қорғалуы. Жалпы  алғанда, сатып алу қабілеттілігінен және тұрақтылығынан бастап қолдан жасаудан қорғалуына дейінгі мағынада. Бұл  тұрғыдан алғанда Қазақстан теңгесі  мақтаныш етуге тұрарлық. Теңге әлемдегі неғұрлым барынша қорғалған валюталардың бірі болып отыр. Мұнда ең озық технологиялар  пайдаланылған.

 

Қазақстан теңгесі Қазақстанның ежелгі тарихы бар ел екендігін әлемге танытуда. Ерен еңбек пен болашаққа  ұмтылыс салтанат құрған ел ретінде  танытуда.

 

– Әрбір жеті жыл сайын  елімізде ұлттық валюта – теңге  дизайнының жаңартылуы неліктен? Анығырақ айтқанда, оған тікелей себеп болатын  нақты әрі өзекті жағдайлар бар  ма?

 

– Технология қарқындап өзгеруде, сондықтан олардан қалмау үшін (ең бастысы, жалған ақша жасаушыларға ұлттық валютаның қорғалуына қатысты осалдық  табуға мүмкіндік тудырмау), Ұлттық банк жаңадан шығарылатын ескерткіш  банкноттарда қорғаныш элементтерін жетілдіруде  тұрақты жұмыс жүргізеді.

 

Көшіру-басу саласындағы  техникалық жетістіктер жалған банкноттар дайындауға жекелеген  қылмыстық  «икемдігілі бар» азаматтарға ой салады. Осыған байланысты бүкіл дүние  жүзінде банкноттар сериясының қызмет ету мерзімі халықаралық ұйымдардың ұсынымы бойынша 40 жылдан 5-7 жылға  дейін қысқарды, себебі, жалған ақша жасаушылардың қолдан сапалы ақша жасауына шамамен осындай мерзім жұмсалатынын тәжірибе көрсетіп отыр.

 

– Қазақстан үшін 2011 жылдың маңыздылығы зор. Өзіңізге белгілі, биылғы жылы қазақстандықтар мемлекет Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойламақшы. Соған орай, мерекелік өнім, яғни жаңа сипаттағы теңгелер шығару мәселесі жоспарлануда ма? Ал, енді сол мерекелік  теңгелерге қандай мазмұндағы жаңалықтар енгізілмек?

 

– Қазіргі кезде Қазақстан  Республикасында Банкнот фабрикасы  және Теңге сарайы сияқты ақша белгілерін шығаратын меншікті өндіріс орындары бар. Банкноттар мен монеталарды  шығару, олардың айналыста болуын ұйымдастыру, жалған ақша жасаушылармен  күрес барған сайын ауқымды проблемаға айналуда. Көптеген мемлекеттер банкноттар мен монеталарды дербес шығарудан  бас тартуда, бұл функцияларды ішінара  немесе толықтай  неғұрлым озық технологиясы бар компанияларға беруде.

 

Қорғалған баспа өнімдеріне арналған ең жаңа заманауи лайық баспа  жабдықтарымен жабдықталған Ұлттық банктің Банкнот фабрикасы ұлттық валютаның барлық банкноттарын ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік, сол сияқты коммерциялық тапсырыстар  бойынша басқа да қорғалған полиграфиялық  өнімдерді дайындайды. Банкнот фабрикасы  халықаралық стандарттар бойынша  сапа менеджменті жүйесін енгізді.

 

Қазақстан теңге сарайы сапасы жағынан алғанда басқа елдердің монета сарайларының әйгілі көрмелерінде жоғары бағаланатын және мамандар мен  коллекционерлер арасында үлкен  қызығушылық тудырып отыратын монеталарды  шығаруда. Қазақстан теңге сарайы сондай-ақ халықаралық стандарттар  бойынша сапа менеджменті жүйесін  енгізді және монета өнімдері мен  мемлекеттік наградалар өндіруге сертификаттар  алды. Кәсіпорындар шығаратын наградалар – әлемдік озық стандарттарға  сәйкес келетін зергерлік өнердің  тамаша үлгілері. Қазақстан теңге  сарайы басқа орталық банктерден монеталар дайындауға арналған тапсырыстардан басқа халықаралық монета бағдарламаларына қатысады.

 

Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ескерткіш  өнімдерді шығару мәселесіне келетін  болсақ, Ұлттық банк 2011 жылғы 4 шілдеде  Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына  арналған номиналы 10000 теңгелік ескерткіш  банкнотты айналысқа шығарды. Бұл  банкнотта жоғары қорғалған баспа  саласындағы қорғаныш элементтерінің ең соңғы әзірлемелері қолданылған. Банкнотта тұңғыш рет үш қорғаныш жіп қолданылды,  бұл магниттік  жіп, түсі құбылмалы ені 6 мм. қорғаныш жіп және ені 18 мм. әрі металл жылтыры  бар металсыздандырылған полимер  жолақ.

 

Сондай-ақ, мерейтойлық банкнотпен қатар Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған монеталар  дайындалып, 2011 жылғы 1 қарашадан бастап айналысқа енгізілгенін атап айтқым келеді.

 

номиналы 50000 теңге, алтыннан жасалған, массасы 1000 грамм, таралымы – 100 дана;

 

номиналы 5000 теңге, күмістен жасалған, массасы 1000 грамм, таралымы – 200 дана;

 

номиналы 500 теңге, күмістен жасалған, массасы 31,1 грамм, таралымы – 5000 дана;

 

номиналы 50 теңге, нейзильбер қоспасынан жасалған, таралымы – 50 000 дана.

 

– Әлемдік рынокта ұлттық валютаның тұрақтылығын нығайту  төңірегіндегі болжамдармен бөліссеңіз.

 

– Ұлттық банк өзінің ақша-кредит саясатындағы орта мерзімді кезеңге  арналған негізгі бағыттарына сәйкес валюта саясатын жүзеге асырады.  Ұлттық банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз етумен  қатар, теңгенің айырбастау бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Теңгенің бағамын қалыптастыру валютаға сұраныс  пен ұсыныстың негізінде нарық  тәсілімен жүзеге асырылады. Бұл  ретте, Ұлттық  банк қажет болған жағдайда теңгенің күрт ауытқуын реттеу мақсатында валюта рыногында өктемдікті жүзеге асырады.

 

Осылайша, ұлттық валютаның  әлемдік рыноктағы рөлін күшейтуді  Ұлттық банк орнықтылығын тұрақты негізде  қамтамасыз ету арқылы іске асырады  деп айтуға болады.

 

– Ұлттық валюта – теңгенің қауіпсіздігін сақтауды одан әрі  күшейту бағытында және теңгені  қолдан жасайтындарға қарсы күресте  қандай ықпалды әрі ұтымды іс-шаралар  қолға алынуда?

 

– Жалған ақша жасау мемлекеттің  экономикалық негіздерін күйрететін қылмыстың  айрықша қауіпті түрі болып табылады. Жалған ақша жасауға қарсы іс-әрекет мемлекеттік маңызы бар міндет болып  табылады және оның табысты орындалуы  ел беделінің және біздің ұлттық валютамызға  сенімнің кепілі.

 

Ұлттық банк жалған монета жасаудың алдын алу мақсатында екі  негізгі бағыт бойынша іс-шараларды  жүргізеді:

 

жалған ақша жасаушылар үшін шығару технологиялық тұрғыдан күрделі, еңбек шығынын қажет ететін әрі  шығыны көп қорғаныш элементтерін үнемі  жетілдіріп отыру;

 

ақпараттық жұмыс, яғни азаматтарды  өз құндылықтарын кез келген жоғалтудан  қорғау мақсатында халыққа қолма-қол  ақшаның түпнұсқалылығын айқындаудың  әдістері мен дағдыларын түсіндіру. Сондықтан ұлттық валюта теңгенің қорғаныш элементтері бойынша ақпараттық плакаттар, парақтар, буклеттер шығару бойынша жұмыстар тұрақты жүргізіледі.

 

Осыған байланысты, жоғарыда атап айтылғанындай, биылғы жылы жаңа қорғаныш элементі – қорғаныш жібі пайдаланыла отырып номиналы 10000 теңгелік мерейтойлық банкнот шықты.

 

– Бисенғали Шамғалиұлы, теңгеміздің төл мерекесіне және мемлекет Тәуелсіздігінің 20 жылдығына  орай, қазақстандықтарға қандай ықылас білдірер едіңіз?

 

– Жоғарыда айтылғандай, еліміздің  Тәуелсіздігі мен ұлттық валюта –  ажырамас ұғымдар. Ал теңгеміздің орнықты  болуы, сонымен қатар, қаржы саласының  тұрақты болуы тәуелсіздігімізді  арттыра түсетіні хақ.

 

Сондықтан барлық қазақстандықтарды  келе жатқан үлкен мереке – Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен және теңгеміздің төл мерекесімен  құттықтаймын. Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмір тілеймін.

 

– Әңгімеңізге рахмет.

 

Әңгімелескен  Бақыт БАЛҒАРИНА.


Информация о работе Қазақстан Республикасының