Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің негізгі мәселері және болашағы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 15:33, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан – ТМД елдеріндегі зейнетақы реформасын жүргізе отырып, жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізуге алғашқы аяқ басқан мемлекет. Осыған орай дипломдық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесін қалыптасуы: негізгі мәселелері және болашағы» делінеді. Жұмыстың мақсаты – зейнетақы жүйесінің негізгі мәселелерін жан-жақты зерттеп, оған ұсыныстар беру. Негізгі міндеттері - Қазақстан республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру негіздерін қарастыру, инвестициялау мәселерін талдау. Жұмыс объектісі болып «Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының қызметін талдау, зейнетақы жүйесінің негізгі мәселерін қарастыру болып табылады.

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................3
I Бөлім. Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру негіздері...............................................................................4
1.1Зейнатақы жүйесін реформалау..................................................................4
1.2.Жинақтаушы зейнетақы қорын ұйымдастыру.........................................8
1.3. Зейнетақымен қамсыздандыру ерекшеліктері......................................14
1.4. Зейнетақы қорларын инвестициялау мәселелері..................................29

II Бөлім. «Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қызметін талдау............................................................................................34
2.1.Жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдастырушылық
құрылымы және қызметтері...........................................................................34
2.2. Жинақтаушы зейнетақы қорының негізгі көрсеткіштерін талдау...............................................................................................................37
2.3. Зейнетақы активтерін талдау..................................................................40
2.4. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық нәтижесін талдау...............................................................................................................43

III Бөлім.Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің негізгі мәселері және болашағы.................................................................48
3.1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері............................48
3.2. Жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелі
моделінің тиімді құрылымын қалыптастыру..............................................60
Қорытынды.....................................................................................................71
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...........

Работа содержит 1 файл

Зейнетакы.doc

— 412.00 Кб (Скачать)


 

                                                        Мазмұны

 

Кіріспе...............................................................................................................3

I Бөлім. Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен    қамсыздандыру негіздері...............................................................................4

                1.1Зейнатақы жүйесін реформалау..................................................................4

1.2.Жинақтаушы зейнетақы қорын ұйымдастыру.........................................8

1.3. Зейнетақымен қамсыздандыру ерекшеліктері......................................14

1.4. Зейнетақы қорларын инвестициялау мәселелері..................................29

 

II Бөлім. «Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қызметін талдау............................................................................................34

2.1.Жинақтаушы зейнетақы қорының ұйымдастырушылық

құрылымы және қызметтері...........................................................................34

2.2. Жинақтаушы зейнетақы қорының негізгі көрсеткіштерін талдау...............................................................................................................37

2.3. Зейнетақы активтерін талдау..................................................................40

2.4. Жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық нәтижесін талдау...............................................................................................................43

 

III Бөлім.Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің               негізгі мәселері және болашағы.................................................................48

              3.1. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өзекті мәселелері............................48

              3.2. Жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфелі             

  моделінің тиімді құрылымын қалыптастыру..............................................60

                     Қорытынды.....................................................................................................71

     Пайдаланған әдебиеттер тізімі....................................................................74

                                                             

 

 

                                                                Кіріспе

Әлемде жиырма бірінші ғасырдың аяқ басуымен әлеуметтік өзгерістер процесі жалғасуда. Қазіргі барлық елдерде кездесетін басты мәселелері жаңа технологиялар, халықаралық байланыстар, халық жасының ұлғаюы, жұмысбастылық моделдерінің өзгеруі және жанұяның жаңа құрылымы болып табылады. Барлық бұл өзгерістер әлеуметтік қамсыздандырудың ұйымдастырылуы мен құрылымына жаңа талаптарды ұсынады. Мұның барлығы экономикалық саясаттың әлеуметтік мәселелерін шешуге әкеледі.

Қазақстан – ТМД елдеріндегі зейнетақы реформасын жүргізе отырып, жинақтаушы зейнетақы жүйесін енгізуге алғашқы аяқ басқан мемлекет. Осыған орай дипломдық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесін қалыптасуы: негізгі мәселелері және болашағы» делінеді. Жұмыстың мақсаты – зейнетақы жүйесінің негізгі мәселелерін жан-жақты зерттеп, оған ұсыныстар беру. Негізгі міндеттері  - Қазақстан республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру негіздерін қарастыру, инвестициялау мәселерін талдау. Жұмыс объектісі болып «Халық банкінің жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының қызметін талдау, зейнетақы жүйесінің негізгі мәселерін қарастыру болып табылады.

Жұмыстың өзектілігі – жинақтаушы зейнетақы жүйесінің әлеуметтік саладағы орнын анықтау болып табылады.

Жұмыстың мақсатын, негізгі міндеттерін, өзектілігін ашушы 2005-2006 жылдардағы зейнтақы жүйесін қалыптастыру кезеңінде реформаның жүргізілуі, ондағы жинақтаушы зейнетақы қорларының ұйымдастырылуы, 1997 жылдың жиырмасыншы шілдесінде қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнетақы қамсыздандыру туралы» заңға қазіргі күнге дейін қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізілгендігі жайлы, зейнетақы қорларындағы инвестициялаудың негізгі мәселелері және оны жүзеге асырудың тетігі қарастырылды.

                1-БӨЛІМ.Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру негіздері

            1.1.Зейнетақы жүйесін реформалау

 

Сексенінші жылдардың аяғында басталып, қазіргі кезде жатқан экономикадағы түбегейлі өзгерістерге байланысты әлеуметтік қорғау саласында реформа жүргізу мәселесі еліміз үшін айрықша өзектілікке айналды. Көптеген басымдықтар, бағдарлар, түсініктер өзгерді.

Жалпы халықтық меншіктен мемлекеттік және жеке меншіктің орналасқан түріне, мемлекет тұрпатындағы жалғыз жұмыс берушіден жеке меншік иеленушілікке көштік. Онда жалдамалы қызметшілер пайда болып, олардың мәселелерін шешу орталықтан жүрмей, аймақтық деңгейде реттелді. Мемлекет бүкіл халықтың қорғаушы мен қамқоршылық рөлін атқармады. Тәуелсіздік алған әр елдің айырмашылығы - әлеуметтік өзгерістер моделін таңдауда болды.

Еліміздегі әлеуметтік қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін реформалау 1996 жылдан басталды. Қолданыстағы зейнетақы заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі алғашқы заң шығарушылық бастама көрініс берді. Бірақ зейнетақы жүйесін түбегейлі өзгерту емес ішінара өгерістер ғана көзделді.

Біздің еліміздегі зейнетақы реформасы Чили тәжірибесіне негізделіп жасалды. Ол елдегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалаудың нәтижесі капитал мен сақтандыру нарықтарының дамуымен көрінді. Нәтижесінде Чилиде ұлтық экономиканың едәір өсуіне қол жетті. Қазақстан және Чили зейнетақы реформасын жүргізудің шарттары көбіне ұқсас болып келеді, бірақ бірқатар айырмашылықтар бар. Ұқсас шарттарға реформаланған жүйе шеңберіндегі зейнетақылық сақтандыру табиғаты, зейнетақы төлеуге шығындардың жоғары деңгейі және бірыңай зейнетақы жүйесінің қаржылық тепе-теңдігін қамтамасыз ету, сонымен қатар соңғыны АҚсартудың келешексіздігі жатады. Ал, айырмашылықтары орталықтанған жоспарлаудан нарыққа көшудегі талаптар мен қосымша мәселелердің көптігі, сонымен қатар өтпелі экономикалы жаңа елге зейнетақы жүйесі жұмысшыларын қамту.

Қазақстан демократиялық мемлекет ретінде Чили мысалымен ғана жүрмей, оның капитал нарығындағы жетістіктерін талдамалап, игереді.Сонымен, зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесін реформалаудағы Чили жетістіктерін талдап, жинақтаушы зейнетақы қорларының рөлін жоғарылатуға отандық капитал нарығын дамыту қажет, яғни сол арқылы еліміз экономикалық және әлеуметтік жағынан дамиды. 1997 жылдың наурызында зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалаудың жобасы жасалып, баспасөзде жарияланды.Бүкіл халықтық талқылау барысында ескертулер мен ұсыныстар негізінде зейнетақы жүйесіне қосымша құрылым ретінде мемлекеттік жинақтаушы зейнтақы қоры қосылды. Оның құрылуы өтпелі кезеңде халықтық жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенімін арттырды. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» жаңа заңды Парламент қабылдап, мемлекет басшысы маусым айында қол қойды, ал1998 жылдың қаңтарынан бастап ол күшіне енді.

1998-2001 жылдар зейнетақы реформасы мен жинақтаушы зейнетақы қорларының қалыптасу кезеңі болып табылады. Зейнетақы реформасы осы жылдарда елеулі нәтижелерге жетті. 2004 жылдың бірінші сәуірінде зейнетақы қызметтерінің нарығында он алты жинақтаушы зейнетақы қоры болды, оның он үші ашық мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры, екі корпоративті және мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры. Жеті зейнетақы активтерін басқару компаниясы. Республиканың барлық облыстарында алпыстан астам филиалдары мен өкілдіктері және жүз отыздан астам жоғары агенттік пункттері бар. Салымшылар саны 4,76 миллион адам, оның 54 пайызы мемлекеттік емес зейнетақы қорына өздерінің зейнетақы жинақтарын салды. Зейнетақы жинақтарының көлемі 200,4 миллиард теңгені құрады.

2006 жылдың бірінші сәуірінде 187,3 миллиард теңге зейнетақы активтері инвестрленді.Бір салымшы жинақтарының орташа сомасы мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорында 53,5 мың теңге, ал мемлекеттік жинақтаушы зейнетақыы қорында 28,6 мың теңгені құрады. Жалпы қазіргі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін зейнетақы туралы заң негізінде

Зейнетақы қорлары ақшаны иеленбейді, олар банк-кастодианда сақталады. Қорларға зейнетақы                    активтері мен жарналарын инвестрлеуге тиым салынған, бұл функция зейнетақы активтерін басқару компаниясына берілген. Қорлар зейнетаақы активтерн басқару компаниясы және банк-кастодианмен келісім-шарт бекітуі тиіс мемлекеттік емес зейнетақы қорлары салымшыларының ақшалай қаражаты қозғалысының құрылымдық – функционалдық сызбасы көрсетілген. Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары салымшыларының ақшалай қаражаттары қозғалысының құрылымдық – функционалдық

1-зейнетақы жарналарын транзитті шотқа аударады,

2-қор шотына аударады,

3-қор активтерін алмастыруды мақсатты бақылайды,

4-қор қаражаттарын орналастыруға тапсырыс береді,

5-мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры ның активтері

6-инвестициялық табыс

7-табыс салығынан соң зейнетақы төлемдері,

8-есеп жүргізіп, қор активтерін сақтайды,

9-шот жайы және зейнетақы активтерін басқару коипаниясының қызметтері туралы ақпараттандырады.

Банк – кастодиан, зейнетақы активтенрін басқару компаниясы. Бір-біріне қатысты өз іс әрекеттерінде олар үш жақты кастодиалды келісімнің ережелерін басшылыққа алады, онда әр қатысушы жақтың құқықтары мен міндеттері және барлық туындайтын құқықтық қатынастар толық ескеріледі.

Жинақтаушы зейнетақы қоры – бұл салымшылардың зейнетақылық жарналарын жинауды және жинақтарды алушыларға төлеуді жүзеге асырушы заңды тұлға. Қор зейнетақылық келісім шарт жасайды, салымшылармен ұдайы жұмыс істейді, түскен зейнетақы жарналарының есебін жүргізеді және өз салымшылары мен өкілетті мемлекеттік ұйымның алдында есеп беріп отырады. Зейнетақы қоры жинақтаушы зейнетақы жүйесінің ең маңызды бөлігі, себебі, салымшы тек қормен ғана келісім шартқа отырады. Зейнетақы активтерін басқару компаниясы- жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы заңды тұлға. Зейнетақы активтерін басқару компаниясы айқын инвестициялық саясат жасап дайындайды: жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның нұсқаулары бойынша, қаржы құралдарына инвестициялауға шешім қабылдайды.

Зейнетақы активтерін басқару компаниясы зейнетақы активтерін ұдайы бағалап отыруға, өз жұмысы жөнінде жинақтаушы зейнетақы қоры мен құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия алдында есеп беріп отыруға, сол сияқты жыл сайын және тоқсан сайын өз жұмыстары туралы баспасөз бетінде ақпарат беріп отыруға міндетті. Банк-кастодиан латын тілінен аударғанда «кастодиан» «сақтаушы» дегенді білдіреді. Бұл жинақөтаушы зейнетақы қорына клиенттердің сеніп тапсырған ақшалары мен жинақтаушы зейнетақы қоры құнды қағаздарын жауапкершілікпен сақтауға қызмет көрсетуші банк. Банк-кастодиан зейнетақы активтерінің мақсатты орналасуына бақылау жасайды және зхейнетақы активтерін басқау компаниясының тапсырмасы заңға сәйкес болмаған жағдайда оған тосқауыл қоюға, атап айтқанда, оны орындамауға және бұл туралы құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссия мен жинақтаушы зейнетақы қорына хабарлауға міндетті.

Банк- кастодиан зейнетақы активтерін қордалау операцияларының барлығының есебін жүргізеді. Олардың орналасуы мен инвестициялық табысын бақылайды және ай сайын жинақтаушы зейнетақы қорына оның есеп шоттары жайында және зейнетақы активтерін басқару компаниясының жұмысы туралы мәлімет беріп отырады. Жинақтаушы зейнетақы қорының тек бір ғана банк кастодианы мен бір зейнетақы активтері басқару компаниясы болуы тиіс.

Барлық аталған үш құрылым бір бірінен құқықтық тәуелсіз болулары тиіс, ал салымшылар қаражаттарының жоғары қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және бұл қаржылардың мақсатсыз жұмсалмауы үшін заңда қарастырылған. Егер зейнетақы активтерін басқару компаниясы немесе банк-кастодиан өз қызметтерін дұрыс атқармаса, жинақтаушы зейнетақы қоры кез келген уақытта олармен бұрын жасасқан келісім шартарды бұзуға құқығы бар. Әрі қарай жинақтаушы зейнетақы қоры жаңа банк кастодианмен  және зейнетақы активтерін басқару компаниясымен келісім шарт жасайды.

 

1.2. Жинақтаушы зейнетақы қорын ұйымдастыру

 

Жинақтаушы зейнетақы қорлары ашық және корпоративтік болып бөлінеді. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшының жұмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады. Корпоративтік жинақтаушы зейнтақы қорлары сол қордың құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңды тұлғалардың алушы қызметкерлері үшін құрылады.

Салымшының заңды тұлғамен-акционермен еңбек шартын бұзуы корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартын бұзу үшін негіз болады.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары жабық акционерлік қоғам ретінде құрылады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары уәкілетті органмен келісім бойынша филиалдар мен өкілдіктер ашуға құқылы. Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын заңды және жеке тұлғалар ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары және акционерлері бола алады. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері бола алады. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері рейтинг агенттіктердің бір рейтингісі бар Қазақстан Республикасының резиденті емес заңды тұлғалары бола алады. Рейтинг агенттіктерінің тізімі мен минималды рейтингті уәкілетті орган бекітеді.

Ашық жинақтаушы зейнетақы қорын құру кезеңінде бірде бір тұлға тікелей немесе жанама түрде мұндай жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс құқығы бар. Мемлекеттік кәсіпорын және мемлекеттің акциялар пакеті мен үлесі бар кәсіпорын, уәкілетті орган рұқсат еткен реттерді қоспағанда, жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері бола алмайды. Халықарлық қаржы ұйымдарының (Дүние жүзілік қайта құру және даму банкі сияқты)он пайызтен артық емес. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі белгілейтін, екінші деңгейдегі банктер депозиттеріне жиырма пайызтен артық емес, жинақтаушы зейнетақы қорына жоғарыда аталған қаржы құралдарынан басқа да зейнетақы активтерінің отыз пайызтен артық емес мөлшерде Қазақстан кәсіпорындарының корпоративті құнды қағаздарына,яғни «көгілдір фишкалар» аталатын акцияларға (Қазақстан қор биржасының «А» тізіміне тіркелген ірі кәсіпорындардың) сонымен қоса құнды қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның «Зейнетақы активтерін басқару компанияларының инвестициялық қызмет жүргізу ережелеріне» сәйкес келетін шетелдік эмитенттердің  мемлекеттік емес құнды қағаздарына инвестиция салуға болады. Жинақтаушы зейнетақықаражатының нақты құны кеміген жағдайда корпоративтік зейнетақы қорларының акционерлері бірдей жауапты болып, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіп бойынша инвестициялық табыс ысырабының орнын толтырады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің негізгі мәселері және болашағы