Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 00:54, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мәселелері
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі макроэкономикалық жағдайға бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді.

Работа содержит 1 файл

Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мәселелері.doc

— 41.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасындағы  валюталық реттеу мәселелері 

Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мәселелері

 Зерттеу  тақырыбының өзектілігі. Қазақстан  Республикасы халықаралық сауда  саласында және ел ішіндегі  макроэкономикалық жағдайға бейімделумен  халықаралық экономикалық айырбас барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді. Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын – валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі деп, ақша-несие саясаты, сондай-ақ қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығына, инфляция деңгейіне аса назар аударуы осының айғағы.

 Қазақстандағы  нарықтық реформалардың ерекшелігі  болып валюталық саясат мәселесі, негізінен валюталық қатынастарға  тәуелділік, яғни ұлттық валюта  бағамын қалыптастыру және оның әлемдік валюталық нарықта тұрақты қызмет атқаруы басты мәселе. Еліміздің валюталық саясатты жүзеге асыру механизмі жан-жақты және толық зерттелмегендіктен, сонымен қатар оның қазіргі негізгі талаптарға сай келмеуі, автормен таңдалған тақырыптың өзектілігін айқындайды.

 Валюта  саясаты мәселесі, ұлттық валютаның  айырбас бағамын қалыптастыру  және әлемдік валюта нарығында  оның тұрақты жұмыс істеу проблемалары  тәрізді валюталық қатынастарға  Қазақстандағы нарық реформаларының  байланыстылығы оның ерекшелігі болып саналады.

 Валюталық  бағамның өзгеру перспективасы  бойынша мәселеге ғалымдар және  көптеген сыртқы экономикалық  қызметке қатысушылар арасында  қызу пікірталастар ұдайы жалғасуда.  Осы көзқарастан валюталық саясат  және ұлттық валютаның айырбас  бағамын тұрақтандару мәселесін зерттеудің өте өзекті екені айқын. Бұл тұрғыдан осы мәселенің тиімділігін зерттеу және оның мүмкіндігінше тұрақты экономикалық өсуі стратегиясын жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажеттілігі туындайды. Осыған орай, елдегі қазіргі валюта саясатын жетілдіру және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру мәселелерін аталған ретте зерттеу мен оған ғылыми негізделген ұсыныстар жасау айырықша көкейтестілікке ие болып, осы зерттеу тақырыбының өзектілігін толық растайды.

 Зерттеудің  мақсаты және міндеттері. Диплом жұмысының мақсаты: Валюталық реттеуді, ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудағы, қолданылатын әдістердің және осы процеске пайдаланылатын валюта-қаржы құралдарының тиімділігін анықтау арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін жүргізілетін валюта саясатын жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, диплом жұмысының мазмұнын және қисынды дәйектілігін анықтаған келесі міндеттерді шешу қажет:

- ұлттық  валютаның айырбас бағамының  қалыптасуына және оның тұрақтануына  ықпал ететін факторлар әсерін  анықтау;

- сыртқы  тепе-теңдікті сақтауда валюталық  саясаттың, басқа да экономикалық  салалармен тығыз байланыстылығына  теориялық негізді сипаттама  беру;

- ұлттық  валютаның жұмыс істеу тиімділігін  арттыруды қамтамасыз ететін  экономикалық шараларды айқындау;

- валюта  бағамын реттеуде және тұрақтандыруда  макроэкономикалық көрсеткіштерге  ықпал ететін валюталық саясаттың  басым бағыттарын бағалауға сараптама жасау;

- валюталық  тәртіптемені ырықтандыруға Қазақстандағы  қаржы нарығының ықпал ету  мүмкіндіктерін айқындау;

- экономикалық  көрсеткіштерді теңдестіру мақсатында  валюталық саясат механизмін  жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар  жасау.

 Зерттеу  объектісі ұлттық валюта нарығы дамуының тереңдеуі жағдайында ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыруға бағытталған Қазақстанның валюталық реттеу.

 Зерттеу  пәні ұлттық экономиканы валюталық  реттеу процесінде туындайтын  валюта қатынастарының жиынтығы.

 Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізін валюта нарығының жұмыс істеуі және даму заңдылығы, халықаралық капиталдың толық немесе жартылай жұмылдырылуы жағдайында ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру бойынша мемлекеттің ақша-несие, валюта саясатының сыртқы және ішкі қалыптасу заңдылықтарын ашып көрсететін шетелдік және отандық экономист ғалымдардың ғылыми еңбектері, аталмыш мәселеге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен қаулылары, нормативтік-құқықтық құжаттары қолданылды.

 Диплом  жұмысының жұмыстың ақпараттық  негізі ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР  Ұлттық Банкісінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің, Қаржы нарығын бақылау және реттеу бойынша Агенттігінің, Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі Агенттігінің нормативтік актілері мен статистикалық мәліметтері, валюта саясаты және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру проблемалары бойынша министрліктер мен ведомостволардың статистикалық көрсеткіштері жұмыс барысында пайдаланылды.  

 Зерттелетін  проблемалардың әдістемелік мәселелерін  негіздеуде және шешуде қазіргі  экономикалық теорияның іргелі  қағидаларына сүйеніп, зерттеу жүйелі талдауға негізделінген және нақты проблемаларға саралау мен топтау әдістерін қолданып, салыстыру арқылы статистикалық, кестелік мәліметтерді талдаудың көмегімен шешімін тапқан.

 Зерттеудің  ғылыми жаңалығы ретінде Қазақстанның валюта саясатын қалыптастыру мен реттеу, валюта нарығының жұмыс істеу заңдылығы және оны дамыту стратегиясы, ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыруға бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар жасалған:

- валюталық  қатынастарды нарықтық және мемлекеттік реттеуді үйлестірудің қазіргі заманғы валюталық реттеу принциптеріне сүйенген теориялық негіздері нақтыланған;

- заңнама-құқықтық  факторлардың әсерін ескеретін  Қазақстанның ұлттық валюта жүйесі  қалыптасуының және дамуының  кезеңдері айқындалған;

- макроэкономикалық  көрсеткіштерге және валюталық  бағамның тұрақтылығына әсер  ететін факторлардың ықпалын  анықтауға мүмкіндік беретін  экономикалық шараларға сараптама  жасалынған;

- отандық  экономикаға валюта нарығының  тигізетін кері әсерлерін азайтуға  бағытталған және валюта бағамының икемділігін арттыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік реттеу тетіктері ұсынылған;

- ұлттық  қаржы нарығының дамуын ескере  отырып валюталық тәртіптемені  ырықтандыруды жүзеге асыру арқылы  Қазақстанның валюта саясатын  жетілдіру жолдары ұсынылған.

 Зерттеу  жұмысы нәтижесінің практикалық  маңыздылығы алынған теориялық,  әдістемелік, практикалық қорытындылардың  валюта саясатын жүргізу мәселесі  бойынша нақты ұсыныстардың нәтижелерін  ақырына дейін жеткізуден көрінеді. Бұл ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыруға, экономикада ішкі және сыртқы тепе-теңдік жетістігін реттеу кезінде қаржы құралдарын пайдалануды және одан әрі дамытуға, мемлекеттің валюта саясатын жүзеге асыру жолдарын негіздеуде жүргізілген зерттеудің нәтижелерін пайдалану мүмкіндігінен тұрады.

 Диплом  жұмысының құрылымы және көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, үш  тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған  әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан  тұрады. 

ВАЛЮТАЛЫҚ НАРЫҚТАР

Валюталық нарықтар уақтылы есеп айрысуларды  жүзеге асыруды, валюталық қаражаттарды біршама тиімді пайдалануын, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдар айырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдерді сақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі және халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.

 Халықаралық  есеп айрысудың өзіндік ерекшелігі  барлық елдер үшін жалпыға  бірдей қабылданған төлем құралының  болуында. Сондықтан да сыртқы  сауда, көрсетілген қызметтер,  несиелер, инвестициялар, мемлекетаралық төлемдер бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу-сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.

 Валюталық  нарықтарда шетел валютасына  деген сұраныс пен ұсыныс ең  алдымен сатылған тауарлар және  көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерлардан; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төлемдерді төлеуде импортерден: сондай-ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты, сақтандыру сиақысы, брокерлік және банктік комисия түрінде валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден: девидент төлеуге, зайымды, несиені және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғалардан туындайды.

 Сонымен,  валюталық нарықтарда валюталық  операцияларды жүргізуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелен қозғалысы негіз болып табылады.

 Валюталық  нарықтар – сұраныс пен ұсыныс  негізінде ондағы айналатын валюталарға  сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі валюталық нарықтарда мынандай ағымдарды бөліп қарауға болады:

- шаруашылық  байланыстардың интернациалдануы  негізінде валюталық нарықтардың  интернациялданудың күшейюі;

- байланыстың  жаңа жүйелерін пайдалану;

- әлемнің барлық бөліктеріне тәлік ішінде үздіксіз операцияларды жасау;

- бпанктердің  корреспонденттік шоттары бойынша  жазбаша түрде негізделетін валюталық  операцияларды жүргізу техникасын  бір тұтандастыру;

- коммерциялық  валюталық мәмілелермен салыстарғанда  алап сатарлық және арбитраждық валюталық мәмілелер көлемін ұлғайту.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мәселелері