Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің бүгіні мен ертеңі

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Февраля 2013 в 12:11, статья

Описание работы

Қазақстан Республикасының ішкі нарығында лизингтік бизнестің өркен алуы 1989 жылдың екінші жартысынан басталды. Республикамыздың іскер топтарының тіл орамына осы жылдары тағы бір шетелдік жаңа сөз келіп қосылды. Әуелкіде сенімсіздеу қадам басқан жаңа сөздің астарында кәсіпкерлердің болашағына үміт сәулесін түсірер жақсылық нышаны бар. Оның аты – лизинг. Лизинг – сыртқы ұзақ мерзімді қаржыландыру есебінен өндіріс құралдарын сатып алуға мүмкіндік беретін бірегей инвестициялық құрал.

Работа содержит 1 файл

БК Статья Маткаримовой.docx

— 58.58 Кб (Скачать)

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің

оқытушылары Маткаримова Лайля Кусаинқызы,

Адельбаева Айман Қанатқызы

 

Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің бүгіні мен ертеңі

 

Қазақстан Республикасының ішкі нарығында лизингтік бизнестің өркен алуы 1989 жылдың екінші жартысынан басталды. Республикамыздың іскер топтарының тіл орамына осы жылдары тағы бір шетелдік жаңа сөз келіп қосылды. Әуелкіде сенімсіздеу қадам басқан жаңа сөздің астарында кәсіпкерлердің болашағына үміт сәулесін түсірер жақсылық нышаны бар. Оның аты – лизинг. Лизинг – сыртқы ұзақ мерзімді қаржыландыру есебінен өндіріс құралдарын сатып алуға мүмкіндік беретін бірегей инвестициялық құрал.

Жалпы алғанда, республикадағы өндіріс орындарының орта есеппен алғанда, 60-80% негізгі қорлары азып-тозып кетті. 
Бұл арада лизингтің басты артықшылығы: лизинг ұсынатын компания кәсіпкерге пайдалануға берген мүліктің меншік құқығын ғана қанағат тұтады. Яғни, сіздің шаруашылық жүргізу үшін құрал-жабдық сатып алуыңызға өндіріс жабдықтары керек. Ал, оны сатып алуға қаржыңыз жетіспейді. Не істеу керек? Сіз лизинг компаниясына барасыз. Лизинг берушімен шартқа отырып, алатын жабдығыңыздың құнының 20-30 пайызын (кей жағдайда 15 пайыздай) төлейсіз, алған жабдығыңыздың не техникаңыздың құнын келісімді өсім пайызымен бірнеше жылдың ішінде бірте-бірте төлеп құтыласыз. Міне, содан кейін лизинг берушімен есептескен соң, жабдық өзіңізде қалады. Қазақстанда лизингтік қызмет нарығы 2000 жылдан бастап белсенді дами бастады. Соның ішінде лизингтік мәмілелердің негізгі үлесі мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен «ҚазАгроҚаржы» лизингі компаниясына тиеді. Ол ауылдағы әлеуметтік өзекті мәселелерді шешу үшін Қазақстанның агроазық-түлік бағдарламасының шеңберінде үкіметтің бастамасымен құрылған болатын. Коммерциялық банктер лизингімен өздерінің арнайы құрылған еншілес компаниялары арқылы айналысуды жөн көреді. Бүгінгі таңда республикамызда жиырмадан астам лизинг компаниялары жұмыс істейді, оның 8-і жергілікті банктердің еншілес компаниялары, олардың еліміздегі жалпы лизинг көлеміндегі үлесі 51%, ал 26%-ы «ҚазАгроҚаржы» лизинг компаниясының үлесінде. 
2000 жылы Қазақстандағы жалпы инвестициялар көлеміндегі лизингі үлесі 1% төңірегінде болды. Ал, 2003 жылы оның көлемі төрт есе ұлғайды. Дегенмен, бұл да онша көп емес. Лизингілер мемлекеттің қолдауымен, негізінен, ауыл шаруашылығы құрылымдарына тракторлар мен комбайндарды, басқа да ауыл шаруашылығы құрал-жабдықтарын сатып алуға көптеп беріле бастады. Оның мерзімі де инвестицияның бұл түрін пайдаланушылар үшін едәуір жеңілдіктер береді. Атап айтқанда, үш жылдан 7 жылға дейін алуға болады. Лизингіге берілген мүліктердің жалпы құрылымында жол-құрылыс техникалары елеулі орын алады. Оның себебі, республикамызда жолдарды жақсарту жөніндегі ірі бағдарламалардың жүзеге асырыла бастағандығы болса керек, содан кейінгі ірі инвестициялар құрылыстың дамуына салынуда. Әсіресе, елімізде тұрғын үй бағдарламасының жүзеге асырылуы, өндірісті аймақтарда құрылыс қарқынының жаппай қарқын алуы, ипотекалық несиенің молаюы бұл саладағы лизингіге ерекше екпін беріп отыр.

Соңғы жылдары кәсіпкерлер  лизингтің пайдасы мен артықшылығын түсіне бастады. Оған 2002 жылы – 291, ал, 2003 жылы – 722 лизингі мәмлелері жасалғаны  дәлел. 2004 жылы лизингіге берілген жалпы  мүліктердің 47 пайызын ауыл шаруашылығы  техникалары құрады. 
Бұдан алты-жеті жыл бұрын ауыл шаруашылығында лизинг агробизнестің ажырамас бөлігіне айналатындығын ешкім тап басып айта алмас еді. Әсіресе, бұл орайда «ҚазАгроҚаржының» лизингілік қолдауын атап айтуға болады. Оның қолдауымен фермерлерге және басқа да ауыл шаруашылығы құрылымдарына төрт пайыздан алты пайызға дейін ауыл шаруашылығы техникалары беріліп келеді. «ҚазАгроҚаржының» лизингісінің бел көтере алатындай арзан болуы мемлекеттің қолдауының арқасында болып отыр. Бюджеттік көтермелеудің нәтижесінде республикамыздың 700-ден астам ауыл шаруашылығы құрылымдары мыңдаған техникаға ие болды. «ҚазАгроҚаржы» осы жетістіктерін баянды ете отырып, енді өнімді өңдеп ұқсататын кәсіпорындарға лизингтік қолдау көрсетуде. Лизингтің артықшылықтарын шығысқазақстандық фермерлер бағалай білді. Үкіметтің ауылды өркендетуге бөлген 3,5 млрд. қаржысының 1,2 млрд. теңгеден астамын олар лизинг арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын алуға жұмсады. Осы жобаны жүзеге асырудың алғашқы жылында олар небәрі 10 миллион теңгенің көлемінде ауыл шаруашылығы техникаларын жаңартқан болса, соңғы жылдары неғұрлым қымбат тұратын өнімді техникаларға тапсырыс бере бастады. Жобаны жүзеге асырудың төрт жылы ішінде лизинг бойынша алынған техникалар жөнінде бірде-бір шағым түскен жоқ.

Бұл арада Үкіметтің берген салық заңдарына сәйкес жеңілдіктерін  де ескере отырып, (өйткені, ҚР Үкіметінің қаулысымен лизингіге берілетін кейбір жабдықтар қосалқы құн салығынан босатылады) лизингіге берілетін техниканың арзандатылуы мүмкіндіктерін де орнымен пайдалана алады. Соңғы жылдары АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID), Дүниежүзілік банктің International Finance Corporation (IFC) сияқты қаржы институттары да еліміздегі лизинг саясатына қолдау көрсете бастады. Бұл қаржы институттары республикамыздағы лизингті дамыту жөніндегі өз қызметтерін еліміздің Үкіметімен, министрліктермен және ведомстволармен, лизинг компанияларымен ынтымақтаса жүргізуде. Елбасымыз жариялаған ауылды түлетудің үш жылы ішінде лиизнгтік несие арқылы ауыл шаруашылығын өңдеу үшін жабдықтар алуға 2175,0 млн.теңге қаржы бөлінген екен. Ал Үкіметтің дағдарысқа қарсы қабылдаған іс-жоспары ауқымында ауыл шаруашылығына 1 миллиард доллар тағы бөлініп отыр. «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2009 жылы 30 352,9 млн. теңгеге агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға лизинг шарттарын жасасты. Осы қаражаттартардың ауқымында 1 349 бірлік ауыл шаруашылығы техникалары, 373 трактор, 109 тұқым сепкіш, 688 комбайн, 52 арнайы техника, 9 өңдеу жабықтары сатып алынды. Айналымдағы қаражаттарды толықтыру үшін 1 029,5 млн. теңгенің жобалары қаржыландырылды.

 

Ағымдық портфелі бойынша лизингтік компаниялардың рейтингі

 

 

р/с

 

Компаниялар

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

млн.

теңге

үлесі, %-бен

млн.

теңге

үлесі, %-бен

млн.

теңге

үлесі, %-бен

млн.

теңге

үлесі, %-бен

1

«ҚазАгроҚаржы» АҚ

34 462

33,0

51 464

37,7

60 505

42,4

105 400

60,3

2

«Астана – қаржы»  АҚ лизингтік  компаниясы

30 605

27,0

37 401

27,4

31 024

21,8

27 349

15,6

3

«БРК-Лизинг» АҚ

18 569

16,4

21 380

15,7

26 678

18,7

20 082

11,5

4

«Райффайзен Лизинг Қазақстан» ЖШС

9 420

8,3

11 629

8,5

12 082

8,5

10 765

6,2

5

«Халық-Лизинг» АҚ

12 235

10,8

9 986

7,3

7 380

5,2

5 578

3,2

6

«Темірлизинг» АҚ

2 879

2,5

1 997

1,5

2 514

1,8

2 460

1,4

7

«Лизинг Групп» АҚ

1 307

1,2

1 841

1,3

1 798

1,3

1 854

1,1

8

«Astana Motors Leasing» ЖШС

949

0,8

898

0,7

649

0,5

1 354

0,8


 

Мәлімет көзі: «Эксперт РА Қазақстан»

 

 

«Эксперт РА Қазақстан» рейтингтік агенттігі «Қазақстанның лизингінің нарығы: жас, бірақ болашағы зор» зерттеуінде  берілген мәліметтерге суйенсек, өткен он жылдық ішінде Қазақстанның лизингтік компанияларының жиынтық портфелі $1,4 млрд. дейін өсті, оның ұлғаюының орташа жылдық динамикасы (60%) экономикалық өсімнің қарқынын артта қалдырып отырды (10% жуық).

Агенттік берген ақпарат  бойынша, 2009 дағдарыс жылында отандық  лизингтік компаниялардың жиынтық  портфелінің көлемі, жаңа мәмілелердің сомасы азайғанына қарамастан, 15,5% ұлғайып, 220 млрд. теңге сомасына жетті. Қазақстандық нарықта мемлекет құрған лизингтік  компаниялар ақшалай жағынан  да (портфелінің көлемі бойынша), табиғаты жағынан да (мәмілелерінің саны бойынша) лидерлер болып табылады: олардың  үлесіне нарықтың 60% артығы кіреді.

 

 

 

 

2008 – 2010 жылдардағы  Лизингтік нарықтың салалық дамуы

Мәлімет көзі: «Эксперт РА Қазақстан»

 

Салалық қатынаста ауыл шаруашылығы басымдық көрсетеді (барлық мәмілелердің 80% артығы), аймақтар арасында Алматы және Ақмола облысы лидерлер болып танылды, олардың үлестері сәйкесінше 41,5 және 34,4%. 

 

Лизингтік нарықта  облыс аймақтарының орны

 

 

Мәлімет көзі: «Эксперт РА Қазақстан»

 

Сонымен, 2010 жылы үлкен артықшылықпен  Алматы қаласы (37%) басты орында тұр. Және бұл көрсеткіште ауыл шаруашылығы белсенді орында алады. Ал Ақмола және солтүстік Қазақстан облыстарының көрсеткіштері 43%-ға төмендеп отыр.

«Отандық лизинг нарығына аса жоғары шоғырлану тән: барлық мәмілелердің 60% астамы ең ірі үші  компанияның үлесіне кіреді. Салыстырып көрейік: көрші Ресей елінде 2010 жылдың 1 жарты жылдығында 10 ірі лизингтік компанияға 56,8% жаңа мәміле кірді («Эксперт РА» мәліметтері бойынша), ал Украинада 2009 жылы он ең ірі лизинг берушілер 58,1% жаңа шартты қамтамасыз етті.

Нарықтың қатысушылары қаржыландырудың  жеткіліксіздігін одан әрі даму жолындағы  ең басты кедергі деп санайды. Өткізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша, көбі ұзын және арзан ақшаның жоқтығына  шағымданады екен. Бұл жағдайды елімізге 2008 жылдың соңында келген өтімділік  дағдарысы шиеленістіре түсті, дегенмен жағдай оңалып келеді. Енді өтімділікке  қатысты мәселелері шешілген отандық  банктердің алында сенімді несие  алушыларды іздеу міндеті тұр. 

Ал сарапшылар отандық  лизинг нарығының потенциалына жақын  және алыстағы болашақта жоғары баға беріп отыр. Қазақстандағы лизинг нарығы негізгі қорларды жаңарту  және үкіметтік бағдарламалардың көмегімен экономиканы демеу қажеттіліктері орындалған жағдайда, өсуге бейім болып табылады. «Дегенмен, елдегі іскерлік белсенділіктің төмендігі себебінен, біз ағымдағы жылдың соңына дейін лизингтік заемдардың портфелі айтарлықтай өседі деп күтпейміз. Біз отандық лизинг нарығының өсу қарқыны жалпы экономиканың сауыға бастауымен қалыптасады деген ойдамыз, ал бұл үшін кем дегенде бірнеше жыл қажет», – дейді «Эксперт РА Қазақстан» рейтингтік агенттігінің сарапшысы Кульбаев Ерлан. 

 
Жаңа мәмілелер  көлемі бойынша Қазақстанның лизингтік компанияларының рейтингі

(Жаңа бизнес  көлемі, млн. теңгемен)

 

р/с

Компаниялар

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

09/10 өзгерістер

1

«ҚазАгроҚаржы» АҚ

36 066

33 111

16 451

-50,31%

2

«Астана – қаржы»  АҚ лизингтік  компаниясы

22 456

10 094

3 640

-63,94%

3

«БРК-Лизинг» АҚ

8 177

1 368

8 415

514,93%%

4

«Райффайзен Лизинг Қазақстан» ЖШС

2 263

1 299

3 554

173,60%

5

«Халық-Лизинг» АҚ

н/д

1 256

1 390

10,71%

6

«Темір Лизинг» АҚ

665

223

1 515

579,37%


 

Мәлімет көзі: «Эксперт РА Қазақстан»

 

2010 жылы ірі мемлекеттік  лизингтік компаниялар үшін жаңа  бизнес көлемінің қысқарумен  сипатталса, ал керісінше жеке  меншік компаниялардың белсенділігі  артып отыр.

 

Лизингтік компаниялардың жиынтық портфелі ($млн.)

 

 

 

Мәлімет көзі: «Эксперт РА Қазақстан»

 

Өткен 10 жылдықта Қазақстаның лизингтік нарығы 1,1 млрд. долларға өсіп, ЖІӨ 1% құрады.

Соңғы екі жылдағы лизингтік  компаниялардың жаңа бизнес көлемінің  қысқартылуынан кейін, биылға ағымдық  жылдан бастап лизингтік нарықтың жоғарылауы күтілуде. Қазақстан Үкіметінің 2010 – 2014 жылдарға арналған елдің жетелдетілген индустриялық-инновациялық даму (ЖИИД) бағдарламасы шеңберінде Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік қызметтерін бастаудан казақстандық лизинг нарығының дамуының жаңа сапалы кезеңі басталады. ЖИИД бағдарламасында көрсетілген қойылған мақсаттарға жету құралы болып, оның ішінде негізгі қорларды жаңартудың негізгі құралы ретінде қаржылық лизинг көмегімен жеңілдетілген қаржыландыру, отандық лизинг нарығына  екі есе жағымды нәтиже беруі мүмкін.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы лизингтік бизнестің бүгіні мен ертеңі