Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелендіруді дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2013 в 13:51, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстын мақсаты – жалпы еліміздегі ипотекалық несиелердің нарықтағы жағдайын сипаттау, зерттеу, перспективалары мен проблемаларын, даму болашағын айқындау.
Осы мақсатқа сәйкес курыстық жұмыста келесі міндеттер қойылады:
-Ипотекалық несиелендірудің теориялық негіздерін көрсету,оның мәні, түрлері мен ерекшелігін анықтау;
-Ипотекалық несиелеудің шетел тәжірибесін қарастыру.
-Қазақстан Республикасындағы несиелендірудің қазіргі жағдайын көрсету;
-Қазақстанның қаржы нарығындағы 2 негізгі банктер негізінде ипотекалық несиелендіру қызметіне анализ жасау;
-Мемлекеттің ипотекалық несиелендіруге арналған даму стратегиясын қарастыру;

Содержание

КІРІСПЕ ................................................................................................................................3

1. ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕНДІРУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТ.............5
1.1 Ипотекалық несиелендіру жүйесі: ұғымы, бағыттары, түрлері ..............................5
1.2 Нарықтық экономикаға өту барысындағы ипотекалық несиелендірудің рөлі.........................................................................................................................................9
1.3 Ұзақ мерзімді ипотекалық несиелендіру жүйесін тұрақтандыру үшін қажет
шарттар..................................................................................................................................12

2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ТАЛДАУ .....................13
2.1 Ипотекалық несиелендірудің Қазақстандағы рөлі мен алғышарттары.......................................................................................................................13
2.2 АҚ «Қазақстан Ипотекалық Компаниясының» ипотекалық несиелендіру шаралары...............................................................................................................................15
2.3 Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несиелендіру саясаты..................................................................................................................................17

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ..............................................................................25
3.1 Ипотекалық несиенің даму перспективасы................................................................25
3.2 Қазақстандағы ипотекалық несиелендірудің қазіргі жағдайдағы орны.......................................................................................................................................28
3.3 Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелендіруді дамыту...................................................................................................................................29

ҚОРЫТЫНДЫ ....................................................................................................................32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР .......

Работа содержит 1 файл

ипотека курс.docx

— 115.28 Кб (Скачать)

қазақстан Республикасының  білім және ғылым министрлігі 

Л.Н Гумилев атындағы Еуразия  Ұлттық Университеті

Астана

2012жыл

ЖОСПАР

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ...............................................................................35

КІРІСПЕ

Қандай да экономикалық қызмет болмасын ол адамдардың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға бағытталады. Яғни, экономикалық дамуда әлеуметтік мәселе бірінші орында болады. Ал осы әлеуметтік мәселелердің ең бастысы қандай да жеке тұлға болмасын ол отбасын құрап, өзінің баспанасы  болуын қалайды. Бірақ әрбір жас  отбасылардың қазіргі таңдағы элиталық немесе қарапайым үйлерді алуына қаражаттары жетпейді. Сонымен қатар  әрбір тұлғаның өзінің жеке кәсібімен  шұғылдануына және де көптеген әлеуметтік қажеттіліктерге қол жеткізуіне жағдайы келе қоймайды. Осы әлеуметтік мәселелерді шешуде несиелеу механизмінің маңызы ерекше. Осы аталған қажеттіліктерге  байланысты қаражаттары шамалы, бірақ  тұрақты жалақылары бар азаматтарды  несиелеудің ең ыңғайлы жолы мен  түрі ипотекалық несиелеу болып табылады. 

        Курстық жұмыстың өзектілігі. Әр  адамға, әрбір отбасы үшін өзінің  жеке меншік тұрғын үйін иелену  бірінші кезекті қажеттілік болып  табылады. Құрылыс және халықты  тұрғын үймен қамтамасыз етуде  бюджеттік қаржыландыру көлемі  азайған жағдайда тұрғын үйді  иеленудің негізгі көзі болып  тұрғындардың өздерінің жеке  қаражаттары, сонымен қатар әлемдегі  экономикасы дамыған елдер сияқты  банктен несие алу жатады. Осы  жағдайда тұрғын үй құрылысына  инфляция әсеріне минималды шалдыққан  және уақытылы максималды қайтарумен  қамтамасыз етілген халықтың  ұзақ мерзімді несиеге деген  объективті қажеттілігі орнайды.  Тауар-материалды құндылықтар кепілдігімен  қамтамасыз етілен ипотекалық  несие осы талаптарға сай келеді.  Халықтың төлемқабілеттік сұранысының  артуымен байланысты жаңа құрылыстар, құрылыс материалдары, мамандандырылған  техника шығарымы артады, жаңадан  жақсартылған архитектуралық жобалар  пайда болады және бір бірімен  байланысты экономика салаларының  дамуы жүзеге асып отыр.

Қазіргі кезде ипотекалық несиелендіру Қазақстан  экономикасының дамуының басымды бағыттарының бірі болып табылады. Халықтың барлық әлеуметтік топтарына бағытталған  Үкіметтік бағдарламалар арқылы ипотекалық несиелендіру түрлерін кеңейеді.  Қазіргі таңдағы ипотекалық несиелендіру нарығында инвесторлардың ипотекалық бәсекелестігі оларды халықтың барлық топтарының кірістері мен шығыстарын ескере отырып, оларға тиімді несие  беру шарттарын ұсынуға итермелейді. Ал несиелік ұйымдар үшін басты мақсат болып осы операциялардан кіріс  табу болып табылады.

Курстық жұмыстын мақсаты – жалпы еліміздегі ипотекалық несиелердің нарықтағы  жағдайын сипаттау, зерттеу, перспективалары  мен проблемаларын, даму болашағын  айқындау.

Осы    мақсатқа    сәйкес    курыстық    жұмыста    келесі    міндеттер    қойылады:

-Ипотекалық несиелендірудің теориялық негіздерін көрсету,оның мәні, түрлері мен ерекшелігін анықтау;

-Ипотекалық  несиелеудің шетел тәжірибесін  қарастыру.

-Қазақстан  Республикасындағы несиелендірудің  қазіргі жағдайын көрсету;

-Қазақстанның  қаржы нарығындағы 2 негізгі банктер  негізінде ипотекалық несиелендіру  қызметіне анализ жасау;

-Мемлекеттің  ипотекалық несиелендіруге арналған  даму стратегиясын қарастыру;

-Ипотекалық  несиелеудің даму перспективасы  мен өзекті мәселелерін талдау.

Курстық жұмыс тақырыбының зеттелген  деңгейі. Бұл тақырып Ильясова К.К., Калиева Г.Т., Белгибаева К.К. және тағы басқа экономистермен зерттелген.

Курстық жұмыстың зеттеу пәні- ҚР ипотекалық несиелендірудің  дамуы мен оның тиімділігінің  артуы.

Курстық жұмыстың объектісі- ҚР ипотекалық несиелендіру жүйесі.  Ипотекалық несиелендіру өнімдерінің  жиынтығы, қалыптастыру әдістемесі мен  Қазақстандағы жүзеге асырылу институттары жатады.

Зеттеудің методикалық базасы. Курстық жұмыс  жазу барысында оқу құралдары, кезеңдік басылым материалдары, ҚР Ұлттық банк және ҚР қаржы нарығы және қаржы  ұйымдарын бақылау мен қадағалау  комитетінің қаржылық есептемелері қолданылды.

Зеттеу  жүргізгенде келесі әдістер қолданылды: статистикалық анализ, мәліметтерді салыстыру, әдебиеттерді жинау және анализ жасау.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі  үш бөлімнен, қорытындыдан және  пайдаланылған  әдебиеттер тізімінен тұрады.2 схема, 11-кесте, 1-сурет және 51 беттен құралған.

  1. ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕНДІРУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

    1.  Ипотекалық несиелендіру жүйесі:  ұғымы, бағыттары, түрлері

       Жылжымайтын мүлікті,  оның ішінде меншіктегі жерді  кепілге қоюмен және сол арқылы  мәмілені сенімді етіп берілетін  ипотекалық несие несиелендірудің  нарық экономикасында белсенді  қолданылатын нысандарының біріне  жатады. Жерге деген меншік құқығы  нарықтық несиелік қатынастар  аясына меншігінде  жекешелендірілген  пәтерлері, жер телімдері, тұрғын  үй қорлары бар кәсіпорындарды, ұйымдарды, фирмаларды, халықты   тартады. 

Ипотекалық несие кәсіпорындардың, фирмалардың және тұрғын үй  құрылысының  қажеттіліктерін мемлекет тарапынан  қаржыландыру көздерін банк несиесімен алмастыруда үлкен рөл атқарады. Оның алға басуы шаруашылық субъектілерінің  ұзақ мерзімді сипаттағы несиелік ресурстардың тапшылығы,  инфляцияның жоғары қарқындылығы жағдайында инвестициялық белсенділігін  ұлғайтуға әсер етеді. 

Ипотекалық  несиені келесі түрде көрсетуге  болады:

    1. тұрғын үй құрылысын несиелендіру;
    2. тұрғын үйге жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Ал, ипотекалық несиенің объектісі мен  субъектісін 1 схемада көрсетілген[2].

Дерек көзі: автормен ақпарат көзінің негізінде  құралған

1-схема.  Ипотекалық несиелендіру объектісі

       Ипотекалық несиелендіру жүйесі екі бағыттан тұрады:

- ипотекалық несиелердің шаруашылық  субъектілеріне және халыққа  тікелей берілуі; 

- ипотекалық несиелерді (несиелік  міндеттемелерді) несиелендіруге  ресурстардың қосымша тартылуын  қамтамасыз ететін  екінші нарықта  сату.

Бірінші бағытымен негізінен ипотекалық банктер айналысып келсе,  екіншісімен - ипотекалық банктердің мүлікті кепілге  қоюмен қамтамасыз етілген активтерін сатып алатын және кейін оларды өз атынан олардың базасында құнды қағаздар (облигациялар) шығаратын қаржы компаниялары, қорлар айналысады. Құнды қағаздар ликвидті болып келеді, себебі олар жылжымайтын мүлікпен қамсыздандырылған және олар инвестициялар арқасында ұзақ мерзімді және тұрақты табыс алуға мүмкіндік береді [1].

Кейбір қаржы компанияларының  міндеттемелері бойынша шетелде  кепілгер ретінде мемлекет белгіленеді, ол болса, олардың сенімділігін арттырады. Ипотекалық несиеде жылжымайтын  мүлікті кепілге қою - ипотекаға  негізделеді.

Ипотеканы кепіл заты иегерінің  болуынсыз дамыту мүмкін емес, өйткені  жер мен жылжымайтын мүлікті  кепілге тек кепіл затының  иегері ғана қоя алады, сондай-ақ осы  иегердің оның меншігіндегі жылжымайтын  мүлікті еркін шеттету құқығынсыз да мүмкін емес.

Бұл жағдайда ғимараттардың ипотекасы  ол орналасқан жер телімінің ипотекасымен бірге рәсімделеді. Қазақстанда  жылжымайтын мүлікпен және жермен  операцияларды жүзеге асыруға жағдай жасайтын нормативтік құқықтық база  әзірленуде. Қазақстан Республикасының  Конституциясында жерге деген меншік құқығын және оны сату-сатып алу, кепілге қою, жалға беру және т.б. операцияларды заңдастыратын бірқатар құқықтық нормалар қалыптастырылды. Кепіл, банктер мен банк қызметі, жекешелендіру  туралы заңдар қабылданды. Тұрғын үй саласын  қаржыландыру, ипотекалық несилендіруді  дамыту жөнінде бірқатар қосымша  шаралар көзделген Президенттің бірқатар жарлықтары мен үкіметтің  қаулылары қабылданды.

Қазақстаннның заңнамасында ипотека  болып жермен тікелей байланысты кәсіпорынды, ғимаратты немесе өзге де объектіні оған тиесілі жер  телімімен бірге  немесе оны пайдалану  құқығымен кепілге қою танылады.

Ипотека -  міндеттемені  жылжымайтын  мүлікпен қамтамасыз ету әдістерінің  біріне жатады. Бұл ретте кепілзат иесі кепілгер міндеттемесін орындамаған  жағдайда кепілге қойылған жылжымайтын  мүлік арқылы қанағаттануы мүмкін. Ипотека кез келген ақшалай міндеттемені қамтамасыз етуде қолданылуы мүмкін, сондай-ақ ол несиелік келісімге қатысты  міндеттемені қамтамасыз етуге  пайдаланылады.

Жылжымайтын мүлік санатына жер  немесе онымен тікелей байланысты  объектілер (кәсіпорындар, тұрғын және тұрғын емес үйлер, жолдар)  жатады.

Ипотекалық несиелендіруде мәмілелерді  құқықтық түрде рәсімдеудің маңызы зор, себебі бұл мәмілелердің негізін  кепілге қойылатын жылжымайтын  мүлікке деген меншік құқығы немесе шаруашылық иемдену құқығы қалайды. Заңнамада ипотекалық несиелендірудің  нақты бір тәртібі көзделген.

Кепілзат  туралы келісімнің субъектілері болып мыналар табылады:

- кепіл туралы келісімнің тараптары  (кепілгер және кепілге қойылған  затты ұстаушы) заңды және жеке  тұлғалар;

- біртұтас кепіл реестрін ұстаушы. 

Ипотека туралы келісім жазбаша  түрде жасалып, нотариалды түрде  куәландырылуы тиіс. Ипотекалық келісім  кепілгердің әрекет етуінің едәуір еркіндігін көздеуі мүмкін, атап айтқанда онда келесідей мүмкіншіліктер көзделуі мүмкін:

а) кепілге қойылған мүлікті міндеттеме бойынша қарызды сатып алушыға  ауыстырып шеттету;

ә) мүлікті жалға беру;

б) мүлікке жаңа қарыздар жүгін  түсіру және т.б. мүмкіндіктер.

Кепілзаттың  бір түріне  заклад (кепілге салу) жатады.  Бұл жағдайда  кепілге салынған мүлік кепілзат ұстаушының иелігіне  осы мүлікпен қамтамасыз етілетін  несие бойынша  міндеттеме орындалғанша  беріледі.

Кәсіпорынның ипотекасы оның бүкіл  мүлігіне, оның ішінде  негізгі  қорларына  және айналым қаражатына, сондай-ақ, егер заңмен немесе келісіммен басқаша  белгіленбесе,  кәсіпорынның  жеке балансында  көрсетілген  өзге де құнды заттарға  қолданылады.

Ипотека туралы келісімде келесідей  деректер көрсетілуі тиіс:

- кепілгердің  және кепілзатын  ұстаушының атауы және олардың  орналасқан жерлері; 

- орындалуы осы кепілге салу  шартымен қамтамасыз етілетін  несиелік  келісімнің немесе өзге  де міндеттеменің  атауы, келісімді   жасау күні және орны;

-   ипотекамен қамтамасыз  етілген негізгі міндеттеменің  сомасы;

-   ипотекамен қамтамасыз  етілген сомаларды төлеу мерзімдері;

-  кепілге қойылған жылжымайтын  мүліктің сипаты және оның  ақшалай құны,  орналасқан жері;

- иегердің кепілге қойылған  мүлікке деген құқығын растайтын   құжаттардың атауы; 

- кепілге қойылған мүлікке өзге  міндеттемелер салынбағандығы туралы  сілтеме; 

- кепілгер мен кепілзатты ұстаушының  қолтаңбалары;

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелендіруді дамыту