Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы

Дата добавления: 19 Октября 2012 в 23:46
Автор: n*****@maik.ru
Тип работы: курсовая работа
Скачать полностью (40.48 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать  Открыть 

Менш акцион формасы кур работа.doc

  —  169.00 Кб

ЖОСПАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қай ел болсын оның шаруашылық өмірімен жете танысу барысында мынадай сауалдарға тап боламыз: экономикалық билік кімнің қолында? Немесе адамдардың өмір сүру негізі - материалдық игіліктерді иемденетін кім? Бұл биліктің мәні - өндіріс құрал-жабдықтарына және оның нәтижелеріне тиісті меншік қатынастары болып табылады.

Зерттеліп отырған курстық  жұмыстың негізгі өзектілігі нарықтық экономика жағдайында қоғамдық бірлестіктерде орын алған меншік ұғымының қаншалықты маңызды екендігін талдап, зерттеу.

Курстық жұмыстың мақсаты  меншік ұғымы төңірегінде акционерлік қоғамдарда орын алатын меншіктің формаларының артықшылықтары мен кемшіліктерін айқара анықтап, өзіндік ой пікір қалыптастыру.

Меншік - қоғамдық құрылыстың экономикалық негізі - қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы заңдар қабылдап оны қорғайды. Меншік, заң жағынан алып қарағанда мүліктік қатынастарға жатады. Құқықтық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделетіні және бөлінетіні анықталады. Меншік иесі заңмен анықталған мүліктерге ие болады. Және ол қолындағы мүліктерді иемдену, пайдалану және оған иелік жасау өкілеттілігін алады.

Меншік қатынастары  құқықтық және экономикалық материалдардан тыс қалыптаспайды. Олар осы екі  формада бірдей әрекет жасайды. Сонымен, меншіктің категория ретінде қоғамдық процесте сипаттайтын принциптерінің ерекшелігі осында.

Қазақстанда құнды қағаздар нарығы әлі жетік дамымаған. Ал мысалы шет мемлекеттерде бағалы қағаздардан түскен табыстар өте жоғары. Және де бұл капитал салудың өте тиімді жолдарының бірі, сонымен қатар нарықтық экономиканың негізгі құрамдас элементтерінің бірі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығынсыз ешқандай мемлекетте нарықтық экономика дамуы мүмкін емес. Экономикалық реформаның басты мақсаттарының бірі – кәсіпорынды мүліктік жауапкершілігі анықталған заңды тұлғалар кұқықтарына бөліп беру. Шаруашылықтың акционерлік формасы мұны қамтамасыз етеді. Акционерлік қоғамды капитал өндіріс құралдары және бағалы қағаздар формасында қызмет етеді. Бұл өндіріс құралдарына қоғамдық иемдену құқығы мен жеке меншік құқығын бекітудің материалдық алғы шарты болып табылады. Акционерлік меншік формасын енгізу инфляцияның өсу қарқынын төмендетуге мүмкіндік берумен қатар, мемлекеттің шығыстарын, эмиссиялау көлемін біршама мөлшерде қысқартады, сол сияқты құнды қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етеді.

Менің курстық жұмысымның тақырыбына арқау болғалы отырғаны меншіктің акционерлік формасы, яғни акционерлік қоғамдар туралы болмақ.

Біз акционерлік қоғамдардың  меншік формасын ретінде басқа меншік формаларына қарағанда артықшылықтары қандай және нендей кемшіліктері бар деген сұраққа жауап іздейміз.

Сонымен қатар қазіргі  тәуелсіз Қазақстандағы акционерлік  қоғамдардың аяқ алысын, олардың  қалыптасуы мен даму үрдісіне зер  салып саралаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тарау. Меншіктің  акционерлік формасы

1.1 Меншік және  оның формалары жайында жалпы  түсінік

 

Меншіктің экономикалық, мазмұнын заттың, материалдық игіліктің  біреудің иелігіндегі деген түсінік  арқылы жеткізу жеткіліксіз, мысалы, біз айтамыз: «мына жер аумағы — менің меншігімде». Міне, осы әңгіме меншіктің экономикалық мазмұнын түсіндіре ала ма? Меншік экономикалық тұрғыдан қалай түсіндіріледі? Жер бетінде банк өз бетімен жұмыс істей ме? Әлде сол жерде. Басқа бір адамды жұмыс істеуге мәжбүр ете ме? Немесе ақшалай, не натуралды жалдау орын ала ма? Мүмкін өз жерін ипотекалық банкке салып, содан тиісінше табыс алатын шығар? Байқап отырсақ меншіктің экономикалық мән-мазмұнын бір сөзбен айтып түсіндіру қиын екен. Меншіктің экономикалық мазмұнын сол қоғамның бүкіл жиынтық өндірістік қатынастарын талдау арқылы ашып түсіндіру мүмкін. Бұл қатынастар өндіріс, айырбас бөлу және тұтыну қатынастарын қамтиды. Меншіктің экономикалық тұрғыдан өсіп-өрбуін түсіндіруде тікелей өндірушілердің өндіріс құрал-жабдықтарымен қосылу әдісі де аса маңызды.

Меншік формасы– бұл жұмысшының өндіріс құралдарымен бірігуінің сәйкес әдісі мен механизмін белгілейтін экономикалық, өндірістік және шаруашылық байланыстардың тұрақты жүйесі.

Меншік түрі игіліктерді иемденудің нақты тәсілі мен шаруашылық етудің әдістерімен сипатталады.

Кестеде көріп отырғандай, қазіргі экономикалық жүйе меншіктің  көптеген формаларымен ерекшеленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Меншіктүрі

Қоғамдық

 

Жеке

 

 

 

 

 

Аралас

Меншікформасы

Мемлекеттік

Ұжымдық

Индивидуалдыеңбекету

Жалдамалы

еңбекету

 

Меншіктүрі

Муниципалды

Кооперативтік

Акционерлік

Қоғамдықұйымдарменшігі

Дінимәдениұйымдарменшігі

жекетұлғалық

Жанұялық

Индивидуалдыжалдамалыеңбектіңқатысуымен

Монополистік

Корпоративті

Мемлекеттік-ұжымдық

Мемлекеттікжеке

Жеке-ұжымдық

Біріккеншет ел капиталынқолданаотырып

Тағыбасқа


 

Сонымен, меншікформасы  – материалдыигіліктердіэкономикалыққатынастарғақатысушыбелгілібірсубъектініңреттелгенобъективтіқұқық пен иемденужағдайынбейнелейтінтүсінік. Жалпыайтқанда, меншікформаларыныңжиынтығымыналардықамтиды:

  • Жалпыхалықтық – қоғамныңбарлықмүшелерінежалпыжәнебірдейқолжеткізетінхалықтыңпайдалануындағытабиғибайлықтартүріндегіменшік.
  • Мемлекеттік – жалпыхалықтықменшіктіңбөлігіболыптабылатын, халықтыңеркіменжәнехалықбилігіоргандарыныңшешіміменбелгілібіртоптарғасәйкестеңдейжауапкершілікпенмемлекеттікоргандарөкімінеберілгентабиғибайлықтар, негізгіөндірісқұралдары, айналымқаражаттары, ақпарат;
  • Аймақтықмемлекеттік – аймақтықмемлекеттікоргандарөкімінеберілгенменшік;
  • Коммуналды, муниципиалды – жергіліктіоргандарөкімінеберілгенменшік;
  • Ұжымдық – тұлғаларұжымынабелгілібірнемесешектеусізмерзімгеберілгенжалпыхалықтық, мемлекеттік, аймақтықменшіктіңбөлінбесбөлігінбілдіретін, сондай-ақзаңменкелісім-шартпен, жарғыменбелгіленгенережелер мен нормаларжүйесінесәйкесжалғаберілетіннемесепайдаланылатынменшік. Бұлменшікқұқығынөткізу (беру) нәтижесіндепайдаболатынменшіктіңтуындыформасы;
  • Жалпы – алғашекінемесебірнешетұлғаларға, ассоциацияланған топ мүшелерінетиесілі, олардыңзаңменжалпыбелгіленгенережелержәнешектеулердісақтайотырыпөзқажетіншепайдаланылуындаболғанмүлік, құндылықтар, ақшалайқаражаттар, бағалықағаздар, т.б. (мұндайформағабелгілібірдәрежедеакционерлік, ұжымдық – үлестік, кооперативтікменшік те жатады). Жалпыменшікбіріккенжәнеараласболыпбөлінеді. Біріккенменшікшеңберіндеменшікобъектісібарлыққатысушылар мен тұлғаларғатеңдейдәрежедетиесіліболады. Үлестікменшікбарысындаәрбірқатысушының, тұлғаныңжалпыменшікқұқығындағыүлесіжеке-жекебелгіленеді.
  • Индивидуалды – белгілібірқұқықтыңнормаларғасәйкесжекеиндивидумғатиесіліжәнеолардыңөзқажетіншепайдаланатынмүлік, заттар, ақпарат, т.б.

Меншік формаларын абсолютті  нақты бөлу мүмкін емес, өйткені  бір формадан екінші формаға өтетін меншіктің аралас формаларын болдырмау  мүмкін емес.

1.2 Жалған капитал. Меншіктің акционерлік формасы

 

Жалған (алдамшы) капитал  деген - қосымша құнның (яғни табыстың) бір бөлігін дивиденд немесе процент  түрінде иемденуге құқық беретін  бағалы қағаздар иесінің меншік титулы. Бағалы қағаздар - акциялар, облигациялар, вексельдер және басқа да түрлерде көрінетін капитал. Бағалы қағаздарды жалған капитал деп атауға себеп болған жағдайлар мыналар:

Біріншіден, табыс көзі - тауар өндірісі. Ал бағалы қағаздардың  пайда болуы өндірістік (яғни қызмет атқаратын нақты) капиталмен тікелей байланысты. Өнім өндірістен айналымға түсіп, табыс әкеледі. Ал бағалы қағаздар өндірістен тыс, тек айналымнан табыс әкеледі деген бұлдыр қиял пайда болады. Оны мысал ретінде келтірілген мына екі формуладан аңғару қиын емес. Тауар айналымы (Т - А - Т) формуласындағы бірінші акт (Т - А) тауарды сату басқа керекті тауарды сатып алу мақсатында жүргізіледі, яғни қажеттілікті керек тауарды сатып алу арқылы өтеу. Ал капиталдың айналымы (А - Т - А*) формуласындағы мақсат - тауарды сатып алып қайта сату, яғни процесс пайда табу мақсатында жүргізіледі. Бұнда А*=А+а, яғни а — қосымша құн, өсім, немесе капитал. Ал капитал өздігінен өсетін құн немесе қосымша құн беретін құн (К. Маркс.).

Екіншіден, бағалы қағаздардың  капитал болып есептелетін себебі оларды сатуға болады. Бірақ олардың өз құны өте төмен, ал нарықтық бағалары иррационалдық сипатта (өлшеусіз сандар) болады. Жалған капиталдың бағасы капиталға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына және бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың мөлшеріне байланысты анықталады.

Капиталға сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, не одан түскен табыстың мөлшері де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы оған тура пропорционалды өседі? Керісінше, егер капиталды ұсыну  сұраныстан жоғары болса және банктік  проценттің деңгейі де жоғары болса, онда жалған капиталдың бағасы бұларға кері  пропорционалды кемиді. Мысалы, бағалы қағаздардан түсетін жылдық табыс 50$ делік, ал қарыз процентінің деңгейі 5% болған жағдайда бағалы қағаздардың бағасы 1000$ болады:

(50х100%)/5 = 1000$

Демек, жалған капиталдың бағасы жиі өзгерістерге ұшырап тұратын нарықтық құн.

Жалған капитал нақты (өндірістік) және қарыз капиталдарымен байланысты болғанымен, олардың оқшауланып шыққан бөлігі, яғни олардың бағалы қағаздардағы көрінісі ретінде айналыста  жүреді. Оның нақты капиталдан мынадай ерекшеліктері бар:

1. жалған капиталдың  өз құны (өте аз) жоқ. Бірақ бағалы  қағаздардың кейбір түрлері нақты  капиталдың орнында жүреді;

2. бағалы қағаздардың  айналысы қор биржасынан және  несие жүйесінен басталады, ал  нақты капитал өндіріс аясына қызмет көрсетеді;

3. жалған капиталдың  мөлшері (бағалы қағаздардың сатылатын  жиынтық бағасы, яғни бағалы қағаздардың  курсы) бағалы қағаздарды сатудан  түскен табыстың капиталға айналуымен  анықталады. Ал өндірістегі нақты  капиталдан түскен пайда сол нақты капиталдың өз мөлшеріне байланысты болады.

Жалған капиталдың пайда  болуын К.Маркс "капиталдану" деп  атады. Ал капиталдану - мүліктің нақты  капиталдың ақша капиталына айналуы  деген [40; 9.];

• жалған капиталдың мөлшерінің өзгеруі нақты капитал көлемінің өзгеруіне дәл келмейді. Жалпы алғанда жалған капитал нақты капитал алғанда, жалған капитал нақты қарағанда шапшаң өседі. Бұл жағдай акционерлік кәсіпорындардың тез дамуына, бағалы қағаздардан түсетін дивиденд пен процент мөлшерінің айырмашылығына және кездері бағалы қағаздардың көлемінің тез ұлғаюына байланысты болады.

Сонымен бірге жалған капиталдың қарыз капиталынан айырмашылығы бар. Олар:

Біріншіден, бағалы қағаздар қарыз капиталының қозғалысынан пайда бола отырып, одан бөлініп, бағалы қағаздар нарығында дербес қозғалыс жасайды. Өйткені бағалы қағаздарды сатып алу деген ақша капиталының бір бөлігін қарызға берумен бірдей. Ал қарыз - несиелік құжат, немесе бағалы қағаздар түрінде айналыста болады.

Екіншіден, қарыз капиталынан  түсетін табыс оның өзінің мөлшерімен анықталса, ал жалған капиталдың мөлшері оның айналысынан түсетін табысына байланысты болады. Ол табыс дивиденд немесе процент түрінде түседі. Бағалы қағаздар өз қозғалыс заңдарына ие болып, нақты капиталдың қозғалысына көбіне тәуелді болмайды.

Сонымен, бағалы қағаздар қарыз капиталын орналастыратын ортаның тек біреуі ғана. Жалған капитал сан жағынан қарыз  капиталынан көп және айналыста  бір-біріне дәл келмейді. Нақты капитал  мен жалған капиталдың мөлшері жағынан  да біріне-бірі дәл келмеуі бағалы қағаздар нарығына тән ерекшелік. Жалған капиталдың пайда болуы мен оның өсуі байлықтың бір жерге шоғырлануына әсер етеді.

Акционерлік қоғам (бұдан  әрі - қоғам) деп өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Жарғылық қоры акциялардың нақты құнына тең белгілі бір санына бөлінген серіктестікті акционерлік қоғам деп атайды.

Акционерлік қоғамның қатысушылары - акционерлер - оның міндеттемелері бойынша  жауап береді және оның өздеріне тиесілі  акциялар құны шеңберінде қоғамның қызметіне байланысты болатын залалдар шегуге тәуекел етеді. Акционерлік қоғамның өз қатысушыларының мүлкінен басқа оқшауланған мүлкі болады және өз мүлкі бойынша, оның шеңберінде жауапты болады, сондай-ақ қатысушыларының мүлкі бойынша жауап бермейді. Акционерлік қоғамнан шығу жағдайында өзінің пайына сәйкес ешқандай (ақшалай немесе мүліктік) өтемақы төлеуге құқығы жоқ, ол тек өз акцияларын басқа біреуге сату немесе тапсыруы мүмкін. Өз кезегінде, толық серіктестікке қарағанда, мүлкінің азаюы қаупі туындамайды.

Страницы:12345следующая →
Описание работы
Қазақстанда құнды қағаздар нарығы әлі жетік дамымаған. Ал мысалы шет мемлекеттерде бағалы қағаздардан түскен табыстар өте жоғары. Және де бұл капитал салудың өте тиімді жолдарының бірі, сонымен қатар нарықтық экономиканың негізгі құрамдас элементтерінің бірі болып табылады. Бағалы қағаздар нарығынсыз ешқандай мемлекетте нарықтық экономика дамуы мүмкін емес. Экономикалық реформаның басты мақсаттарының бірі – кәсіпорынды мүліктік жауапкершілігі анықталған заңды тұлғалар кұқықтарына бөліп беру. Шаруашылықтың акционерлік формасы мұны қамтамасыз етеді. Акционерлік қоғамды капитал өндіріс құралдары және бағалы қағаздар формасында қызмет етеді.
Содержание
Кіріспе 3
1-тарау. Меншіктің акционерлік формасы 5
1.1 Меншік және оның формалары жайында жалпы түсінік 5
1.2 Жалған капитал. Меншіктің акционерлік формасы 7
1.3 Акционерлік қоғамның артықшылықтары мен кемшіліктері 19
2-тарау. Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері 22
2.1 Акциялар 22
2.2 Облигациялар 24
2.3 Вексельдер, чектер және басқа да бағалы қағаздар 25
3-тарау. Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының пайда болуы 28
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 33