Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің экономиканы реттеудегі рөлі мен қолданатын шаралары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 07:54, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде Ұлттық банктің банк жүйесіндегі, экономикадағы, қаржы саласындағы орны мен рөлін анықтау, оның қызметтерін толық ашу.
Менің бұл курстық жұмысты орындаудағы міндеттерім мынадай:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылу тарихына үңіліп, сол уақыттағы жағдайға, проблемаларға тоқталу;
- Ұлттық банктің негізгі міндеттерін, қызметтерін талдау;
- Ұлттық банктің операцияларын, саясатын талдау;
- Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктердің қызметтерін реттеудегі рөлін анықтау.

Содержание

Кіріспе ...........................................................................................................3
I Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің қалыптасуы, міндеттері мен қызметтері...............................................................................................4
1.1 Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері...............................4-8
1.2 Ұлттық банктің міндеттері, қызметтері және жүргізетін операциялары.....................................................................................9-15
II Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің экономиканы реттеудегі рөлі мен қолданатын шаралары.................................................................16
2.1 Ұлттық банктің саясаты мен оның экономикадағы
маңызы....................................................................................................16-25
2.2 Ұлттық банктің қолданатын бақылау, реттеу шаралары.............26-28
Қорытынды .................................................................................................29
Қолданылған әдебиеттер ...........................................................................30

Работа содержит 1 файл

Кіріспе.docx

— 79.16 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                 ЖОСПАР

 

Кіріспе ...........................................................................................................3

 

I Қазақстан Республикасы Ұлттық  банкісінің қалыптасуы, міндеттері  мен қызметтері...............................................................................................4

    1. Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері...............................4-8
    2. Ұлттық банктің міндеттері, қызметтері және жүргізетін операциялары.....................................................................................9-15

 

II Қазақстан Республикасы Ұлттық  банкісінің экономиканы реттеудегі  рөлі мен қолданатын шаралары.................................................................16

2.1 Ұлттық банктің саясаты мен  оның экономикадағы

маңызы....................................................................................................16-25

2.2 Ұлттық банктің қолданатын  бақылау, реттеу шаралары.............26-28

 

Қорытынды .................................................................................................29

Қолданылған әдебиеттер ...........................................................................30

 

 

 

 

                         

 

Кіріспе

 

    Мен бұл курстық жұмысымды Елбасымыздың кереметтей мәнге ие, дана сөзінен бастамақпын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «экономика – бүкіл организмнің тіршілік қызметін, елдің жалпы «зат алмасуын» қамтамасыз етіп отыратын күре тамыры, ал қаржы, өз орайымен экономиканың «қан таратушы жүйесі»  деген болатын. Бұдан біз қаржының экономикада атқаратын рөлінің соншалықты маңызды екендігіне көз жеткізіп отырмыз. Ал осы қаржы саласындағы өзгерістерді бақылап, реттеп, дұрыстап отыратын механизм бар. Ол – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. Менің бұл тақырыпты таңдауымның басты себебі – еліміздің Орталық банкісімен кең ауқымда танысу, оның еліміздің экономикасындағы, қаржы саласындағы орнын, рөлін, маңызын анықтау.

    Жалпы «банк» сөзі ағылшын тілінен аударғанда, «айырбас столы» деген мағынаны білдіреді. Ең алғашқы банктер Италияда пайда болған. Біздің еліміздегі Ұлттық банктің құрылу тарихына үңілетін болсақ, Қазақстан өзінің банк жүйесін құруға егемендікті алғаннан кейін, 1990 жылы желтоқсанда бірден кірісті. «Қазақ КСР-індегі банктер мен банк қызметі туралы» 1991 жылы қаңтарда қабылданған Заң еліміздегі банк реформасының басы болды. Аталмыш Заң қос деңгейлі банк жүйесінің негіздерін қалауды қамтамасыз етті. Мысалы, облыстық басқармалары және бөлімшелері бар Республикалық мемлекеттік банк Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне айналдырылды.

    Бұл тақырыптың өзектілігі – Ұлттық банктің қазіргі замандағы ақша-несие саясатын жүргізудегі, инфляцияның және мемлекет пен қоғамды қаржымен қамтамасыз ету сұраныстарының проблемаларын шешудегі мүмкіндіктерін анықтау.

    Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Орталық банкі  ретінде Ұлттық банктің банк жүйесіндегі, экономикадағы, қаржы саласындағы орны мен рөлін анықтау, оның қызметтерін толық ашу.

    Менің бұл курстық жұмысты орындаудағы міндеттерім мынадай:

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің құрылу тарихына үңіліп, сол уақыттағы жағдайға, проблемаларға тоқталу;
  • Ұлттық банктің негізгі міндеттерін, қызметтерін талдау;
  • Ұлттық банктің операцияларын, саясатын талдау;
  • Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктердің қызметтерін реттеудегі рөлін анықтау.

 

 

 

 

I-тарау Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкісінің  қалыптасуы, міндеттері мен қызметтері.

1.1 Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретіндегі қалыптасуы және құқықтық негіздері.

    Қазақстан өзінің банк жүйесін құруға егемендікті алғаннан кейін, 1990 жылы желтоқсанда бірден кірісті. Кеңестік икемсіз банк тетіктерінің барлық «тамашаларын» бастан кешірген еліміз, енді экономиканы толыққанды дамыту үшін, бүкіл дүние жүзінде нарық жағдайында ең тиімді деп танылған, осы заманғы қос деңгейлі банк жүйесінің керектігін түсінді. Бізге капиталдың шынайы өзіндік құнын пайыздық мөлшерлермен көрсететін, ал банкілерге қарыз алғандардың қаржылық өміршеңдігі және несиелеудің экономикалық тиімділігі негізінде несие беретін жүйе қажет болды.

    Шын мәнінде, «Қазақ  КСР-індегі банктер мен банк қызметі туралы» 1991 жылы қаңтарда қабылданған Заң еліміздегі банк реформасының басы болды. [1] Аталмыш Заң қос деңгейлі банк жүйесінің негіздерін қалауды қамтамасыз етті. Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды: жоғары (бірінші) деңгейдегі банк – ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк – коммерциялық банктер жүйесі.

    Орталық банктер  – елдің бүкіл несиелік жүйесінің  үйлестірушісі және реттеушісі  рөлін орындай отырып, айрықша  орынды иеленеді және экономикалық  басқарудың мемлекеттік органы  болып табылады. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншігі болып саналады. Мемлекеттік банк республиканың меншігі және оның Орталық банкі болып саналады. Қазақстан территориясында біртектес ақшаны пайдалану және біртектес ақша саясатын жүргізу мәселелері Одақтық шартта көрсетілген. Оның айналымға монополиялы құқықпен ақша белгілерін эмиссиялауға, ақша-несие қатынастарын реттеуге, мемлекеттік бюджеттің кассалық жұмысын жүргізуге, республика территориясында коммерциялық банктер ашуға рұқсат берген құқығы бар.

    Мемлекеттік банк осы Заң бойынша қызмет атқарып, ҚазКСР-ның Жоғары кеңесіне есеп береді, жер-жерлерде өз мекемелерін ашуға құқығы бар. Мемлекеттік банктің басқару органы – оның Басқармасы. Басқарманың төрағасын республиканың Жоғары кеңесі 6 жыл мерзімге бекітеді. Банктің құрылымы мен міндеттері оның Жарғысында белгіленеді.

    Кәсіпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-есеп жұмыстарын жүргізу үшін республика территориясында коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері ұйымдастырылады. Коммерциялық банктер өз жұмысында осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттік банкісінің нұсқаулары мен ережелерін басшылыққа алады. Клиенттерімен шарттасып қызмет көрсетеді. Коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелері мемлекеттік, ұжымдық, жеке және аралас меншікте болуы мүмкін. Қазақстан заңдарына сай Мемлекеттік банк деп капиталы толығымен үкімет иелігінде, немесе акционерлік капиталдың басым бөлігі мемлекеттік құрылтайшылардың (мысалы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың) акциясы болғанда есептеледі.

    Коммерциялық банктер өздерінің акционерлер жиналысында қабылданған Жарғысы бойынша қызмет істейді. Сонымен бірге республика территориясында шетел мекемелерімен бірігіп құрылған коммерциялық банктер қызмет істеуі мүмкін. Егер банктің жарғылық капиталын қалыптастырғанда өзіміздің мемлекеттік емес құрылым, немесе шетел мемлекеттік, я болмаса мемлекеттік емес құрылымдары қатынасса, онда аралас банктің түрлері деп есептеледі. Аралас банктер мынадай варианттарда құрылуы мүмкін: мемлекеттік-жеке, мемлекеттік-кооперативтік, жеке-кооперативтік.

    Сөйтіп тәуелсіз Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы мен даму жолдарын шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады:

    Бірінші кезең, 1917 ж. мен 1930 ж. аралығы – патшалық Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әр түрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.

    Екінші кезең, 1930 ж. мен 1987 ж. аралығы – елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебап қызмет атқарды, яғни ол мемлекеттің Орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсетті.

    Үшінші кезең, 1988-1991 жж. аралығы – елде мемлекеттік маманданған банктердің құрылуы, яғни КСРО Мемлекеттік банкі «банктердің банкісі» ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және т.б. нормативтік актілер шығарушылық, бақылау және басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың әр түрлі салаларына қызмет көрсетті.             Сонымен бірге 1990 ж. басында кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады.

    Төртінші кезең, 1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін – нарықтық банк жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық қатынастарға өту жағдайында екі деңгейлі банк жүйесінің пайда болуы және дамуы.

    Қазақстанда банк жүйесінің қалыптасу және даму кезеңдері

 

1930 жылға дейінгі банк  жүйесі

1930-1987 жж. (Одақтық бір  деңгейлі банк жүйесі)

1988-1990 жж. (Одақтық бір  деңгейлі маманданған банктер  жүйесі)

1991 жылдан бастап (дербес  екі деңгейлі банк жүйесі)

Ресей Мемлекеттік банкі  және көптеген несие-банк мекемелері

1. КСРО Мембанкі (оның  ішінде КСРО Мемлекеттік еңбек  жинақ кассалары жүйесі)

2. КСРО Мемлекеттік 

Құрылыс банкі

3. КСРО Сыртқы сауда  банкі.

1. Банк жүйесін қайта ұйымдастыру: КСРО Мембанкі және Маманданған банктер:

КСРО Өнеркәсіп құрылыс  банкі.

КСРО Агроөнеркәсіп банкі.

КСРО Тұрғын үй-әлеуметтік банкі.

КСРО Жинақ банкі.

КСРО Сыртқы-эконом банкі.

2. Жаңадан кооперативтік  және коммерциялық банктердің  құрыла бастауы.

1. Егемен Қазақстанда  өзінің банк жүйесінің құрылуы.

2. Екі деңгейлі банк жүйесі – Ұлттық банк және коммерциялық банктер.


 

Қазақстан Республикасының  Орталық банкі еліміз тәуелсіздік  алғаннан соң КСРО Мембанкінің Республикалық  Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында  алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік  банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі  деп аталады. [2]

    1993 жылы теңгені енгізудің қарсаңында Қазақстанның банк жүйесінде елеулі реформа болды: қос деңгейлі банк жүйесі қызмет етті, барлық мамандандырылған банкілер акционерлік банкіге айналды, ал Ұлттық банк орталық банктің кейбір қызметтерін атқаратын болды. Осының бәрі белгілі мөлшерде өзіміздің ұлттық валютамызға өтуді жеңілдетті.

Сонымен қатар, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы күндерінен-ақ Ұлттық банктің  ұйымдасқанына қарамастан, ол бәрі бір әлі де еліміздің классикалық түрдегі орталық банкі бола алмады. Ұлттық банк екінші дәрежедегі атқаратын қызметтерін жалғастыра берді, сол сияқты, мемлекеттік органдар жүйесіндегі оның мәртебесі де айқын болмады. Мысалы, Ұлттық банк 1991 жылдан 1993 жылдың соңына дейін биліктің барлық тармақтарына бағынып келді. Үкімет оған тапсырмалар берді, депутаттар оның қызметін бақылап отырды және қосымша жүктемелер беріп, олардың бірден орындалуын талап етті. Барлығы да әр түрлі қажеттіліктеріне қаржы бөлуін сұрай бастады.

Осы проблеманы шешу үшін 1995 жылы наурызда Елбасымыз «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» туралы Жарлыққа қол қойды. Ол бойынша Ұлттық банк өзіне заңнамалық актілер берген өкілеттіліктің аумағы көлемінде тәуелсіз қызмет жасайтын және Президентке ғана есеп беретін болды. Содан бері өкілетті және атқару билігінің ешқандай да органдарының Ұлттық банктің қызметіне араласуға құқығы жоқ. Бірақ әрине, барлық басқа елдердегі сияқты, біздің Ұлттық банк жалпы мемлекеттік экономикалық саясаттың мәселелерін Үкіметпен үйлестіріп отыруы тиіс.

    Сонан соң, ол орталық банктің тікелей қызметтерін атқаруға – тәуелсіз ақша-несие саясатын іске асыруға және қазіргі талаптарға жауап беретін банк жүйесін құруға кірісті. Әр түрлі уақыттарда Ұлттық банкті Ғ. Байназаров, Д. Сембаев, О. Жандосов, Г. Марченко, К. Дәмитов басқарды. Бұлардың барлығы да ел үшін күрделі кезеңде қызмет атқарды және банк жүйесінің дамуына өз үлестерін қосты. [1]

    1995 жылғы 3 наурызда қабылданған Заң Ұлттық банктің рөлін, қызметтерін, міндеттерін белгілеп берді. Бұл Заң бойынша, Ұлттық Банк мемлекеттiң орталық банкi болып табылады және ол банк жүйесiнiң жоғарғы (бiрiншi) деңгейiне жатады.  
Ұлттық Банкiнiң мiндеттерi, қызмет қағидаттары, құқықтық мәртебесi және өкiлеттiгi "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен белгiленедi.  
Ұлттық Банк өзiнiң құзыретi шегiнде банк қызметiнiң жекелеген мәселелерi бойынша реттеудi және қадағалауды жүзеге асырады және банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жұмыс iстеуi үшiн жалпы жағдайлар жасауға жәрдемдеседi.  
Банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға қатысты Ұлттық Банктiң реттеу және қадағалау функциялары Қазақстан Республикасының ақша-кредит жүйесiнiң тұрақтылығын қолдауға, банк кредиторларының, олардың салымшылары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғауға бағытталған. [3]

    Ұлттық банк – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға. Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері – 20 млрд теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен басқа бағалылықтардан, ал айналым қорлары банкке тиесілі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.

    Ұлттық банк резервтік және басқа да қорларды құрайды. Резервтік қор жарғылық қор көлемінде құралып, меншікті пайда есебімен толықтырады және жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен шығындардың орнын жабуға арналады. Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы, сол қаржылық жылға қатысты, нақты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде банкнот пен монеталарды қоса алғандағы шығыстардың айырмасы негізінде анықталады.

Информация о работе Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің экономиканы реттеудегі рөлі мен қолданатын шаралары