Қазақстан Републикасында Зейнетақымен қамтамасыз ету қорының қаржылық реформасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 19:18, курсовая работа

Описание работы

Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне қарамастан экономикадағы динамикалық дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.

Содержание

Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ - 3бет
I-тарау.Жинақтаушы зейнетақы қорлары,мақсаты мен міндеттері _ _ _ _ -4бет
1.1 Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару_ _ _-4бет
1.2 Қ.Р.Жинақтаушы зейнетақы қорлары_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ - 9бет
1.3 «Ұлар Үміт» Жинақтаушы зейнетақы қоры _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ - 13бет
1.4 «МЖЗҚ»Жинақтаушы зейнетақы қоры _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _-15бет
II-тарау. «Халық банк Жинақтаушы зейнетақы қоры»_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ -21бет
2.1 Қордың 2015-жылға дейінгі мақсаттары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ - 21бет
2.2 Қ.Р халықты зейнетақымен қамту_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _-24бет
III-тарау.Зейнетақы қорының статистикалық көрсеткіштері және оны талдау_ _ _-27 бет
3.1 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы қорларының статистикалық көрсеткіштерін талдау _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ -27бет
Қортынды _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ -30бет
Пайдаланылған әдебиеттер_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _

Работа содержит 1 файл

jamal.doc

— 199.00 Кб (Скачать)

  Қазақстан дербес зейнетақы аударымдары негізінде зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесіне 1998 жылы жоспарлы түрде өткен ТМД территориясындағы бірінші ел.

  Зейнетақы реформасын жүргізудің негізгі мақсаты зейнетақы жарналарының дербестендірілген есебі арқылы экономикалық өсуді ескеріп, зейнетақымен еңбек салымын лайықтай отырып, қаржылық тұрақты және әділ жүйені оңынан тұрғызу.

  Сонымен қатар, жинақташы зейнетақы жүйесі бірқатар мәселелерді шешуге арқау болды:

әлеуметтік кернеулікті жеңілдету, зейнетақы төлеу ауыртпалығынан бюджетті ақырындап босату, азаматтарда көп және ашық табыс табу құштарлығының көрінуіне септігін тигізу.

Зейнетақы реформасының нәтижесінде болшақ зейнетақылар сақталып арта түсетін болды, ал экономика тағы бір институционалдық инвестор – зейнетақы қорларын алмақ.

  Осы күнгі жағдай бойынша ҚР Жинақтаушы зейнетақы қорлары:

1.

«Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ еншілес ұйымы

2.

"Индустриялық Қазақстан" Жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ (бұрынғы атауы -"Қазақмыс"жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

3.

"НефтеГаз-Дем" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ

4.

"Aстана" жинақтаушы зейнетақы қоры" (бұрынғы атауы -«Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ)

5.

"ГРАНТУМ Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ (“Казкоммерцбанк” АҚ еншілес ұйымы)

6.

«Отан» ашық жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

7.

«Капитал» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ - «Банк ЦентрКредит» АҚ еншілес ұйымы(бұрынғы атауы - «Капитал» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (ашық))

8.

«РЕСПУБЛИКА» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ

9.

"Ұлар Үміт" Жинақтаушы зейнетақы қоры (ашық)" АҚ

10.

"АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН" Жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ (бұрынғы атауы "Д.А. Қонаев атындағы Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ)

11.

"Нұрбанк" АҚ еншілес ұйымы "Атамекен" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ

12.

"МЖЗҚ" Жинақтаушы Зейнетақы Қоры" АҚ

  ҚР Зейнетақы жүйесі

  Зейнетақы жүйесі дегеніміз не?

 1. Ортақ жүйе

Базалық зейнетақы
Еңбек өтіліне қарамастан барлығына бірдей төленеді

Еңбек стажы
Еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетке шығу уақытында алты айдан кем болмаған адамдарға

 2. Жинақтаушы жүйе

Міндетті жарналар
Ай сайынғы табыстан зейнетақы аударымдарының белгіленген 10-пайыздық мөлшері бар міндетті аударымдар

Ерікті жарналар
Ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарына негізделген жинақталған қаражат

Әлемде әлеуметтік зейнетақымен қамтамасыз етудің екі жүйесі бар – ортақ және жинақтаушы.
Әр жүйенің өзінің артықшылығы және кемшілігі бар.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, зейнеткерлерді барынша қорғауға мүмкіндік беретін көп деңгейлі жүйені пайдаланатын елдер оң нәтижеге қол жеткізді.

Зейнетақы жүйесінің артықшылықтары мен кемшіліктері

Ортақ жүйе

Артықшылықтар
- зейнетақыны мемлекет төлейді
- кірісі аз адамдардың тұрақтылығы (қорғалуы)

Кемшіліктер
- зейнетақының ең жоғары мөлшері бойынша шектеу
- демографиялық тәуекелдер (жұмыс істейтін халық пен зейнеткерлер арасында баланстың бұзылуы әлеуметтік салықтардың көбеюіне алып келеді)
- зейнетақыны ресімдеудің күрделі жүйесі

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі

Артықшылықтар
- салымшы кірісінің деңгейіне зейнетақы мөлшерінің тікелей тәуелділігі
- мзж мемлекет кепілдігі
- жинақталған зейнетақы қаражатын мұраға қалдыру
- инвестициялық кіріс есебінен жинақталған зейнетақы қаражатының сомасын ұлғайту
- мультиқоржындар жүйесінің көмегімен жинақталған зейнетақы қаражатын басқару мүмкіндігі (заңнамамен 2015 жылдан бастап белгіленген шектеулерді ескере отырып)

Кемшіліктер
- Инвестициялық кірістің мөлшеріне қор нарығының ықпалы
- ерікті зейнетақы аударымдарының жүйесі дамыған жоқ
- мзж сомасының  жалақы мөлшеріне тәуелділігі.

               1.3 «Ұлар Үміт» Жинақтаушы зейнетақы қоры.                                                    1997 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау концепциясын бекіту туралы» Қаулысы қабылданғаннан кейін біздің қордың акционерлері бірінші болып бұл идеяға қолдау көрсетті және жинақтаушы зейнетақы қорын құру жөнінде стратегиялық шешім қабылдады. Осылайша, республиканың қаржы нарығында бірінші корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қоры – «Қазақтелеком –Үміт» пайда болды.

  Бірінші қазақстандық қор зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлеуді жүзеге асыру қызметі бойынша № 0000001 мемлекеттік лицензиясын алды. «Қазақтелекомның» бүкіл ұжымы Қордың салымшыларына айналды.

  1998 жыл. Акционерлердің шешімімен Қорды «Үміт» ашық жинақтаушы зейнетақы қорына айналдыру жөнінде шешім қабылданды.

  2000 жыл. Кәсіподақтар Федерациясының жинақтаушы зейнетақы қоры «Үміт» ЖЗҚ-на қосылды.

  2001 жыл. «Ұлар» ЖЗҚ және «Үміт» ЖЗҚ акционерлері «ҰларҮміт» ЖЗҚ» ЖАҚ деген атаумен елдегі ең ірі екі қорды біріктіру жөнінде стратегиялық шешім қабылдады. Бірігу мақсаты - зейнетақы саласында қызмет көрсетудің бүгінгі заманның ең озық талаптарына жауап беруге қабілетті қуатты қаржы және әлеуметтік институт құру идеясы болды. Осы уақыттан бастап біріккен бренд негізінде «ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қорының даму тарихындағы жаңа кезеңі басталды.

  2005 жыл. Жарғының жаңа редакциясының қабылдануына байланысты «ҰларҮміт» Жинақтаушы зейнетақы қоры» Жабық Акционерлік Қоғамы - «ҰларҮміт» Жинақтаушы зейнетақы қоры» Акционерлік қоғамы болып атауын өзгертті.

  «ҰларҮміт» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ салымшыларының зейнетақы жинақтары 100 млрд. теңгеден  асты.

  2006 жыл. “ҰларҮміт” Жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ-ның зейнетақы активтері 130 млрд. теңгеге немесе 1 млрд. АҚШ долларына жетті.

  2007 жыл. “ҰларҮміт” Жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ-ның зейнетақы активтері 200 млрд. теңгеден немесе 1,5 млрд. АҚШ долларынан асты.

  2009 жыл. «ҰларҮміт» - зейнетақы нарығында бірінші рет әділ прогрессивті комиссиялық сыйақы шкаласын қолданған жалғыз Қор.

  Салымшылары 2008 жылы дағдарыста жоғалтқандарының орнын «ҰларҮміт» өз капиталының есебінен толтырды. 5 миллиард 868 миллион теңге, салымдар мен зейнетақы шоттарындағы жарналарының болу мерзіміне пропорционалды, қазіргі барлық салымшылар арасында бөлінді.

 

  2010 жылғы 31 мамырда ҚҚА Төрайымының  бұйрығына сәйкес «Ұлар Үміт» ЖЗҚ» АҚ-на бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыру құқығына (зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға) № 3.2.1/42 лицензиясы берілді.

  2010 жылғы маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі мұқият саралаудан кейін «Қорғау» ЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтерін, өтімділігі, тұрақтылығы мен активтер мөлшерінің жетістілігі бойынша қойылатын талаптарға барынша сәйкес келетін және қазіргі зейнетақы қорларының арасында мемлекеттік қолдауға ие «ҰларҮміт» ЖЗҚ» АҚ-на беру керек деген шешім қабылдады.

  2010 жылғы желтоқсанда «ҰларҮміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» Қор басқару жүйесінің ISO 9001-2008 стандарытының талаптарына сәйкестік сертификатына ие болды.

  2011 жылғы 1 қаңтарға «ҰларҮміт» ЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 317 млрд. 449 млн. теңге болды, қызметінің басынан есептелген инвестициялық кірісі 91,6 млрд. теңгеден, салымшылар саны – 1 млн. 120 мың адамнан асты.

  Бүгін «ҰларҮміт» - мемлекетіміздің барлық аймақтарында 17 филиал мен 140 бөлімшелерден құралған жүйе арқылы салымшыларға қызмет көрсететін жүйе құрушы қорлардың бірі.

                1.4 «МЖЗҚ»Жинақтаушы зейнетақы қоры.

  1997 жыл Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы ұжырымдамасы әзірленіп бекітілді.

  Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы күшіне енді.

  Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамын құру туралы» қаулысы қабылданды. МЖЗҚ ерекше стратегиялық рөлін мыналарға арнады: ЖЗЖ дамуын ынталандыру, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне халықты барынша тартылуын қамтамасыз ету және жинақтаушы зейнетақы жүйесінің базасын қалыптастыру, халық тарапынан жаңа зейнетақы жүйесіне деген сенімді қалыптастыру, зейнетақы нарығының негізін және бәсекелес ортаны қалыптастыру.

  1998 жыл жинақтаушы зейнетақы жүйесін бастау және зейнетақы нарығының инфрақұрылымын құру.

  19 қаңтар Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихына МЖЗҚ алғашқы зейнетақы жарнасы түсті.

  1998-2002 жылдар МЖЗҚ «Жанама қор» жүйесіндегі қызметтерді жүзеге асырды: егер қызметкер басқа зейнетақы қорын таңдамаса және онымен шарт жасамаса міндетті зейнетақы жарналары жұмыс берушімен МЖЗҚ аударылады.

  1999 жыл МЖЗҚ жинақтаушы зейнетақы жүйесі тарихындағы зейнетақы қорлар арасында зейнетақы активтерін дербес басқаруға алғашқы болып лицензия алды.

  2003-2004 жылдар зейнетақы төлемдеріне құқық алу сәтінде инфляция деңгейін есепке ала отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналар мөлшерінде салымшыларға мемлекеттік кепідік беру.

  Зейнетақы төлемдерінің кестесі анықталды және сақтандыру ұйымдары арқылы зейнетақы алу мүмкіндігі құрылды;

  Жинақтаушы зейнетақы қорларының сыйақы мөлшері және құрылымы өзгерді;

  Міндетті жинақтаушы жарналарының төлемдері жөніндегі агенттердің жауапкершіктері күшейтілді;

  Ерікті кәсіби зейнетақы жарналары енгізілді;

  Жинақтаушы зейнетақы жүйесін дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленіп қабылданды.

  2006 жыл: «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМКК базасында жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі төлемдерді оңтайландыру мақсатында дара есеп орталығы құрылды.

  Зейнетақы қорлары мен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын ұйымдардың, салымшылардың жинақ ақшаларының атаулы кірістілігін қорғау жөнінде соттан тыс жауапкершілік белгіленді.

  Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы арқылы салымшылар мен зейнетақы қорлары арасында зейнетақы жинақ ақшаларын аударуды жүзеге асыру.

  2007 жыл: Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 10 жылдығына арналған «Қазақстанның зейнетақы нарығы – жүйелі реформаға 10 жыл» халықаралық конференциясы МЖЗҚ бастамасы бойынша ұйымдастырылып өткізілді. «МЖЗҚ» жинақтаушы зейнетақы қорына 2009 жылы қыркүйек айында 12 жыл толды.

МЖЗҚ өзінің он еқі жылдық тарихында  бір ғана өзіндік ерекшелігін орнатқан жоқ: біз еліміздегі алғашқы жинақтаушы зейнетақы қоры болдық, бізбен алғашқы зейнетақы жарналары қабылданды, сондай-ақ, біз зейнетақы қорларының арасында алғашқы болып зейнетақы активтерін дербес басқаруға құқық алдық.

  Зейнетақы нарығындағы ең сенімді қорлардың бірі – МЖЗҚ бірегей жинақтаушы зейнетақы қоры, оның акционерлерінің құрамында  мемлекеттік институттар мен халықаралық қаржылық ұйымдар бар.

  Қор (Басшылық)  қызметтерін жоғары кәсіби біліктілікпен басқару отандық зейнетақы қызметтер нарығындағы өзінің жетекші позициясын тұрақты сақтауға және қазақстандық және халықаралық дейгейдегі құрметтер мен марапаттарға лайық еңбек сіңіруге мүмкіндік берді.

  МЖЗҚ сіздің болашақ бақуаттылық мәселеңізді тиімді шешуге және Сіздің зейнетақы жинақ ақшаларыңыздың сақталуын қамтамасыз етуге және олардың тұрақты түрде арта түсуіне жол ашады. МЖЗҚ инвестициялық саясатының  негізгі қағидасын қаржы жұмсаудың консервативті саясатына негіздеген, ол кішігірім тәуекелдер кезінде ең төменгі мүмкіндікті кіріс баланысын болжайды.

  Қазіргі таңда МЖЗҚ салымшыларының саны, зейнетақы жинақ ақшалары мен жарналарының көлемі, «таза» инвестициялық кірісі, зейнетақы төлемдері секілді көптеген негізгі көрсеткіштері бойынша барлық жинақтаушы зейнетақы қорлар арасында жетекші үштікке кіреді« МЖЗҚ » ЖЗҚ » АҚ ( бұдан əрі – МЖЗҚ немесе Қор ) алғашқы қазақстандық қор болып табылады . Зейнетақы жүйесінің қалыптасу бастауында тұрып , МЖЗҚ бұл экономикалық өзара қарым - қатынастардың ерекшеліктерін елімізде алғашқылардың бірі болып басынан өткеріп , инфрақұрылымдық негізін қалаушылардың бірі ретінде танылды .

  « Жалпыға ортақ қор » мəртебесін алып тастағаннан кейін , МЖЗҚ жаңадан құрылған зейнетақы қорларымен бірге зейнетақы жарналарын тарту мен зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру бойынша қызметін жалғастырып келеді .

Информация о работе Қазақстан Републикасында Зейнетақымен қамтамасыз ету қорының қаржылық реформасы